Назар механизмдері. Сөйлеу мен ойлаудың даму кезеңдері. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 17:56, реферат

Описание работы

Психологиялық ой көптеген ғасырлар бойы қиын-қыстау кезеңдерін басынан кешті, ол өзгерістері қаншалықты толықтырылып, терминдері ауысса да (жан, сана, психика, іс-әрекет және т.б.) психология пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Психологияның пәні болып субъектінің табиғатпен әлеуметтік мәдени әлеммен заңды байланысы, олар сезім және ақыл-ой жүйесінде бекітілген, мотивтері, яғни әрекетке итермелейтін, сонымен қатар іс-әрекеттің өзі және де адамның өзіне қатынасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы жеке адам немесе тұлғаның ерекшеліктер жүйесі болып табылады.

Содержание работы

I. Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Сөйлеу мен ойлаудың даму кезеңдері.
2.Биологиялық және әлеуметтік факторлардың рөлі.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

психологияя.docx

— 36.89 Кб (Скачать файл)

 Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік фармацевтика академиясы

 

 

  Реферат

 

 

 

Тақырыбы:Назар механизмдері. Сөйлеу мен ойлаудың даму кезеңдері. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың рөлі.

 

 

                           Орындаған:Маккамбаева Ш.

     Тобы:102 а мік

                          Қабылдаған:Нұрынбеков Р.

 

 

 

 

                       Шымкент 2014жыл

 

Жоспар:

I. Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.

1.Сөйлеу мен ойлаудың даму кезеңдері.

2.Биологиялық және әлеуметтік факторлардың рөлі.

III.Қорытынды.

IV.Пайдаланған  әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Психологиялық ой көптеген ғасырлар бойы қиын-қыстау кезеңдерін басынан кешті, ол өзгерістері қаншалықты толықтырылып, терминдері ауысса да (жан, сана, психика, іс-әрекет және т.б.) психология пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Психологияның пәні болып субъектінің табиғатпен әлеуметтік мәдени әлеммен  заңды байланысы, олар сезім және ақыл-ой жүйесінде бекітілген, мотивтері, яғни әрекетке итермелейтін, сонымен қатар іс-әрекеттің өзі және де адамның өзіне қатынасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы жеке адам немесе тұлғаның ерекшеліктер жүйесі болып табылады.Психика туралы түсінік.  Психика – матария қасиеті, мидың қызметі болуымен психика дамуының алғы шарты бейнелеудің ерекше формасы. Психиканың қызметі, бірініден қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін, байланыстардын бейнелеу, екіншіден осының негізінде адам қылығы мен қызмет әрекетін ретестіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Сөйлеу мен ойлаудың даму кезеңдері.

Ойдың және сөйлеудің дамуы.Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жете алмайды. Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар: 1. Диалогтық сөйлеу. 2. Монологтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі. Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу - өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу. Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдармен жүзеге асыра алады. Бұл сөйлеу түрлерінің арасында психологиялық айырмалар да баршылық. Мысалы, ірі жазушылардың көбісі ауызша сөйлеуге шебер болмаса, керісінше, бірқатар шешен адамдар өз ойын жазып жеткізуге шорқақ. Психолог – ғалым Б.М.Теплов өзінің «Психология» кітабында (Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953 жыл) диалогтық, жазбаша сөйлеу туралы былай дейді: «Диалогтық сөйлеуді кейде қосталған сөйлеу деп атайды. Мұның мәнісі: әңгімеге қатынасқан адам сөйлеушіге сұрақ қою, жауап қайтару, қарсы пікір айту арқылы қостап отырады, егер бұл текті қостау тоқталса, сөйлеу мен монологқа айналады, немесе адам сөйлеуді тоқтатады... Жазбаша сөйлеуді қосталмаған сөйлеу деп атауға болады.  Қосталған сөз қосталмаған сөйлеуден жеңіл болады. Онай болатын себебі – сөйлеушілер бір жай-күйді әңгімелеп отырғандықтан, қабылдап отырғаны бір нәрсе болғандықтан, бірін-бірі оңай ұғынысады; кейде сөзді айтып аяқтап болмай-ақ, не екенін түсіне қояды...

Мұндай сөйлеу көп жағдайда ым-ишарамен толықтырылады. Қорыта айтқанда, диалог сөздің құрылысына және өрістетіп айтылу жақтарына онша көп талап қойылмайды. Ал жазба сөйлеу басқаша құрылады; онда барлығы ақырына дейін толық баяндалуы керек. Жазба сөйлеу барынша кең және байланысты түрде құрылуы қажет».

Сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнер

Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал.

... Егер өнердің басқа  саласындағы аты мәлім шебер  бір ісін кездейсоқ дағды-дағысынан  нашар орындап қалған болса, оны  ол өзі әдейі жасады ма, не  денсаулығына байланысты сөйтіп  қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен  сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе  іші ауырғанға байланысты ақымақ  болмайды».

Сөзді тыңдай білмеу

Кейбір адамдардың ерсі мінездері бар: басқаның сөзіне құлақ қоймайтын, өзіне айтылған сөзді аяғына дейін тыңдай білмейтін, өзгелердің сөзіне ретсіз араласып, әңгіменің шырқын бұзатын. Содан сөйлеп отырған адам кейде қақалып – шашалып, тұтығып та қалады. Әрбір адам өз басындағы осы кемшіліктер мен күресе білсе, біздің сөйлеу мәдениетіміз де одан әрі дами түсер еді.

Және де кейбір адамдар диалогтық сөйлеудің талаптарын орындай бермейді. Содан көп сөйлеп, бір сөзді сан мәрте қайталап, тыңдаушысын жалықтырып та алады. Олардың ішінде өзіне қойылған сұрауларға, қарсы пікірлерге жауап бермей, өз ойын тәптіштеп айта беретіндері де кездеседі. Бұл да сөйлеу мәдениетіндегі әдепсіздік.

Қаратпа сөз хақында

Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХҮІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХҮІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған-ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа, сен!» деп аударған дұрыс дейді.

Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Алайда оны қазақ тіліне аударып: «Еркек!», «Әйел!» деп айқайлар болсақ, ол өте ұятты. Сол себепті сөз мәдениетін түсінетін біздің бауырларымыз қоғамдық орындарда: «Апай», «Ағай», «Қарындас», «Інім» деген қаратпа сөздерді қолданып, ол транспортта, сауда орындарында, театрда өзара қарым-қатынас тіліне сіңісіп кетті.

Ойлаудың әлеуметтік табиғаты. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. адам кез-келген мәселені алға қойып, шешу үшін тәжірибеде ашылған заң, ереже ұғымдары пайдаланып отырады. Ғылымда жинақталған осы заңдар тәуелділіктер, әдістер, ұғымдарды әр адам ойлау үстінде пайдаланып, отырады. әрине бұл үшін ол осы заңдарды білетін болуы керек. Ғылым, техника, өндіріс , ауыл шарушылығының барлық орасан жетістіктері бір ғана адамның емес, көптеген адамдардың , тұтас коллективтердің,тіпті бірнеше ұрпақтық ұзақ жылдар бойы дамылсыз ойлаларының нәтижесі. Адамдар тәжрибелер жасайды, зерттеулер жүргізеді, әр түрлі құбылыстардыңқасиеттерінің бетін ашады, құбылыстар арасындағы тәуелсізділіктерді және оларға әсер ету тәсілдерін ашып отырады. Практика мен теорияның өте күрделі мәселелерін шешу үшін адамдар ашылған байланыстар мен заңдылықтарды пайдаланудың жолдарын міне осылай табады. Ойлаудың әлеуметтік табиғаты адамның оны қандай мәселені шешуге бағыттауынан да ашық көрінеді. Мысалы, атом энергиясы саласындағы, ғылыми зерттеулерді капиталистік елдердегі кейбір ғалымдардың халықты қыру мақсатына бағыттайтыны, ал социалистік лагерь елдердегі ғалымдар атом энергиясын бейбітшілік мақсатында, еңбек өнімділігін, халықтардың тұрмыс жағдайын арттырға пайдаланатыны кездейсоқ нәрсе емес қой. Дара адамның ойлауының ғылымының, өндірістің дамуымен қоғамдағы жаңалықтар және жетістіктермен осылайша байланысуы ойлаудың айқын тарихи, әлеуметтік табиғатын білдіреді. Ойлаудың қалыптасу процессі Энгельстің «Маймылдың адамға айналу процессіндегі еңбектің ролі» деген еңбегінде көқрсетілген. Энгельс адамның еңбек әрекетінің заттар мен құбылыстар арасындағы қабылдаудан жасырын ерекшеліктер мен өзара байланыстарды танудағы маңызын ашып көрсетті. Еңбек адамның алда атқарылатын әрекетті жоспарлауды, оның нәтижелерін бақылап отыруды талап етті. Еңбек адамды құрал жасауға мәжбүр етті. Еңбек адамдарды бірлесіп әрекет жасауға итермеледі, қарым-қатынас құралы – сөздің пайда болуына әсер етті. Еңбек адамның өзін-өзі саналы түрде тануына жол ашты. Әрине, қазіргі заман адамның ойлауының дамуы адам санасының ұзақ тарихи қалып тасуында өткен барлық кезеңдерін қайталап өтпейді.

Сөйлеу мен ойлаудың дамуы және өзара байланысы.

Осы тарадың тақырыбы – сөйлеу мен ойлаудың дамуы, әсіресе балалық шақтағы ойлаудың жоғары формаларының дамуы – қиын да күрделі мәселе. Бірақ осындай үлкен де күрделі мәселеге теориялық тұрғыдан басқа да жолдарын көріп отырған жоқпын. Суреттерді әңгімелеуі бойынша бала ойының дамуындағы негізгі кезеңдерді анықтауға жасалған белгілі тәжірибеден бастағым келеді. А.Бине ұстанған В.Штерн көп қолданған тәсіл өте қарапайым және анық. Мысалы, қалалық немесе шаруа, отбасы немесе түрмеде отырған тұтқындар салынған қарапайым суретті алады, суретті 3,7,12 жастағы балаларға көрсетіп, олардың әр қайсысы сол ұсынылған сюжетті қалай сипаттағанын анықтайды.Ойлаудың әлеуметьтік табиғаты. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. адам кез-келген мәселені алға қойып, шешу үшін тәжірибеде ашылған заң, ереже ұғымдары пайдаланып отырады. Ғылымда жинақталған осы заңдар тәуелділіктер, әдістер, ұғымдарды әр адам ойлау үстінде пайдаланып, отырады. әрине бұл үшін ол осы заңдарды білетін болуы керек. Ғылым, техника, өндіріс , ауыл шарушылығының барлық орасан жетістіктері бір ғана адамның емес, көптеген адамдардың , тұтас коллективтердің,тіпті бірнеше ұрпақтық ұзақ жылдар бойы дамылсыз ойлаларының нәтижесі. Адамдар тәжрибелер жасайды, зертт4.4.Сөйлеу мен ойлау эволюциясы .Өздерінің дауыс ырғақтарымен сөз мәнерлерімен өз тыңдаушыларында керемет эмоцияларын қоздыратын музыканттар, әншілер немесе шешендер баяғы замандарда жартылай адам қалыпты болған бабаларының бір-бірімен тайталасу немесе көңілінен шығу үшін қолданған әдестерін пайдаланғалы жүргенін сезіп те, біліп те жүрген жоқ. Алғашқы қауымдық қоғам эволюциясының көптеген проблемаларының ішінде тіл эволюциясының құрылу үрдісі - ең негізгілердің бірі. Австралопитектер, питекантроптар мен неандерталдықтардың қауымдастықтарындағы өзара қатынас құралдарын анықтайтын ешқандай құжаттар мен дәлелдемелер жоқ. Адамның ойлауының пайда болуы мен дамуы жөнінде де ешқандай мәлімет жоқ. Шын мәнінде барлық мәлімет қосымша сипатта, сондықтан біз бұл мәліметі тек шартты түрде ғана қабылдауымыз керек.

Адамның ойлау қабілеті қоғамдық ортаға тіл арқылы шығарылады. Тіл болмаса ешқандай ой да, ойлау үрдісі де болмайды. Жалпы алғанда, тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты үрдіс және ол коллективтік бірлескен еңбек үрдісін қалыптастыратын құрал болып табылады.

Барлық маймылдар, олардың ішінде адам тәріздестері де вокалданған жануарлар, олар үшін дыбыс шығару табиғи құбылыс. Бұл вокалдануда дыбыстардың екі түрі немесе дыбыстардың екі негізгі тобы болады. Осылардың ішіне қорқыныш, ашулану, т.б. сезімдерді білдіретін дыбыстар (олар әртүрлі жануарларда 20-дан 30-ға дейін болады). Сондай – ақ тіршілік шулары деп аталатын, маймылдардың үнемі шығаратын дыбыстары және олардың эмоционалдық күйлерімен байланысты дыбыстар.

Бұл айтылған жағдайлардың барлығы негізгі емес қосымша дәлелдемелер болғанымен, ертедегі гоминидтердің дыбыс коммуникацияларының әлсіз де болса алғашқы бастамалары болып саналатын дыбыстар шығара білгендіктерін дәлелдейді. Ертедегі гоминидтер аң аулау кезінде дыбыс шығарып аңды үркіте алмаған.

Сөз жүйесінің алғашқы бастамасы қалыптасып келе жатқан қоғамдық және еңбек қатынастарының дамуына қызмет етуі қажет еді.

2.Биологиялық және әлеуметтік факторлардың рөлі.Фактор, экологияда — 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі. Факторлардың ішіндегі маңыздылары: абиотикалық-экологиялық Фактор — ағзаларға әсер ететін бейорганиктік және экологиялық Факторлар; адам Факторы — адамның “адам — қоршаған орта” жүйесіндегі әрекетінің тиімділігіне ықпал ететін не шектейтін анатропологиялық-морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы; а) адамның әлеуметтік, экономикалық өндірістік, ғылым-техникалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, т.б. қатынастар жүйесіндегі әрекетінің ерекше белгіленуі; ә) қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы қызметтің субъектісі ретіндегі адамға қатысты жағдайлардың бәрі жатады; ақпараттық Фактор— әдетте тіршілікте аса маңызды мәліметтің коды (“жазылу” жүйесі) ретінде көрінетін, сондықтан тіршілік иесіне шамадан тыс әсер етпейтін Фактор, мысалы, генетикалық Фактор; антропиялық Фактор — адамның бір нәрсеге тікелей әсері барысында пайда болатын Фактор; атмосфералық Фактор — атмосфераның физикалық күйімен және химикалық құрамымен байланысты Факторлар; әлеуметтік Фактор — адамдарда қоғамдық қатынастардан немесе табиғаттағы жәндіктерде (құмырсқа, ара, термит, т.б.) әлеум. құрылымнан болатын Фактор; биогендік Фактор — тірі ағзалардың қоршаған ортаға қазіргі және бұрынғы замандардағы тікелей не аралық ықпалына байланысты Факторлар жиынтығы; биологиялық Фактор — тіршілік барысында пайда болатын, атап айтқанда оның қалыптасуының негізгі көзі тірі ағза не олардың қандай да болсын жиынтығы болып табылатын Фактор (мысалы, жыртқыш пен оның жемтігінің арасындағы байланыс — қорек азаю Факторы); биосфералық Фактор — негізгі көзі және ортасы биосфера болып саналады; биотикалық Фактор — 1) шығу негізі тірі ағзаның ортаға аралық әсері болып табылатын Фактор, мысалы, химиялық бөлінділер (фитонцидтер, т.б.), ағзалардың жойылуы (көмір, теңіз карбонаттарының түзілуі) немесе олардың бұрынғы өтіп кеткен кезеңдегі іс-әрекеттері (мысалы, топырақ түзілуі); 2) бір ағзаның тіршілік әрекетінің басқа ағзаның тіршілік әрекетіне әсер-ықпалының жиынтығы. Бұлар түрішілік (демографикалық, этологиялық, топтық, т.б.) және түраралық (селбесу, жыртқыштық, т.б.) болып бөлінеді; (қара Бәсекелестік, Комменсализм, Мутуализм, Паразитизм); биоценоздық (ценоздық) Фактор — негізі жеке ағза, популяция, түр не олардың кездейсоқ жиынтығы емес, биоценозды құрайтын ағзалардың жиынтық әрекеті болып табылатын Фактор; мутагендік Фактор — тікелей немесе жанама түрде гендік мутациялар тудыратын Фактор, мысалы, радиацияның жоғары болуы, қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануы; табиғи Фактор — адамның қатысуынан тысқары (антропогендік емес) немесе оның биологиялық мәнімен байланысты (бұған техногендік әсер де қосылады) әрекет ететін Фактор; табиғи-антропогендік Фактор — табиғи Фактордың адам әрекетінен өзгергендігі соншалық, ол өзінің түп нұсқасынан сан жағынан да, сапа жағынан да өзгеше болып келеді; түрлік Фактор — биологиялық түр шеңберінде пайда болып, әрекет ететін Фактор Жалпы түрлік, популяц., топтық және индивидтік Факторларды қамтиды; физиологиялық Фактор — адамның өз ағзасына тигізетін жекеше ықпалы, мысалы, стресс;химиялық Фактор — қоршаған ортаның химиялық құрамынан (соның ішінде химиялық ластанудан) болатын Фактор; шектеуші Фактор— 1) қайсыбір процестің, құбылыстың не ағзаның (түрдің, қауымдастықтың) тіршілік етуі үшін шектеу қоятын Фактор, мысалы, түрлер арасындағы бәсекелестік; 2) ең көп не ең аз шамада болатындықтан экожүйенің құрамы мен биологиялық өнімділігіне басқалардан гөрі ықпалдырақ әсер ететін экологиялық Фактор, мысалы, далалық аймақта өсімдіктер үшін — су, орманды жерлерде — топырақтағы қоректік заттардың молдығы, тундрада — жылу мөлшері шектеуші Фактор болып саналады; эволюциялық Фактор — қазіргі кездегі әсер сипаты ағзалардың бұрынғы геол. кезеңдердегі тіршілік әрекеті нәтижесінде анықталған Факторлар (мысалы, атмосферадағы оттек мөлшері, озоносфера, т.б.); қара Абиотикалық фактор, Антропогендік фактор, Экологиялық фактор.Адмның жеке басының дамуындағы биологиялық факторлармен әлеуметтік  факторлардың алатын орны мен рөлі жайлы түрліше пікірлер болад және қазір де бар. Мәселен: Ч. Дарвиннің Ілімін насихаттауда көп еңбек сіңірген неміс биологы Геккель адам мен қоғамның дамуын негізінен анықтаушы биологиялық фаторлар, ал қоғам дамуымен адам эволюциясының қозғаушы күші тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу деп есептеді. Сондықтанда дәл осындай қөзқарасқа негізделген әлеуметтік дарвинизмнің тууын көбінесе Геккельдің есімімен байланыстырады. 1869ж. Евгеника ілімінің принциптерінің тұңғыш тұжырымдаған Ф. Гальтон деген Дарвиннің немере інісі екенін жоғарыда ескрткенбіз. Сол Гальтон адамның болашақ ұрпақтарының тұқым қуалаушы сапаларын (денсаулығын, дарындылығын,ақыл-ой қабілеттерін) жақсартуға әсерін тигізетін факторларды зерттеуді ұсынды. Сонымен бірге озат ойлы ғалымдар евгениканың алдына гуманистік мақсаттар қойған болатын бірақ оның идеялары  көп жағдайларда нәсілшілдікті, атап айтқанда фашистік нәсілшілдік атап айтқанда фашистік нәсілшілдік теорияларды актау үшін пайдаланылады. Қазіргі заманғы ғылымда евгениканың көптеген проблемалары, медициналық генетика саласында шешімін табуда.Фашизм  жеңілгеннен кейін  түрлі нәсілдердің өзара қосылысуы зиянды болуы былай тұрсын, қайта биологиялық жағынан пайдалы екендігін дәлелдеген еңбектер щыға бастады. 1950 және 1951 жылдары ЮНЕСКО-ның барлық нәсілдерінің теңдігін жариялаған Мәлемдерінің зор иаңызы болды, өйткені оларда түрлі нәсілдердің ақыл-ой қабілетінің әр-түрлі екндігін көрсететін ғылыми мәлеметтері жоқ екендігі, сондықтан нәсіл аралық неке қауіпсіз екені  айтылған.

Информация о работе Назар механизмдері. Сөйлеу мен ойлаудың даму кезеңдері. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың рөлі