Үлгерімі төмен балалармен психологиялық жұмыс жасау мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 16:30, творческая работа

Описание работы

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік себептерін диагностикалауда нақты психологиялық кеңес беру және коррекциялық жұмыс формалаларын ұсыну.
Зерттеу объектісі: мектептегі үлгерімі төмен балалармен психологиялық жұмыс мазмұны.
Зерттеу пәні: үлгеремі төмен балалармен психологиялық жұмыс жасаудың мазмұн ерекшеліктерінің көріну жағдайлары.

Файлы: 1 файл

Үлгерімі төмен балалармен психологиялық жұмыс жасау мазмұны.ppt

— 352.00 Кб (Скачать файл)

Абай Құнанбаев атындағы ОЖББМ

 

Үлгерімі төмен балалармен  психологиялық жұмыс жасау мазмұны

(бастауыш сыныптармен  өткізілген зерттеу жұмысы)

 

Смайлова Аймереке Сматқызы.

Мектеп психологі.

Шарбақты - 2010 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлгерімі төмен балалармен  психологиялық жұмыс жасау мазмұны

 

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік себептерін диагностикалауда нақты психологиялық кеңес беру және коррекциялық жұмыс формалаларын ұсыну.

Зерттеу объектісі: мектептегі үлгерімі төмен балалармен психологиялық жұмыс мазмұны.

Зерттеу пәні: үлгеремі төмен балалармен психологиялық жұмыс жасаудың мазмұн ерекшеліктерінің көріну жағдайлары.

Зерттеу болжамы: егер біз бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімдерінің төмен себептерін дер кезінде анықтап, олармен дамыта- түзету жұмыстарын жүргізсек, онда оқу- тәрбие процесіндегі тұлғалық мақсатқа бағытталған дамуын тиімді ұйымдастыруға, сонымен бірге нақты психологиялық кеңес беруімізге және коррекциялық жұмыс формаларын ұсынуымызға мүмкіндігіміз бар.

  • Зерттеу міндеттері:
  • оқушылардың үлгермеушілік себептеріне талдау жасау;
  • психодиагностикалық әдістер арқылы зерттеу болжамын дәлелдеу.
  • үлгермеушіліктің психологиялық ерекшеліктері мәселелерінің теориялық негізін қарастыру;
  • Зерттеу әдістері: Теориялық талдау мен эмпирикалық әдістер: бақылау, психодиагностикалық зерттеу мен деректерді статистикалық талдау әдістері.
  • Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиет тізімінен тұрады.
  • Кіріспеде зерттеу мәселесінің өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері, объектісі анықталады. Зерттеу болжамы құрылып, зерттеудің тәжірибелік мәні анықталады.
  • Зерттеу базасы: Павлодар облысы, Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушылары.

Мектептегі үлгермеушілік туралы  ғалымдардың ойлары.

 

  • П.П.Блонский  мектептегі үлгермеушілікті мектептің тәрбиелік және дидактикалық талаптарына тәртіп пен оқудың нәтижелерінің сәйкес келмеу жағдайы деп түсіндіреді.
  • Дубровина И.В. үлгермеушілікті білімді игеруге, оқу дағдысын дамытуға, шығармашылық әрекетінің қалыптасуына және танымдық қатынасындағы тәрбиелікке қойылатын мектептің міндетті талаптарына оқушылар дайындығының сәйкес келмеуі деп мәлімдеген.
  • Гильбух Ю.З. Үлгермеушілік шығармашылық іс- әрекеттердің барлық көрсеткіштерімен сипатталады. Оқу оқу барысында үлгермеушіліктің жекеленген кейбір элементтері пайда болуы мүмкін, ал олар артта қалушылық деп көрсетіледі. Жекеленген әрбір артта қалушылықтың дер кезінде себептерін анықтап, жойып отырмаса, олар олар ұлғайып – жалпы үлгермеушілікке алып келеді.

 

Үлгермеушіліктің себептерін көптеген  психолог- ғалымдар топтап көрсетуге  тырысқан. А.М.Гельмонт үлгермеушілік себептерін оның категорияларына байланысты бөлуді міндет етіп қойған. Ол оқу пәндерінің саны мен үлгермеушілік тұрақтылығына байланысты үлгермеушіліктің 3 түрін бөліп көрсеткен:

  • Жалпы және тұрақты үлгермеушілік – ұзақ уақыт бойы барлық немесе көптеген пәндерден үлгермеу;
  • жекеленген, бірақ салыстырмалы тұрақты үлгермеушілік – бұл бір немесе екі-үш қиын пәндерден (көбінесе, орыс және шет тілдерінен, математикадан);
  • Эпизодтық тұрғыдағы үлгермеушілік – бірде жеңіл оқылатын пәннен, бірде екінші бір пәннен үлгермей қалу.
  • Ю.К.Бабанский және оның қызметкерлерінің оқушыларды зерттеу схемасы мектеп деңгейінде мектептің өз күшімен оқу үдерісін оптимизациялау мақсатына арналған.
  • І. Ішкі жағдайларға байланысты;
  • ІІ. ІІІ. ІV – сыртқы жағдайларға             байланысты.
  • І. 1 - оқушының организмінің ерекшеліктері;
  • І. 2 - оқушының тұлғалық ерекшелігі;
  • ІІ. а) – тұрмыс жағдайы;
  • ІІ. б) – мектептің гигиеналық жадайы;
  • ІІ. в) – отбасындағы тәрбиенің және оқытудың ерекшелігі;
  • ІІ. г) - мектептегі тәрбиенің және оқытудың ерекшелігі;
  • ІІІ. а) – тұрмыс жағдайының жетіспеушілігінің себептері;
  • ІІІ. б) – мектеп гигиенасының кемшіліктерінің себептері;
  • ІІІ. в) – отбасындағы тәрбие кемшілігін туғызатын жағдайлар;
  • ІІІ. г) – оқу- тәрбие үдерісінің кемшіліктерін туғызатын жағдайлар.
  • Мектептегі үлгермеушіліктің физиологияық себептері балалар психиатриясында және патопсихологиясында (Г.М.Дульнев, С.Д. Забрамняя, А.Я. Иванова, К.С. Лебединская, А.Р. Лурия, С.С. Ляпидевский, Г.Е. Сухарева) жақсы зерттелген. Ол себептерге: ақыл- ойдың артта қалуы; сезім мүшелерінің (есту, сөйлеу, дисграфия, моторлық) парциалдық ақаулары; ақыл- ойға байланысты қабілеттің бұзылуы. Тұрақты мектеп үлгермеушілігі әдетте көптеген факторлардың жиынтығынан пайда болады, мысалы, бір балада тіл кемісітігімен бірге жұмыс қабілеті және моторикасының әлсіздігі болады. Бұның бәрі мидың органикалық жетіспеушілігімен, ми қызметінің минималдық қызметінің бұзылуы, орталық жүйке жүйеснінің әр түрлі деңгейдегі биологиялық жетіспеушілігінің салдарынан болады. Ондай жадайлар ми қан айналымының жетіспеушілігі, бас сүйек- ми жарақаттарынан кейінгі бас сүйегінің ішкі қанқысымының көтерілуі ұзақ және ауыр өтетін аурулар, ми қызметін бұзатын жұқпалы аурулар (менингит, энцифалит, ревматизм) болған балалардан да болады.

    Психикалық процестерінің ерекшеліктеріне тән үлгермеушіліктің психологиялық типологиясын Н.И.Мурачкевский  ұсынған: бұл жағдайда ол негіз етіп келесі қасиеттерді алған:

                       1. Ойлау қасиетіне;

2. Жеке адамның бағыттылығына;

    Бұл қасиеттердің арасында бір- бірімен байланысты үш сәйкестік бар. Олар төмендегілер:

  • Оқушының ойлау әрекетінің, санасының төмендігі, оқуға деген дұрыс қатынасының сай болуы және оқушылық бағытының сақталуы;
  • Оқушының ойлау әрекеті сапасының жоғарылығы, оқуға деген теріс қатынасының болуы және «оқушының бағыттылығы» толық немесе жарым- жартылай жойылуы;
  • Оқушының ойлау әрекетінің  сапасының төмендігі, оқуға деген теріс қатынасының болуы және «оқушының бағыттылығы» толық немесе жарым- жартылай жойылуы;

    Психологтар И.В. Дубровина, М.К.Акимова және В.Т.Козлова зерттеулерінде үлгермеушіліктің негізіне жататын психологиялық себептерді 2 топқа біріктіріп, соған байланысты балалардың ерекшеліктерін сипаттаған. Ол себептер:

1.Балалардың танымдық іс- әрекеттеріндегі  кемшіліктер;

2.Балалардың мотивациялық дамуындағы  кемшіліктер.

Бірінші топтың себептерін сараптай  келе, бұл топтағы себептерді  үшке бөліп, соларға байланысты  оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін  ашуға болады:

1.1. Оқу іс- әрекеттерінің әдістері  дұрыс  қалыптаспаған оқушылар;

1.2. Психикалық процестердің  дамуындағы кемшіліктері, әсіресе  ойлау процесіндегі кемшіліктері  бар балалар;

1.3. Өзінің танымдық іс- әрекеттерінде  білінетін жеке дара - типологиялық  ерекшеліктерін дұрыс қолдана  алмауы (жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне  байланысты).

Үлгермеушіліктің алдын алуға  және жеңуге бағытталған көптеген  психологиялық- педагогикалық жұмыстардың  тәсілдері құрастырылуда. Қазірдің  өзінде көптеген эксперименттердің  арқасында психологтар мектептерге  осы мәселе жөнінде бірқатар  нақты ұсыныстар бере алады.

  • Оқуға, танымдық іс-әрекеттерге қызығушылығын ояту үшін алдымен оқушының өзіне деген сенімділігін  қалыптастыру керек. (Американдық педиатр Бенджамин Спок әңгімесі)
  • оқу тәсілдерін коррекциялау міндетін шешкен кезде, мектеп психологі біріншіден, баланың үйреншікті меңгерген тәсілдерін табуға және ондағы ұтымды жақтарын сақтап қалуға, екіншіден, оқушының кейбір тәсілдерінің әлсіз немесе жағымсыз жақтарын саралап, талдауға тиіс екендігін білу керек.
  • ойлау әрекеті дұрыс қалыптаспаған үлгермеуші оқушыға - логикалық ойлау операциялары мен дағдыларды игеру мен дамытудан тұратын тапсырмалар арқылы баланы саналы ойлау әрекетіне үйрету керек. Оны қолдану көлемі әр оқушының ойлау әрекетінің ерекшелігіне байланысты алынады.

 

 

 

4. Мұғалімге оқушының жеке- типологиялық ерекшеліктерін ескеру маңыздылығы туралы кеңес берілумен қатар, мектеп психологі осындай оқушының өзімен жеке жұмыстар жүргізуі тиіс.

5. Психолог үлгермеуші оқушыға  өзінің ерекшеліктеріне байланысты  іс- әрекеттерін ұйымдастыруға  бағытталған түрлі әдіс- тәсілдерді  табуға және өзінің қиындықтарын  жеңе білуге үйрете білу керек.  психолог оқушының бойындағы  өзінің жүйке жүйесіне тән  артықшылығын дамытуға, оны дұрыс  қолдануға көмектесуі керек. 

6. Кіші мектеп жасынан бастап  баланы ынталандырып отыру оның  жақсы оқуына жағдай жасайды.  Сондықтан отбасында ата-аналар,  мектепте ұстаздары баланы ынталандыру  ережелерін білгендері жөн.

Сонымен, Мектептегі қиындықтардың  көбі бірінен кейін біріне  ұласып, ұласқан сайын күшейе  беретін жағымсыз факторлардан  тұратын өзінше бір «кеселді  шеңбер» құрайды. Осы «шеңберден»  шығуға көмектесу үшін мектеп  психологі әрбір үлгерімі төмен  оқушының бір емес, бірнеше үлгермеушілік  себептерін анықтап, солардың әрқайсысын  жеңуге тырысуы тиіс.

Зерттеуге 3 «а» - сынып оқушылары  – барлығы 25 бала қатысты. Біз  зерттеу үшін келесі әдістемелерді  қолдандық:

  • «Мағыналы есте қалдыру» әдістемесі

(К. Бюлер әдістемесі);

  • Сөздік- логикалық ойлау деңгейін анықтайтын «Артық сөзді алып тастау» әдістемесі

(Е.И. Рогов бойынша).

  • Қисынды ойлауды анықтау –

«Қарапайым ұқсастықтар» әдістемесі 

(Қ.С. Жұмасова «Психология» оқулығы  бойынша).

  • Зейін бөлінісін анықтау әдістемесі. (С.Л.Рубинштейн әдістемесі).
  • Оқушының оқуға ынтасын (оқу мотивациясын) зерттеуге арналған Н.Г. Лусканова әдістемесі. (Анкеталық әдіс).

Зерттеу нәтижелері. 
 
1. Мағыналық есте сақтау деңгейі. 2. Сөздік-логикалық ойлау деңгеиі.

1. Қисынды ойлау деңгейі.                2. Зейін бөлінісінің деңгейі.

Мектеп мотивацияснының салыстырмалы  көрсеткіштері.

Мектептерімізде тәрбие  алып жатқан балаларымыздың болашақ  қоғамымыздың жарқын тұлғасы, шығармашыл  да жасампаз, адамгершілігі мол  ұрпақ жалғастырушылары болып  жетілуіне әрқашанда қолдау көрсетуден  жалықпайық!

 

14

 

 

 


Информация о работе Үлгерімі төмен балалармен психологиялық жұмыс жасау мазмұны