Интеллект қағидалары мен факторлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 15:01, реферат

Описание работы

Психикалық қызметтің бірлігін айта отырып, қазіргі психология психиканы «психикалық үрдістердің» жай қосындысы деп қарамай, оларды белгілі бір жағдайға байланысты жекелейді. Бұл жағдай көбінесе интеллектке қатысты. Интеллект (латын тілінде «intellectus» - түсіну, таным деген түсінікті білдіреді) - жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдарда туа берілетін мінез-құлықтың қарапайым түрін айтамыз. Интеллект ұғымы адам ақыл ойының ойлау қабілетінің ерекшелігін, қасиеттерін, сапасын бейнелейді. Іс жүзінде шығармашылық пен қолдану оқиғаларға талдау жасап олардың келешегін болжай білу - адам ойының осындай қасиеттерінің біртұтас ерекше көрінісі оның интеллектісін анықтайды.

Содержание работы

І Кіріспе
Интеллект ұғымына анықтама
ІІ Негізгі бөлім
Интеллект дамуы
Интеллект деңгейін анықтау әдістері
Интеллект зақымдануы
Интеллекті қалпына келтіру
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Интеллект.docx

— 43.02 Кб (Скачать файл)

Соңғы жылдары интеллект  парасаттылық деген қағидалардың тенденциясы  кеңінен көрсетілуде, мазмұны тек  когнетивті сферадағы шекарадан  шығуда Г. Ольвард интеллект терминінің көп реттік қабілеттілік деп анықтауда  бұлардың әр біреуі өмірлік іс-әрекетке белгілі жетістіктер және табыстарға жетуге өте қажет. Интеллектінің  әр компонентінің бағалылығы нақты  қоғамдық ережелермен анықталады, бұларды  мақталатын немесе мақталмайтын келесі интеллектілердің қабілеттілігі дамиды:

• лингвистикалық;

• логико-математикалық;

• кеңістік (психологиялық  бейне негізіндегі кеңістіктен  бағдар алу);

• денелік-кинестетикалық;

• интер (немесе ара) жеке (басқаны  түсіну);

• интера жекелік (өңін түсіну);

 

    Тұлғалық сұрақнамалар. Тұлғалық тесттер. Бұл интеллектуалды компоненттер адамның потенциалды аспектілеріне әсер етеді, бейімделу мен дамуды қамтамасыз етеді.

    Психологиялық  тестілеуде ерекше бағыт тұлға  тестінің әртүрлі текстердің  өңдеумен байланысты. Оның негізін  мінез-құлықтың аффективті немесе  интеллектуалдық емес аффектілерін  өлшеу үшін құрылған тесттер  құрайды.

Тұлға тесті терминінің бірдей түсіндірілуі жоқ, кейбір психологтар  оның кең мағынада қолданады, бұл  түсінікті интеллектуалдық емес сонымен қатар интеллектуалдық  кескіндермен де біріктіріп түсіндіріледі. Көбінде психологиялық тестілеуде бұл термин (тұлға тесті) өзіне  эмоционалдық тұрақтылық (реттеу), тұлғааралық  қатынастардың ерекшеліктері мотивациялар, қызығулар және т.б. сияқты бірнеше  мазмұндарды өлшеу сферасын қамтиды. Тұлға тесттерін пайдаланудың алғашқы  жұмыстарын Э.Крепелиннің клиникалық зерттеулерінен көруге болады. Ол еркін  ассоциация тесттерін пайдаланған  болатын. Бұл тест субъектінің арнайы іріктелген сигналдық сөз-тітіркендіргіштеріне бірінші келген ойды жауап ретінде қайтаруға негізделген әдіс болатын Э.Крепелин шаршау, ашу наркомания сияқты феномендерді зерттеген болатын.

    Тұлғалық тесттер  негізінен 3 топпен ұсынылады:

1) сұрақнамалар (өзіндік  есеп берулер);

2) ситуативтік тесттер; 

3) проективті тестілеу.

   

    Ситуативті тесттер басқаша жұмысты орындауға арналған тесттер деп аталады.Тесттердің көпшілігінде зерттелінушіге кәдімгі өмірге модельдейтін элементтерді іс-әрекет ретінде орындау ұсынылады. Ситуативтік тесттердің негізгі дамуы ХХ ғ. 2-3 онжылдығында олардың стандартизациясы жүргізілуіне байланысты. Ситуативті тесттердің көмегімен көбінде тұлғаның мынандай аспектілері диагностикаланады: алааяқтылыққа, өтірікке, ұрлыққа, қайтпаушылыққа икемдіктерді анықтау. Ситуативтік тесттер II Дүниежүзілік соғыс кезеңінде кеңінен пайдаланылды. Негізінде ситуативтік тесттердің кешендік мазмұны бар, олар көбіне тұлғаның эмоционалдық кескінімен қатар әлеуметтік кескінін де анықтайды. Ситуативтік тесттердің интерпретациясы көбінде субъективті болып табылады, сондықтан да оны массалық зерттеулерде таза зерттеу мақсатынан бөлек қолдану мүмкіндігі мақұлданбайды. Тұлғаны тестілеуде ерекше бағытты негізінен клиникалық тәжірибеде пайда болып қолданылған проективтік техникалар құрайды. Шын мәнінде еркін ассоциациялар принципі проективтік техникаларды пайдаланудың (тестте) алғашқы типтері болып табылады. Интерпретация барысында субъективтілікке тәуелділік өте жоғары барысында болғандықтан бұл техниканы пайдалану күрделі болып табылады.

 

    Р.Амтхауэрдың интеллект құрылымы тесті

    Қазіргі кезде кең тараған әдістердің бірі Амтхауэр тесті. Бұл тестті тәжірибеде қолданудың пайдасы адамның интеллектуалдық мүмкіндіктері мен білім деңгейінің дамуын нақты анықтауға болады. Адамның еңбек ету әрекеттеріндегі басқарушы мен орындаушы арасындағы қарым қатынасты да жақсартуға да мүмкіндік береді.

   

    Тест жүргізудің уақыты:

 

1-субтест – 6 мин; 

2-субтест -6 мин; 

3-субтест -7мин; 

4-субтест -8 мин; 

5-субтест -3мин еске  сақтауға, 6 мин. қайта жаңғыртуға; 

6-субтест -10мин; 

7-субтест -7-мин; 

8-субтест -9 мин; 

9-субтест -10 мин.

    TSI жеке субтестері нәтижесінің интерпретациясы

    

    1-субтест «СТ» (сөйлемді толықтыру): пікірдің тууы, дұрыс ой, нақты практикалыққа акцент жасау, ойдың дербестігі.

    2-субтест «АШ» (артықты шығару): тілді түсіну, индуктивті сөздік ойлау, сөздік мағыналарды дәл беру, вербалды жоспарға қатысты жоғарғы реактивтілікті сезіну.

   3-субтест «Ан» (аналог): комбинациялауға қабілеттілік, ойлаудың тұрақсыздығы және жылдамдығы, қатынастарды түсіну, ойлаудың жағдайлығы, шешімдерге қанағаттанбаушылық.

    4-субтест «Жп» (жалпылау): абстракциялауға деген қабілеттілік, ұғымдарды құру, ақыл-оймен құрушылық, өзінің ойларының мазмұнын сауатты көрсету және рәсімдеу ептідігі.

   5-субтест «Ем» (ес, мнемикалық қабілеттер): еске сақтауға деген жоғарғы қабілеттілік, мағыналы қайта жаңғырту, кедергі және логикалылықта сақтай алу. Зейіннің жақсы шоғырлануы.

6-субтест «АТ» (арифметикалық  тапсырмалар): практикалық ойлау,  қалыптасқан мәселені жылдам  шеше алу қабілеті.

    7-субтест «СҚ» (сандық қатар): теориялық, индуктивті ойлау, есептеуге деген қабілеттілік, белгілі бір темп және ритмге, ретке келтіруге ұмтылу.

    8-субтест «КҚ» (кеңістіктік қиял): геометриялық тапсырмаларды шеше алу ептілігі, кеңістіктік елестердің бай болуы, конструктивті практикалық қабілеттер, көрнекі-әрекеттік ойлау.

   9-субтест «КЖ» (кеңістіктік жалпылау): кеңістіктік бейнелерге сүйне алу, сондай-ақ олардың қатынастарын жалпылау алу ептілігі. Аналитикалық-синтетикалық ойлаудың дамуы, теориялық және практикалық қабілеттің конструктивтілігі.

  

 

 

    TSI нәтижелерін интерпретациялауда субтестерді келесі кешендерге біріктіру қолайлы.

1. Сигнал және символ  ретінде сөздерге сүйенетін жалпы  қабілеттерді ұсынатын вербалды  субтесттер кешені: 1-5 субтесттер. Осы  кешен бойынша жоғарғы нәитижеде  вербалды интеллектіге ие болады, қоғамдық ғылымдарға және шет  тілін үйренуге жалпы бағдар  бар. Тәжрибелік ойлау вербалды  болып табылады.

2. Тәжірибелік математика  және программалау облысындағы  жалпы қабілеттерді ұсынатын  математикалық қабілеттер кешені: 6,7 субтесттер. Екі субтестен де  бірдей жоғарғы нәтижеге ие  болу «математикалық дарындылықты»  көрсетеді. Егер бұл дарындылық  үшінші кешен бойынша да жоғарғы  нәтижемен толықтырылса, сонда мамандықты  дұрыс таңдау жаратылыстану-техникалық  ғылымдармен сәйкес практикалық  іс-әрекетпен байланысты болуы  керек.

3. Теориялық және практикалық  жоспарда конструктивті қабілеттерді  дамытуды ұсынатын конструктивті  субтесттер кешені: 8-9 субтесттер  бойынша жоғарғы нәтижелік тек  жаратылыстану-техникалық ғана емес  жалпы ғылымдық дарындылықты  көрсетеді. 

4. Қабілеттердің тоериялық  және практикалық кешені –  олар: 2-4 және 1-3 осы субтесттер бойынша  нәтижені салыстыру мүмкін кәсіби  дайындықты және оқудағы жетістік  жөнінде резюме айтуға болады.

 

    Интеллект  коэффициенті (IQ)

    Интеллектті бағалайтын арнайы көрсеткіштер мен сан тәсілдердің тағы бірі интеллект коэффициенті деп аталады (ағылшын тілінде Intellectual quotient, қысқаша IQ). Жалпы баға мөлшерін сыналушының жасына бөлу арқылы интеллект коэффициенті шығарылады. Стандарт бойынша қалыпты жағдайда бұл коэффициент 75-100 тең, интеллекті шүбәлі болған жағдайда 70-74, аз мөлшерде кемақыл болғанда 50-70, орташа кемақыл болғанда 25-49, толық кемақыл болған жағдайда 25-тен төмен. Интеллект коэффициенті генетикалық факторлардың ең тәуелдісі ретінде білім беру саласында , коммерциялық іс-әрекеттерде және Батыстың барлық ресми жүйелерінде үлкен роль атқарады. Ол біздің өмірімізге жан-жақты ықпал етеді. Бірақ бұндай көзқарас маңызды шектеулерге тап болады және коммуникация қабілетіне , яғни әлеуметтік интеллектке негізгі зейін аудармайды. 

   

   

 

 

 

 

 

 

                                     2.3 Интеллект зақымдануы

   

Интеллект зақымдануы (патологиясы) интеллект жетіспеген жағдайда болады. Интеллект жетіспеушілік туа біткен, тұқым қуалау салдарынан және баланың миының дамуы кезіндегі теріс әсер еткен әртүрлі факторлардан болуы мүмкін. 

    Кемақылдылық (олигофрения) (умственная отсталость) - туғаннан не тұқым қуғаннан  пайда болатын кемістік. Ол жеңіл, орта, ауыр дәрежеде болады  яғни дебильдік, имбецильдік және идиотия.

    Деменция - аурудың әсерінен, ми қантамырларының зақымдануынан (артериялық гипертония, церебросклероз т.б.)  пайда болатын интеллектуалдық кемістік. Себебіне байланысты клиникалық деменцияның түрлері көп: жарақаттық, қантамырлық, кәрілік, эпилептикалық т.б.

    Сонымен қатар  интеллектің зақымдануымен көрінетін  ауруларға: Альцгеймер, Пик, Паркинсон аурулары, спонгиоформды энцефалопатиялар, нейросифилис, авитаминоздар, ауыр металлдармен улану, депрессия, шизофрения, церебралдық паралич т.б жатады.

   

2.4 Интеллектті  қалпына келтіру

 

    Интеллект зақымдануын диагностикалаудың негізгі әдісі – интеллект коэффициенті болып табылады. Сонымен қатар интеллект зақымдануында науқастың этносы мен мәдениет ерекшеліктері де ескеріледі. Мысалы кейбір этникалық топтар абстрактылы білімді бағаламай, керісінше тәжірибелік жағын құп санайды. Сондықтан олардың коэффициент көрсеткіші төмен нәтиже көрсетуі мүмкін, бірақ негізінде олар ортаның стресстік жағдайларында өте бейімді келеді.

    Интеллектің зақымдануы  түрлі аурулармен қатар жүргендіктен  оны қалпына келтіру де медициналық жолмен іске асырылады. Интеллекті қалпына келтіруде төмендегі дәрігерлер көмектеседі:

  • Педиатр
  • Психиатр
  • Невролог
  • Отоларинголог
  • Окулист
  • Нейропсихолог
  • Психолог (Векслер тесті арқылы)
  • Логопед
  • Эндокринолог (көрсеткіштер бойынша)
  • Дерматолог (көрсеткіштер бойынша)

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

    Сонымен, интеллект жоғары дамыған организмдердің психикалық қызметінің айрықша функциясы ретінде ақпар алуға, оны сақтауға, өңдеуге және беруге, жаңа білімдер қорытып шығаруға, жеткілікті негізделген шешімдер қабылдауға, алға қойылатын мақсаттарды тұжырымдап, соларға жетуге бағытталған іс-әрекеттерді қадағалауға, қоршаған ортада болатын хал-ахуалдарды дұрыс бағалауға қабілеттілікті қамтамасыз етеді. Ақыл-ой өңдейтін хабардың аса маңызды қайнар көзі және ол қорытып шығаратын білімдерді, шешімдер мен мақсаттарды қолданудың объектісі объективтік дүние. Осы тұрғысында адамның ақыл-ой немесе интеллектілік қызметі объективті шындықты өзгертуге бағытталған қызметтің негізінде бейнелендіру болып табылады. Психологтар адамның интеллектін анықтаудың біріккен жалпы жүйесін қалыптастыруға әрекет жасағанда, бір қиындыққа кездеседі. Ол әр интеллектің өзінің мүмкіндігіне ғана тән әртүрлі ақыл ой операцияларын орындауға қауқарлылығы. Егер интеллектің мүмкіндігін  анықтауда әртүрлі өлшемдерді, математикалық әрекеттерді орындағанда да, оның жалпы көрсеткіші қандай болмақ? Бұл тапсырманы шешу бүгінгі күні мүмкін емес, бірақ жоғарыда айтылып кеткен психологиялық практикада кеңінен тараған бірнеше интеллект деңгейін анықтау әдістері (Стенфорд-Бине, Векслер шкаласы, IQ-тест т.б.) көп көмегін тигізіп жүр. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, әлемдегі әрбір үшінші адамда IQ деңгейі орташа мәнге ие және 84-100 баллды құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  • «Медициналық психология» Илешова Р.Г. Алматы, «Эверо» 2009;
    1. бет: 73-76 бб.
  • «Адамзат ақыл ойының қазынасы» 7 том: «Когнитивті психология» Алматы, «Таймас» 2006; 480 бет: 379-391 бб.
  • «Адамзат ақыл ойының қазынасы» 9 том: «Ойлау теориялары» Алматы, «Таймас» 2006; 464 бет: 399-416 бб.
  • «Интеллектік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері» Автореферат,Аяғанова А.Ж. Алматы,2009; 50 бет.
  • http://www.allbest.ru
  • http://www.wikipedia.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Интеллект қағидалары мен факторлары