Мінезімнің әлсіз тұстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2015 в 14:00, лекция

Описание работы

Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің берер үлкендік ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық айырмасын танып-білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.

Файлы: 1 файл

мнез.docx

— 29.81 Кб (Скачать файл)

                                                         Мінезімнің әлсіз тұстары

 

Тақырыбы: «Мінезімнің әлсіз тұстары»

Мақсаты: а) оқушылыардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.

                  б) Мінездегі жетістіктер мен  міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

                   в) жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: медиапроектор, слайдтар, қанатты сөздер, үнтаспа

Әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Барысы: 1. Шаттық шеңбері

Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендіретін өнер атуларының ішіндегі құдыреттісінің бірі – ән тыңдауға шақырамын.

2. Ойланайық, пікірлесейік

Ал енді ән тыңдап көңіліміз көтерілсе, тақырып мағынасын ашу үшін мына ойынды ойнап жіберейік. «Мағынаны тану» ойыны.

  • Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың?
  • Адамның жақсы мінезі нелер жатады?
  • Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бар ма?
  • Жаман мінезді адамды қалай түзеуге болады деп ойлайсың?

3. Мәтінмен жұмыс 

Абайдың өлең жолдарын оқыта отырып, талдату. Абай айтқан адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай?

4. Тапсырма. Берілген мәтінді оқып, ойыңды ортаға сал.

1) адам бойында қандай  жағымды, жағымсыз қасиеттер болады?

2) өз мінезің туралы  не айтар едің?

Іскерлік ойын – «Өзімді бағалаймын» таратылған парақтарды толтыру

Жағымды қасиеттерім  Жағымсыз қасиеттерім  Мақсаты

5. Назар аударайық!

Сұлулықтың қандай түрі бар?

Мінез сұлулығы. Жанның да өз әсемдігі бар, оның кербездігі – істелген қылықтың  тартымдылығы  жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұртттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлылығына байланысты. Оның алғашқы белгісі жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту.

6. Ойын: «Мен қандаймын..? Ол қандай..?»

«Ол қандай?» деген сұраққа жауап беру үшін  отырған оқушының бойындағы жақсы қасиеттерін айтып беру.

7. Дәйексөз

Кісіге екі дүние пайдалы  -

Ізгі іс немесе мінезі түзулік.

Екіншісі – ұят, үшіншісі – әділдік.

Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.

                                             Ж. Баласағұни 

8. Есіңде сақта

Ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндір.

«Жақсы мінез-құлыұ пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты»    Әл-Фараби

«Мінез-құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна»    И. Гете

«Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады. Тек әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады»  К. Д. Ушинский

«Өзгнермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап, аршып алу үшін мінездегі кемістікті сылтау ету бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты»       Б. М. Теплов

9. Шығармашылық жұмыс.

«Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында эссе

10. Темперамент пен мінез  психологиясы.

Адамда темпераменттің әр түрлі типтерінің белгілі бір пайыздық мөлшері болады. Темпераменттің төрт түрі бар: сангвиник, меланхолик, холерик, флегматик. Бұл төрт типтің ішінде сангвиник пен оған қарама-қарсы  -  меланхолик сезім темпераментіне жатады. Сангвиник көп уәде береді, бірақ оны орындай бермейді. Ол бейтаныс адамдармен тез және оңай тіл табысады. Ақкөңіл және әрдайым көмек беруге дайын тұрады.  Оны ауыр ой мен дене еңбегі тез шаршатады. Меланхолик темпераменті көңілсіз адамға тән. Ондай адамның, әдетте, ішкі өмірі күрделі және ауыр болып келеді. Ол өзіне қатыстылардың бәріне үлкен мән береді, тынымсыз және нәзік жанды болып келеді. Ол көбінесе уәде берер кезінде өзін ерекше бақылай алады, өзі орындай алмайтын нәрсе үшін ешқашан уәде бермейді. Холерик темпераменті қызба адамға тән. Алайда, оның айтқанын жөн санап, дұрыс деп қабылдаса ол мінезінен тез қайтады. Оның қозғалысы шалт келеді. Флегматик темпераменті салқынқанды адамға тән. Ол ауыр және белсенді жұмыстан гөрі әрекетсіздікке бейім.

11. Қорытынды

          Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы  жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы  әдептен құралады. Ол ананың ақ  сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің  берер үлкендік ақсақалдық тәрбиелерімен  бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар  өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық айырмасын  танып-білуге көмектеседі, өмірде  дұрыс бағыт таңдай білуге  үйретеді.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қазақстан  Республикасының Денсаулық сақтау  және әлеуметтік даму министрлігі 

                                     Батыс Қазақстан медицина колледжі

 

 

 

    КЕСІЛДІ:                                                                                                    БЕКІТЕМІН:

    Бөлім меңгерішісі                                                                Директордың ТІ жөніндегі

                      С.Д. Джидебаева                                                                        орынбасары


    «    »                 2015 ж.                                                                            А.К. Қалымбет


                                                                                                         «    »                 2015 ж.


 

 

             

           МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДІҢ СЦЕНАРИІ

                                              «Мінезімнің әлсіз тұстары»

                                                      (тәрбие сағаты)

 

 

 

 

                                                                                             Құрастырған: Байғазиева М. Қ.

 

 

                                               Орал қаласы, 2015 ж.

 

                                                     Хаттама 

          Қатысқандар саны: 27

          Күні:

 

                     Еүн тәртібінде:

            1. Мінез туралы түсінік

            2. Мен және менің әлемім

            3. Темперамент және мінез

 

Тыңдалды: Аймұрат Римма-топ студенті:Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай, темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология.

Тыңдалды: Ақберлиева Фариза-топ студенті:

Темперамент адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер болып табылады.


Информация о работе Мінезімнің әлсіз тұстары