Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 15:38, реферат
Ұлттың келешегін анықтап беретін және оның бүкіл болмысын ашатын ең қасиетті , әрі аса қажетті мәселе –БІЛІМ! Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі оқыту мен тәрбиелеудің құрылымы , мақсаты мен мазмұны, технологияның түбегейлі өзгерісімен ерекшеленеді. Мұндағы мақсат жеке тұлғаның білім, білік дағдысын механикалық түрде дамыту емес, танымдық қабілеті дамыған және өзін-өзі көрсете алатын жеке тұлға ақыл-ойын, тұлғалық психикалық қасиеттерін дамыту. 2004 жылдың ақпан айында үкіметтің қаулысымен 2015 жылға дейінгі «Білім тұжырымдамасы » қабылданып, соның негізінде елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі құрылды.
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Шолпанова Гульжанат Медгатовна
Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі
Ұлттың келешегін анықтап беретін және оның бүкіл болмысын ашатын ең қасиетті , әрі аса қажетті мәселе –БІЛІМ! Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі оқыту мен тәрбиелеудің құрылымы , мақсаты мен мазмұны, технологияның түбегейлі өзгерісімен ерекшеленеді. Мұндағы мақсат жеке тұлғаның білім, білік дағдысын механикалық түрде дамыту емес, танымдық қабілеті дамыған және өзін-өзі көрсете алатын жеке тұлға ақыл-ойын, тұлғалық психикалық қасиеттерін дамыту. 2004 жылдың ақпан айында үкіметтің қаулысымен 2015 жылға дейінгі «Білім тұжырымдамасы » қабылданып, соның негізінде елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі құрылды. Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді өткізу елімізде өте үлкен жауапты шараға айналды. Бұл науқанды өткізуге жер-жердегі ұстаздар мен құқық қорғау саласының қызметкерлерінен бастап, мемлекеттің басқа да жауапты лауазым қызметкерлері сонымен қатар мектеп психологтары да атсалысуда. Мемлекеттік ҰБТ жүйесі жылма-жыл жетілдіріп, бірітуші түлектердің білім деңгейін шынайы айқындау тәжірибесі жинақталып қалды. ҰБТ түріндегі емтихан оқушы-түлектің білімін ғана бағаламай, өмірдің ұдайы ауысып тұратын әлеуметтік, психологиялық жағдайларына дайындығын айқындайды. Педагог-психолог мамандар арасында оқушылар суицидінің алдын алуға, оны болдырмауға бағытталған арнайы іс-шаралар мен бағдарламалар жасалып, тәжірибеге енуде. Түлектің әрі қарай жоғары оқу орнына түсіп білімін жалғастыру, жалғастырмауы осы ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысына тікелей байланысты. ҰБТ-ке қатысу оқушыдан терең білім мен білікті қажет етеді. Еліміздің ҰБТ-ның оқушы білімін бағалаудың жаға формасы ретінде енгізілуімен байланысты, білімді бағалау жүйесі мектеп ауқымынан асып, жалпыұлттық мәселеге айналып үлгерді. Осы сәтте талапкердің өз тағдыры –өз қолында.Ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты тапсыруға және де кездейсоқ жағдайларда өзін-өзі қалыпты ұстауға, психологиялық тұрғыдан қалыптастыру әр оқушының өз жауапкершілігіне жүктеледі. Әрбір талапкердің жауапкершілігі арта бастайды. Себебі, уақыт жақындаған сайын сансыз сұрақтар мазалай бастайды. «Ұлттық бірыңғай тестілеуден қалай өтемін », «Жоғары оқу орнына түсе аламын ба?» деген сұрақтар және баланың алдында ҰБТ-дан жоғары балл жинап, грантпен оқуға түсу мақсаты тұрады. « Мақсаттың орындалуы үшін не істеу керек? » деген сұрақ туындайды. “Ойдағы үмітті ақтай алмасам” деген қорқыныш пайда болады. Бұрынсоңды өздеріне жүктелген үлкен жауапкершілікті сезініп көрмеген балалар отбасы тарапынан айтылатын “Балам, жақсылап дайындал!” деген сияқты сөздерден алдын ала үрейлене бастайды. Міне, бұл үшін сынақ тапсыру барысында кездесетін кедергілерді жою қажет, сол кедергілердің ішіндегі бізге қажетті психологиялық кедергі. Белгілі бір сынақтан, тексеруден шошыну немесе қорқу жалпы адам баласына тән қасиет. «Еш нәрседен де қорықпаушылық табиғатта жоқ нәрсе ». Қорқыныш сезімі барлық тіршілік иесіне тән және барлық жерде бар. Жалпы оқу жылы аяғында ҰБТ-ға дайындық көп жағдайда оқушыларды жағымсыз психологиялық соққыға әкеледі. Оқушылардың ҰБТ жағдайындағы жеке басының психологиялық жай-күйі оларды күйзеліске әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тесті жақсы, ойдағыдай орындап, қажетті ұпайын жинаған жағдайдың өзінде оқушы біраз уақытқа дейін психологиялық жағымды, жағымсыз күйді бастан өткізеді. Оны ҰБТ-ға деген қорқыныш, үрей сезімдерімен, алынған тестің нәтижесіне ұзақ уақытқа дейін сенбеуінен туындайтын психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреміз. Ал нәтижелері теріске шыққан, яғни төмен балл алған оқушылардың психологиялық көңіл күйлері мүлдем нашарлайды деуге болады. 11-сынып оқушыларының жас ерекшеліктері психологиясын ескеретін болсақ, осы кезеңде оқушының бойында өзіндік сана, өзіндік “мен” деген бейне қалыптасады, өзін және айналасындағы қатарластарын, олардың әрқайсысының мәртебесін, алатын орнын, беделін сезіне бастайды. Кей жағдайларда бәсекелестік те байқалады, бұл ҰБТ жағдайы үшін кері және ауыр жағдаят, себебі құрбы-құрдастарының қатарынан қалып, ЖОО-ға түсе алмай қалуы оқушыны ең ауыр психологиялық дағдарысқа алып келеді. Ол сыныптастарының алдында ұятқа қалғандай сезінеді. “Мен” сезімі шиеленіседі; ішкі психологиялық дағдарыс, өз-өзіне деген реніш пайда болады. Күтілген нәтижеден төмен баға алып, көбінесе өз достарын көруден де бас тартып, қиын да қауіпті жағдайға тап болады. Көптеген оқушылар мұндай ауыр жағдайларда “өзін-өзі ұстау және бағыттау стратегиясын” білмейді, жас ерекшелігі психологиясына сәйкес балалар қиын жағдайды өткереді.Бірақ, қорқынышты жеңуге болады. Оқушылар сынақ барысында көбінесе біліп тұрғанын есіне түсіре алмай қиналады. Бұл жоғары ұпай жинауға міндетті түрде кедергі келтіреді. Осы жерде мектеп психологтары жүйелі түрде жұмыс жасайды. Алдағы ең күрделі мәселе ҰБТ-ны білім мен тәрбие саласында еңбек етіп келе жатқан ұстаздардың, және мектеп психологтарының ортақ мәселесі болып отыр. Мектеп бітіруші бойындағы уайымды , жан-күйзелісін, қорқынышты, үрейді төмендету барысында мектеп психологтары тренингтер, жаттығулар, кіші топтағы пікір сайыстар, түлектердің ата-аналары үшін жеке консультациялар, топтық психологиялық сабақтар өткізуде. Атап айтқанда « Стресті қалай жеңуге болады? », «Қорқынышты реттеу », « Өз жұлдызыңды тап ?» , «Мен өзімді ...... мақтаймын », «Өмір ,сен маған қымбатсың » соңғы аталған тренинг , тестке баратын күннен бір күн бұрын өткізілуі тиіс, тәжірибе көрсеткендей, қандай жағдайда да өзін-өзі байсалды ұстауға өз туысына, бауырына қажет екендігін, өмір тек осы тестпен бітпейтінін, алда қандай жарқын күндер күтіп тұр дегендей , өз-өзіне қол жұмсау, суицид деген ойлардан арылту. ҰБТ-ға дайындық барысында психологтар төмендегі әдістерді қолдануға болады : музыка терапия (әуенмен емдеу), арттерапия (табиғат, сурет арқылы емдеу), ароматерапия (хош иіспен емдеу), фитотерапия (сусынмен емдеу), цветотерапия (түстермен емдеу)
ҰБТ-ға оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау кезеңдері мынадай :
1.Оқу-танымдық қабілеттерін түзете дамыту;
2.Шығармашылық-танымдық қабілеттерін дамыту;
3.Сенімділікті бойларына қондыру ;
4.Психикалық күштенуден (стресс пен қорқыныш ) арылту.
ҰБТ-ге дайындық кезінде әр баланың оқу іс-әрекетінің өзгешелігі оның өзіне тән жеке ерекшеліктерімен байланысты : ойлау, есте сақтау , зейін. ҰБТ тапсыру кезінде қиыншылық көруі ықтимал балаларды , мынадай топқа бөлуге болады:
Оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы табысты
жүруі үшін, ата-аналармен, пән мұғалімдерімен
тығыз қарым-қатынаста болып, сынаққа
дайындық мәселесін, оның ережелерін талқылап,
ақыл-кеңес беру қажет. Оқушының өзіне
сенімін қалыптастыру үшін оқтын-оқтын
психологиялық тренингтер өткізіп, ата-аналарға
арнайы дәріс оқу керек. Емтиханға даярлық
кезінде оқушы бойына сенімділікті ұялату
– маңызды мәселе, себебі оны қысқа уақыт
ішінде жүзеге асыру мүмкін емес.
ҰБТ-ға дайындық
оқушылардың отбасы, ата-анасы, психолог
мамандар арасында өзара тығыз қарым-қатынаста
жүреді. Мұның өзі оқушылардың ішкі жағдайына
теріс әсер етеді, өйткені балалар өздерін
үнемі бақылауда сезінеді, ата-аналары
мен үлкендер, ұстаздары тарапынан болатын
ұдайы қадағалаудан “Егер мен емтихан
немесе тест бере алмасам”, Көптеген мұғалімдер
өз пәні бойынша жыл бойы бос уақытында
оқушыларды тестілеуге дайындау үстінде
болады. Егер төмен нәтиже алса, ұрсып,
баланы уайымға салады, бұған қоса ата-аналар
олардың үйдегі бос уақытының дайындықпен
өтуін қатаң қадағалауға кіріседі. Баланың
жеке басының психологиялық қысымға түсуінің
басты себебі осында. Сондықтан оқушыларды
кез келген жағымсыз психологиялық жағдайға
қарсы тұруға, бұл жағдаяттарда өздерін
ұстай білуге үйретудің маңызы зор.
Әрбір психолог өз оқушысын аталған
топқа бөле отырып, жеке жұмыстар
істеуіне оңтайлы. Мектеп бітірушілерге
мектеп психологінің көмегін тиімді
ұйымдастырса, түлектер сынақтан
сүрінбеу өтуге де болады. Ол үшін мектеп
психологі түлектерді сынаққа дайындау
кезінде жұмыс бағыттарына орай
ата-аналармен , класс жетекшілерімен
және пән мұғалімдерімен де
жұмыс жоспарын кешенді түрде
құруы керек. Ата-аналармен жұмыстың
мақсаты баласының сынаққа дайындалуында
басты көмекшісі екенін ұғындыру. Баласына
сеніммен қарау керектігін түсіндіру
болып табылады. Оқушының эмоциялық даму
тұлғасын қалыптастырушы сынып жетекшісі
болып саналады. Ол – оқушылардың бойында
көшбасшы, орындаушы, көшбасшы – үлгі
көрсетуші мүмкіндіктерінің қалыптасуына,
өз күшіне деген сенімін арттыруға жағдай
жасайтын адамдардың бірі. Пән мұғалімдері
мен класс жетекшілермен жұмыстың
мақсаты яғни түлектерін сынаққа
дайындауда барлық жағдай жасап,
үнемі қолдау көрсетіп отыру
керектігін тренингтермен дәлелдеу
болып табылады. Түлектерінің ынта-жігерлерін
арттыратын іс-шаралар ұйымдастыра
отырып , сенімдерін қалыптастыру.
Ең бірінші оқушыда өзіне деген
сенімін қалыптастыру және өзін-өзі
құрметтеуге үйрету психологтардың
маңызды жұмыстары. Осы орай да мектеп
түлектеріне бірнеше кеңестер :
Көп материалды қалай есте сақтауға болады : Материалдарды сұрақ бойынша қайтала. Басында есіңе түсір де, бар білгеніңді қысқаша жазып ал. Содан кейін ғана даталардың, негізгі оқиғалардың дұрыстығын тексер. Оқулықты оқып отырғанда басты, өзекті ойларды түртіп отыр – бұл жауаптың негізгі тармақтары болмақ. Кішкентай парақтарға әр сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құрастырып үйрен. Ертең емтиханға барамын деген күні жауаптың қысқаша жоспарлары бар парақтарыңды қарап шық.
Ойды, ойлау қабілетін қалай дамытуға болады.
1.
Ақылды болғың келсе –
2. Оймен жұмыс істемей білім алуға болмайтындай, бірақ білім болмай ой да болмайды.
3.
Ойлау қабілетін дамыту
4.
Ойлау сұрақтан басталады. Барлық
жаңа өнертабыстар «Неге?»
5.
Дайын стандартты шешімдердің
көмегімен қажетті нәтижеге
6.
Заттың немесе құбылыстың
7.
Адам объектінің белгілерін, қырларын
қаншалықты көп байқаса, оның
ойлау қабілеті соншалықты
8. Ойлау мен сөйлеу біртұтас. Ойлауды дамытудың басты шарттарының бірі – оқығанды еркін баяндап беру, пікірталасқа қатысу, жазба тілді белсенді пайдалану, өзің де толық түсінбеген нәрсені басқаға айтып беру.
Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары:
1.
Есте сақтау қиындығы оның
көлеміне кері пропорционалды
өседі. Қысқа сөзден гөрі үлкен
үзіндіні жаттау анағұрлым
2. Бірдей жұмыс кезінде есте сақталатынның саны қаншалықты көп болса, түсіну деңгейі соншалықты жоғары болмақ.
3. Назар аударып (концентрированно) жаттағаннан бөліп жаттаған жақсы. Қатарынан жаттай бергенше үзілістермен жаттаған, бәрін бірден жаттағаннан аздап жаттаған жақсы.
4.
Қайта-қайта жай оқи бергеннен
ойша қайталаған анағұрлым
5. Егер үлкен және кішкентай екі материалмен жұмыс істесең, үлкеннен бастаған дұрыс.
6.
Ұйықтап жатқан адам
Жұмысқа қабілеттілікті қалпында ұстау
1.
Ой және дене еңбегін
2.
Гимнастикалық жаттығулардан
3. Көзіңді қорға, әрбір 20-30 минут сайын демалыс бер (көзіңді кітаптан алып, қашыққа қара).
4.
Теледидар қарауды барынша
Оқушылардың әлеуметтік-психологиялық жағдайларын ескере отырып, оларға мамандар тарапынан арнайы іс-шаралар мен мектептерде “Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық дайындау” жұмысы міндетті түрде ұйымдастырылуы қажет. Мектеп өмірінде ең маңыздысы аттестаттағы “бестік” емес, ең бастысы – осы өмірде өзіңді табу, сізге табыс әкелетін жолды анықтау, ал ҰБТ бұл үлкен жолдың бастамасы екенін оқушы санасына сіңіре білейік.Сондықтан мектептерде психолог мамандар оқушылармен ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын орта буыннан бастау қажет.
Қорытынды: 11 сынып оқушыларының ұлттық біріңғай тестке даярлығы әлі де болса көп дайындықты қажет етеді, ал оқушылардың мамандық, кәсіп түсініктерінің едәуір қалыптасқандығын анықталды, бірақ әлі де болса олардың аталмыш ұғымдар төңірегіндегі ой- өрістерін кеңейтуге ықпал ету, өресін кеңейтудің қажетігін берген жауаптарының мазмұнынан аңғаруға болады.
Түлектерге айтарым , Сіздер ертеңгі Қазақстанның болашағысыздар. Бүгінгі мектеп табалдырығынан аттап, алдағы үлкен өмірге қадам басқалы тұрған, еліміздің жарқын болашағын қалауға үлес қосушы білімді де жігерлі, саналы да парасатты ұрпақсыздар! Заман –білімдінікі, ХХІ ғасыр қатаң бәсеке ғасыры. Білім мен білікті бірге ұстап, еліміздің туын биікке көтеретін түлектерге сенім артып, сәттілік тілейміз!
Пайдаланылған әдебиеттер
Основная цель этой статьи- разъяснить важность психологической подготовки выпускниов школ. Во время тестов, во –первых должна быть уверенность в себе, поэтому мы должны воспитывать эмоциально-психологически подготовленных учеников, приспособленных преодолевать встречающиеся трудности.
Бұл мақаланың негізгі мақсаты – бітіруші түлектерді психологиялық тұрғыдан дайындау маңызды екендігін түсіндіру. Сынақ кезінде ең бірінші өзіне деген сенімі берік болуы тиіс, сондықтан кездескен қиыншылықтарды жеңіп шығатынын эмоциалық-психологиялық тұрғыдан дайындалған оқушылар тәрбиелеуіміз керек.
1.Тегі,аты-жөні толығымен Шолп
2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
3.Жұмыс жасайтын мекемесі ,қызметі Қандыағаш қалалақ №4 орта мектебі , әлеуметтік педагог/ қиын оқушылар психологі
4.Мақала тақырыбы ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
5.Секциясы 4
Информация о работе Ұлттық бірыңғай тестілеуге психологиялық дайындықты қамтамасыз ету