Ата-аналарға арналған «Сынақ» іскерлік ойыны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 09:29, реферат

Описание работы

Қажетті көрнекіліктер: 1) бала тәрбиесі жөнінде айтылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар; 2) шарлар; 3) түрлі-түсті картоннан жасалған кубик; 4) «Әділ қазылар», «Сарапшылар» кестелері; 5) билет сұрақтары; 6) конверттер және оны ілетін ағаш тақта; 7) аяқталмаған мақал-мәтел жазылған түрлі-түсті қағаздар; 8) алдын-ала жазылған сертификаттар; 9) шағын ынталандыру сыйлықтары.

Файлы: 1 файл

Ата-ана Сынақ.docx

— 21.86 Кб (Скачать файл)

Ата-аналарға арналған «Сынақ» іскерлік ойыны

Іскерлік ойын мақсаты: а) баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын алу; ә) бала тәрбиелеу сапасының жоғарлауына ықпал ету; б) ата-аналармен психологиялық ағарту жұмысын жетілдіру

Қажетті көрнекіліктер: 1) бала тәрбиесі жөнінде айтылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар; 2) шарлар; 3) түрлі-түсті картоннан жасалған кубик; 4) «Әділ қазылар», «Сарапшылар» кестелері; 5) билет сұрақтары; 6) конверттер және оны ілетін ағаш тақта; 7) аяқталмаған мақал-мәтел жазылған түрлі-түсті қағаздар; 8) алдын-ала жазылған сертификаттар; 9) шағын ынталандыру сыйлықтары.

Кіріспе сөз: Құрметті ата-аналар! Бүгінгі жиналысты бұрынғы жиналыстар сияқты біркелкі өтіп, Сіздерді жалықтырмас үшін іскерлік ойын түрінде өткізуді жөн көрдік.

Бәріміз мектеп шаңырағына жиналып отырғандықтан, іскерлік ойынымыз да білім ордаларының өмірімен байланысты болмақ. Іскерлік ойын «Сынақ» деп аталады. Ол үшін бізге сарапшылар міндетін атқаратын 4 ата-ана керек (ата-аналар комитетінен алынады)

Сондай-ақ, сіздердің араларыңыздан іскерлік ойынға қатысатын 7 ата-ана шығуы қажет (егер өз еріктерімен шыққылары келмесе: әр жағы әр түрлі түсті кубикті лақтырып, үстіңгі жағына түскен түске ұқсас немесе сондай түсі басым киім киген ата-ана шақырылады)

 Ортаға шыққан бұл 7 ата-анамыз 3 түрлі сынақтан өтеді: 1-сынақ – ситуациялық сұрақтарға жауап беру; 2-сынақ – аяқталмаған мақал-мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтау; 3-кезектегі сынақ – бұл кісілер өз балаларына қойылған аттарды (есімдерді( қорғайды, яғни, балаларының атын (есімін) қою тарихын, кім қойғанын, не үшін, кімнің құрметіне қойылғанын түсіндіріп, айтып шығады. Сарапшылар ойынға қатысушылардың жауабына мына бағалаулар арқылы ұпай береді: 6-дан 10-ға дейін. Жауабына қарай ұпайы салыстырмалы түрде берілуі керек.

І сынақ: Ситуациялық сұрақтарға жауап

Үстелдің үстінен кез келген билетті алып ситуациялық сұраққа жауап беру беру керек. Сұрақпен қоса, реттік нөмірлер беріледі. Сұраққа жауап берген кезде аты-жөндерін толық атап өту ескертіледі.

Ситуациялық сұрақтар:

1.Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз? (Мүмкіндігінше, оның қабілетін одан әрі дамытуына жағдай жасаған дұрыс. Мүмкін, ол бала бойында жасырын дарындылық қабілет болар. Көптеген биограф-зерттеушілердің айтуынша, мыңдаған Архимед, Моцарт, Рафаэльдердің көбі өмірлерін ешбір атақсыз, қарапайым диқан, қолөнерші, аспаз ретінде өткізген көрінеді).

2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба? (Бала сұрағына байыппен түсіндіре жауап беру – олардың ой-өрісін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі).

3.Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? (Баланы тәртіпке келтіруден бұрын, оның агрессивті болуының себебін тереңнен іздеңіз. Басқаларды ренжітетін бала өзі де ренжіген бала. Отбасыңыздағы біреу осыған кінәлі емес пе? Ойланыңыз. Мүмкін, жағдайды талдап, себебін тереңнен табуға болатын шығар?).

4.Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толма: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? (Балаға «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың, сен жөндей алмайсың» деген сияқты теріс баға беру дұрыс емес. Осындай жағдайда баланың сол іс-әрекет түріне талаптануы, үйренуге ұмтылысы төмендеп, өзіне деген сенімділіген жоғалтады, өзіне-өзі көңілі толмау сияқты кешенді сенімсіздік қалыптасуы мүмкін).

5.Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді. Сіз не істейсіз?

(Балаңыздың мұндай жөнсіздіктеріне  жол бермеңіз, әйтпесе, одан кейін  де өрши түседі).

6.Балаңыз күнде 1-сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз? (Қаталдау болуға қорықпаңыз. Сонда ғана ол өз орнын табады).

7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз? (Анық себебін біліп алып, мұғаліммен тіл табысуға ықпал ету керек).

ІІ сынақ. Мақал-мәтелдерді аяқтау

Өз кезектеріңіз бойынша келіп, мына жердегі конверттердің біреуін алып, ішіндегі қағазға жазылған аяқталмаған мақал-мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтайсыздар.

Мақал-мәтелдер:

  1. Ата – асқар тау,

Ана – (бауырындағы бұлақ)

Бала – ( жағасындағы құрақ).

 

  1. Ұлың өссе, ұлы үлгілімен (ауылдас бол)

Қызың өссе, қызы үлгілімен (ауылдас бол)

 

  1. Бала жас шыбық сияқты,

(Қалай  исең, солай иіледі).

 

  1. Бала жақсы болса – (қуаныш),

Жаман болса – (қиналыс).

 

  1. Әкесіне қарап – (ұлына бар),

Анасы қарап – (қызын ал).

 

  1. Ерлі-зайыптылар тату болса – (үйге береке),

Араз болса – (елге келеке)

 

  1. Әкеге қарап – (ұл өсер),

Шешеге қарап – (қыз өсер).

 

ІІІ сынақ. Балаларына қойылған аттарын (есімдерін) қорғау.

Балаларыңыздың аттары қалай қойылғандығына сипаттама беріп, шағын тарихын айтып шығасыздар. Кім қойды, себебі, кімнің және ненің құрметіне байланысты? Егжей-тегжейін ашып айтып, жақсы түсініктеме берсеңіздер, соғұрлым сарапшылардың ұпайлары жоғары болатынын естеріңізден шығармаңыздар. Ал, жауап беруге дайындала беріңіздер.

        Қатысушылар жауап беруге дайындалғанша көрермен ата-аналарға айтылатын ақпарат:

Адамға ат қойылудың да өзіндік бір тарихы болады. Адам есімдерін зерттейтін ғылым саласы да бар. Ол ономастика деп аталады. Ономастика – атаулар туралы ғылым. Адам аттарын, фамилияларды, қала, өзен, көл, тау аттарын, географиялық атауларды зерттейді. Осы зерттеулерге сүйенсек, ежелгі гректер Петр деген есімді көп қойған екен. Оның қазақша мағынасы»тас». Тастай мықты, бекем болсын дегендері шығар. Грекше Александр есімінің қазақшасы «адамдардың қорғаны»деп аударылады. Орыстар Иван деген атты көп қояды. Ол біздіңше «Құдайберген» деген сөз. Әзірбайжандар – Галиб, еуропалықтар – Виктор, Виктория деген есімдерді қояды. Бізде ол «Жеңіс» деген мағынаны береді.

Қазақ балаға атты әр түрлі ырымға сүйеніп қойған. Мысалы, баласына соған тартсын деп бір жақсы адамға ат қойғызған немесе жақсы адамның атын атын қойған. Мысалы: Абай, Абылай, Шоқан т.б. белгілі, даңқты адамдардың атын берген. Бізде – Бауыржан, соңғы уақытта Нұрсұлтан деген есімдер жиі кездесетіні белгілі. Ондағысы Бауыржан Момышұлындай әскери басшы, Нұрсұлтан Назарбаевтай президент болсын деген тілектері ғой.

Кейде аса атақты, ғұлама адамдардың атын қойса, баланың көтеріп жүруіне ауыр тиеді екен деп те естіп жатамыз. Немесе Алдаберген, Құдайберген, Тілепалды, Тәңірберген деп қойған. Мұндай аттарды ұзақ күткен әулие-әмбиелердің басына түнеп, тілеп алған балаларға қоятын.

Қазақ кейде баласына жағымсыз ат қоятын. Мысалы, Күшікбай, Боқбасар, Қасқырбай т.б. Әдетте, мұндай атты баласы тұрмай, шетіней берген соң, ата-аналары тіл-көз тимесін деп қойған. Қазақта тілеулі аттар да болған, мысалы, Ұлбосын, Тоқтасын, Тұрсын т.б.

 

ІҮ. Қорытынды

 

Іскерлік ойынның қорытындысы шығарылып, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары беріледі.

 

 

 

 


Информация о работе Ата-аналарға арналған «Сынақ» іскерлік ойыны