ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ОРТАЛЫҚ
АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Еңбек психологиясы, дау-дамай
Орындаған: Ағыбай Шолпан
Тексерген: Турниязова Ж.Қ
Алматы
2014 ж.
Мазмұны:
1. Дау-дамай туралы түсінік
және оның объектілері.......................................................................
2. Дау-дамайдың жіктелуі...........................................
3. Дау-дамайды ретке келтіру
принциптері мен себептері.........................................................................
4. Дау-дамайдың динамикасы.....................................
5. Дау – дамай тудырушы тұлғалардың
сипаттары...
6. Наразы типтің жанжалкеш.......................................
7. Даудың дамуына бейімделген
типтік мінез-құлық реакциялары
....................................................................
8. Өндірістік
дауды басқару, дауда өзін-өзі
ұстаудың негізге стильдері........................................................
9. Дауды шешудің
негізгі әдістері................................
1. Дау – дамай - өзінің
шешілуін талап ететін және
оны жеңуге бағытталған белсенділікті
келіп шығаратын адам үшін
маңызды психологиялық мәселе
ретінде қабылданатын қарама
- қайшылық.
Дау – дамай - жақтардың (тараптардың)
өзара әрекет процесінде келіп
шығатын маңызды қайшылықтардың
шешілуінің ең өткір тәсілі.
Дау – дамайдың негізгі функциялары:
- белгілі бір психологиялық
жүйенің (адамның, топтың, ұйымның,
қоғамның), әлеуметтік субъекттің
тіршілік әрекетіндегі проблемалар
мен қайшылықтардың айқындалуы;
- берілген әлеуметтік
субъекттің (психологиялық жүйенің)
қайшылықтары мен оның дамуының
шешу жолдарын анықтау.
Дау – дамайдың басқа функциялары:
- белгі беруші
функция - дау – дамайды қоғамның белгілі бір жағдайының көрсеткіші ретінде сипаттайды;
- ақпаратты функция
- жүйедегі сәтсіздіктің себептерінің
көрінуі және айқындалуы;
- дифференциялаушы
функция - әлеуметтік күштердің
дауындағы әрекетке қатысушыларды
қайта топтау мен қайта бағыттауды
көрсететін әлеуметтік дифференциация
процесі;
- динамикалық
функция - әлеуметтік прогреске мүмкіндік туғызу; мұнда дау жиналған қайшылықтардың дамуының бастапқы нүктесі және оның шешу тәсілдері ретінде қаралады.
Дау – дамайдың объекті үш
түрге бөлінеді:
- бөліктерге бөліне
алмайтын объектілер;
- дау – дамайдың қатысушыларының
арасында түрлі пропорцияларға
бөліне алатын объектілер;
- дау – дамайдың екі
қатысушысы да бірге иелік
ете алатын объектілер - «алдамшы
дау – дамай» жағдайы;
Дау – дамай мынадай белгілермен
сипатталады:
- қайшылықтардың болуы;
- қайшылықты жеңуге
бағытталған белсенділік;
- қайшылықты шешуді
талап ететін маңызды мәселе
ретінде түйсіну.
Дау – дамайдың негізгі элементтері:
- инцидент (ақпаратты)
- өзара әрекеттесуші субъекттердің
ең болмаса біреуіне өз мүддесінің
басқа қатысушылардың мүддесінен
айырмашылығын көрсетуге көмектесетін
жағдаят;
- инцидент (әрекеттік)
- бағыт-бағдар құндылықтары мен
мүдделерінің әр түрлілігі
үшін қарсы тұрушы әрекеттерді
жариялау үшін сылтау;
- дау - дамай
жағдаяты - нақты бір уақыт
кезеңінде даудың дамуы;
- дау - дамайдың
субъекті - индивид немесе индивид
тобы болып табылатындаулы өзара
әрекетке қатысушылар;
- дау - дамайдың
предметі - даулы өзара әрекеттер
тудыратын айырмашылықтары бар,
нақты мүдделер мен бағыт –
бағдар құндылықтары.
Дау – дамайдың жағдаяттарын анықтайтын
шарттар:
- техникалық
шарттар: топтағы лидерлер саны, топтардың ұйымдастырылуы мен бірігуі дәрежесі және т. Б,;
- саяси шарттар: тәуелділік
пен билік қарым-қатынастары
арқылы анықталады;
- әлеуметтік
шарттар: топ ішіндегі коммуникация
жүйесі, өзара түсіністік деңгейі;
- психологиялық
шарттар: дауласушы жақтардың тұлғалық ерекшеліктері.
2. Дау – дамайлар жіктеледі:
- қатысушылар саны бойынша
- жаппай және жұп;
- ұзақтығы бойынша -
қысқа мерзімді және ұзаққа
созылған;
- көлемі бойынша -
кең көлемді қамтитын, дауға
кім қатыса алса, соның бәрі
тартылады (барлық тұрғындар, ұйымның
барлық жұмысшылар), және парциалды,
дауға небәрі бірнеше субъект
ғана қатысады (ұйымның екіжұмысшысының
арасындағы дау);
- даулар мәртебесінің
ара қатынасы бойынша - вертикальді
және горизонтальді;
- танылу сипаты бойынша
- іскерлік (көңіл көбірек кофликт
предметінебөлінеді) және эмоциялық,
бұл жағдайда даудың предметі
қарсы тараптың жазғырулары,
реніштері, шамданушылықтарына
«батады»;
- қарсы әрекет өріс
алатын іс-әрекет немесе қарым –қатынас
сферасы бойынша - өндірістік (іскелік,
қызметтік), тұрмыстық, отбасылық,
саяси, әскери, қылмыстық даулар;
- жеңу үшін қажетті
шарттары боынша - оңай шешілетін
даулардан шешілмейтін дауларға;
- салдарлары бойынша
- асқынулармен және асқынуларсыз.
3. Дау – дамайдың себептерінің
түрлері:
- әлеуметтік психологиялық
себептер: топтағы, ұйымдағы кейбірадамдардың
өзінің тұрмыс жағдайына қанағаттанбаушылығы;
- моральдік – этикалық
себептер: берілген топтар мен
ұйымдардың құндылықтары мен
қоғамдық нормаларын мойындамау;
- ұйымдық сипаттағы
себптер: қол астындағылар
мен басшылардың өзара қарым
– қатынасы мәселелері;ақпаратты
факторлар бойынша даулардың
себептері:
бір объект жайындағы толық
емес дәйектер;
ақпаратты
орынсыз жария ету;
еріксіз (немесе саналы) қате ақпарат;
- құрылымдық факторлар
бойынша даулардың себептері:
билік заңдылығы мәселелерінің
екіұштылығы;
субординация мәселелерінің екіұштылығы;
меншік мәселеріндегі түсініксіздіктер;
- дау – дамай факторларының
құндылықтары:
топтардың мінез – құлық нормаларының
бұзылуы;
кәсіби құндылықтардың бұзылуы;
- қарым – қатынас факторлары:
арадағы бар қарым – қатынасқа
қанағаттанбаушылық;
өзара қарым – қатынастар мақсатының
сәкессіздіктері;
- мінез – құлық факторлары
біреудің мінез – құлқы біреудің
қауіпсіздігіне қатер төндіреді,
біреулер үшін ыңғайсыздық тудырады.
М.Х.Мескон, М.Альберт
және Ф.Хедоурндар өндірістік, ұйымдық
даулардың негізгі себептерін
көрсетеді:
- ұйымдағы ресурстардың
(қаржы) бөлінуі мәселелері:
- мақсаттардағы айырмашылықтар: ұйымның ішінде мамандандыру қанша көп болса, өзара түсініспеушілік те сонша көп болады, демек
әрбір құрылымдық бөлімшелердің
өз мүдделері болады;
- құндылықтарды түсіну
айырмашылықтары;
- өмірлік тәжірибе мен
мінез – құлық мәнеріндегі айырмашылық;
- қызметтес тараптардың
өзара түсініспеушіліктеріне алып
келетін қанағаттанарлықсыз коммуникация.
Дауды реттеу мәнісі
- тоғысқан мүдделерді көру және
қанағаттандыру немесе оларды
ажырату.
Реттеу мақсатындағы
дауды талдау үшін құрылымды
элементтер болып табылады:
- жанжалдасушы тараптар
құрамы және басқа қатысушылар
( жанашырлар, шағыстырушылар, жарастырушылар,
кеңес берушілер, кінәсіз құрбандар
және т.б.);
- келіспеушілік аймағы
- даудың предметі, дәйек немесе
наразылық тудырушы мәселе;
- әр бір қатысушыға
жазбаша түрде жағдай жөнінде
мәлімдеме жасалады;
- мотивтер (саналы, санасыз,
рационалды, иррационалды);
- дауласушы тараптар
әрекеті - бір мезгілде орындалмайтын
мотивтер мен мақсаттардың нәтижесі,
наразылықтардың болуы.
Реттеу процесінің
басталуы үшін бір қатар
принциптер мен шарттарды сабақтау
қажет. Бұларға жатады:
- реттеуге тараптардың
өз еріктерімен қатысу принципі.
Реттеу процесін қосуға немесе
қолдауға мүмкіндік береді;
- құпиялық принципі
- ізгі қатысушылардың (ниеті
түзу) дауды реттеу барсында
және даудың жайылып кетпеуін
қалайтын шарттары ретінде;
- тараптардың белсенділік
принципі - дауласушылардың
шынайы мүдделеріне жетуге және
сындарлы реттеуге қол жеткізуге
мүмкіндік береді;
- делдалдың (медиатордың)
бейтараптық және әділдік принциптері
- реттеуге қол жеткізудің
маңызды шарттары.
Дауды табысты
реттеу ережелері:
- дау жағдайының бар екендігін
мойындау, оппоненттің (қарсы сөйлесеуші)
дәйек және құдылық ретінде
бар екендігін мойындау. Бірақ бұл
олар тарапынан ұсынылған талаптардың
мүлдем әділдігін мойындауды
білдірмейді;
- әр бір тараптардың
қарсылық және келіспеушілік
пен айырмашылық дәйектерін
қабылдау;
- сәйкес келмейтін мүдделердің
мазмұны жайында анық бір
көрініс болуы керек (мүдделердің
екіұшты, араласқан мәні дауды
реттеуге жинақталуға (бір тотамға
келуге) мүмкіндік бермейді);
- белгіленген жалпы
мінез – құлық нормалары мен
ережелерін қабылдауға тараптарды
дайындау. Бұл нормаларды сақтау
келіссөз барысында да, кейінгі
жағдайларда да олардың арасындағы
қарым – қатынасты қолду немесе
сақтауды қамтамасыз етеді.
Конфликтолог даудағы
келіссөз процесіне және делдалдыққа
кіріспес бұрын мыналарды білуі
қажет:
- дауға тікелей кім
қатысады (жеклеген адамдар, ұйымдар)
және кім қандай жақтарды
қолдайды;
- дау - жанжал негізінде
не жатыр, қарсы сөйлеушілерді
не бөліп жатыр, олардың қандай
талаптары бар және қарсы
күрестің себептері қандай;
- дау (оның тарихы) қайсы
кезеңде тұр, реттеуге шара
қолданылды ма, жоқ, әлде
оған әрекет жасалынды ма
(егерде әрекет болған болса,
оның орындалмауының себептері
және қандай жақсы нәтижелер
бар);
- нақты жағдайдағы мүдделер,
мәселелер, ұстанымдар мен ұсыныстар
арасында қандай айырмашылық
бар.
4. Дау – жанжал динамикасында
мынадай дәуірлер мен кезеңдерді
бөліп көрсетуге болады:
- объективті
проблемалық жағдайлардың келіп
шығуы:
өзара әрекет субъектінің объективті
проблемалық жағдайды сезінуі;
бұл жағдайды жанжалсыз тәсілмен
шешуге тараптардың әрекеті;
даудың алдындағы жағдайдың
келіп шығуы;
- инцидент - тараптардың
алғашқы қақтығысы, мәселені
өз пайдасына күшпен шешуге
әрекет;
- даудың ушығуы
(эскалация) - қарсы сөйлеушілердің күресінің бірден қарқындылануы;
- қарсы әрекетті
баланстандыру - тараптар өзара әрекетті жалғастырады, бірақ күрестің қарқыны төмендейді;
- даудың аяқталуы
- даулы қарсы әрекеттен мәселенің шешімін қарастыруға және дауды бітіруге өту.
5. Дау – дамай тудырушы тұлғалардың
сипаттары:
- өзінің психикалық
сипаттары бойынша өз серіктесінен
қатты айырмашылықтары болады;
- қарым – қатынастың психикалық
мәдениетінің, жалпы мәдениеттің
жеткіліксіздігі бойынша;
- сол адамның дау – дамайлық
жағдайының жалпы деңгейі.
Ф.М.Бородкин мен
Н.М.Коряк дауды тудырушы (даукеш,
жанжалкеш) тұлғалардың мынадай
негізгі типтерін көрсетеді:
- наразы типтің жанжалкеш
тұлғасы;
- ригидті типтің жанжалкеш
тұлғасы;
- басқарылмайтын тип;
- өте дәл тип;
- мақсатты тип;
- «конфликтсіз» типтің
даукеш тұлғасы.