Құзыреттілік - кэсіби маман даярлаудың басты сапасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 10:47, аттестационная работа

Описание работы

Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді.

Файлы: 1 файл

132.docx

— 43.13 Кб (Скачать файл)

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Философия және саясаттану факультетті

 

 

 

 

Жоғарғы мектептегі педагогика және психология

пәнінен

Магистранттың өзіндік жұмысы  №1

 

 

 

                                                                              Орындаған: Байдильдинов А.Н.

                                                                               Тексерген: Садыкова Н. М.

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013


ҚҰЗЫРЕТТІЛІК - КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ БАСТЫ САПАСЫ

 

Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді.

     Соңғы жылдары білім беру саласында болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастыру  туралы әр түрлі пікірлер жиі айтылуда. “Құзыреттілік” түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. “Кәсіби құзыреттілік, жете білушілік” ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, “кәсіптілік”, “біліктілік”,  “кәсіби мүмкіндіктер” және т.б. түсініктерді біріктіреді. Д.И.Ушаковтың редакциясымен жарық көрген түсіндірме сөздіктің авторлары “құзыреттілік” және “құзырет” сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды дәлелдеуге тырысқан. “Құзыреттілік” - хабардар болушылық, абыройлық; “құзырет” - жеке тұлғаның кәсіби қасиеті және қызметтік сипаттардың нақты жиынтығы.

      Кәсіби құзіреттілікті анықтау туралы мәселе педагог, философ, физиологтардың, арасында пікір қайшылықтары мен жаңа ойлар тудыруда. Тұлғаның кәсіби процесін көп жағдайда оның біліктілігімен, кәсіптік құзыреттілігімен байланыста қарастырады. Орыс ғалымдары В.А.Адольф, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Э.Ф.Зеер, В.А.Сластенин, Т.Ф.Лошакова, т.б. педагогикалық зерттеулерінде педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігі туралы мәселеге көп қызығушылық пайда болғанын айтады.

Д.Дьюи, У.Уоллер, М.Мид, К.Юнг, П.Сорокин, Ф.Знанецкий сынды философтар кәсіби құзыреттілікті адамның ортаға үйренуіне қажетті әрекеттер түрі ретінде қарастырады. Олар адамның мамандығы оның белгілі бір нәрсеге деген қызығушылығын тудыратынын,  көзқарасын қалыптастыратынын, мақсатқа жетуге талпындыратынын, ортақ пікір алмасуға жетелейтінін айтады. Д.Л.Томпсон, Д.Пристли кәсіби құзыреттілікті жүйелі түрде алынған білім мен жоғары моралдық нормалар мен педагогтік кодексінің нәтижесі ретінде анықтайды.

 Құзіреттілік бірінші  орынға білімгердің ақпаратты  сауаттылығын емес, оның мәселені  дұрыс шеше білу қасиетін қояды.  Егер болашақ педагогтың құзыреттілігінің  қалыптасуын орта кәсіби білім  беру жүйесінің аумағында қарастырсақ,  онда білім, білік, дағды мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық  қызметке маманның қаншалықты  дайын екендігі туралы айтуға  болады. Кәсіби құзіреттілік деп  педагогтың жеке бас сапалары  мен оның психологиялық-педагогикалық  және теориялық білімінің, кәсіби  біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің  бір арнада тоғысуы деуге болады. Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына  қажетті қабілеттерді және жалпы  әлемдік мәдениетті, өз елінің  мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін игеріп, интеграциялық  үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім  кеңістігінің өресінен шыға алуға  талпынуы керек.

      Мұғалім қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, ортамен, адамдармен, балалармен, қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзыреттілігі анық байқалып тұрады. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық практика үлкен рөл атқарады. Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттің педагогикалық іскерлігі мен дағдылары жылдам қалыптасады. Оның шығармашылық және педагогикалық құбылыстарды зерттеуге деген қабілеті дамиды, педагогикалық шеберліктің негіздері қаланады.

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс  қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын  педагогикалық ортаға тез бейімделуді  қажет етеді. Ғалымдар жоғары оқу  орнын бітірушілердің құзыреттіліктерінің  құрылысын жалпы кәсіби құзыреттілік, арнайы кәсіби құзыреттілік деп бөліп  саралайды Жалпы кәсіби құзыреттілік студенттің жалпы кәсіптік білімі, дағдысы, қабілеті мен мамандығының дайындығы арқылы анықталады. Сонымен  бірге құзыреттіліктің бұл түріне студенттің ғылыми-зерттеушілік, басқарушы-ұйымдастырушылық қабілеттері мен кәсіби және педагогикалық  қызметі жатады.

      Арнайы кәсіби құзыреттілік бітірушінің белгілі бір мамандық бойынша кәсіби қызметті атқарудағы дайындығы мен оған ұмтылуы арқылы айқындалады. Олардың мазмұны мемлекеттік классификациялармен анықталады.Е.А.Климов мамандық бойынша байланысты былайша жіктейді: адам - адам; адам - белгілер жүйесі; адам - көркем бейне; адам - техника; адам - табиғат. Ал кәсіби құзыреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырады.

Педагогтың коммуникативтік  құзыреттілігі - кәсіби интегративтік  қасиет, оның негізгі бөліктеріне  эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия (тағайындалған  деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайылылық; жалпы қабілеті жатады. Коммуникативтік құзыреттілік - біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен  өзіндік дамуы процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздың педагогикалық қарым-қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті  технологиялық деңгейін меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік  іс-әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысуы; негізгі құндылық ретінде  жеке адамның тұлғасына бейімделе  білу, “бағдар ету”, сонымен қатар  педагогикалық қарым-қатынас кезінде  туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.

      Ақпараттық құзыреттілік өзі туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының, басқа ұстаздардың жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшерін қамтиды. Регулятивтік құзыреттілік оқытушының өз іс-әрекетін басқара білу мүмкіншілігін білдіреді. Оған мақсаттылық, жоспарлау, тұрақты белсенділік пен өзін көрсете білуі, рефлексия, іс-әрекетінің бағасы енеді. Іс-әрекеттің негізгі факторы - ізгілік, құндылық болып табылады.

Интеллектуалды-педагогикалық  құзыреттілікті талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау сияқты қарастыра  білудің кешені, аналогия, қиял, ойлау  қабілетінің икемділігі мен сындылығы  ретіндегі зерденің қасиеті түрінде  қарастыруға болады.  Болашақ маман дайындау мәселесі оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың мазызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесінде, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі.

     Сондықтан маманның кәсіби құзыреттілігінің арнайы, әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі. Арнайы -  өзінің мамандығына сәйкес білімі, біліктілігі, дағдысы, жаңа білім мен білікті өз бетімен меңгеру, өз еңбегінің нәтижесін бағалау, біліктілігінің болуы. Әлеуметтік - тіл туралы білімінің, коммуникативті мәдениетінің, басқамен ынтымақтастыққа қабілеттілігінің, өзінің іс-әрекетінің нәтижесіне, қоршаған ортаға дайындығының болуы. Тұлғалық - өзін-өзі тану бойынша біліктілік, дағдысын жетілдіруге кәсіби іс-әрекет тұлғаның дамуына дайындығының болуы. Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әрекеті күшейтіледі, екіншіден, білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім, біліктілік пен дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың, ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетеді, үшіншіден, ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды.

Қоғамдық-саяси даярлық  болашақ мұғалімдерді қоршаған дүниені, табиғатты, қоғамдық өмірдің құбылыстарын тану әдіснамасына, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін пайымдау, талдау, маңыздысын ажырата білуге, адамдармен қарым-қатынастағы жоғары мәдениеттілікке  үйренуге мүмкіндік береді.Болашақ  мұғалімді терең әдіснамалық  және теориялық тұрғыда даярлау  қай кезде де күн тәртібінен түспек емес.  Олай болса, республика жоғары оқу орындарының алдында жан-жақты дамыған, саяси сауатты, терең теориялық біліммен қаруланған, адамдармен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген маман дайындау міндеті тұр.

  Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру, жаңа технологияларды енгізу, компьютерлендіру бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға жол ашуда. Оқу мақсаты басымдылығының өзгеруі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жаңартудың ең басты деген бағыттарын айқындауға және нақтылы міндеттерін белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәтижелілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне байланысты. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап етеді.

Осындай талаптарды іске асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты алдына мынадай міндеттер қойып отыр:

 

• білім беруді бейіндендіру, полимәдениеттендіру және ақпараттандыруға байланысты педагог кадрларды қайта даярлау мазмұнын жаңарту;

• педагог кадрларды кіріктірілген мамандықтар бойынша қайта даярлау және дайындықтарды ұйымдастыру;

• педагогтардың жалпы кәсіби өзіндік үздіксіз білім алуына жағдай жасау;

• инновациялық технологияларды  тарату және іске асыру;

• білім беру үрдісіндегі  диагностика және мониторингті, эксперименталды  және ғылыми-педагогикалық қызметтерді  үйлестіру.

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Бүкіл дүние жүзілік білім кеңістігіне ену мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу- тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс -әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі. Білім мазмұнының жаңаруы, оқыту үрдісіне инновациялық технологиялардың енуі осы сала мамандарының кәсіби біліктілігі деңгейіне қойылатын талаптардан айқындалады. Бұл тұрғыдан алғанда мұғалім біліктілігін арттыру институттары педагогтар үшін кәсіптік-педагогтік ақпараттардың бірден-бір қайнар көзі болып табылады. Осыған байланысты институт қызметі білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттырудың ең өзекті мәселелерін шешеуге бағытталған.

Елбасы өз Жолдауында «ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп атап өтті. Өйткені, соңғы жылдары пайда болған «ілімге негізделген экономиканы» ескермесе болмайды. Әлемдік бәсекелестік заманда әрбір адамның білім санасын, қабілеттік деңгейін іскерлік мүмкінділігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр.

Бәсекеге қабілетті интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуында біліктілік арттыру институттары шешуші рөл атқарады. Яғни институтта өткізілетін конференция, семинар, курстар,дөңгелек үстел, пәндік, полилингвалды олипиадалар, интеллектуалды ойындар, дебат, байқаулар, жеке тұлғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалыптастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады.

Мұғалім білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай,өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие берем деу қазіргі заман талабына сай келмейді. Бұл бізге үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Оның үдесінен шығу- біздің үлкен міндетіміз.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Климов Е.А.  Пути в профессионализм (Психологический анализ):Учебное пособие. М., Московский психологосоциальный институт; Флинта, 2003.320-с.

 

  1. Маркова А.К.  Психология профессионализма. М., Международный гуманитарный фонд “Знание”, 1996. 312-с.

 

  1. Равен Дж. Компетентность в современном обществе: выявление,развитие и реализация: Перевод  с англ., М., 2002

Информация о работе Құзыреттілік - кэсіби маман даярлаудың басты сапасы