Басшы қандай болу керек

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 06:21, реферат

Описание работы

Өйткенi, бiзде қарапайым халықпен қатқыл сөйлесу қалыптасып қалған.
Жүргiзушi ретiнде МАИ қызметкерлерiнiң сыпайы түрде автокөлiктi тоқтатқанын естiген емеспiн. Дабылдатып, қиқулатып, дiкiлдеп тоқта деп бұйырып, жүргiзушiнiң зәре-құтын қашыратынын күнде көрiп жүрмiз. Бұл – үйреншiктi әдетке айналғалы қашан.
Осындай келеңсiз құбылыс басқа да мемлекет қыз¬меткерлерiне тән деп айтуға толық негiз бар.
Кейбiр шенеунiктер халыққа қызмет ететiнiн ұмытып кететiн сияқты, аяқтары аспаннан салбырап түскендей, алдына барсаң, әзер сөйлесетiнiн қайтерсiң.Бiрақ, осы дерттi ұлтымызға тән ерекшелiк деп сәуегейлiк жасайтындармен келiспеймiн.

Файлы: 1 файл

Басшы қандай болу керек.docx

— 34.02 Кб (Скачать файл)

Басшы қандай болу керек?

Осы мақаланы жазар алдында ойыма Түркияның Авша аралында өзiм куә болған бiр оқиға есiме түстi. Судан жағалауға шығып, дем алып жатқанда, теңiз айлағы жағынан дауыс күшейткiш арқылы түрiкше бiр хабарламаны диктор бiрнеше рет айтты.  

Жанымдағы iнiшектен не деп жатқанын сұрадым. Ол “әлдекiм автокөлiгiн жолға қойып кеткен екен, бөгет жасап тұрғандықтан алып кетуiн өтiнедi” дедi. Менi таңғалдырғаны: осы хабарламаны диктордың бәсең дауыспен айтқаны. Ал осы оқиға бiздiң елде болса ше?! МАИ қызметкерi, не басқа да лауазым иесi сыпайы түрде осылай өтiнiш жасайды деуге сену қиын. Өйткенi, бiзде қарапайым халықпен қатқыл сөйлесу қалыптасып қалған.  

Жүргiзушi ретiнде МАИ қызметкерлерiнiң сыпайы түрде автокөлiктi тоқтатқанын естiген емеспiн. Дабылдатып, қиқулатып, дiкiлдеп тоқта деп бұйырып, жүргiзушiнiң зәре-құтын қашыратынын күнде көрiп жүрмiз. Бұл – үйреншiктi әдетке айналғалы қашан.

Осындай келеңсiз құбылыс басқа да мемлекет қызметкерлерiне тән деп айтуға толық негiз бар.

Кейбiр шенеунiктер халыққа қызмет ететiнiн ұмытып кететiн сияқты, аяқтары аспаннан салбырап түскендей, алдына барсаң, әзер сөйлесетiнiн қайтерсiң.Бiрақ, осы дерттi ұлтымызға тән ерекшелiк деп сәуегейлiк жасайтындармен келiспеймiн. Жалпы, қит етсе ұлтымызды кiнәлайтын жаман әдеттен арылатын кез жеттi деп ойлаймын.Әрине, кейбiр мәселелерде кенжелеп қалғанымыз рас, жаман әдеттер сарқыншағы да бар. Бiрақ оның бәрi туабiттi қасиеттер емес. Көбi отарлау кезеңiнен, Кеңестiк дәуiрден қалған “мұра”.

Жұртты түзеу үшiн, жаман әдеттерден арылту үшiн, бiлiммен қатар, өнеге көрсететiн тұлғалар да керек. Осы iске атсалысуға билiк басында жүрген азаматтардың мүмкiндiгi мол. Кез келген басшы өз ұйымында дұрыс басшылық жасаумен қатар, қарамағындағыларға адамгершiлiгiмен, қарапайымдылығымен, ұлтжандылығымен үлгi болса нұр үстiне нұр болар едi. Қоғамдағы көп мәселелер де өз шешiмiн табар едi. Бас прокуратурада қызметте жүргенде, ұмытпасам, 1999 жылы департамент бастығы С.Үмбеталиев жиналысты, лездеменi тек қазақ тiлiнде өткiзетiн. Арамызда орыстiлдiлер көп болатын. Оларға тiл үйрену туралы талап қойған жоқ. Басшы ретiнде тек қазақша сөйлесетiн. Осыны көрiп орыстiлдiлердiң бәрi қазақша сөйлей бастады.Сөйтiп, мәселенi ұрандатпай, саясаттандырмай-ақ шештi.

Әр басшы өз ұжымында осылай iстесе, тiлiмiздiң өрiсi кеңейер едi.

Ұлт қамын ойласақ, басшы қызметке парасатты, бiлiмдi, ар-ұяты бар, қазақша айтқанда, “Құдайдан қорқатын” адамдарды тарту керек. Ел ағаларына айтарым, қасына жағымпаз, қолынан iс келмейтiндердi жинағанша, ертең елге, мемлекетке қызмет iстейтiн адамдарды қызметке алып, оларды тәрбиелеп, баулыған жөн. Сонда iсiмiздiң алға басары хақ. “Басшы қандай болу керек?” десек, ол ең алдымен халыққа жақын болуы керек, қарапайымдылық, сыпайылық, iзгiлiк бойынан табылуы тиiс.

Бұл ретте тарихтан үлгi алар тұлғалар өзiмiзде де жетерлiк. Кешегi өткен батыр бабамыз Кенесары өмiрiн сараласақ, тек батырлығы ғана емес, ел басқарудағы iстерi де өнегеге лайық. Е.Бекмахановтың “Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында” атты ғылыми еңбегiнде (Алматы, Санат баспасы, 1994 жыл) Кенесары ханның әдiл болғаны, қол астындағыларды алаламағандығы, мұраты: бiртұтас қазақ мемлекетiн құру болғандығы нақты тарихи деректермен дәлелденген. Онда мынадай деректер келтiрiледi: “Өзiнiң ағасы Көшек сұлтаннан ол айдап әкеткен жылқының бiр құлынын да қалдырмай халыққа қайтаруды талап еттi және оған өзiнiң барымталауға, тонауға келмегенiн, қазақ халқын орыс езгiсiнен құтқару үшiн келгенiн айтты”.

Тағы бiр дерек: “Бұл кезеңде, – деп еске алады Бұқарбай батыр, – бiз, Кенесары батырлары күнi-түнi атүстiнде жүрiп, Қоқанмен күресiп, Созақ, Түркiстан, Ақмешiт қамалдарын қоршауға алдық. Сырдарияның оң жақ бөлiгiнде, Шу өзенi бойындағы қыпшақ ауылдарында жүрген кезiмiзде, қыпшақ байының Құраш деген сұлу қызына көзiмiз түстi. Мен, Ағыбай және Наурызбай үшеуiмiз де қызға ғашық болып қалдық. Қыздың әкесiне “Қызыңды кiмге бересiң?” дегенiмiзде, ол “қалыңмалсыз ешкiмге де бермеймiн” және де “сендер бүгiн мұнда, ертең анда жүретiн қаңғыбассыңдар” дедi. Бұл сөзге шамданған бiз “оның қызын тартып алып, малын айдап әкетейiк” деп Кенесарыдан рұқсат сұрадық. Кенесары бiзге қарап: “Бiзге халық керек пе, қалыңдық керек пе? Алыстағы дұшпанды жеңбей тұрып, қол астымыздағы халықтың бiрлiгiн бұзуды ойлағандарың ба бұл?! Егер сендерге қалыңдық керек болса, барыңдар да Созақ қамалын алыңдар, сөйтiп өзбектiң қыздарына үйленiңдер, ал өзiмiздiң адамдарды тонауға рұқсат бермеймiн” дедi (290-бет).

Жалпы, осы еңбектi насихаттау жағы бiзде кемшiн сияқты. Әрбiр қазақстандық осы кiтапты оқыса, Кенесары ханның кiм болғанын танып-бiлiп, отансүйгiш сезiмi артар едi деп ойлаймын.

Осы арада тағы бiр айтпағым: ардақты, ұлтқа еңбегi сiңген қайраткерлерiмiздi, тұлғаларымызды қастерлеуiмiз, бағалауымыз керек, олар ұлтымыздың алтын қазығы. Бiрақ, дәрiптеймiз деп артық кетуге жол беруге болмайды. Адам болғаннан кейiн көлеңкелi тұстары да болады. Соны ескеруiмiз керек. Және де кейбiр айтқан ойлары қазiргi күнiмiзге терiс болуы мүмкiн екенiн де түсiнгенiмiз жөн.

Мұны айтып жатқаным: бiр басылымнан Алаштың асыл азаматы, қайраткер Ә.Бөкейхан дiн туралы мынадай жағымсыз пiкiр айтқан-мыс, сондықтан бiз де осы мәселеде оның айтқанымен жүруiмiз керек дегендей мақала оқыдым.

Осы орайда айтарым: кешегi Кеңестiк кезеңде де “Ленин айтты, Сталин айтты” деп, солардың айтқандарына кәмiл сенiп адасқанымыз шындық. Адам айтқан долбардың, сәуегейлiктiң өмiрде орындала бермейтiнiн тарих әлдеқашан дәлелдеген.

Адамның емес, Алланың дегенi болатынын түсiнетiн кез жеттi. Атеистер ту қылып ұстайтын Дарвин iлiмi туралы айтар болсақ, сол Дарвиннiң өзi “Құдайдiкi дұрыс” деп өмiрiнiң соңғы кезiнде өзiне-өзi қол жұмсаған.

Бұл арада мен дiндi уағыздап отырған жоқпын, тек дiнге орынсыз соқтығуға болмайтынын, әлеуметтiк, қоғамдық мәселелердi шешуге дiннiң бөгет болмайтынын, керiсiнше қолғабыс жасайтынын айтпақпын. Қайбiр зайырлы мемлекеттердiң тарихын алып қарасақ та, оны қалыптастыруға, ұлтты бiрiктiруге дiннiң орасан зор ықпалы болғанын көремiз.

Әңгiме басшының қалай болу керектiгi төңiрегiнде болғандықтан, басшыны тағайындаған кезде оның кәсiптiк бiлiктiлiгi ғана емес, оның мәдениеттiлiгiне, рухани келбетiне де назар аударылса ұлт мүддесi ұтар едi деп ойлаймын.

Екi сөзiнiң бiрi анайы сөз, дөрекi, аузы арақтан кеппейтiн басшының ұжымды алдыға емес артқа сүйрейтiнi сөзсiз.

Осы орайда 1994 жылы iс сапармен Кегенге барғанда естiген әңгiме ойыма түсiп тұр. Сонда мен әңгiмелескен бiрнеше адам 1980 жылдардың басында ауданға басшы болған бiр азаматты (өкiнiшке қарай, аты-жөнi есiмде қалмапты) өте бiр ризашылықпен еске алып, аудан халқына жасаған жақсылықтары туралы айтып бердi. Сол басшы не iстеген дейсiз ғой? Ол аудан тұрғындарының мәдениетiн көтеруге де ерекше көңiл бөлiптi, ең алдымен қызметкерлердiң киiм киiсiн жөнге салыпты, әйтпесе, бұрындары ауылдық жер ғой деп, олпы-солпы киiнiп жұмысқа бара бередi екен. Әйел қызметкерлер шаштаразға барып, шаштарын сәндетудi үйренiптi. Сол басшы мәдениеттiлiктi қалыптастыру үшiн әртүрлi байқаулар өткiзуге мұрындық болыпты.

Сонымен қатар аудан орталығын абаттандырыпты. Табиғаты қатқыл, суы тапшы Кегенде әр үйде ағаш егудi қолға алыпты. Айта берсек, аяулы азаматтың басшы ретiнде сол ауданда iстеген жақсылықтары көп-ақ. Менiң айтқаным – соның бiразы ғана. Сөйтiп, ол iзгi iстерiмен ел есiнде қалған.

Осындай азаматтар қазiргi күнде, ауыл тоқырауға ұшыраған кезде керек-ақ. Тек соларды тауып, баулып, қызметке қойсақ, iс алға басар едi. Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз...

Басшы мен қызметшінің арасындағы қарым-қатынас қандай болуы керек?

 

Бастық пен қызметкердің арасындағы әдептіліктің өзіндік орындары бар.  Жұмыс мәселесіне байланысты әдептілікті сақтау кейде қызметкердің тарапынан бұзылып жатса, енді бірде бастықтың  тарапынан қателіктер кетіп жатады. Сондықтан газетіміздің бұл санында бастық пен қызметкер арасындағы    әдептілік жолдарын өздеріңіздің назарларыңызға ұсынбақпыз.

 

Басшының бойында қандай қасиеттер болуы қажет?

 
Мекеме басқарып отырған адамның бойында ең бастысы сабырлық болуы қажет.  Кез-келген істе шыдамсыздық таныту - бастық адамға үлкен қателік. Сонымен қатар бастық шыншыл болып, екіжүзділікке, өтірік айтуға жол бермеуге тиіс.

 
Ал тәкаппарлық қасиет - ұжым басқарып отырған адамға тіпті де жараспайды. Ол адамдармен қарым-қатынасында менмендікке орын алдырып, адамдардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орнын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан өз мүмкіндігін асыра бағалауға тап болады. С ндықтан да ұжым басқарып отырған адам бойынан осындай қасиеттерді аулақ ұстағаны жөн. Сондай-ақ басшының қол астындағы қызметкерлеріне талап қойып және соны сұрай білуі де заңдылық. Алайда талап ету - сенім білдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет.

 
Қызметші басшы алдында өзін қалай ұстауы керек?

 
Қызметшіге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Бастықтың алдында отырған қызметкер жеке бас проблемасын ұмытып, оны мұқият тыңдау қажет. Сонымен қатар қызметкер өз ісін терең меңгеріп, адалдық пен әділдікті, қарапайымдылық пен байсалдылық, жауапкершілікті түсіне білуі қажет.

 
Кімнің бірінші сәлемдескені дұрыс?

 
Өзін-өзі ұстау мәнері өзара амандасудан басталады. Қызмет шарты бойынша қызметкер бастықпен бірінші амандасуға тиіс. Әйел адам бастығына «Сәлеметсіз бе?» деп амандасса жетіп жатыр. Ал ер адам бастығымен қол алысып амандасқаны дұрыс. Сосын ара-қатынасты 60 см мен 1-2 метр қашықтықта сақтау қажет.

 
Бұған әңігімелесу, келіссөз, келісім-шарт кезіндегі кездесулер жатады. Мекеме басшысы жас болса, қызметкерлерге сәлем бергені ағаттық емес. Бөлмеге кіргенде басшы бірінші амандасады, қызметкерлер орындарынан тұрмай-ақ амандасуларына болады. Басшы өз кабинетіне жұмыспен келген қызметкерді тұрып қарсы алмайды. Әңгіме ұзаққа созылар болса, орын ұсынады.

 
Қызметкердің киіну үлгісі оның әдептілігінен сыр шертеді

 
Қызметкердің киім кию үлгісіне қарап, оның қандай адам  екендігін аңғаруға болады. Тап-таза, өзіне сенімді, сыпайы, көзге ұрып тұратын артық жылтырақсыз киінген қызметкер сенімге тез ие болады.

 
Басшы алдына келген адамды қалай қабылдауы керек?

 
Егер келуші қысылыс білдіріп, мазасызданса, сіз өзіңіздің қарапайым ұстамыңызбен келушіні тыныштандыра аласыз. Басшы қызметкерлеріне есік қағып кіруді ескерткен болса, бұл ережені сақтаған дұрыс.  Қызметкерімен немесе келушімен сөйлесіп отырған басшы іске қатысы жоқ қағаздарды ақтарып кетуден, қайта-қайта телефонмен сөйлесуден, саусақтарымен үстелді тықылдатудан аулақ болғаны жөн.

 
Сөйлесе білу

 
Сөйлей білмей - ойлауға дағды алу мүмкін емес. Жақсы сөйлеуге үйрену үшін не істеу керек? Ең алдымен әдеби кітаптар оқып, өлеңдер мен көркемсөздер жаттау арқылы жадыңыздағы жақсы сөз тіркестерін үнемі жаңғыртып отырыңыз. Сіздің миыңыз неғұрлым көп мәтінді сақтаған сайын, сіз қажет кезде оларды дайын күйінде қолдана қоясыз.

 
Сонымен қатар өз сөзіңізді жақсы ұғыныңыз. Әрбір сөйлегеніңіз қысқа да нұсқа, сауатты құрылған сөйлемдерден болуы тиіс. Сіз ойыңызды дұрыс құрап жеткізе алмасаңыз, қандай құнды пікір айтам дегенмен, ол дұрыс қабылданбауы мүмкін.

 
Белсенді тыңдау

 
Сіз айналаңызды ынта қоя тыңдаған сайын, сөйлеуші де сізге ықыласпен әңгімелей түседі. Сіз өзіңіз біреуді ықыласпен тыңдасаңыз, сіз сөйлегенде ол да сізді сондай ынтамен тыңдайды. Белсенді тыңдай отырып, мәселе бойынша орынды сұрақтар қоя білу - адамның көзін жеткізудің маңызды бір бөлігі. Әдетте, жақсы сөйлейтіндерге қарағанда, жақсы тыңдай білетіндер қызметте тез жоғарылайды.

 
Тиімді тыңдай білудің тәсілдері:

 
*Тыңдаушының көзіне тіке қарап  отырыңыз. Сіз мұнымен оны ынта  қойып тыңдағаныңызды білдіресіз. 
*Сөйлеушіге өзіңіздің тыңдап отырғаныңызды «иә», «түсінемін» деген сөздер немесе басыңызды изеп, қоштау арқылы сездірте аласыз.

 
*Сөйлеушіге шынымен де тыңдап  қана емес, түсініп отырғаныңызды да білдіріңіз. Егер бір нәрсеге түсінбей қалсаңыз, сұрақ қойыңыз.

 
*Сіздің отырысыңыз, қимыл-қозғалысыңыз тыңдап отырғаныңызды білдірсін, сөйлеуші ынталы, тірі адаммен сөйлесіп отырғанын түсінуі тиіс.

 
*Сізге айтылған әңгіменің мәнін  түсіне біліңіз. Бұл оңай емес, өйткені сіздің ойыңыз бір айтылғанды терең ойлап, соны қуып кетсе, келесі айтылғандардан хабарсыз қалуыңыз мүмкін. Ойдың адасуына жол бермеңіз. 
*Байқағыштық - жақсы қасиет. Сөйлеушінің бет құбылысының сипаттарын: сізге қалай қарағанын, қалай отырғанын немесе тұрғанын, әңгіме кезінде өзін қалай ұстағанын бақылаңыз.

 
*Сөйте отырып, өзіңіздің сезіміңізді  де дәл беріңіз: бұл  жағдайды айқындап, әңгімедегі кедергілерді жояды.

 
Қызметтік қарым-қатынастар

 
Жаңа қызметкерді ұжымға бастық таныстырады. Бұрынғы қызметкерлер жаңа адамның ортаға өз адамдарындай сіңісіп кетуін іске асырып, бірнеше күн өткеннен кейін жаңа адам өзін осы ортаның байырғы мүшесіндей қолайлы сезінуі керек. Ұжымдағы кейбір адамдардың күрделі қарым-қатынастарын, өзара реніштерін жаңа келген адамға білдіртпегені жөн. 
Көпшілік алдында қалай сөйлеу керек?

Қызметкерлер немесе басшы жұмыс барысында көпшілік алдына шығып сөйлеуге мәжбүр болады. Мұндай кезде сөйлеуге байсалды дайындықпен кірісіңіз. Сіздің әрбір сөзіңіз аудитория үшін де, сіз үшін де маңызды болуы тиіс. Келеңсіздік болмас үшін рет-ретімен не болатынын нақтылап жазып алыңыз.

Сіз кездесуіңіздің қандай болатынын да алдын ала білуіңіз қажет: жиналыс па, қабылдау ма, әлде ресми емес қабылдау ма, сахнада сөйлейсіз бе, кафедрада ма, әлде топ ортасына шығу керек пе? Бұларды да алдын ала білгеніңіз дұрыс. Мұндай мәліметтер сіздің қандай жағдайға не лайықтап киетініңізді таңдауға мүміндік береді.

Лидерге қажетті 21 қасиет (5-бөлім)

Адамдардың көшбасшының артынан ілесуіне не себеп болады? Неліктен адамдар кей көшбасшылардың үндеуіне үн қатпай, ал басқалардың ізінен қалмайды? Теорияшыл көшбасшылар мен тиімді түрде артынан ілескен адамдары бар іскер көшбасшылардың айырмашылығы неде? Себебі нақты адамның жекелеген және ерекше қасиетінде. 

Он үшінші қасиет. Позитивті ұстаным: егер істей аламын деп сенсеңіз, істей аласыз 

Табысты адам – өзіне лақтырған кірпіштерден мықты іргетас қалай алатын адам 

                                      Дэвид Бринкли, тележурналист 

 

Егер тиімді көшбасшы болам десеңіздер, сізге позитивті ұстаным қажет. Позитивті орныққан адам болу үшін не істеу керектігін қарастырайық: 

 

Сіздің ұстанымыңыз – сіздің таңдауыңыз. Орта адам, басқа адамнан ерлік жасауға жігерлендіруді күтеді. Өткен өміріңізде не болғанына қарамастан, сіздің өмірлік ұстанымыңыз – сіздің бүгінгі таңдауыңыз. Психолог Виктор Франклин мынаған сенеді:«Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды  таңдай білу, адамдық ерікке негізделеді».

Сіздің өмірлік ұстанымдарыңызды сіздің іс-әрекетіңіз анықтайды. Жанұялық өмір жөніндегі эксперт, кеңес беруші Деннис Уайтли: «Жеңімпаздың басымдығы туа біткен қабілетінде, интелектуалды коэффициентінде, дарында емес. Ол жағдайда емес, ұстанымда жатыр. Ұстаным – жетістіктің белгісі». Қалай қимылдау керектігін ұстаным анықтайды, сондықтан ол бірінші орынға ие.

Сіздің адамдарыңыз – сіздің ұстанымдарыңыздың айнасы. Томас Эдисон өмір бойы позитивті ұстанымын және ынтасын өзінің бойына ғана сіңіріп емес, басқа адамдардың да бойына дарыта білген. Бір кездері ол: «Егер біз баларымызға қалдыра алатын жалғыз мұра, ынтагерлік болса, онда одан артық бағалы нәрсе болмас еді», – деген.

Жақсы ұстанымды қалпына келтіргеннен гөрі, қолдап отырған дұрыс. Егер позитивті ұстаным иесі болсаңыз, оны сақтап отыруға тырысыңыз. Басқа жағынан, қиын кездерді басынан кешірсеңіздер, өзіңізден, басқаларда көңіліңіз қалып, күйзеліске түспеңіз. Себебі ұстанымды тек сіз таңдайсыз, тек сіз барлығына өзгеріс енгізе аласыз.

Ағылшындық хирург-кардиолог Мартин Ллойд-Джонс айтқан болатын: «Бақытсыздықтың бәрі өз-өздеріңмен сөйлесудің орнына, тыңдағандықтарыңда». Ал сіздер қандай ішкі дауыстарды естисіздер? Әр түрлі адамдармен жұмыс істегенде олар мені ыңғайсыз жағдайға қалдырады деп ойлайсыздар ма? Жаңа істі бастар кезде бұл жұмысым сәтсіз болар ма екен деген ойлар мазалай ма? Егер ішкі дүниеңіз  әр кез жаман ойлармен мазалай берсе, онда ойша жігерлендіретін сөздер айтып, ынтаңызды оятумен шұғылданыңыз.

Он төртінші қасиет. Мәселені шешу: сіздің проблемаңыз, проблема болып қала бермеуі  керек.

Көшбасшының калибрін ол қолға алатын проблемалары арқылы өлшеуге болады. Көшбасшы әрқашан өзіне сай проблемаларды алады. 

                                                               Джон Максвелл

Көшбасшы қай салада жұмыс істемесін, проблемадан кұтыла алмайды. Оның үш себебі бар. Бірінші, өспелі күрделілік мен алуан түрлілік. Екінші, біз әр түрлі адамдармен қарым-қатынаста боламыз. Үшінші, бізге қатысты  барлық жағдайлармен күресе алмаймыз. Мәселені жақсы шешетін көшбасшылар мына 5 қасиетке ие болу керек: 

Пролеманы көре білу. Проблемадан құтыла алмайтындығын білетін жақсы көшбасшы, оны күтіп және көре біледі. Алдағы жолымыз тегіс болады деушілер, ылғи да сәтсіздікпен қауышып отырады. Егер сіздің позитивті ұстанымыңыз жақсы болып және қиын жағдайға әр кез дайын бола алсаңыз, жолыңыздағы барлық тұрған барлық мәселені толықтай шеше аласыз. 

Шындықты қабылдай алу. Адамдар проблеманы әр түрлі қабылдайды: біреуі одан бас тартады; біреуі оны қабылдап, шешімін іздеуге кіріседі; үшіншісі оны қабылдап қана қоймай, оны жақсы жаққа өзгерте бастайды. Тиімді көшбасшы проблеманы қарсы алуға әрқашан дайын.

Толық суретін көре алады. Көшбасшылар проблеманың толық суретін көре біледі. Эмоция оларды орап, састыра алмайды.

Олар ретімен істейді. Ричард Слома мына кеңесті береді: «Ешқашан проблемалардын барлығына кіріспеңіздер, оларды тізіп, ретімен шешіңіздер». Егер алдарыңызда проблемалар көптеп тұрса, онда алдыңғысын шешкендігіңізге куә болыңыз.

Құлау шегінде тұрса да, басты мақсаттан шегінбейді. Көшбасшылар басты шешімді қиын жағдайда емес, шарықтау кезінде қабылдайды.

Әр проблема өзіңізді жақсырақ танып-білу жолы. Ол сіз қалай ойлайтыныңызды, қандай материалдан жасалғаныңызды ашып береді. Сіз проблемамен бетпе-бет қалғанда не істейсіз? Оны ескермей, ол өздігінен жоғалып кететіндей бол ма? Сіз қолға алып, кейіннен тайсалған кездер болды ма? Әлде барлық проблемаларды толық сенімділікпен шешесіз бе?Проблемаларды тиімді шешу, оған қарсы шығып, күресе алғаннан жиналған тәжірибе. Әр кез оны шешу арқылы белгілі бір істе өркендей аласыз. Бірақ сіз ешқашан проблемаларды шешпеген болсаңыз, сәтсіздіктен шыға алмасаңыз, онда тиімді көшбасшы бола алмайсыз.

Сіздің армандарыңыздың орындалуына  басқалары ешбір кедергі жасауына мүмкіндік бермеңіздер!!!

Он бесінші қасиет. Өзара қатынас: егер сіз адамдармен тату болсаңыз, олар да сізбен тату болады

Жетістіктің жеке алынған, ең маңызды қосылыстарының бірі – адамдармен байланыс орната білу. 

                                                     Теодор Рузвельт  

 

Адамдармен жұмыс істеп, олармен өзара қарым-қатынаста бола білу, тиімді көшбасшының қасиеті болып табылады. Көшбасшы атанған тұлғаға адамдармен өзара қатынасты қатайтып, оны әдетке айналдыру үшін не істеу керек?

Көшбасшының басына ие болу керек – адамдарды түсіне білу. Көшбасшының өзара қатынас кезіндегі бірінші қасиеті – қоршаған ортадағы адамдардың не ойлап, не сезетінін түсіне білу. Маркетинг жөніндегі сарапшы Род Ничолс айтады: «Егер сіз әрбір клиентпен бір-ақ түрлі жолмен жұмыс істесеңіз, онда контактілеріңіздің барлық санының 25-30 % ғана шартқа келісім береді, себебі бір типті адамдары ғана қамтисыз, ал төрт типті адамдармен қалай жұмыс істеу керектігін үйренсеңіз, нәтижесі 100% болады». Артыңыздан ерген жеке адамға бейімделе біліңіз, бұл нағыз көшбасшылық қасиет.

Көшбасшының жүрегіне ие болу – адамдарды жақсы көру. Компьютерлік қызметті ұсынумен айналысатын Difinitive Computer Services фирмасының президенті және бас директоры Генри Груленд атады: «Көшбасшы болу – жетекшілік етуге қарағанда маңыздырақ. Көшбасшылар басқаларға жанашырлықпен қарап, олардың жаман жағын емес, жақсы жағын дәл таба алады. Бұның бәрі басқалардың қамын ойлай алатындығы үшін»

Көшбасшының қолын ұсына білу – көмектесе алу. Артынан ерушілер көшбасшының олардың қызығушылығын ескеретіндерін сыйлайды. Егер сіздер не аламын емес, не бере аламын деген қағидамен жүрсеңіз, адамдар сіздерді сыйлай бастайды, оның арты мықты өзара қатынас орнатады.

Сіздер байланысқа бейімделгіштік пен адамдармен өзара қатынастарыңызды қалай бағалайсыздар? Таныс емес компанияда өздеріңізді қалай сезінесіздер? Әр түрлі психологоялық типтегі адамдармен қандай қарым-қатынастасыз? Кез-келген адаммен тіл табыса аласыз ба? Жақсы қарым-қатынасты ұзақ уақыт сақтай аласыз ба? Егер сіз адамдармен тез, әрі берік қатынас орната алмасаңыз, бұл үшін өте қиналатын боласыз. 

 

Адам өміріндегі ең маңызды рөл ойнайтын өзара қатынасты бағалай біл!!!


1. Мақсат қоя  білу. Сізде арман болуы шарт, біршама уақыттан кейін кім болатыныңызды анықтап беретін мақсат.

2. Көптеген ұсақ  ой-идеялардың болуы. Үлкен идеяларды ойлаймын деп уақыт жұмсамаңыз. Жаңашыл басшылар кішкентай идеялар арқылы жұмыс жасайды, ал тұтынушылар оны дамыта берсін.

3. Ракурстарды өзгерту  шеберлігінің болуы. Стив Джобс қарапайым мүмкіндіктерсіз-ақ жаңа тауар ұсына алды: ол өз өнімінің барлық артық заттарын алып тастап, құнын өсіре салды. Жаңашыл басшылар күрделі мәселелерді мүмкіндікке айналдыра біледі.

4. Қарапайым заттармен-ақ  таңдандыру. Стив Джобс Apple тауарын көп уақыт бойы даналап сатпады. Дүкен ашып, қарапайым затпен-ақ таңғалдырды. Ал қазір оның дүкені әлемнің ең көп пайда табатын орнына айналды.

5. Мінсіз зат  құрастыру. Біз болашақ туралы айтып отырмыз, қазіргі брендтерден бөлек. Брендтер тез өзгеріп кетеді. Өзгермейтін дүние жасау емес, оны көріп тұрып, теріс айналып кетпейтін зат жасау керек. Оған жету үшін бірқатар аспектіні ойлап алу қажет:

а) Құпия, сыр. Адамдар белгілі бір зат туралы қаншалықты көп білсе, соншалықты қызығушылығы тез тарап кетеді. Оларды ақпараттан гөрі тарихы қаттырақ қызықтырады. Сіздің жұмысыңыз ертегішінің жұмысындай болуы шарт. Ертегі айтушылар ғана болашақта көп пайда таба алмақ.

ә) Сезімталдық. Біз әлемді бес түрлі сезіміміз арқылы бір уақытта танимыз. Көпшілік бренд тек екеуімен-ақ пайда табады. Осы бес түрлі сезім арқылы танитындай жол қарастырыңыз.

б) Жақындықты сезіну. Қаншалықты сырлы болсақ та, тұтынушыларымызбен бір деңгейде жүруіміз керек, тең болуымыз керек. Біз ендігіде тұтынушыларымызға тұжырым айтпаймыз, тек көмектесіп, кеңес береміз.

6. Өзгелерді шабыттандыру. Жаңашыл бастықтар жауапкершілікті сезінетін, оқуға ұмтылатын, шын қуанышты сезінетін әрі мойындалған қоғамды тудыруы керек. Дәл осындай қоғамда жаңа идеялар тумақ.

7. Ойдағыны іске  асыру. Айлап-жылдап ойша жоспарлау мен әңгіме-дау құрудың орнына жаңашыл басшылар нақты іске көшеді. Біздің агенттікте жылдық жоспарлар жоқ. Біз жоспарды тек 100 күнге қоямыз, сосын әрекетке көшеміз. Қателікті мойындап, оларды тез арада түзеп үйренуіміз керек.

 


Информация о работе Басшы қандай болу керек