Би терапиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 20:56, реферат

Описание работы

Би терапиясы өзінің даму тарихын шығармашылық биден алады.Ерте заманда би сөзбен айтып түсіндіре алмайтын кейбір ойлар мен сезімдерді жеткізу құралы болған.Спонтандық әрекеттер мен дене қимылы адам тілі шықпай тұрған кезде қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етті.Бидің көмегімен ауру адамдарды емдеуге тырысты.Биге еліктеушілер өздерін орманның қаһарлы жыртқыштарымен немесе мыстанмен, әруақтармен теңестірді. Кез-келген мәдениеттің өздерінің халық билері болады.Оларды бір жағынан – күнделікті мәселелерден босау,екіншіден - қарапайым халықтың мінез-құлқықтары мен салт-дәстүрлерін көрсетеді деп қарастыруға болады.
Батыс мәдениетінде би қарым-қатынас пен өзін өзі көрсету құралынан өнердің бір түріне айналды және ол көпшілікті үйрету мен көңілдерін көтеру үшін қолданылды.

Файлы: 1 файл

би терапиясы.docx

— 40.12 Кб (Скачать файл)

 

   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

 

   Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Өзіндік жұмыс

Тақырыбы:  “ Би терапиясы”

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                       Орындаған: Избасқанова Қ.Т.

                                                                       Педагогика және өнер факультеті.

                                      Психология мамандығы  П -217 топ, 2 курс студенті.

                                                                       Тексерген:доцент Қаженбаева.А.Е.

 

 

 

 

 

 

 

                                        Атырау - 2013 жыл

 

 

Би терапиясы.

 

 

Би терапиясы өзінің даму тарихын шығармашылық биден алады.Ерте заманда би сөзбен айтып түсіндіре алмайтын кейбір ойлар мен сезімдерді жеткізу құралы болған.Спонтандық әрекеттер мен дене қимылы адам тілі шықпай тұрған кезде қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етті.Бидің көмегімен ауру адамдарды емдеуге тырысты.Биге еліктеушілер өздерін орманның қаһарлы жыртқыштарымен немесе мыстанмен, әруақтармен теңестірді. Кез-келген мәдениеттің өздерінің халық билері болады.Оларды бір жағынан – күнделікті мәселелерден босау,екіншіден - қарапайым халықтың мінез-құлқықтары мен салт-дәстүрлерін көрсетеді деп қарастыруға болады. 
Батыс мәдениетінде би қарым-қатынас пен өзін өзі көрсету құралынан өнердің бір түріне айналды және ол көпшілікті үйрету мен көңілдерін көтеру үшін қолданылды.  
XXІ ғасырда би формализациясы классикалық балетте өз шыңына жетті.Солтүстік Америкада биге жаңа өмір берген қызу қанды Айседора Дункан болды.Ол би өнерінің негізін салушы болып есептеледі.Айседора үшін би адамның табиғи реакцияларының көрініс беру құралы. 
Би психотерапиясында стилистикалық стандарт жоқ,оған бидің барлық формалары жатады.Олар халық билері,сонымен қатар вальс,рок-н-ролл.Бұлардың кез-келгені сезімдерді білдіруге қызмет етеді. 
Би терапиясының даму тарихында төрт оқиғаны көрсетуге болады.Біріншісі, Екінші дүниежүзілік соғыс аймағынан оралған ардагерлердің дене және психикалық айығу қажеттілігімен байланысты.Би терапиясы госпитальда жатқан мүгедектерді емдеудің көмекші әдісі болды. 
Би терапиясының дамуының ерте кезеңдерінде Вашингтондағы Әулие Елизавета госпиталі маңызды рөл атқарды.Осы госпитальда жаңашыл еңбегі үшін Мэриен Чейс би терапиясының «бірінші ледиі» атағын алды.Әрі биші, әрі би мұғалімі Мэриен Чейс сабақ үстінде өзінің зейінін тек оқушыларына ғана аударды және олардың әрқайсысы сабақтан кейін алған жеңілдеулері мен жан үйлесімділіктері туралы хабарлап отырады.Бұл жергілікті психиатрлардың қызығушылығын тудырды. 
Би терапиясына қызығушылық тудырған екінші оқиға 50-ші жылдары ашылған транквилизатормен байланысты болды.Мұндай дәрілердің қолайлылығы психиатырлық емхананың жабық бөлмелерінде жатқан көптеген емделушілерді ашық бөлмеге ауыстыруға,тіпті оларды босатып,оларға жаңа бағдарламалар қолдануға мүмкіндік тудырады. 
Үшінші фактор 60-шы жылдарда пайда болған адам қарым-қатынас тренингі,яғни ол психологиялық түзету тобы мен оған қатысушыларды тұлғалық дамыту жұмыстарына қолданылатын жаңа эксперементалды әдістерді өңдеуге себеп болды. Би терапиясының жаңа бағдарламаларына деген қызығушылықты сөзсіз, қарым-қатынас зерттеулері жандандырды.Бұл бағыттың соңғы жетістіктерінің бірі, ол мидың оң жақ жарты қызметін дамыту жолымен интуитивті түрде ойлануға оқыту болды. 
Би терапиясының дамуына психоаналитикалық теория да еңбегін сіңірді.Вильгельм Райх - 1942, Карл Юнг-1961 және аз да болса, Гарри Стек Салливан-1953 би терапиясының дамуына өздерінің ерекше әсерлерін тигізді. Би терапиясының дамуында Райхтың тұлғаның эмоционалды дамуындағы дененің рөліне  деген қызығушылығы маңызды рөл атқарады.  
Қазіргі таңда би терапиясы топтарында күш негізінен бұлшық ет қысымын төмендетуге және қимылды дамытуға бағытталған. Би терапиясы мазасыз адамдарды қоғам өміріне қосу мақсатымен қолданылса, онда Салливан ұсынған теория, яғни әлеуметтану мен қарым-қатынастары теориясы қолданылады. 
Қазіргі таңда Университеттерде би терапиясын ауруханада, емханада, оңалту орталықтарында, жабық мекемелерде (түрмелерде), пансионаттар мен басқа да қимыл әрекеттерді қажет ететін мекемелерде жүргізу үшін бакалавр және жоғары дәрежелі мамандар дайындалуда.  
Би терапиясы топта кем дегенде бес міндетті шеше алады. Біріншісінде,топ мүшелері өз денелерін танып,оны пайдалану мүмкіндіктерін терең сезінеді. Адамның физикалық және эмоциялық жағдайы жақсарады.Бірінші сабақтың басында би терапиясының тобында басқарушы қатысушыларды бақылайды. Мықты жақтарын бағалайды,осыдан кейін түзету керек және қандай әрекеттер қажет екенін анықтайды.  
Біздің көпшілігімізге тек бұлшық еттерімізді қатайту үшін ғана көмек керек. Ал психикалық бұзылуы бар және аутизммен ауыратын балаларға бұдан да белсенді көмек керек. Мысалы, жүруге, жүгіруге, иілуге,секіруге қажет дағдыларды игеру үшін. 
Би терапиясының екінші міндеті,дененің жағымды бейнесін жасай отырып,топ мүшелерінің өздерінің адамгершілік сезімдерін күшейту. 
Бұзылулары бар аурулар өзіндік дене мен қоршаған орта нысандарының арасындағы айырмашылықтарды айыра алмай қиналады.Мұндай топтарда би терапиясы өзінің алдында дененің адекватты бейнесін құру мақсатын қояды. 
Үшіншіден би терапиясы әлеуметтік дағдыларды дамыту үшін қолданылады.Психологиялық мәселелері бар адамдардан тұратын топқа қарым-қатынастың қарапайым дағдыларын оқыту қажет болуы мүмкін. 
Өзінің эмоцияларын көрсете алмаушылық көбінесе психотикалық емделушілерде анық көрінеді. Сау адамдардан тұратын топтарда би терапиясы шығармашылық өзара әрекетке жағдай жасайды,сөздік қарым-қатынаста туындаған қиындықтарды жеңуге көмек береді. 
Би терапиясының төртінші міндеті –топ мүшелерінің сезімдері мен қимылдарының арасында байланыс орната отырып,өздерінің сезімдерімен байланысқа түсулеріне көмек беру. Шығармашылық қатынаста би психикалық күйзелістердің бастауы болатын жасырын конфликтілерді зерттеуге ие болады. Би қимылдары тек экспрессивті болып қана қоймай, сонымен қатар физикалық күйзелістерді түсіреді. 
Би терапиясының бесінші міндеті «логикалық дөңгелек» тудыру ретінде бейнеленеді. Би терапиясының топтарындағы сабақтар қатысушылардың бірлескен жұмыстарын жобалайды. Бұлардың барлығы толығымен қатысушылармен топтық тәжірибелерінің жетілуіне мүмкіндік жасайды. Барлық компоненттер жабық,тұрақты комплекс – «логикалық дөңгелекті құрайды»
Би терапиясының негізі концепциялары бір жағынан дене,анығырақ айтқанда,әрекет пен екінші жағынан - ақыл арасындағы тығыз байланысты бейнелейді.Би терапиясының маңызы мынада,біздің әрекет мәнеріміз жекелік ерекшеліктерімізді бейнелейді. Біздің бала кезіміздегі байланыстарымыз,алғаш қадам жасаған кездегі еркіндігіміз,достарымыздың әсері,атқарған жұмыстарымыз,басымыздан өткен стресс-осылардың барлығы біздің әрекет ету мәнерімізде із қалдырады. 
Би терапиясы еркіндікке және әрекеттің мәнерлілігіне талпындырады,күшті физикалық,сонымен қатар психикалық деңгейде күшейтеді.Онда дене мен ақыл біртұтас бүтіндік ретінде қаралады. Би терапиясының мақсатын келесідей ұйымдастыруға болады: «Кез-келген эмоционалды ығысуда біздің рухани,сонымен қатар физикалық жағдайларымыз өзгереді және сәйкесінше , біздің әрекетіміздің сипаты да өзгереді». 
Би терапиясының топтарында терапевт топ мүшелері үшін би билеуде әріптес бола отырып, сонымен қатар басқарушы да болады және қатысушылардың әрекет арқылы дамуына көмек береді.Терапевтің басты қызметі – қатысушылар бір-бірімен байланысқа түсу үшін,өздерін танып,қоршаған ортамен қарым-қатынастарын түсіну үшін,жайлы және қауіпсіз жағдай жасау.  
Топты басқарушы қатысушылардың вербалды емес қатынастарына зейін аударуы керек және осы қатынастарды терапевтік мағынада тиімді қылу үшін эмпатия таныта білуі керек. Би терапиясында эмпатия тек вербалды түрде ғана емес,сонымен қатар физикалық деңгейде де көрінеді.Эмпатияны би әріптесінің қимылын қайталай отырып көрсетуге болады.Бұл терапевтік үрдісті Мэриен Чейс былай суреттейді: 
Терапевт пациентпен билей жүріп былай дейді: «Мен сіздің сезімдеріңізбен бөлісемін.Маған да өшпенділік, мұңаю, жалғыздық сияқты сезімдер таныс,мен сізді өзгелерден оқшауландыратын мұндай  жағдайларды түсінемін.  
Бұларды мен де сезіне аламын және бұлардың барлығы менде сізге деген теріс түсінікті тудырмайды. Сізбен билей отырып,мен сізді қабыл аламын және аз уақыт болса да біз бір-бірімізді түсіндік». Терапевт пациенттің спонтандық әрекеттерін бейнелейді және оларды дамытады. 
 
Әрекетті  талдау 
 
Би терапиясында психотерапевтік ықпалдың басты құралына әрекет жатады.Әрекеттің анализі мен диагностикасын бейнелеуде архитектор және биші Рудольф Лабан құрастырған жүйе кең қолданылады.Ол «күш жүйесі» немесе «күш формасы» ретінде белгілі.Ол әрекеттердің динамикалық және кеңістіктік аспектілерін бейнелеуге,сонымен қатар емделушілердің қажеттіліктерін анықтауға арналған арнайы символдарды қолдануға негізделген.  
Лабан бойынша, «күш жүйесінде» әрекет динамикасы төрт көрсеткіш бойынша бейнеленеді: кеңістіктік,күш,уақыт және қуат.Әрбір көрсеткіштің екі полюсі бар:кеңістік – тура және көпфокусты болуы мүмкін;күш – қуаты және шектеулі болуы мүмкін.Әрбір әрекетті осы өлшемдердің кез-келгендерімен сипаттауға болады. 
Ал олардың комбинациясы әрекеттерді дамытуда қолданытатын сегіз базалық күшті құрайды. Мысалы, қысымның күші баяу, мықты және тура болуы мүмкін.Би тобындағы әрекеттерді Лабан жүйесіне сүйене отырып талдау қатысушылардың әрекет репертуарларын зерттеу мен кеңейтуді терапевтке үлкен көмек болады. 
 
 

Психодинамикалық бағыттар 
 
Би терапиясының топтарымен жұмыс істейтін терапевтердің көпшілігі әрекетті психоаналитикалық тұрғысын қарастырады.Әрекеттерді дамытуға жұмсалған күштер әрекеттің астарында жатқан эмоцияны түсінуге мүмкіндік береді. 
Джерри Селкин «оның денесі» аты әдістің негізін салған.Бұл күшті психоанализбен бірлікте талдау жүйесіне мысал бола алады.Төрт көрсеткіш белгілі бір мақсатқа жетудің спецификалық әрекеттерін бейнелеу үшін қолданылады. 
«Оның денесі» әдісін қолданушы терапевт қозғалыс паттерні эмоциямен қалай байланысатындығын білуі керек.Мысалы,эмоциялық бұзылулары бар адам көбінесе табиғи емес дене қалпын ұстайды. Мазасыз субъект жүйкелік байланысты қолын қытырлатып, дірілдеу мүмкін.  
Топ басшысы олармен байланыс орнатып,біріншіден оның қимылдарын қайталап,содан кейін өз қимылы арқылы пациент қимылын өзгеріске әкелуі керек. Сэлкиннің әдістемесі барлық жастағы балаларға,оның ішінде ақыл-ойында кемістігі бар емделушілерге,эмоциялық бұзылулары бар емделушілерге,сонымен қатар «дені сау» ересек адамдарға және кәсіби бишілерге қолданылады.Әрбір топтың қызметтері әр  түрлі  болғандықтан  Сэлкин клиенттерді жасы билеу икемділігіне байланысты топтастырды.Би - қозғалыс терапиясының келесі психодинамикалық тәсілін Бернштейн ұсынады. 
Ол психотерапияны дамудың аяқталмаған үрдістерін түзетудің құралы ретінде қарастырады. Топтың басшысы хореограф және көмекші қызметін атқарып,дағдарыстық жағдаяттардың дамуын тежейді. 
Бұл үрдіс барысында қатысушылар топ жағынан қолдаусыз әрекет етуге және тұлғаарлық қатынаста пайда болған мәселелермен күресу икемділігіне ие болады.Сабақты бірінші баяу әуеннің сосын секіріп,итеруге дейін апаратын әуендерден бастауға болады.Топ мүшелері өзара әрекетке түсіп және бір-бірімен қимылдай бастауы олардың жасырын сезімдерін тудырады. 
Ритуалдық үрдістердің символизмі әсіресе Альберт Пессо жүйесінде айқындала түсті.Ол психомоторлық тренинг деп аталады.Психомоторлық тренингтерде зейін би техникасына емес,қимыл арқылы аффективті сезімдерді шығара білуге бөлінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бейнелеу»   би терапиясы. 
 
Мақсаты: бейнелеу өзіндік денені сезінуге,әрекет репертуарын кеңейтіп, тұлғааралық қатынаста эмпатияны тереңдетуге мүмкіндік беретін жаттығу болып табылады. Ол бағынушы және басқарушы тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. 
Тиісті уақыт:15минут.  
Материал: талап  етілмейді. 
Барысы: топ жұпқа бөлінеді. Әрбір жұпта біреуі басқарушы, біреуі бағынышты рөлін ойнайды. Әрбір жұпта қатысушылар қарама-қарсы тұрып, көз байланысын орнатады. Басқарушы баяу, қолымен, аяғымен, басымен, кеудесімен сәнді қимылдар жасай бастайды.  
Бұл жерде оған өзінің денесін, эмоциясын сезініп,өзінің денесіне сенуі керек. Жаттығу кезінде өзінің серіктесімен көздік байланысты сақтап,оның қимылдарын сезінуі керек.Бағынушы айна сияқты бірге,бір мезгілде әрекеттерін жасап, оның барлық қимылдарын қайталайды.  
Мысалы:егер басқарушы оң қолын созса,бағынушы сол қолын созады. Бағынушы басқарушының қайда және қалай қимылдайтынын бақылап отырады. Осы сәтте еш нәрсе туралы ойланбағаныңыз жөн.  
Денеңіз өзі қимылдасын,ал сана өзгенің қимылын қайталау тәжірибесін басынан өткізсін.5мин. кейін бағынушы мен басқарушы рөлдерін ауыстырады. Тағы 5 мин. Кейін олар өздерінің алған  әсерлерімен    бөліседі.

 

«Басқарушының соңынан ер» би терапиясы. 
 
Мақсаты: осы жаттығудың арқасында кішігірім топтағы қатысушылар басқарушы және бағынышты  болуға мүмкіндік алады. 
Қажетті уақыт:30 мин. 
Материалдар: талап  етпейді. 
Барысы: Үлкен топ 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлінеді.Әрбір топ бір сызық болып тұрады. Кез-келген қатардың бірінші адамы жетекші рөлін атқарады. 
Жетекші өзінің қиялына байланысты кеңістікте кез-келген жолмен жүре береді,сонымен қатар әр түрлі қимылдар жасайды.Қалғандары оның соңынан еріп отырып,оның қимылдарын қайталайды. 
Бірнеше минуттан кейін жетекші ең соңына барып тұрады да, келесі адам жетекші рөлін атқарады.Бұл жаттығуды қатысушылардың барлығы жетекші рөлін атқарып болғанша қайталана береді. Жаттығу ерекше және көңілді болуы мүмкін.

 

               

Балалардың психоэмоцианалды күйін реттеуде ертегі терапиясын қолданудың маңызы. 

 

Ертегі терапиясы – ертегімен  жұмыс істеу баланы емдеу мен  көмек беруге тікелей бағытталған. Ертегі терапевті балаға өмірлік  қиыншылықтары мен проблемаларына шешім тауып, ертегімен жұмыс  істей алатындай (оқи отырып, ойдан  шығарып, ойнап көрсетіп, жалғастырып) жағдай жасайды. Сонымен қатар, топпен де жеке де жұмыс жасау түрі болуы  мүмкін.

Қазіргі кезеңде ертегі терапиясы  тек қана балаларға ғана емес ересектерге  де кеңінен қолданылуда. Ертегі терапиясының дамуына, эмоциясын реттеуде маңызды  екендігін В.И.Лубовский, Н.М.Назарова,  В.В.Егорычев,  В.Г.Петрова, М.Н.Перова, Е.А.Стребелевой, Е.Васина, А.Барыбина, Т.Д.Зинченков, қазақстандық ғалымдар С.М.Жақыпов, Ә.Алдамұратов, Х.Т.Шерьязданова, А.Құдиярова, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде  қарастырған.  

Мектепке түсу бала сезімдерінің жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі  жолы болып табылады. Кіші мектеп жасындағы  балалардың (әсіресе, бірінші, екінші сыныптағылар) аса сезімтал, эмоционалды келеді. Бұл балалар сергек те жайдарлы, ақ көңіл де сенгіш, аңқау да әділ болып келеді. Олар кез келген нәрсенің бәріне таңырқап, қызықтайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады [2]. Мәселен, бірінші сынып  оқушыларының арасынан сабақ үстінде  қатты дауыспен күлетін, не жылап  жіберетін оқушыларды кездестіруге болады. Бұлар жүйкесі қозғыш, өздерін  ұстай алмайтын балалар.

Сыныбы жоғарлап, есейген сайын  бала мұндай қылықтарынан арыла бастайды. Мұғалімнің ерік-жігер тәрбиесін  қосарластыру жүргізуі оқушыларға көп  көмек көрсетеді. Кіші мектеп жасындағы  балалар бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиеті  бар. Мысалы, біреу күлсе, оған қосылып  қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады.

Кіші мектеп жасындағы балалардың эмоциялары мен сезімдерін сыныптарға сәйкес бөліп көрсетуге болады. Бірінші  сынып оқушыларының сезімдері, көбінесе тікелей қажеттеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу - бәрі де олардың қажеттерінің өтелу - өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ кажетінің  өтелу жағын ойластыру керек. Бұл жай оқу процесін балалардың сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру кажеттігін еске салады.

Мектепте баланың жоғары сезімдері  одан әрі дами түседі. Әрине, баланың  жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде жақсы қаланады. Осы кезде балада біреуді жақсы  көруі (көбінесе, ол өзін жақсы көрген адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің айтқанын тыңдағыштығы байқалады. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Мәселен, косманавтарға еліктеп, солардай болсам екен деу-кез келген баланың  арманы.

Үшінші, төртінші сынып оқушыларының сезімдері бірте-бірте күрделене  түседі, олар көңіл күйін бірқалыпты етіп ұстауға үйренеді.

Кіші мектеп жасындағы балаларда  ұялу сезімдері жетіледі. Ұялу-баланы жағымсыз іс-әрекеттен тоқтатып отыратын күшті моральдық сезім. Мұның  элементі мектеп жасына дейінгі балаларда  да жақсы байқалады. Мәселен, екі  жасар балаға бөтен біреу сөз  қатса, ол төмен қарайды не анасының артына тығылады. Әрине, мұны шын мағынасындағы  ұялу деуге болмайды. Бұл- баланың  танымайтын адамға тосырқау, немесе осы  жастағы балаларға тән жасқаншақтықтың  бір көрінісі. Егер осындай жағдайларда  бала тәрбиесіне дұрыс бағыт беріп  отырмаса, оның жаңағы әдеті бірте-бірте  сүйегіне сіңіп, ынжықтық, құр босқа  ұялшақтық, не керісінше, көкіректік, басқаны  сыйлауды білмейтін паңдық қасиеттердің де қалыптасып кетуіне себепші болады.

Баланы орынсыз ұялта беру де кажет емес. Бұл баланың өз күші мен қабілетіне сенімін жоғалтып, онда ұялшақтық пен тұйықтықтың  дамуына жағдай жасайды. Мұғалім  баланың ұялу сезімін асқан сақтықпен  қарауы тиіс. Мәселен, салақтық, епсіздік немесе күйгелектіктен болған жағымсыз істерді әдейі жасаған тәртіпсіздік қылықпен бір дәрежеде қарап, ұялту  қате. Бала өзінің жағымсыз іс-әрекетінің мәні неде екенін, қандай тәртітпі бұзғаның айқын білгенде ғана ұялтудың тәрбиелік  әсері болады. Кейбір мұғалімдер баланың  ағат істерінің шығу төркінін тексермей-ақ оны ұялта бастайды. Сондай-ақ, баланың  өзі түзете алмайтын қатесі үшін де ұялтатындар болады. Мұндай «әдістің» екеуі де дұрыс емес.

Эмоция  және  қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты. Эмоция  басқа  мотивациялық  жағдайлар  секілді  қабылдауға  әсер  етеді.  Нормадағы  субьект  дүниені  дұрыс  қабылдаса, ал қайғырып  немесе  уайымдап  жүрген  адамдарға  басқалардың  берген  бағасына,  белсене  мән  бермеу  тән. Сонымен  қатар, эмоция  танымдық  процестердің  басқада  бөліктеріне  әсерін тигізеді.  Осының  әсерінен  субьектінің  мінез – құлқы  өзгереді.

Кіші мектеп жасындағы балалардың эмоциясын реттеуде ертегі терапиясын қолдану өте маңызды. Себебі, ертегі терапиясы өзiн бейнелеу мен өзiн-өзi тануда кең көлемдi қолайлылықтың  көзi болғандықтан, адамдардың жағымсыз әсерлерден босануға, оң әсерлi эмоциялардың көрiнуiне, тығырықты, ішкі конфликтілі  жағдайларынан шығуға және де белсендi өмiр позициясын құруға жол ашады.

Ертегі терапиясын тәжірибеде қолдану - адамзат дамуындағы тәжірибелік  психологияның әдістерінің бірі. Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, метафора, адамның бейсаналы күйіне тікелей  әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, метафора әсері терең әрі тұрақты  деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып  әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік  ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора тілдері қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың  жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын  оятып, белсендіреді [3]. Ертегі терапиясын сол себепті де адамның рухани жан дүниесіне үйлесімділікте тәрбиелеуге  мүмкіндік береді.  Сондықтан да психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді.

Ертегі терапиясының жетекші  идеяларын бөліп көрсетуге болады:

-      өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік әлеуетін сезіну;

-  оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну;

-  қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу;

- қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету;

- үндестік пен күшті сезіну.

Ертегі терапиясының когнитивті және шығармашылық аспектілері ерекше маңызды. Ертегіге талдау жасау (когнитивті талдау) рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті жағдайларға қатысты  көзқарасты өзгертеді,  байытады. Қиялдың шығармашылық энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, ертегіні драматизациялау (шығармашылық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер өз өмірін конструктивті өзгертуге көмегін тигізеді.

Ертегі терапиясымен әсер ету  ертегінің бес түрінің көмегімен жүзеге асады: көркемдік, дидактикалық, психокоррекциялық, психотерапиялық және медитативті [4]. Әрбір жағдайға, әрбір кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады. Бұл ертегі терапевтерінің оқыту тақырыбы болады. Әртүрлі образдағы ертегілер қатысушыларға әртүрлі бағытта ұсынылады: ертегіні талдау, ертегіні айтып беру, шығарма, қуыршақ дайындау, драматизация, сурет салу, ойындар, медитация және т.б.

Ертегі терапиясының мақсатында психологиялық  тәжірибеде ұлттық және атақты авторлардың (Х.К.Андрсен, К.С.Льюс, Е.Шварц) ертегілерін және психотерапияға арналып арнайы жазылған авторлық ертегілерді қолдануға болады. Ертегінің әрбір түрінің өзіндік жетістігі мен өзіндік кем жақтары бар. Ұлттық ертегілерді қолданудың негізгі жетістіктеріне тоқталып кетер болсақ, оларға мыналарды жатқызуға болады:

Информация о работе Би терапиясы