Балалар агрессиясы туралы психоло-педагогикалық коррекция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2014 в 18:47, реферат

Описание работы

Біздің қоғамымызда басты мәселелердің бірі бұл мектепке дейінгі балалардың коррекциясы болып табылады. Балаларының мінез құлқының бұзылуына себептер: қоғамның саяси, экономикалық жағынан тұрақсыз болуы, ата- аналарының балаларына дұрыс қарамауы, немесе олардың балаларға уақыт бөлмеуі жатады.
Агрессивтілік- бұл іс-әрекеттің кез келген формасы, біреуді балағаттауға немесе біреуге зақым келтіруге мақсатталған іс әрекет.КӨптеген факторлар баланың қалыптасуына әсер етеді.

Файлы: 1 файл

агрессия.docx

— 19.38 Кб (Скачать файл)

Балалар агрессиясы туралы психоло-педагогикалық коррекция

Біздің қоғамымызда басты мәселелердің бірі бұл мектепке дейінгі балалардың коррекциясы болып табылады. Балаларының мінез құлқының бұзылуына себептер: қоғамның саяси, экономикалық жағынан тұрақсыз болуы, ата- аналарының балаларына дұрыс қарамауы, немесе олардың балаларға уақыт бөлмеуі жатады.

    Агрессивтілік- бұл іс-әрекеттің кез келген формасы, біреуді балағаттауға немесе біреуге зақым келтіруге мақсатталған іс әрекет.КӨптеген факторлар баланың қалыптасуына әсер етеді.

   Мектеп мұғалімдерінің айтуы бойынша балалардың агрессивтілік мінез құлықтары жылдан жылға күшейіп келеді, олармен жұмыс істеу қиын , көбінесе мұғалімдер бұл жағдаймен неістеу керек екенін білмейді. Тек бір нәрсе әсер етеді, оның өзі уақытша ғана- ол жазалау , бұдан кейін біраз уақыт балалар біраз басылады уақытша ғана.

   Ғалымдардың айтуынша агрессивтілік бұрын тек жасөспірімдік кезеңде байқалса, қазір бастауыш сыныптарда да , және мектепке дейінгі оқушыларда да байқала бастаған. Кейінгі жылдарда бала бақша тәрбиелеушілерінің айтуы бойынша балалардың агрессивтілігі күрт өсіп кеткен: Олар шулы, жылдам конфликта түседі, төбелеске де құмар болып кеткен.

   Зерттеулер мен көп жылдарға созылған бақылаулар нәтижесінде: бала кезінен бастау алған агрессивтілік , адамның қалыптасу кезінде сақталады.

Агрессивтілік мінез құлықтардың балалық кезде дамуы

Агрессивтілік мінез құлықтардың балаларда дамуын ерте кезеңде байқалады.

Ең бірінші кезеңде бұл мінез құлықтарда қырсықтықтың пайда болуымен сипатталады. Бұл кезде ашушаңдық,орынсыз шыңғыру, тістеумен сипатталады. Бұлардың көрінуінің негізгі себептері бұл өзінің қажеттіліктеріне тосқауыл болуына байланысты пайда болады.

Кейінгі кезеңдерде- бұл кезеңде конфликтердің пайда болуымен, өзінің қатарластарымен ұрысу, көбінесе бұл заттарды бөліспеу яғни ойыншықтармен бөліспеу салдарынан пайда болады. Бір жарым жастағы балалардың конфликтерінің 78 пайызы осы себептен болады.

Балалар агрессиясындағы ата-ананың рольі

   Агрессивті балалар көбінесе, ата-анамен баланың арасында дистанциялық қарым қатынас болған кезде, ата-аналардың балаларының дамуына баса назар аудармауымен, балаға ата-ананың жылуы жетіспегеннен болады.

Көптеген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей бала –ата-ана қарым-қатынасы дұрыс болмаса балаларда девианттық мінез-құлықтар қалыптасады делінген.Сондай-ақ егер ата-аналардың біреумен қарым-қатынасы дұрыс болмаса ,баланың позитивтілігі, өзін-өзі бағалауы төмен болады, өзінің мен деген концепция қолдау,және ата-аналық жылу көрмесе балада девианттық әрекеттер қалыптасады, ол өзінің қатарластарымен дұрыс қарым-қатынас жасамайды, және де ол өзінің ата-анасынада агрессивттілік пайда болады.

Агрессивтілік және жазалау

Бүгінгі күнде бір күмән келтірмейтін жайт ол агрессивтілік әрекетке қолданылатын іс-әрекет ол жазалау іс-әрекеті. Бұл ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мақсатында ,агрессивтілікті төмендетуге бағытталады.

Ата-аналарға  өзінің балаларының агрессивті іс әрекетіне жауабына байланысты 24 сұрақтар қойылып,талданды.

Балалардың агрессивтілігіне жауабы 3 деңгей тұратыны анықталған.

Бірінші деңгейге өзін-өзі ұстауда ата-аналардың іс –әрекетінің өзгертуі жатады.

Екінші деңгейге-  ауызша ескерту немесе сөгіс.

Үшінші деңгейге- қатал жазаларды қолдану арқылы жүзеге асады. Физикалық зақым келтіруді айтады.

Мектепте оқуға психологиялық  даярлық

Мектепке жүйелі түрде оқуға психологиялық  даярлық – мектепке дейінгі балалық шақтағы бала дамуының қорытынды нәтижесі. Ол бірте-бірте қалыптасады және ағзаның даму жағдайларына байланысты. Мектепке оқуға даярлық ақыл-ой дамуының белгілі бір деңгейін, сонымен қатар қажетті тұлғалық сапалардың қалыптасуын ескереді.        

 Сонымен, мектепке оқуға психологиялық  даярлық баланың негізгі психикалық  аймағының қалыптасқандығынан көрінеді: ықыластанушылық , адамгершілік, еріктік, ақыл-ой. Және бұлар оқу материалын  табысты меңгеруді қамтамасыз  етеді. Сонымен бірге мынаны есте  ұстау қажет: баланың мектепке  оқуға психологиялық даярлығы  оның мектепке түсу мезетінде  мектеп оқушысына сай психологиялық  белгілер құрылатындығында емес. Олар  тек мектепте оқу барысында қалыптасады.         

 Мектепке дейіңгі балалық  шақта бала дамуының қорытындысы  тек осы белгілердің алғы шарттары  болып табылады. Олар баланың  мектеп жағдайына бейімделуіне , жүйелі оқуға  кірісуіне жеткілікті болуы қажет. Мұндай алғы шарттарға ең алдымен оқушы болғысы келу, маңызды іс-әректті орындау, оқығысы келу талап- тілегі жатады. Мұндай тілек  мектепте дейінгі шақтың соңында  көптеген балаларда  болады. Ол даму дағдарысына байланысты. Бала өзінің мектепке дейіңгі жағдайының оның жетілген мүмкіндіктеріне  сәйкес еместігін сезіне бастайды. Үлкендердің өміріне бұлдыр, сағым тәрізді әдіспен – ойын түрінде араласу жалықтыра бастайды. Ол психологиялық жағынан ойыннан «өсіп кетеді», және мектеп оқушысы жағдайы ол үшін «есеюге» баспалдақ, ал мектептегі оқу-барлығы да құрметпен қарайтын жауапты іс.        

 Мектепке психологиялық дайындықтың  маңызды жағы, жоғарыда айтылғандай  баланың еркінің дамуының жеткілікті  деңгейі. Әртүрлі балалрда бұл  деңгей әрқилы болады.        

 Бұл балларға өзінің тәртібін  басқаруға мүмкіндік береді және 1 сыныпқа келгенде бала бірден  жалпы іс-әрекетке кірісіп, мектеп  және мұғалімдер қойған  талаптар жүйесін қабылдауы үшін қажет.        

 Танымдық іс-әрекеттің еркіндігіне  келетін болсақ, ол мектепке дейінгі  ересек жаста қалыптасса да, бірақ  мектепке түсу кезінде әлі  де толық даму деңгейіне жетпейді.         

 Балаға  ұзақ уақыт бойы тұрақты ырықты зейінді сақтау қиын, көлемі бойынша бірталай материалды жаттау, т.б. Бастауыш сыныпта оқыту балалардың осы ерекшеліктерін тексереді. Олардың танымдық іс-әрекетінің еркіндігіне қойылатын талаптар, оқу процесінің өзінде оны жетілдіру қалай орындалатынына қарай, бірте-бірте өседі.        

 Баланың мектепке даярлығының  ақыл-ой дамуының салыснда бірнеше  өзара байланысты жағдайларды  қамтиды. Бірінші сыныпқа түскен  балаға айналадағы әлем туралы  белгілі білім қоры қажет –  заттар мен олардың еңбектері  және қоғамдық өмірдің басқа  да құбылыстары туралы «жақсы  деген немене, жаман деген немене», яғни әдептілік туралы және  т.б. Бірақ бұл білімдердің қаншалықты  көлемі емес, соншалықты олардың  сапасы – мектеп жасына дейіңгі  шақта  қалыптасқан түсінігінің дұрыстық, нақтылық және жинақтау деңгейі өте маңызды.         

 Мектепке психологиялық даярлықта  дәстүрлі түрде «мектептік» болып  саналатын арнайы білім мен  дағдыны игеруі – сауаттылығы, санай білуі, арифметикалық есептер  шығара алуы, ерекше орын алады. Бастауыш сыныпта көптеген қиындықты көретін мектепке мектепке дейінгі шақтың соңында білім және дағдысы жеткіліксіз балалар емес, баланы  қызықтыратын ойын немесе күнделікті жағдайға байланысты емес есепті шығаруға, ойлауға ықыласы жоқ балалар екендігін зерттеулер көрсеткен. Мектепке түскен бала , заттарды зерттей білуі, олардың әртүрлі қасиеттерін бөліп көрсете алуы керек. Оған жеткілікті түрде толық, анық және таңдамалы қабылдауды меңгеруі қажет. Өйткені, бастауыш сыныпта оқу мұғалімнің жетекшіліг мен балалардың әртүрлі материалдармен  жұмыстар орындауына негізделген. Мұндай процестерде әлем туралы ғылыми түсініктер алуы үшін маңызы бар заттардың қасиеттерін ашып, бөліп алуы жүріп отырады.

Мектепке келген бірінші күннен бастап, бала заттың кеңістік белгілерін, кеңістік бағыттары туралы білімді ескеремей орындауға болмайтын нұсқаулар алады. Уақыт туралы түсінік және «уақытты сезу», оның қаншасы өткенін анықтай білу- оқушының сыныптағы ұйымдасқан жұмысының , тапсырманы мұғалімнің көрсеткен мерзімінде орындауының маңызды шарты.        

 Мектепте оқу, білімді жүйелі меңгеру баланың ойлауына ерекше жоғары талаптар қояды. Бала айналадағы құбылыстардан ең маңыздысын бөліп ала білуі керек, оларды салыстыра білуі, ұқсастығы мен айырмашылығын көре білуі, дұрыс ойлай білуді үйренуі, құбылыстардың себебін таба білуі, қорытынды жасай алуы қажет. Сабақта ол мұғалімнің пікірін байқап, қадағалап отыруы және ізінше сәйкес қорытынды жасай білуі қажет. Егер балада құбылыстардың байланыстары  мен қатынастарын жалпыланған түрде анықтай алатын ойлау іс-әрекеті қалыптасса, осылардың бәрі қамтамасыз етіледі. Ойлаудың бұл түрлерінің жеткілікті дамуы,  бала мектептегі оқуға көшкенде тек қана 1 сынып бағдарламасын табысты меңгеруіне ғана емес, оқушыға логикалық ойлаудың  тәсілдерін игеруіне де септігін тигізеді. Жекелеген ұғымдар және логикалық ойлаудың тәсілдері, ұғымдарды меңгеруге және қолдануға негізделген ойлаудың логикалық түрлері мектепке дейінгі шақта меңгірілсе де, мектептегі оқудың алғышарты емес салдары болып табылады.         

 Баланың мектепке даярлығын анықтайтын психикалық дамуының тағы бір жағы оның тілінің дамуы- айналасындағыларға затты, суретті, оқиғаны байланыстыра, жүйелі, түсінікті түрде сипаттап бере алу, өз ойының желісін жеткізе білу, белгілі бір құбылысты, ережені түсіндіре алуы.         

 Қорыта айтқанда, мектепке психологиялық даярлық балаға сынып ұжымына енуге, ондағы өз орнын табуға , ортақ іс-әрекетке қосылуға көмектесетін оның тұлғалық сапаларын қамтиды.

Бұлар: баланың басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудағы меңгерген әдептілік ережелері, ойындарда және өзара іс-әрекеттердің басқа түрлерінде қалыптасатын өзінің құрбы-құрдастарымен өзара қарым-қатынас орнату және оны сақтап отыру.

 


Информация о работе Балалар агрессиясы туралы психоло-педагогикалық коррекция