Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 09:30, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Осы курстық жұмыста мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың тәсілдері мен жолдары қаралады. Есте сақтау қабілеті – бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістен тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Есте сақтау қабілеті адамға қажет. Ол оған өмірлік тәжірибені жинақтауға, сақтауға және кейін де пайдалану мүмкіндігін береді. Білім мен дағдыларды бекітудің бәрі есте сақтау қабілетінің жұмысына жатады. Осыған сәйкес психологиялық ғылым алдында есте сақтау қабілеті үрдісін зерттеу бөліміне енетін бірқатар күрделі мәселелер тұр.
Кіріспе..................................................................................................................3-5
Негізгі бөлім
1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Психологиялық-педагогикалық «есте сақтау қабілеті» туралы түсінік, зерттеуші ғалымдар..............................................................................................6-9
1.2 Есте сақтау қабілетін өзара топтастыру..................................................10-14
1.3 Оқу үрдісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың шарттары......................................................................................14-16
1.4 Оқу үрдісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту жағдайлары.........................................................................................16-21
2. Оқу әрекетінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың практикалық негіздері
2.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы..............................................................................22-26
2.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетінің дамуының жағдайларын іске асыру............................................................................26-27
Қорытынды ....................................................................................................28-29
Әдебиеттер тізімі..................................................................................................30
Қосымшалар
2.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетінің дамуының жағдайларын іске асыру
Қалыптастырушы экспериментте біз зерттелушілердің есте сақтау қабілетін дамыту бойынша жұмыс өткіздік. Ол үшін есте сақтау қабілетін жақсартуға арналған арнайы таңдалған жаттырғуларды пайдаланумен тілдік теорияны үйрету бойынша сабақтар топтамасын өткіздік.
Есте сақтау қабілетін дамыту және есте сақтауды жеңілдетуге арналған тәсілдер мен жаттығуларды қарастырайық:
Мысалы, қисыны жоқ сөздерді есте сақтау (ағаш, үстел, өзен, себет, тарақ, сабын, кірпі, резеңке, кітап, тарктор, жауын, күн, сағат, шам, скрепка, үй, ұшақ, дәптер, шұлық, ауа):
Жаттығу-жарыс: «Кім мәтіндегі ең ұзын сөйлемді ұғады?».
Мұғалім бірдіндеп сөздер санын көбейтіп сөйлемдер оқиды: бірінші сөйлем – 5 сөз, екінші 6 сөз, т.б., соңғысы – 10 сөз.
Солай, эксперименттің қалыптастыру кезеңінде біз тілдік теорияны үйрету үрдісінде есте сақтау қабілетін дамыту жұмысын өткіздік. 3-қосымшада эксперименттің осы кезеңі сабақтарының әзірлемелері берілген.
Жұмыс экспериментінің құрастыру кезеңінің тиімділін тексеру үшін зерттеушілерді бақылау тексеруінен өткізілді. Бақылау тексеру әдістемесі зерттеушілер есте сақтау қабілетін дамыту деңгейі констатациялық зерттеу әдісімен сәйкес келді. Өткізілген әдіс бойынша бақылау кезеңінің мәліметтері 2-кестеде келтірілген. Нәтижелер зерттеушілер есте сақтау қабілетін дамыту деңгейі констатациялық зерттеу деректерінің қатыстырылуымен талданды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Есте сақтау қабілеті адам өмірінде үлкен рөл ақарады. Ол кез - келген психологиялық құбылыс негізінде жатыр. Адамның өткені мен бүгінгісін байланыстырады, тұлға тұтастығын қамтамасыз етеді. Есте сақтау қабілеті – өткен тәжірибе іздерін есте қалдыру, сақтау және жаңғырту үрдісі болып табылады. Мектепке дейінгі жас балаларында есте сақтау қабілеті жетекші психологиялық үрдіс деп есептеледі. Осы жаста есте сақтаудың бастысы ерікті өтеді, бұл материалды түсіну қабілетінің жеткілікті дамымауымен, ассоцацияларды аз падалануымен, тәжірибе аздығы мен есте сақтау тәсілдерінің білмеуімен түсіндіріледі. Егер оқиғаларда бала үшін эмоционалдық мән болса, оған әсерін тигізсе, есте қалады, еріксіз есте сақтау айрықша дәлдігі және тұрақтылығымен ерекшеленеді. Мектепке дейінгі жас балалары мағынасыз (мысалы, санамақ) немесе объектівті мағыналы, бірақ жеткілікті түсініксіз немесе оларға түсініксіз сөздер, фраза, өлеңдері бар материалды оңай ұғатыны белгілі. Осындай есте сақтау негізінде себептер ретінде осы материал дабыстық жағы, оған деген ерекше эмоционалдық қатынасы, ойын қызметіне қосылу мүмкіндігімен балаларда тудыратын қызығушылықты атайды. Сонымен қатар, ақпараттың түсініксіз болуының өзі балаларда әуестігін және оған назар аударуды ынталандыруы мүмкін. Есте сақатуды ынталандыру – мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамытудың басты бағыты болып табылады.
Зерттеудің нәтижесінде біз «есте сақтау қабілеті» түсінігін психология-педагогикалық әдебиетті қарастырдық, мектепке дейінгі жас балаларында есте сақтау қабілетінің даму ерекшеліктерін бөліп таныдық, мектепке дейінгі жас балаларында тілдік теорияны үйрету үрдісінде есте сақтау қабілеті дамуы жағдайларын айқындадық.
Эксперименттің констатация кезеңінде біз 4-сынып балаларының есте сақтау қабілетінің даму деңгейін анықтадық, эксперимент басында белгіленген критерийлер негізінде балалардың басым бөлігінің есте сақтау қабілеті дамуы төмен екені анықталды. Бұл балалар мағынасыз материалды әре ұғады, есте сақтау мақсатын танытпайды. Балалардың көбінде есте сақтауды жеңілдететін тәсіл, амалдарды іздеу ынтасы жоқ, енжарлық танытып, есте сақтау нәтижелеріне ырықсыз болады. Оларда материал бойынша байланыс құру, күрделіні бөлшектеуді баяу жасайды, өздерінің нәтижесінде берік болмайды. Сондықтан жаттау үрдісі бәсең және айтарлықтай көп қатемен жүзеге асады.
Мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту бойынша іске асырылған шараларды талдау үшін эксперименттің бақылау кезеңі өткізілді. Өткізілген жұмыс нәтижесінде балалар басым бөлігі аз қате жіберумен жылдам жаттауға үйренді.
Жұмыста мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілеті жағдайының өзгеруін зерделеу нәтижелері берілген. Эксперименттің бақылау кезеңінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілеті дамуы деңгейінің динамикасының талдауы эксперимент жұмысын өткізу нәтижесінде балаларда есте сақтау қабілеті дамуы деңгейі жоғарылады. Бұндай өзгерістер қалыптастыру эксперименті барысында іске асырылатын жұмыс жүйесі мектепке дейінгі жас балалары есте сақтау қабілеті дамуына тиімділігіне едәуір ықпалын тиігізеді.
Нәтижесінде, осы жұмыс басында қойылған міндеттер шешілді, зерттеу мақсатына жеттік, болжам растталды. Өткізілген зерттеу жалпы білім беретін мекеме жағдайында мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту аясында одан кейінгі жұмыс бағытын анықтау мүмкіндігін берді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ
Информация о работе Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту