Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2015 в 16:03, реферат
Италия әдебиеті VI – XII ғасырлардың арасында латын тілінде қалыптасқан. Итальян әдебиетінің дәуірлеу кезеңінің ұлы тұлғасы - Данте Алигьери өзінің “ Құдіретті комедия’’ атты атақты шығармасын жазды. Ф. Петрарканың сонеттері мен Джылы Баккачоның “Декамерон” атты шытырманға толы романы дүние жүзі әдебиетінің алтын қорынан орын алды.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Қайта өрлеу дәуіріндегі Италия ақындары мен жазушылары
III. Қорытынды
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Қайта өрлеу дәуіріндегі Италия ақындары мен жазушылары
III. Қорытынды
Италия әдебиеті VI – XII ғасырлардың арасында латын тілінде қалыптасқан. Итальян әдебиетінің дәуірлеу кезеңінің ұлы тұлғасы - Данте Алигьери өзінің “ Құдіретті комедия’’ атты атақты шығармасын жазды. Ф. Петрарканың сонеттері мен Джылы Баккачоның “Декамерон” атты шытырманға толы романы дүние жүзі әдебиетінің алтын қорынан орын алды.
Мұхтар Әуезов бұл үш ірі тұлғаның туындыларымен жас кезінен таныс болды. Ол өзінің әлем әдебиеті туралы ой толғаған зерттеулері мен мақалаларда “Декамерон” мен “Мың бір түннің”, “Құдіретті комедия” мен “Жолбарыс терісін жамылған батыр дастанының”, Петрарканың лирикалық кейіпкері Лаура мен “Ләйлі – Мәжнүннің” ғашықтық оқиғасы арасындағы байланысты салыстыра талдады. “Мәңгі жасайтын ақын- Шота Руставели” атты мақаласында: Рас, Руставели жырындай әсер ететін пәлендей поэманы таба алмаймыз дейді. Италия Сомали, Эритрея, Триполитания, кейіннен 30 жылдары Эфиопия мен Албания секілді жаңа отарларды өздеріне қосқан жаулаушылық соғыстары арқылы XX ғасырға аяқ басады. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, Италия республика болып жарияланады. Италия әдебиетінде XX ғ. Габриэль Д`Аннунцио, Итало Звево, Луиджи Пиранделло, Филиппо Томмазо Маринетти, Альберто Моравиа, Васко Пратолини, Дино Буццати, Умберто Эко секілді тамаша жазушылар дүниеге келеді.
XX ғасырда
Италия әдебиетінде футуризм, герметизм,
веризм және неореализм сияқты түрлі бағыттар
пайда болды. Италиялық футуризм техникаланд
Габриэль Д`Аннунцио (1863-1938) өзінің шығармашылық жолын XIX-XX ғ. тоғысында бастайды. Эстетизмге қызығушылық танытқан шебер ақын неміс философы Ницшенің ілімін жақтап, италия әскерінің даңқын көкке шығарып, халықты «Римнің ұлылығы» үшін күресуге шақырады. Оның ең үздік өлеңдері «Аспан, жер мен батырлаға арналған мақтау өлең» (1903-1912) атты бес томдық топтаманың бір бөлігі болып табылатын «Алционо» атты жинаққа енеді. Ол өзінің «Керемет әрекеттер туралы ән» (1911) атты туындысы мен «Ұлы Италия үшін» (1915) атты мақалалар жинағында Италияның ұлылығы мен әскери күштерін дәріптейді. Д`Аннунционың шығармашылығында «таңдаулы кейіпкердің» бостандығы мен күші қатыгездік, өліммен шебер үйлесімділік табады. Д`Аннунционың «Өлі қала», «Джаконда», «Франческа да Римини» атты пьесаларында өлім жайлы айтылады. «Өлі қала» пьесасындағы оқиға Микен жерінде орын алады, археолог Леонардо осы жерден Клитемнестро өлтірген Агамемнон мен Кассандраның мәйіттерін іздейді. Ол өзінің туған қарындасы Бианка-Марияға ынтызар болады. Осы құмарлықтан айрылу үшін Леонардо өз қарындасын өлтіруге дейін барады. Д`Аннунцио «Франческа да Римини» пьесасында Дантенің «Құдіретті комедиясындағы» бір эпизодтың сюжетіне түсіндірме бере отырып, Франческаны билікқұмар және айбынды әйел ретінде суреттейді.
Италия әдебиетінде дүниежүзілік соғыстар
кезінде Итало Звевоның (1861-1928) шығармашылығы маңызды орынға
ие болады. «Бельподжо көшесінде орын
алған қылмыс» (1890) атты новелласынан Достоевскийдің
ықпалын байқауға болады. Новелланың кейіпкері
адам өлтірген қылмыскер өз-өзімен сөйлесу
арқылы өзінің болмысы мен қылмыс жасауының
себебін түсінуге тырысады. Звевоның басқа
шығармалары секілді бұл новеллада да
кейіпкердің жан дүниесі басты назарға
алынады. Романында психоанализ тәсілі
қолданылған. Роман бес эпизодтан тұрады.
Әрбір эпизодында Дзеноның жандүниесі
бейнеленген, ол психоаналитик-дәрігердің
кеңесіне сүйеніп, ұмтылып бара жатқан
естеліктерін қағаз бетіне түсіреді. Джойс
жоғары бағалаған Звевоның бұл романы
психологиялық прозаның дамуына өз үлесін
қосады. Италиялық герметизм поэзиясы
француз авангардтық поэзиясының әсеріне
ұшыраған. Бұл жас кезінде Париж қаласында
өмір сүрген Унгареттидің шығармашыл
Луиджи Пиранделло (1867-1936) — Италияның ең атақты жазушыларының бірі, Сицилия аралының Агридженто деген жерінде дүниеге келген. Оның отбасы италия халқының бірігуі мен тәуелсіздік жолында күрескен. Әкесі күкірт кенінің қожайыны Стефано Пиранделло өз фирмасын ашып, ұлына инженерлік білім беруді армандайды. Бірақ Луиджи Рим университетінің гуманитарлық факультетіне оқуға түсіп, «Джирдженти провинциясының диалектері, ертегілер, халық әндері, айтыс» тақырыбына диссертация қорғап, өзінің филологиялық білімін Боннада аяқтайды. Оның жазушы болуына италиялық веризмнің негізін қалаушы теоретик Луиджи Капуанның (1839-1915) жас әдебиетшілер үйірмесімен жақын араласуы әсер етеді. Веризм (шындық, шыншыл) – француз натурализмі ықпалымен пайда болған реализмнің италиялық нұсқасы. Веризм тұсында Пиранделлоның алғашқы новеллалары мен романдары жарыққа шығады («Шеттетілген» 1901). Бұл шығармада жазушы өмірдің шынайы келбетін, әдет-ғұрпын, қарапайым адамдардың тағдырын, өмірдің шынайы тұстарын шебер көрсетеді. Ол көзге көрінетін шынайы құбылыстарға сүйене отырып, тек айғақтармен шектеліп қалуға болмайды деп тұжырымдады. Италия және Еуропа әдебиетінің тарихына Пиранделло жаңашыл драматург, интеллектуалды философиялық-психологиялық театрды құрушы ретінде енеді.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Италия әдебиетінде фашизмге қарсы күрескен Элио Витторини, Итало Кальвино, Карло Леви, Рената Вигано сынды жазушылардың шығармашылығы үлкен жетістікке жетіп, халыққа рух беріп, жүректеріне үміт отын ұялатады.
Италиялық неореализмнің атақты жазушысы Васко Пратолини (1913-1991) Флоренцияда қарапайым жұмысшының отбасында дүниеге келген. 30-шы жылдардан бастап журналистік қызмет атқарады. Оның алғашқы еңбектері «Магадзини көшесі» (1942) атты повесі мен «Құрбы достар» (1943) атты өлеңдер жинағы оның кейінгі шығармашылығының негізгі бағытын анықтап береді. Жазушы өзінің «Квартал» (1945) романында жауға қарсы күреске қатысқан жас жұмысшылардың бейнесін жасайды. Пратолинидің ең маңызды шығармасының бірі «Бейшара ғашықтар туралы повесть» (1947) атты романы жазылады. Шығармада орын алған оқиға 20-шы жылы болады. Онда Флоренцияның кедей ауданындағы тұрғындардың өмір салты мен фашизмге қарсы күресі бейнеленген. Оқиға Виа дель Корно көшесінде өрбиді. Басты кейіпкерлері – баспашы Марио мен қызы Милена, егінші Уго мен ұста Мачисте. Олардың барлығы Виа дель Корно тұрғындарымен тығыз байланысты, олар бір-біріне жалғыздықты жеңуге көмектеседі.
Умберто Эко (1932) – қазіргі Италия әдебиетіндегі ірі жазушылардың бірі, атақты оқымысты-медиавист, семиотик, мәдениет қайраткері, Болон және бірнеше әлемдік университеттердің профессоры. Ол тек қатаң академиялық ғылымның ғана емес, сонымен қатар еркін шығармашылық ізденістердің де нышаны болған. Эконың «Раушан есімі» атты алғашқы романы (1980) жарыққа шыға сала, үлкен жетістікке ие болып, жазушыға әлемдік атақ алып келеді. 1988-1994 ж. жазушы өзінің «Фуко жол сілтеушісі» және «Накануне аралы» атты екі романын жарыққа шығарды. Жазушының «Ашық шығарма» (1962), «Визуальды коммуникацияның семиологиясы» (1967), «Жалпы семиотика туралы Трактат» (1975), «Түсіндірудің шектері» (1990) атты шығармалары әлемдік семиотиканың қалыптасуына негіз болған. Эконың үш романы И.Ильин сияқты зерттеушілердің көзқарасы бойынша постмодернизмге жатса, Ю.Лотманның көзқарасы бойынша – семиотикалық романға жатады.
Қорыта келе, XX ғасырда Италия әдебиеті фашисттік Муссолини тәртібінің әсерінен көптеген қиындықтарды басынан өткізгендіктен, фашизм мен соғысқа қатысты тақырыптар басым болған. 1960-ж. Джорджо Бассани және Наталия Гинзбург өз шығармаларында тұлға мәселелерін қарастырды. Олардың еңбектерінде неореализм бағытынан гөрі неоавангардизм басым болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе Қайта өрлеу дәуіріндегі Италия ақындары мен жазушылары