Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2015 в 21:04, реферат
Адам аралық қатынас дегенiмiз қарапайым да күрделi проблема. Күнделiктi тұрмысымызда осы
қатынассыз жасауымыз мүмкiн емес. Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей: жеке жəне қызметтiк, дара жəне топтық, тең құқықты жəне тəуелдi, қарамақарсылықты жəне даудамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы сүйiспеншiлiк пен жеккөрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен күдiктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы əр жеке адамның қоғамдағы орыны мен мiндетiне тəуелдi емес. Мысалы, бала өз атаанасын сыйлауы да, жеккөруi де мүмкiн; өз қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген мұғалiм бiр шəкiртiне үлкен сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн көргiсi келмейдi.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк.
2. Адамдардың бiрiнбiрi қабылдауы мен түсiнуi.
3. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер себебi.
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланаған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Еуразиялық Технологиялық Университеті
Кафедра «Кәсіптік оқыту және Дизайн»
СӨЖ
Тақырыбы: Адам аралық қатынастар
Орындаған: Ивашова Асель
ПМНО ІІІ курс
Қабылдаған: Абетаева Елік
Алматы 2015ж
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк.
2. Адамдардың бiрiнбiрi қабылдауы мен түсiнуi.
3. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер себебi.
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланаған әдебиеттер
Кіріспе
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.
1. Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк
Адам аралық қатынас дегенiмiз қарапайым да күрделi проблема. Күнделiктi тұрмысымызда осы
қатынассыз жасауымыз мүмкiн емес. Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей: жеке жəне қызметтiк, дара жəне топтық, тең құқықты жəне тəуелдi, қарамақарсылықты жəне даудамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы сүйiспеншiлiк пен жеккөрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен күдiктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы əр жеке адамның қоғамдағы орыны мен мiндетiне тəуелдi емес. Мысалы, бала өз атаанасын сыйлауы да, жеккөруi де мүмкiн; өз қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген мұғалiм бiр шəкiртiне үлкен сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн көргiсi келмейдi. Қызметтiк қатынастар əлеуметтiк топ не мекеме мүшелерi арасында олардың сол топтағы құқық не мiндеттерiне орай қалыптасады. Егер ара қатынастар əрбiр адамның меншiктi қажеттерi сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелiкке сүйенiп, екi, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретiнде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады. Тең құқықты қатынастар қатынас мүшелерiнiң құқтары мен мiндеттерi теңгерiлген жерде, ал тəуелдi қатынастар құқтары мен мiндеттерi бiрдей болмаған жағдайларда қалыптасады. Адамдар арасында қарамақарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесiмдi қатынастар нышан бередi. Топ iшiнде кейбiр тұлғалардың ұнамды ниеттерi екiншi бiреулердiң келеңсiз ниеттерiмен тоғысқан шақтарда қарамақарсылықты қатынастар бой тiктейдi. Адамдардың бiрбiрiне деген өшпендiлiгi болған жерде даудамайлы, жанжалды қатынастар өрбидi. Адамдар арасындағы, тiптi кейде бiр тұлғаның да бойынан көрiнетiн адамдық қатынастар түрi мiне осындай. Бұл қатынастардың бəрi өмiрде адамдардың бiрбiрiне беретiн бағалары мен мiнездемелерiнде, əр адамның басқаға бағытталған iсəрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезiмiнде көрiнiс бередi. Түрақты да келелi қатынастар жүйесi қалыптаспаған ортада адамның өрелi өмiр сүруi өте қиын, себебi əрбiр жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерiн тiктейдi. Ересектердiң төңiрегiндегiлермен қатынасынан сол ортаның көңiлкүйi айқындалып, алға қойылған мұратмақсаттардың сəттi орындалуы не кедергiге ұшырауы мүмкiн. Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс бұл остранизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбiр адамдардың көпшiлiк арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерiлеп қалуы. Мұндай адамдар көпшiлiктiң жек көрушiлiгiне тап болып, назардан тыс қалады, еленбейдi. Осыдан өзi қатарлардан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершiлiк қасиеттерiнен айырылып, қауымдық өмiр тiршiлiгiнен айрылғандар да кездеседi. Адам аралық қатынастардың ерекшелiгi олардың эмоционалды болуында. Адам өзi тектеспен араласа отырып, бiрбiрiне болған айрықша сезiмдер мен ықластарға кезiгедi. Жеке аралық қатынастар, əдетте, субъектив сипатта болып, əр адамның шын мəнiндегi тұлғалық оң не терiс қасиеттерiне сай келе бермейдi. Олар əрқашан адамның көңiлкүйiне байланысты, бiр адамның екiншiсiне деген сезiм толғанысының ауысуымен өзгерiске келiп тұрады. Көңiлкүйдiң бiр сəттiк болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келедi: бүгiнгi тəптəуiр сыйлы қатынас күн өтпейақ керi сипатқа енуi баршаға аян құбылыс. Қызметтiк қатынастар жеке қатынастарға қарағанда бiршама тұрақты, олар, əдетте, көңiлкүйге байланысты өзгере бермейдi. Мұндай қатынастардың əрбiр тұлғаның көңiлкүйiне бағына бермейтiндiгiнен, оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың əрқайсысының жеке ерекшелiктерi мен психологиялық кейпiне тəуелдi болмауы қажет. Бiрақ өмiрде жеке жəне қызметтiк қатынастар өзара кiрiге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйiнде қарастыру мүмкiн емес. Бiрiншiден, əр адам өзiнiң даралығымен қызметтiк қатынастарға əрқашан ерекше мəн мен сəн берiп отырады; екiншiден, əрқандай тұлға нақты қатынастарға өзiнiң жеке ниет, ой, толғаныс жəне сезiмдерiмен кiрiседi, ал бұлардың бəрi адамның басқалармен болған қызметтiк қатынасына əсерiн тигiзбей қоймайды. Адамдар арасындағы үйлесiмдi қатынастар өмiрде сирек кездеседi, сондықтан мұндай қатынастарды адамдардың мəнгi арман еткен мұраты ретiнде қарастырған жөн. Бұл қатынастар типiне тұрмыста кезiгетiн "сүйiспеншiлiк" қатынасты жатқызуға болады. Егер бiр адамның екiншiсiне психологиялық тартымы болса, бiрiн бiрi адамгершiлiк сезiммен қабылдаса, екiншi адамға қолынан келген жақсылығын аямаса, мiне мұндай қатынасты үйлесiмдi қатынас деп бағалау əбден жарасымды. Қарамақарсылықты қатынастар негiзiнде толық үйлесiм болмағанымен, оған қатысқан адамдар бiрбiрiнiң əрекетi мен ниетiн түгелдей шектемейдi. Бiрде келiссе, бiрде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуi жолында қажеттi қатынасын үзбейдi. Қатынас түгелдей елемеу мен даудамайға бармайды. Кейде екi адам бiр ортада бола тұрып, бiрбiрiне деген ыстық та, суық та шырай сезiнбейдi, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттiктi таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады. Қоғамдық əлеуметтiк жағдайларға байланысты бiр ортаға түсiп қалған адамдардың бiрi екiншiсiнен өзiн алшақ ұстау қажеттiгi де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бiрбiрiне тiкелей жек көрушiлiк танытып, арадағы мəселе бойынша ешбiр келiсiм мүмкiндiгiн таба алмайды да, iздемейдi де. Мұның бəрi ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан. Адамдар арасындағы жəне бiр ерекше қатынастар түрi бұл екi ұшты, амбиваленттi қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебi бiр адамдағы екiншiге деген өзара тiкелей қарсы екi бiрдей эмоцияның: жек көрушiлiк пен құрметтiң қосарлана жүруi. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерiнiң көңiл төркiнiнде жатқан ниеттерiнiң нендей жағдайда екенiн айырып алуында бiраз қиналады. Адамдар аралық қатынастар негiзiнде адамдардың бiрiменбiрi өзара əрекетке, тiлдесуге болған өмiрлiк қажеттiгi жатыр. Түрмыстық не қоғамдық қажетсiнуден бiрiнбiрi керексiнген адамдар өзара қатынасқа келiп, ал ол болмаса бiрбiрiне бейтарап қалады. Өмiрлiк маңызды қажеттiктерi бола тұрып, оларды қанағаттандыруда кедергiлiк ететiн қалыптар да болады. Бұл жағдайда да қатынастар үзiлмейдi, бiрақ мұндағы қатынастар өшпендiлiк не жек көрушiлiкпен ұштасады. Адамдар қажетсiнулерiнiң арасында өз мəнi бойынша iзгi адамгершiлiк сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистiк қатынас деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, iсəрекетi əрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жəрдем етуге бағышталады. Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етушi факторлардың бiрi психологиялық үйлестiк (үйлесiмсiздiк). Көп жағдайда адамдар өз қажеттiктерiн қанағаттандыру үшiн бiрiнбiрi керек етедi, бiрақ көзқарас, ниеттерiндегi болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсiре алмайды. Мұндай толық психологиялық үйлесiм таба алмаған жандар арасында бiршама ұнамды қызметтiк қатынас болғанымен, уақыт өтумен бiртебiрте өрiм түскен арақатынастағы жеке психология лық үйлеспестiк олардың ресми байланыстарының кедергiсiне айналады. Адамдар арасындағы қатынастардың өзгеруiне мүмкiн болар себеп бұл нақты адамдар қатынастарының туындап, дамитын əлеуметтiкпсихологиялық орта сипатының ауысуы. Екi немесе одан да көп адамдар бiрiнбiрi өте қажетсiнедi, орталарында толық психологиялық үйлестiк болған, бiрақ кенеттен өзгерген əлеуметтiксаяси жағдай оларды əртүрлi партиялар мен ағымдарға енуiнен екi жiкке бөлiп тастайды. Мұндай жағдай жастарда кездесiп тұрады: өзара келiсiмдi жас жұбайлардың өмiрi кенет олармен психологиялық үйлесiм таппаған жақын туысқандарының ықпалынан құрдымға кетедi. Мейлi, бұл жас жұбайлар арасындағы қатынас кейiн ресми бекiгенiмен, татутəттi туысқандық қатынастар арасындағыдай шапағатты жалғасын табуы қиын. Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруiне жəне бiр себепшi фактор бұл адамдардың жас деңгейi. Өмiр бойы топтаған тұрмыстықəлеуметтiк тəжiрибе адамға, оның төңiрегiндегi жандарға, болып жатқан оқиғаларға əсерiн тигiзбей қоймайды. Жас деңгейi əртүрлi адамдардың бiр оқиғаға болған бағасы бiрiнен бiрi алшақ болуы əбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық келiспеушiлiк те соншама болады. Мысалы, жастардың киiмi, өнер талғамы үлкендерге ұнай бермейтiнiне бəрiмiз де куəмiз. Бұл жағдай əулеттер арасындағы қатынастардың мəнмағынасына өз əсерiн бiлдiрмей қоймайды. Ал осы төңiрегiндегiлермен болған өз қатынасының сипатын адам өзi сезе алады ма, не сезбейдi ме? Бұл сұраққа жауап бiрнеше жағдайларға тiреледi. Бiрiншi ден, бұл нақты адамның ойөрiс (санасезiмi) даму деңгейiне байланысты. Ақылесi бiршама жетiлген адамдар өздерiнiң төңiрегiндегiлермен қатынасын жақсы түсiнiп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды сезiну жəне бағалау жоғары дамыған рефлекстiк қабiлеттi керек етедi (қоршаған ортадан келiп түскен ақпараттық сигналдарды жанжақты мəндiк байланысымен қабылдап, жауап бере алу). Екiншiден, бұл адамның жасына тəуелдi. Егделер балаларға қарағанда өзара қатынасты дəлiрек пайымдайды, ұнамды не бiржақты келеңсiз қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да орынды сезiнедi. Өмiрде екiұшты немесе амбиваленттiк жəне өз iшiне ұнамды да, жағымсыз да сипаттарды бiрдей қамтыған қарамақарсылықты қатынастарды бағалау күрделiрек келедi. Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам өмiрiндегi маңызына қарай да бағаланады. Қарымқатынас адам үшiн неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым дəлсiздiктер жiберiлуi мүмкiн. Өзiнiң төңiрегiндегiлермен байланысына аса үлкен мəн берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейiм келедi. Керiсiнше, кiмде кiммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондай да қарсыласын түбелегiн түсiре жамандауға ниеттенедi де тұрады. Əрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшелiктер бар. Кейбiр ойсезiмi толысқан, парасатты адамдар өзара қатынастарды жанжақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабiлеттi, екiншi бiреулердiң жалпы оң пiкiр айтуға тiптi өрiсi жетпейдi, ал үшiншiлер төңiрегiндегiлердiң өзiне деген бағасын бiрде дұрыс түсiнсе, бiрде оған санасезiмi жетпей қалады. Адам аралық қатынастар толық қалыптасып, орныққаннан былай бiркелкi тұрақты қалыпқа келедi. Егер де қатынастарға тəн осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар: мемлекет, мекеме жəне топтар түзiлмес едi. Себебi қауымдық бiрлестiктердiң негiзi жалпы адамдардың өзара қатынасының тұрақтылығымен бiртектi болжамға келуiнде. Ал жеке тұлғалар арасындағы өзара байланыстар тұрақтылық дəрежесiнiң бiршама кемдiгiмен ерекшелiнедi. Үлкен əлеуметтiк топтардағы қызметтiк, ресми қатынастар өзiнiң күштi мызғымастығымен байқалады, кiшi топтағы байланыстар да бiршама осылай. Iрiлiкiшiлi қауымдастықтардағы қарымқатынастар көптеген өмiрлiк маңызы зор факторларға тəуелдi, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы қатынастарды өзгерте бергендi онша құптамайды. Егер күнара субъекттердiң ниетiне орай төңкерiстер бола берсе, қоғам аласапыраны таусылмай кетерi баршаға аян. Жеке адамдар арасындағы қарымқатынастар өте нəзiк те үзiлгiш келедi, себебi нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерiнiң құбылмалы көңiлкүйiне тəуелдi. Уақыттың өтуiмен, жастың енде тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседi, балалық пен жас өспiрiм шақтағы адамдар арасындағы бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның iшкi дүниесi сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлай түспей, өз қалауын таңдай алу қабiлетiне жетедi.
Қатынастардың тұрақталуының жəне бiр жөнi адамдар бiрiн бiрi жете танып, бiрiнiң қылығына екiншiсi көнiгiп, өзара үйлесiмге бейiмделуi. Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда, тым жақсы басталған таныстық қапелiмде үзiледi, ал кейде тiптi басқаша да болады: алғашқысында əйтеуiр бiрдеңеден ұнатпай жүрген адамына барабара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бiр бiрiне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды. Нақты мезеттегi адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген шарттарға тəуелдi, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпi. Ден сау, көңiл көтерiңкi болса, төңiрегiндегiлермен қатынас та əпəдемi, үйлесе түседi. Көңiлкүйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан əрi беки түседi, ал қандай да əбiгер күйде түзiлген қатынас көбiне баянды болмайды. Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мiнезқұлығына да байланысты. Əрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық, ақ көңiлдiк, үйiршеңдiк, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенiмсiздiк, күмəншiлдiк, өшпендiлiк, тұйықтық пен өзiмшiлдiк қалыпты қатынастар орнығуына керi əсерiн тигiзедi. Ойөрiсi кең дамыған, жасы бар адамдар өз қатынастарын меңгере алады, бiрақ бұл көптiң қолынан келе бермейтiн iс, себебi көп жағдайда аралық қатынастардың мəнiн соларды түзушi адамдардың өздерi де түсiне бермейдi, ал түсiнбеген затты саналы басқару мүмкiн емес. Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан, адамның оларды басқару қабiлетi де артады. Мұндайда адамға жəрдемге келетiн оның даралық ерекшелiктерiне қосымша өмiрлiк тəжiрибесi. Əрқашан адам аралық қатынастарды жеңiл де ұтымды реттейтiн адамдар арасында кəсiби қызмет бабымен жұмыс жүргiзетiн, сендiре əңгiме айта бiлетiн, əлеуметтiк жетекшiлiкке ыңғайлы мамандар болады, мысалы: саясаткер, мекеме жəне өндiрiс басшылары, мұғалiмдер, дəрiгерлер мен актерлер. Адам аралық қатынастарға ықпал жасай бiлу қабiлетiн қатынастар психологиясын үздiксiз үйрену арқылы жетiлдiре, дамытып баруға болады.
2. Адамдардың бiрiнбiрi қабылдауы мен түсiнуi
Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, əдетте, олардың бiрiнбiрi қабылдай алуы, түсiнуi жəне бағалауына байланысты, яғни тiлдесу нəтижесiнде бiр адамның екiншiсiнiң образы (кейпi) жөнiнде топшылаған ойпiкiрi. Екiншi адамның тұлғалық образын оның сырт пiшiнi мен психологиясын жəне əрекетқылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне (кейiп) əр адамның қажетсiнуiнен, қылық мотивтерiнен, мiнез бiтiстерiнен, əрқандай өмiрлiк жағдайлардағы көңiлкүй толғаныстары мен əрекеттерiнен көрiнедi. Бұлардың бəрi "Ат кiсiнесiп, адам сөйлесiп" дегендей əңгiмелесу барысында назарға алынып, санада жiктелiп, бекидi де адамның жеке, нақты бағасын беруге негiз болады. Бөгде адамның бейнесiн қалыптастыру арқылы бiз оған болған қатынасымыздың сипатын айқындаймыз, оның даралық ерекшелiктерiн тануға мүмкiндiк аламыз. Адамды жөнiмен танып, дұрыс бағасын берiп, оның əрекетқылығының мақсаттары мен мотивтерiн айқындап, ол тарапынан болып қалар жауапты əрекеттердi күнi бұрын болжастыра, бiз бұлардың бəрiн өз қажеттiктерiмiз жəне мүдделерiмiзбен, əңгiмелесудiң қолайлы жолдарын болжастырамыз, осы арқылы екi тарапқа да ортақ ниеттердi табумен тұлғалар арасындағы қызметтiк қатынастарға кiрiсемiз. Сонымен, қызықтырған адамның мiнез бiтiстерiн бiлiп алып, ендi оған бағытталған өз əрекетқылығымыздың формасын. Қайткенде де, бiз таңдаған əрекетқылық түрi ол адамның даралық қасиеттерiне сəйкес болғаны жөн. Осының нəтижесiнде екi адам ортасында толық өзара түсiнiм, жайлы да берiк аралық қатынастар орнығады. Адамның эмоционалдық жағдайын бағалай отырып, бiз оның нақты көңiлкүйiне сəйкес қарымқатынасты дамытып, тереңдете түсуге мүмкiндiк аламыз жəне өзiмiздiң, оның жəне төңiрегiндегiлердiң мүдделерiне орай ол адамға тиiмдi психологиялық ықпал етудiң жолдарын iздестiрiп, пайдаланамыз. Егер бiз қатысқан адамдарымыздың əртүрлi тұрмыстық жағдайлардағы əрекетқылығын күнi бұрын болжастыра алсақ, оның мiнезқұлығын қажеттi бағытта басқаруға жəне онымен ұнамды адам аралық қатынастар алып баруға қосымша мүмкiндiктерге ие боламыз. Бөгде адамның тұлғалық дəрежесi жөнiнде бiз оның дене құрылымы, психологиялық жəне белгiлерi бойынша топшылаймыз. Бұл белгiлер адамның сырт көрiнiсiнен, киiмiнен, əрекетқылығынан, сөзiнен, бет əлпетi мен ымишарасынан байқалады. Адамның сырт көрiнiсi мен психологиялық бейнесi арасында тiкелей де толық байланыс болмағанымен, бұлардың екеуi қандай да өзара ықпалды қатынаста. Əрқандай адам жөнiндегi бiздiң бiрiншi пайымдауымыз осы сырт келбет пен сөз, қылық көрiнiсiнен туындайды. Ғылым ежелденақ адам мiнезi мен дене құрылысының өзара байланысты екенiн дəлелдеген (Э.Кречмер, У.Шелдон т.б.). Дене құрылымы ерекше бiтiске ие болған адамдар, мiнезi жағынан да өзара ұқсамас. Осы тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады: астеник, пикник, атлетик. Пикник типтес адамдар көңiлдi, үйiршең, əңгiмешiл, əрқандай қиыншылыққа жасымайды; астеник адамдар көбiне тұйық, оңашаланғанды ұнатады, ұдайы ойға шомып жүредi; ал атлетиктер ұстамсыз, дүлей келедi. Адамның iшкi жан дүниесi оның сөзi мен тiлiнен айқын көрiнедi. Қандай сөздер мен тiркестердi қолдануына қарап, сөз ырғағы мен əуенiн талдай отырып, сөйлеу процесiндегi тыныстары мен жеделдiгiне орай жеке адамның ерекшелiктерiн байқаймыз. Адамның сөйлеу мəнерiнiң бiразы тума берiледi де, көбi оқутəрбие барысында пайда болады. Кейбiр қатынастарға байланысты адамдардың психологиялық бейнесi тұрақты келедi де, көбiне ауыспалы болады. Адамның сырт көрiнiсiне орай оның образы бiршама өзгерiссiз сақталады. Осыдан бiз адамды көпшiлiк iшiнде ажырата бiлемiз. Жəне бiр тұрақты сақталатын қасиеттер адам мiнезi, қылықəрекетi мен əдеттерi. Осылар бойынша санамызда жасалған образдар арқылы бiз көп заманнан ажырасқан адамымызды танимыз. Кейде кездейсоқ ұшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып көрiнедi. Ал тiлдесе келе, оның əрекетқылығына мəн бере, тiптi басқа бiреу екенiне көз жеткiземiз. Кейде, керiсiнше, алғашқыда танымасақ та, адамның мiнез бiтiстерiнен, əрекетқылығынан бұрыннан бiзге таныс белгiлердi байқап, жақындасуға тырысамыз. Осыдан, бiздiң санамызда бекiген адам бейнесiнде үлкен роль ойнайтын мiнез бiтiстерi, екiншi орында адамның сырт көрiнiстерi. Уақыт ағымына берiлмей, ұзақ мерзiм сақталатын белгiлер адамның қажетсiнулерi, əрекетқылық мен қызығулары. Бұлар бойынша бiз адамды тануымыз мүмкiн, бiрақ бұл үшiн аталған белгiлер сол адамның сырт көрiнiсi мен мiнезiнен бiраз байқалуы тиiс. Жоғарыда бөгде адамды тану, бiлу мүмкiндiгiн əңгiмеледiк, ал ендi адам өзiнөзi сарапқа сала алады ма, жоқ па деген сұраққа жауап iзделiк. Бұған оң да, керi де жауап айту мүмкiн. Егер адам өзiнөзi түк танымаса, онда оның қауым ортасындағы əрекетқылықтары алдын ала өзiндiк болжастыруға келмей, тұрақсыз кейiпке енер едi. Сонымен бiрге, мұндай адамның қатынас қылығы мен iсəрекеттерi ақыл бағалай алмаса, оның iсқадамдары кейбiр жағдайларда оғаш көрiнедi. Егде адам бала сияқты былдырласа немесе бала жасына келмей үлкеннiң ұстамдығын танытса, төңiрегiндегiлер мұндайларды не жай күлкiге алады, не сайқымазаққа телидi. Екiншi тараптан, егер адам өзi жөнiнде бəрiн бiле берсе, онда өмiрге деген қызығушылықтың да қажетi болмай қалары сөзсiз, себебi саналы адамның бар өмiрлiк болмысы осы өзiн тануға деген жоғары ынтаықыластан нəр алады. Адамның қалыпты өмiрi үшiн өзiнөзi бiле алмастық та, аса көп бiлу де сиыспайтын құбылыстар. Адам өзiнiң шындыққа келетiн сырт көрiнiсiнен басқа өзiнiң мiнез бiтiстерi жөнiнде де аздыкөптi мəлiметке ие, бiрақ бұл мəлiметтер көбiне адамның өзi жөнiндегi ұнамды пайымдауларды қамтиды. Сонымен бiрге, адам өзiнiң кейбiр əлеуметтiк талапқа сай қажетсiнулерi мен əрекетқылығының септүрткiлерiн тануға бейiм. Ал өз санасының астарында жатқан немесе моральдық тыйымдарға байланысты санаға жат психологиялық бiтiстерiн тiптi де бiлмейдi. Адам өзi жөнiндегi шындықты басқалардың оның iсəрекетiне болған қатынасынан байқауына болады. Өз əрекеттерi мен сол əрекеттерге берген басқалар бағасын салыстыра, адам жанама түрде өзi қасиеттерi мен сапаларын болжастыруына болады. Iсəрекетте нəтижеге жетiсе, мақтау алып, не сəтсiздiкке ұшырап, сырттың жоғары немесе ұнамсыз бағасына кезiгумен əр жеке адам өзiнiң қабiлет деңгейiн сезедi. Өмiрде жетiскен iсiне қанағаттануын, болмаса қанағаттанбауын iшкi, ниеттеген психологиялық бейнемен салыстыра алса, адам өз қажетсiнулерi мен мотивтерiнiң оң не терiс бағытын дұрыс та толық тани алады. Есте ұстайтын жəйт, өз бағаңды қорытындылауда толығымен басқалар пiкiрiне құлай түсуге болмайды. Себебi өзiңiз ұнамды қатынастағы адамдар сiздi асыра мақтауға дайын тұрса, қалай да жек көретiн адамдар сiзде бiрдебiр ұнамды қасиет көре алмауы мүмкiн. Сонымен бiрге, əр адам өзiнiң афферент жағдайындағы əрекетiн тiптi де бiлмеуi мүмкiн, себебi мұндай саналық басқарудан айрылған кезде, адам өзiне, басқалар реакциясына объектив баға берiп, əрекетiн байқастыру қабiлетiнен айрылады. Адамның өзiнөзi тануы төңiрегiндегiлердiң қабылдауы мен бағасына тығыз байланысты, кеңiрек айтар болсақ, барша адамдардың өзара түсiнiсуiне тəуелдi. Күнделiктi тұрмыстық қатынастар, тiлдесу негiзiнде адамның психологиялық бейнесiн түзу үшiн келесi тəсiлдер қолданылады: бiтiс таңу, алғашқы əсерлену, жаңалықты əсерлену, ықтималды болжай əсерлену, асыра сiлтей əсерлену, жеке адамның бiтiстердi бiрiктiре əсерленуi (Р.С.Немов).
Адам образын жасаудың ең көп тараған тəсiлi бұл бiтiс таңу. Оның мəнi: адам төңiрегiндегiлердi өзiне тəн қасиеттер мен сапалар тұрғысынан бағалайды, яғни өз мiнез бiтiстерiн екiншi бiреулерге таңады, оның қылықəрекетiн түсiнгiсi келiп, өзiн сол адамның орнына қоя салады. Мұндай тəсiл бiр адамға бiткен мiнездi екiншi адамға таңа салуда да көрiнедi. Осылайынша, басқалардың мiнез, əрекетқылық бiтiстерiн өзiмiздi қызықтырған адамға таңу арқылы да нақты тұлға жөнiнде бiр жөндi психологиялық мəлiмет топтастыруымызға болады. Алғашқы əсер тəсiлi бөгде адамды бiрiншi көргеннен қалыптасатын образды бекiту үшiн қолданылады. Бұл құбылыстың болуы адамға байланысты алғашқы əсердiң кейiнгi əсерлерге қарағанда күштiрек сезiлуiнен. Назарға алынған адам жөнiнде көп, əртүрлi ақпаратты бiрiнен кейiн бiрi бiр iздi қабылдау кезiнде бiздiң санамызда ең алғашқы мəлiмет тұрақталып қалатыны ғылымда дəлелденген. Ал ендi жеткiзiлiп жатқан ақпараттағы адам қасиеттерiнiң тiзiмi молдау болып, мəлiмет бөлiктерiн хабарлау барысында бiршама уақыт үзiлiсi болса, алғашқы ақпарат соңына қарай ұмытылады. Бұл жағдайда алғашқы əсерленуге қарсы құбылыс жаңалықты əсерлену тəсiлi iске кiрiседi, яғни талдауға түскен адамның образы ол жөнiндегi ең соңғы мəлiметке орай құрылады. Ықтималды болжай əсерлену деп келесi құбылысты түсiнемiз: адам миы болашақ оқиғаларды алдын ала болжастыру қабiлетiне ие. Осыдан тұлға басталған iсəрекеттiң бағдарын, қарқындылығы мен ақырғы нəтижесiн күнi бұрын жоспарлайды. Əлi қолда жоқ бүтiн затты оның бөлектерi бойынша ойда белгiлi бiр формаға келтiрiп, жанжақты сипаттамасын бере алады. Оқиғалар мен құбылыстарды дəл болжастыру қажеттiгi адамдардың өзара түсiнуi мен бiрiнбiрi қабылдауында өте қажет. Мысалы, адамға тəн белгiлi бiтiстерi бойынша оның əлi белгiсiз, бiрақ онда болуы тиiс қасиеттерiн де анықтауымыз мүмкiн: батыр адам əрқашан адал да аңғал болатынына ешбiр күмəнданбаймыз, сондайақ, қорқақ əрдайым өтiрiкшiл, мəдениеттi ойөрiсi кең, қайырымды үйiршең, сенгiш, өшпендi адам əрқашан тұйық, күмəншiл келедi. Егер өмiр жағдайлары адамның əлi белгiсiз қасиеттерi жөнiндегi бiздiң болжамымызды растайтын болса, онда болжастыруға деген бiздiң сенiмiмiздi бекiте түседi не керiсiнше де болуы мүмкiн. Адамның болжастыру қабiлетiне өмiрлiк тəжiрибе өзi түзетулер енгiзiп, нақтылап барады. Асыра сiлтеу əсерi адам жөнiндегi алғашқы бағаның кейiнгiлерiне күштi ықпал етуiнен пайда болады. Мұндай əсерден бiрiншi берiлген мiнездеме қатып қалған, өзгермес күйге түседi. Егер қандай да адам бiр көруден бiзге ұнамды тарапынан танылып қалса, кейiн де бiз осы бағамыздан танбай, басқа бiр сын көзқарастарды ол адамға жолатпауға тырысамыз. Керiсiнше де болуы мүмкiн: алғашқы тiлдесуден ұнамаған адам соң қай күйге түсiп жолықса да, баяғы жек көрушiлiгiмiзден арылуымыз қиын, санамызда қалыптасқан алғашқы келеңсiз образ басқаларын ығыстырып, өз орнын бермеуге тырысады. Психологиялық бейне жасауда ең күрделi де маңызды тəсiл жеке адамның бiтiстердi бiрiктiре əсерлену құбылысы. Оның мəнi мынада: əрбiр адам санқилы тұлғалармен көп мəрте кездесе жүрiп, қабылдау жəне бағалаумен жадында олардың сырт көрiнiсi, психологиялық жəне əрекетқылығы туралы пайымдау бекiтедi. Көп қайталап кездескен бұл əсерлер бiрiгедi де, солардың iшiнде бiрi, мысалы, адамның сырт келбетi белгiлi бiр психологиялық iшкi қасиетпен ұштастырылады. Осы бiрiккен образ негiзiнде екiншi бiр адамды кездестiргенiмiзде, одан оның сырт пiшiнiне қарап, өзiмiздiң санамызда орныққан осы пiшiнге сəйкес қасиеттi iздестiремiз. Мысалы, қабағы түксиген адамдар көбiне тұйық, ауыр мiнездi келедi. Мiне осы жалпылай, бiрiктiре түзген iшкi бейнемiздi қабағы түксиген нақты адамдардың бəрiне бiрдей баламалай саламыз. Адамдардың психологиясындағы жалпылық олардың іс-əрекетiнде жалпылай кездеседi, ал iсəрекеттегi жалпы қасиеттер адамдардың жалпы сырт тұлғалық бейнесiнен көрiнедi. Осылай жалпылай бiрiктiрiп, образ жасау қасиетi жас өспiрiмдiк шақтан орнығып, кейiн өмiрбойы түзетулермен реттелiп барады. Осы тəсiлдi жақсы игеруден адам психологиясы құрылымының бiр белгiсi: əрекетқылығы, дүниетанымы немесе мiнезi бойынша сол адамның басқа да қасиеттерiн бағалаушы адам өзiнде қалыптасқан бiрiкпе образ арқылы ашуға бейiмденедi. Егер осы бiрiкпе образ жасау тəсiлi адамның сырт көрiнiсi мен iшкi дүниесi арасындағы байланыстың шындыққа жақын екенiн дəлелдей алса, онда бұл адамдарды бағалауда, олардың əрекетқылығын күнi бұрын болжастыруда таптырмас құралға айналады, ал керi жағдайда жаңсақ əңгiмелерге тап қылады. Бөгде адамның тұлғалық ерекшелiктерiн тануда жекедара жəне кəсiби ерекшелiктер көп роль ойнайды. Қайырымды, мейiрман, серлi адам басқаларды жеңiл түсiнедi, қабылдайды, себебi мұндай адамдар, əдетте үлкен де бай қатынас тəжiрибесiне ие болумен, басқалардан əрқашан жақсылық қасиеттердi iздестiруге бейiм келедi, ал өз өмiр жолы сəтсiздiктен қаланып, көпшiлiкпен тiл табыса алмаған адам басқалардың да оңды образын жасауға қабiлетсiз келедi. Кең əлеумет ортасында жүрген кəсiп, қызмет иелерi (педагог, дəрiгер, экономист, саясаткер, əдебиетшi, өнер адамы) төңiрегiндегiлердi дұрыс бағалап, қасиеттерiне сəйкес қабылдай бiледi.
3. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер себебi
Бiрiн бiрi түсiнiсуде адамдар көбiне шектен тыс өзiмшiл, субъективтi, асығыс қорытынды жасауға бейiмшiл келедi. Адамның өзiмшiлдiгi оның төңiрегiндегiлерге баға берудегi өз қабiлетiн асыра дəрiптеуiнен келiп шығады. Өзiнiң кейбiр iстерге байланысты ойөрiсi мен ептiлiктерiнiң мүлтiксiз жұмыс атқаруға жарайтынын пайдаланып, адам сипаттауда да сол қабiлетiм жеткiлiктi дегендей жаңсақ ойдың арбауында қалып қояды да, нəтижеде назарға алған адамы жөнiнде қате пiкiрге тап келедi. Ал онысын өзi сезбейдi де, мойындамайды. Мұның түпкi себебi заттар мен жан дүниелi адамдарға болған қатынастардың өзiндiк ерекшелiктерiн бiлмеуден. Субъектив қателiктiң мəнi: нақты кезеңдегi өзiнiң психологиялық кейпiне назар салмастан, адам нақты көрiп тұрғаны мен естiгенiне сенiп қалады, ал көз бен құлақ қабылдауы əрқашан адамның жеке көңiлкүйiнiң жағдайына тəуелдi. Қандай да адамды қабылдауымыз бiздiң өзiмiздiң сол мезеттегi жан толғанысымыз, көңiл шарпуымыз бен қажетсiнуiмiзге байланысты келедi. Осы тұрғыдан адам бағалауда өз сезiмiң мен пiкiр пайымдауыңа да толығымен сене беруге болмайды. Ситуативтiк қателiк мəнi: басқаны бағалай жəне қабылдай отырып, тұлға өз қабылдау процесiнiң қандай жағдайда өтiп жатқанын ескермеуi жəне сол жағдайдың оның өзiнiң əрекетқылығы мен бақылауындағы адамның болмысына нендей əсер етiп жатқанын байқамауы мүмкiн. Ал адам өзiнiң бақылау астында екенiн сезсе, өзiнiң əдеттегi, қалыпты қылықтарын бұрмалап көрсетуге тырысады. Бақылаушының өзi де нақты жағдайларға орай өз əрекетiнiң формасын өзгертедi. Мысалы, дəрiгердiң сырқатты өзiнiң қызмет кабинетiнде қабылдауы мен сол адамды кездейсоқ көшеде не демалыс орнында кездестiрiп, тануы үлкен өзгешелiктерге ие. Осыдан психологиялық образ қалыптастыру процесiне ситуацияға орай реттеу мен түзетулер ендiрiп тұрған шеп болмайды. Асығыс қорытынды жасауға байланысты қателiк мəнi: бақыланушы адам жөнiндегi пiкiр мүмкiн болған мəлiметтердiң бəрi жинақталмай, үстiрт берiледi. Мұндай қателiк болмауы үшiн төңiрегiндегiлердi түсiнуге ниет еткен əрбiр адам өзiн ұстамдылықпен, болжамы нақты деректермен айқындалмағанша, бақылауға алынған тұлға жөнiнде ой топшылаудан аулақ болғаны жөн. Қателiктердiң жəне бiр тобы жалған қарапайымдылықтан келiп шығады. Мұндай қателiк өзiн өзi шын мəнiнде кiм екенiн бiлмейтiн, қоғамдық беделi жоқ, аңғырт адамдарда болады. Бұл типтегi жандар төңiрегiндегiлердiң iшкi жан дүниесi мен əрекетқылығының мəнiн түсiнуге қабiлетi жетпегенiнен, өзiн дүниеден хабарсыз, не болса, соған сенгiш кейiпте танытып, кiм болса, соның арбауына түсiп кете бередi.
Қорытынды
Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар өте нәзік те үзілгіш келеді, себебі нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерінің құбылмалы көңіл күйіне тәуелді. Уақыттың өтуімен жастың елге тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседі, балалық пен жас өспірім шақтағы адамдар арасындағы бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның ішкі дүниесі сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлай түспей, өз қалауын таңдай алу қабілетіне жетеді. Қатынастардың тұрақталуының және бір жөні адамдар бірін бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көнігіп, өзара үйлесімге бейімделуі. Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда тым жақсы басталған таныстық қапелінде үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады: алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамына бара-бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бір-біріне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды. Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастар сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі. Дені сау, көңілі көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынас та әп-әдемі, үйлесе түседі. Көңіл-күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да әбігер күйде түзілген қатынас көбіне баянды болмайды. Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдаы қайырымдылық, ақөңілділік, үйіршеңдік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмншілдік, өшпенділік, тұйықтылық пен өзімшілік-қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді. Ой-өрісі кең дамыған, тәжирибесі бар адамдар өз қатынастарын меңгере алады, бірақ бұл көптің қолынан келе берммейтін іс, себебі көп жағдайда аралық қатынастардың мәнін соларды түзуші адамдардың өздері де түсіне бермейді, ал түсінбеген затты санлы басқару мүмкін емес. Қарым-қатынас жасау арқылды адамға ғана тән табиғи қасиет және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу және еңбек, адам әрекетінің негізгі түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей. Жас ұлайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан адамның оларды басқару қабілеті де артады. Мұндайда адамға жәрдемге келетін оның даралық ерекшеліктерін қосымша өмірлік тәжірибесі. Әрқашан адам аралық қатынастарды жеңіл де ұтымды реттейтін адамдар арасында кәсіби қызмет бабымен жұмыс жүргізетін, сендіре әңгіме айта білетін, әлеуметтік жетекшілкке ыңғайлы мамандар болады, мысалы: саясаткер, мекеме және өндіріс башылары, мұғалімдер, дәрігерлер мен актерлер. Адам аралық қатынастарға ықпал жасай білу қабілетін қатынастар психологиясы үздіксіз үйрену арқылы жетілдіре, дамытып баруға болады. Адамдар арасындағы қатынастарының қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамным тұлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр адамның қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлардағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді. Қарым-қатынас түбегейлі адамдық сұраныс бола отырып, дербес құндылық болады, себебі адам басқа адамды әрдайым қажетсінеді. Ол үшін маңызды дүние – бұл басқа адам, онымен қарым-қатынас, ортақ істі бірлесіп орындау, ниеттестік. Тек қана қарым-қатынас процесінде және тек сол арқылы адамның мәні көрініс табады. Қарым-қатынас жеке адам құрылымының маңызды факторларының бірі болып, оның әлеуметтануының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынас қоғамның және адам өмірінің барлық жағын қамтиды. Адам басқа адамдармен қарым-қатынассыз өз өмірін елестете алмайды, себебі оның өмірі бүкіл адамзаттың сақталуына тікелей байланысты.