Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 19:19, реферат

Описание работы

Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау, нені қалайтындығын білу, көңіл күйін қадағалау әрі науқасқа ерекше көңіл аудару - ол әр дәрігердің міндеті болып табылу керек. Клиникада коммуникациялық дағдыларды тиімді пайдалану - «Ақ халатты абзал жандар» деп атанған дәрігердің парызы деп санауымыз қажет. Коммуникативтік дағдылар дегеніміз, парыз, адамгершілік, міндет, кәсіби этика туралы ғылымдарды белгілейді.Адамдар арасындағы болатын түрлі қиыншылықты жеңу үшін түрлі кәсіби қызмет дағдыларын кеңірек пайдаланған абзал.

Файлы: 1 файл

пациен.doc

— 55.00 Кб (Скачать файл)

                                            Кіріспе

 

     «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деп А. Линкольн айтпақшы әрбір есі кіріп, етек жап-қан адам-белгілі бір қоғамның мүшесі болып табылады, ол қандай болмасын сүйікті бір ісімен айналысады, түрлі адамдармен қарым-қатынаста болады. 
Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау, нені қалайтындығын білу, көңіл күйін қадағалау әрі науқасқа ерекше көңіл аудару - ол әр дәрігердің міндеті болып табылу керек. Клиникада коммуникациялық дағдыларды тиімді пайдалану - «Ақ халатты абзал жандар» деп атанған дәрігердің парызы деп санауымыз қажет. Коммуникативтік дағдылар дегеніміз, парыз, адамгершілік, міндет, кәсіби этика туралы ғылымдарды белгілейді.Адамдар арасындағы болатын түрлі қиыншылықты жеңу үшін түрлі кәсіби қызмет дағдыларын кеңірек пайдаланған абзал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Қарым- қатынас психологиясы

 

        Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол сол қасиеттер қарым-қатынаста қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның азаматтық тәжірибені игеру, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы түрде қарым-қатынасты былайша анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық. Қарым-қатынастың мазмұнына, мақсатына, құралдарына қарай бірнеше түрлерін бөліп қарастыруға болады. Мазмұны бойынша ол материалды түрде (іс-әрекет өнімдері және заттарымен алмасу), когнитивті түрде (біліммен алмасу), кондиционды түрде (психикалық және физиологиялық жағдаймен алмасу), мотивациялық түрде (қажеттіліктермен, түрткілермен, қызығушылықтармен, мақсаттармен алмасу), іс-әрекеттік түрде (әрекеттермен, амалдармен, икемділіктермен алмасу) болады.

      Қарым-қатынас құралдарына келетін болсақ, оны қарым-қатынас үрдісінде біреуден екіншіге берілетін ақпаратты кодтау, тасымалдау, өңдеу әдістері арқылы анықтауға бо0лады. Ақпаратты кодтау – бұл біреуден екіншіге ақпаратты беру әдісі. Мысалы, ақпарат тікелей денелік контакт көмегімен (денемен, қолмен сүйену) беріледі. Ақпарат сезім мүшелері арқылы белгілі қашықтықта беріле алады (бір адамның екіншіні сырттай, оның іс - әрекетін бақылауы). Аталғандардан басқа да ақпарат беру тәсілдері белгілі. Оларға тіл және белгілік жүйелер; жазу түріндегі (мәтін, сұлба, сурет, сызу), ақпаратты сақтау және беру (радио - видеотехника) жатады. 
      Құралдары бойынша қарым – қатынас тікелей емес, тікелей (тура) және жанама болады. 

     Тікелей емес қарым – қатынас табиғи мүшелер (қол, бас, дене) арқылы жүзеге асады. Тікелей емес қарым – қатынас жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық байланыс. 
     Тікелей қарым – қатынас ақпаратпен алмасу және қарым – қатынасты ұйымдастыруға арналған арнаулы құралдарды қолданумен байланысты. Бұлар табиғи заттар (таяқ, тас, жердегі із, т.б.) немесе мәдени (белгілік жүйелер, символдар жазбасы, радио теледидар). Тура қарым –қатынас қатынас кезіндегі бір – бірімен сөйлесіп отырған адамдардың жеке байланысты қабылдауы, мысалы: дене байланыстары, адамдардың бір-бірінің әрекеттеріне жауап қайтару. Жанама қарым-қатынас басқа адамдар арқылы жүзеге асады. Мысалы, мемлекет арқылы, топтық, отбасылық деңгейлер арасындағы әңгіме. Инструментальды деп қарым-қатынастың өзінен қанағаттанушылық алудан басқа бір мақсат іздейтін, өзіндік қажеттілікпен реттелетін, өзіндік мақсат болмайтын қарым-қатынасты айтады. Мақсатталған –бұл арнайы қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызды түрлеріне болып вербальды және вербальды емес қарым-қатынас жатады. Вербальды емес қарым-қатынас құралы ретінде сөздік тіл қолданылмайды. Оған мимика, жест, пантомимика көмегімен түсінісу жатады. Вербальды қарым-қатынас тек қана адамдарға тән. Өзінің коммуникативті мүмкіндіктеріне байланысты ол вербальды емес қарым-қатынасқа бай болады. Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдар пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді. Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адам аралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі. Көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық қарым-қатынастарды да жатқызады. Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге қасиеттерде қарым-қатынаста қалыптасады. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. 

 

                   Дәрігер мен пациент арасындағы үйлесімді қарым-қатынас 

 

       Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice – адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология (греч. deon – парыз; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), – яғни бұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы. «Біз қазір үшеу болып тұрмыз - мен, сен және сенің ауруың. Егер екеуміз біріксек, ауруды жеңеміз, ал сен ауру жағына шықсаң, мен жеңілемін». Ғұлама дәрігерлердің аузынын шыққан осы бір тәмсіл сөз кейін талай ақ халатты абзал жандардың аузынан шығып, миллиондаған науқастардың көкірегіне үміт отын ұялатты. «Жақсы сөз- жан азығы» деген осы емес пе?! Дертті емес сырқат адамды емдеу медицинаның негізгі принциптерінің бірі. Бүгінде Егеменді мемлекетіміздің адам денсаулығынан асқан маңызды міндеті жоқ. Адамның өмірі ең құнды болғандықтан ақ халатты дәрігерлер соңғы минутқа дейін табандылықпен күресіп, үміті үзілген науқас өмірге қайта оралған жағайлар да аз емес. Емделуші үшін әрқашанда дәрігер өз өмірін сеніп тапсыратын, сүйенетін адам. Медициналық қызыметкер емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлеспегей, пациентпен мәдениетті түрде сөйлесіп, науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге болмайды.Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын дәрігер осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет. Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтап, қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс күте білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.                       Науқас адамдармен жұмыс жасау – қиын әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Дәрігердің кәсіби қызметі ауру адаммен байланысты: тірі ағзаларды құрайтын биологиялық жүйелердің ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар қоғамдық байланыстың әр түрлі болуы қайталанбас психикалық көрініс құрайтын тәуелділікке байланысты. 
     Дәрігердің мамандығы – ерлік.Ол төзімділікті,қайсарлықты, жанның тазалығы мен ақыл ойдың ізгілігін, ішкі болмысының негізін қажет етеді,үздіксіз өнегелі қасиеттерін бойына сіңіре білген маман иесі ғана мақсатына жете алады. Дәрігер ауру адамға моральдық жағынан да қолдау көрсету қажет. Дәрігер мен ауру адамдардың арасындағы қарым-қатынас белгілі бір жүйеге түсу үшін дәрігердің де бойында адами қасиеттер болғаны дұрыс. 
       Күйзеліске түскен жандардың ең басты емі - жан жылуы екендігін жақсы түсінуіміз тиіс. Коммуникативтік дағдыларды қолдану үшін науқастарды емдеудің жаңа технологияларын қолданысқа енгізіп,оның нәтижелі болуына көп көңіл бөліп,сапалы көрсеткіштерге қол жеткізуге үлес қосуымыз қажет. 
Адам неғұрлым талантты, дарынды болған сайын, ол өзінің еңбегін, шығармашылығын, тапқырлығын үстей береді, сөйтіп оның еңбегі жігерлі еңбек болады.«Басы ауырып, балтыры сыздаған» кез келген адамға қол ұшын бере алатын, көмек қолын соза алатын құдірет иесі біреу-ақ, ол – дәрігер. Жанары жәутеңдеген, ағзасын ауру меңдеген науқас адамға ерекше көңіл бөлу, рухани дем беру, дертіне шипа беру, жан жылуын сыйлау- әрбір дәрігердің парызы болып саналады.

 

                        Дәрігерлердің құқықтары. 

 

         Әрбір дәрігер өз құқықтарымен танысып, оларды пайдалана білуі керек. Болашақ дәрігерлер өзінің құқықтарын біле жүріп оқыған дұрыс емес, өйткені бұл оның өмірлік маңызы емес. Дегенмен, дәрігерлер өз құқықтарын білгені жөн және ол әрқашан ескертіліп тұруы қажет. Дәрігерлер көптеген жағдайларда науқастардан және оның туысқандарынан жағымсыз сөздер естіп жатады. Міне, осындай кездерде дәрігердің де құқығы, намысы қорғалуы керек. Ең бірінші, дәрігердің негізгі құқығы ол – медициналық тұлға атауына ие болу.  Екінші,  құқығы ол – кез келген дәрігер науқасты емдеуден бас тарта алады. Егер ол науқас кейбір ережелерді сақтамаса, яғни дәрігердің тағайындауларын тиянақты орындамаса. Бұндай жағдайда бас дәрігерге хабарласып, науқасты ары қарай емдеуден бас тартуға құқылы. Үшінші, дәрігерлер медициналық ассоциацияны құруға құқылы. Төртінші, дәрігер эвтаназияға құқылы (науқас сұрауы бойынша).

      

                                              Жоспар

 
I. Кіріспе 
II. Негізгі бөлім

   2.1.Қарым – қатынас психологиясы 
  2.2.Дәрігер мен пациент арасындағы үйлесімді қарым-қатынас  
   2.3. Дәрігерлердің құқықтары 
III.Қорытынды 
IV.Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Елеусизова С Қарым қатынас психологиясы Алматы 1995 

 

  1. Е.Оразақов «Дәрігерлік кеңес» Алматы -1967ж.

 

  1. Купреев Е. « Дәрігер парызы» 1998ж.

 

  1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері, Алматы, 2002

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Қорытынды

 

        Әлемде неше түрлі денсаулық сақтау жүйесі жұмыс істейді, толық автономды түрден үкіметке дейін. Кейбір мемлекеттерде көмек тек қана өте қажет жағдайда ғана көрсетіледі, ал басқаларда  медицина сақтандыру жүйесі толық дамыған, ал үшіншілері болса біртұтас денсаулық қорғауды ұйымдастыруда озып шықты.Денсаулық сақтау саласында жеке бастама мен үкімет саясатында медицина көмегін көрсетуде әр түрлі шешімдерді көрсетуде. Ал ең жақсысы қазіргі заманда медицина көмегінің  деңгейін  емделуші мен дәрігер арасында  толық еркіндікпен қамтамасыз ету.  Кез келген денсаулық сақтау жүйесі емделушіге   дәрігерді таңдауға, ал дәрігерге емделушіні таңдау құқығын қамтамасыз ету керек.  Сонымен қатар не дәрігердің не емделушінің құқығын кемсітуге болмайды

 

 


Информация о работе Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы