Ойлау психологиясындағы іс-әрекет бағытының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 18:56, реферат

Описание работы

Іс-әрекет бағытының шеңберінде кез келген психикалық процесті субъектінің нақты теориялық немесе іс-әрекеттік жүйесінде қарастыру ұсынылады. А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы тұрғысынан (1959-1975) қабылдау,ес, жеке тұлға және т.б. аймақтарда зерттеу жүргізілді. Бұл бағытта ойлау процестерін зерттеу ерекше орын алады. Біріншіден, мұндай зертеулер психологиялық ақиқаттылықтың неғұрлым күрделі формаларын эмпирикалық талдау кезіндегі іс-әрекет бағытын қолданудың өнімділігін көрнекті айқындайды. Екіншіден, қабылданған зерттеулер іс-әрекеттің жалпы теориясын эксперименттік дәлелденген жаңа фактілермен және заңдылықтармен толықтырады.

Файлы: 1 файл

псих.docx

— 21.35 Кб (Скачать файл)

Ойлау психологиясындағы  іс-әрекет бағытының дамуы

Іс-әрекет бағытының шеңберінде кез келген психикалық процесті субъектінің  нақты теориялық немесе іс-әрекеттік  жүйесінде қарастыру ұсынылады. А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы тұрғысынан (1959-1975) қабылдау,ес, жеке тұлға  және т.б. аймақтарда зерттеу жүргізілді. Бұл бағытта ойлау процестерін  зерттеу ерекше орын алады. Біріншіден, мұндай зертеулер психологиялық  ақиқаттылықтың неғұрлым күрделі формаларын эмпирикалық талдау кезіндегі іс-әрекет бағытын қолданудың өнімділігін  көрнекті айқындайды. Екіншіден, қабылданған  зерттеулер іс-әрекеттің жалпы теориясын эксперименттік дәлелденген жаңа  фактілермен және заңдылықтармен толықтырады.

Ойлаудың құрылымдық қызметтік  көріністерін тұлғаның іс-әрекеті аясында  жүйелі талдау көп жылдар бойы О.К.Тихомиров  пен әріптестерінің ойлаудың іс-әрекеттік  психологиялық теорияларын жасауға  бағытталған жұмыстарына тән. А.Н.Леонтьевтің  іс-әрекет теориясына сүйенумен қатар, механизмдері мен интеллектілі процестерді талдаудың тұтастылығын (когнитивті, аффективті) зерттеу бағыттарын ажыратады. Бұл теория ойлау проблемаларын қамтудың кеңдігімен сипатталады. Оның іс-әрекеттің түрлеріндегі, соның ішінде бірлескен іс-әрекет, қарым-қатынастағы рөлі қарастырылады. Мұнда ойлау іс-әрекетінің мағыналық құрылымдық рөлі жоғары маңыздылыққа ие болғандықтан,кейде «ойлаудың мағыналық теориясы» деп аталады. Ойлаудың мағыналық теориясын жасау А.Н.Леонтьев тұжырымдамасының (1959, 1964, 1975) ойлауды арнайы танымдық мотивтерден туындайтын және реттелетін адам іс-әрекетінің ерекше теориялық формасы ретіндегі орнықты жағдайларына негізделеді. Ойлау процестері өз психологиялық дәрежесі бойынша субъектінің мотив-мақсаты, эмоциясы, мағыналық құрылымдары, тұлғалық міндеттемелері, қажеттіліктерімен себептелетін басқа іс-әрекетке қосылуы мүмкін.

ДПТМ (ОПІТ) негізіндегі зерттеулер психологияда 50-60-жылдары бихевиоризм  мен кибернетика идеяларының  әсері ерекше үстем кезінде басталды. Нәтижесінде көптеген авторлар адам іс-әрекетінің құрылымын (оның ішінде ойлау бар) компьютермен жұмыс анологиясы бойынша сипаттай бастады. Бұл өз кезегінде психикалық құбылыстарды түсінудегі маңызды әрі ақталмаған оңайлатуға әкеп соқтырды. Ақпараттарды қайта өңдеу процестерін талдау адамның психологиялық табиғатын  зерттеуді таба бастады. Ойлау психологиясын  кибернетиканың саласына, ойлаудың психологиялық теориясын ақпараттық теорияға трансформациялау қаупң пайда болды. Бұл жағдайда адамның ойлау процесінің ерекшеліктерін зерттеу психологиядағы психиканы сипаттаудағы кибернетикалық және информациялық бағыттардың күшімен күрестегі өзіндік «отты сызыққа» айналды.

Адам ойлауының «жасанды интеллектіден» маңызды айырмашылығын  айқындау мәселесі жылдар бойы өзінің өзектілігін жоғалтпады. Оның теориялық  және практикалық маңыздылығы адам ойлауының күрделі формаларын неғұрлым толық үлгілеуге үміттенетін ақпараттық технологиялардың жаңа ұрпақтарын жасауымен байланысты өсе түсті. Адам ойлауының жаңа феномендері мен қызмет ету заңдылықтарының ашылуы психология ғылымына өзінің пәні, ұғымдық ақпараты мен зерттеу әдістерін сақтап дамытуға және оларды аралас ғылымдардан дәл ажыратуға мүмкіндік береді. Сондықтан да ойлау мәселесі зерреудің ерекше объектіс ретінде жаңа әлеуметтік мәдени жағдайлар мен құралдармен себептендірілген адамның ойлау іс-әрекетінің күрделі формаларының негізгі заңдарын анықтау міндеттерін шешуде маңызды үлес қосады. Атап өтетін жайт:ойлауды ДПТМ (ОІПТ) арнасында зерттеу ойлау процесінің оның табиғаты, құрылмы,заңдылықтары мен реттеу механизмдерінің ұқыпты талдауымен шектелген жоқ. Алынған теориялық және эксперименттік нәтижелерді іс-әрекеттің жалпы теориясын дамыту үшін маңызды қорытындыларды жасау аясында талдау міндеті өзгеріссіз қойылды. Іс-әрекеттің «субъектіні заттық әлемде бағдарлау қызметіне ие психикалық бейнелеумен жанамаланған өмір бірлігі»             (Леонтьев А.Н.,1975) ретіндегі психология анықтамасы мәні бойынша бұл қызметті қайта мәнсіз етудегі ойлаудың жетекші рөлін мойындауды талап етеді.

 

  1. Ойлау іс-әрекетін өзгерту мен құралдық жанамалаудың өзіндік ерекшеліктері

Л.С.Выготскийдің  негізгі еңбектерінің бірі-адам психикасының мәнін түсінудегі тарихилық принципін жасауы, адамзаттың қоғамдық-тарихи дамуындағы және адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретінде онтогенез барсындағы психикалық процестердің «табиғилықтан» «мәдениеттілікке» өзгеру идеясы екенін А.Н.Леонтьев атап көрсетті. Мұнда Л.С.Выготский ұсынған 2 негізгі жағдаят ерекше назар аудартады  (1956,1960). Оның біріншісі түбірімен психикалық өзгеру қызметін атқаратын арнайы аралық «стимул-құрал» жүйесінің енгізілуіне байланысты адамның психикалық қызметінің жанама сипатына қатысты. Екінші жағдаят бастапқыда сыртқы «интерпсихикалық» іс-әрекеттен пайда болып, кейіннен ішкі ойлау процесіне интериоризацияланатын ішкі ойлау процесінің шығу заңдылықтарын ашуға байланысты.

Іс-әрекет бағытының шеңберінде сыртқы, ішкі процесс формасына ие, сондай-ақ бір түрден екіншіге өте  беретін ойлау әрекетінің негізгі  құрылымдық бірліктері анықталған. Интериоризация процесінің арнайы механизмдерін зерттеу бірқатар отандық психологтардың (П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин және т.б.) ерекше назарын аударды.

Іс-әрекет теориясының шешілмеген мәселелерін талдай келе, В.В.Давыдов  іс-әрекетінің жалпы құрылымын анықтау жолындағы маңызды қиындылықтардың бар екенін  атап өтеді, жіне шешілуі тиіс бірқатар мәселелерді бөліп шығарады. Мысалы:іс-әрекет құрылымының дәстүрлі компоненттерімен (қажеттілік, мотив, міндет, әрекеттер мен операциялар) қатар, бұл құрылымға міндетті шешу құралдарын да енгізу қажет.В.В.Давыдов психологияда іс-әрекеттің жалпы құрылымы мен дәстүрлі бөлінген процестердің (қабылдау, ес,қиял,ойлау, сезім, ерік және т.б) арақатынасы мәселесіне  ерекше тоқталады. Аталмыш процестер іс-әрекеттің жалпы құрылымының өзіндік компоненті болып табыла ма немесе оларды ерекше және дербес түрі ретінде қарастыру қажет пе (жеке алғанда, ойлау «ойлау әрекеті» ретінде сипатталады)? В.В.Давыдовтың пікірінше, «дәстүрлі танымдық» процестерді іс-әрекеттің түрлеріне ауыстыру құқыққа сай емес. Бұл процестер тек іс-әрекеттің жалпы құрылымының ерекше компоненті болып табылады. Мұнда іс-әрекеттің психологиялық құрылымының ерекшеліктерін айқындау, пәнаралық, зерттеу кезіндегі іс-әрекетті психологиялық талдаудың өзіндік ерекшелігі де күрделі мәселе болып табылады. Іс-әрекет бағытының шеңберінде  шешімін таппаған мәселердің жеткілікті екені күмәнсіз.

 

2.Қажеттіліктер мен мотивтердің  зерттелуі

2.1 Танымдық қажеттіліктердің  пайда болуы. Қажеттіліктердің  заттану процесінің ерекшеліктері.

Іс-әрекет бағытының шеңберінде адам қажеттіліктерінің бірқатар маңызда  аспектілері:заттылығы, қажеттілік мазмұнының сыртқы жағдайларға тәуелділігі  және оларды қанағаттандыру тәсілдері, олардың мазмұнын жаңғырту, толықтыру  мен дамыту т.б. бөлінеді.

Адамның ойлау іс-әрекетін зерттеу қажеттіліктердің қалыптасуы мен дамуының күрделі көріністерін, іс-әрекет динамикасын қажеттіліктердің заттану процесіне тәуелділігін зерттеуге мүмкіндік береді. Ойлау  процесіндегі танымдық қажеттіліктердің пайда болуы мен даму ерекшеліктерін зерттеу үшін танымдық қажеттіліктердің жекелеген түрлерін бөлшектік талдау схемасы жасалды. Сонымен қатар  танымдық қажеттіліктердің мотивті  және мағыналық құрылым процестерімен  өзара  байланысы, танымдық қажеттіліктердің пайда болуы мен заттануындағы эмоцияның рөлі қарастырылды. Ойлаудың тұлғалық реттелу заңдылықтары мақсатты құрылым процесіндегі өзгерістерді тіркеу жолымен талданды.

Зерттеулердің көрсетуінше, танымдық қажеттіліктер өз табиғаты бойынша  әртекті және болашақта  жіктеуді қажет етеді. Интеллектілі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетті білімдерді игеру процесіне  қатысты қажеттілік 2 түрге:жасалған дайын білімдерді іздеу қажеттілігіне және жаңа білімдерді өндіру қажеттілігіне бөлінеді. Субъектінің жаңа білімдерді жасап шығаруға бағыттылығы творчестволық ойлауды зерттеу кезінде ерекше мәнге ие болады.

Ойлау іс-әрекетін орындай  отырып,субъект:

а) аталмыш тапсырманы шешу процесімен тікелей байланысты бірқатар жаңа білімдерді алуға;

б)осы тапсырманы шешу материалдарына сай қандай да бір теориялық жалпылауды  қалыптастаруға;

в)жаңа түпнұсқалық емес шешімді іздеуге ұмтылуы мүмкін;

Ойлау іс-әрекетінің күрделі  түрлері қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталуымен қатар, оларды дамыту мен байытудың формасы әрі  шарт болып табылады. Ойлау барысында  алынған   жаңа өнімдер ойлау  іс-әрекетінің аралық және соңғы нәтижелерін (білім, тапсырмалы мәселені шешу тәсілі) құрай отырып, эмоционалды және тілдік тіркеу есебімен сапалылық қасиетіне  ие болады және жаңа танымдық қажеттіліктердің пәні болады.

 

Ойлау іс-әрекетінің сипаты мен өту ерекшеліктеріне мотивацияның ықпалы ең бірінші кезекте түрлі  мотивациялық факторларға тәуелді  осы іс-әрекеттің нәтижелілігінің  өзгерісімен байланыстырылды. Бірлестік  және бәсекелестік, табысқа жету мен  сәтсіздіктен қалу, өз-өзін өзектендіру  мен жүзеге асыру мотивациясы  да дәл осы қырынан салыстырылды (Дж.Аткинсон, Т.Дембо, Р.Райн, К.Солли,Р.Стегнер, Х.Хекхаузен, Д.Макклелаенд,,Ж.Нюттен,және т.б) Танымдық қажетті мотивацияның динамикасы мен оның ойлаудағы фуникциялары арасындағы байланыс талданды. Алайда түрлі мотивациялық факторлардың әсеріне тәуелді ойлау процестерінің нәтижелері мен қарқындылық сипаттарының өзгеруінің статистикалық механизмдерінің психологиялық табиғатын ашпайды. Ойлаудың мағыналық теориясы осы механизмдерді зерттеуді мақсат етті.

Іс-әрекет бағыты сана, жеке адам, іс-әрекет категорияларының арақатынасы  принципін жасай отырып, ойлаудағы  мотивацияның жаңа түсінігінің даму мүмкіндіктерін ашты. Дәстүрлі бағыттардағы мотивтің қозғаушы қызметімен қатар, мотивацияның сана құрылымына ерекше қатысты мағына құрушы қызметі негізделді.

 

Ойлау процесі құралатын  әрекерттер мен операциялар құрамы, сондай-ақ олардың дамуы мен динамикасы біршама деңгейде осы процесті реттейтін  мотивтердің сипатымен анықталады. Эксперименттердің көрсетуінше, мотивацияның субъективті мәнділігін арттыру  негізінде зерттелушілердің «ашық» типтегі творчестволық  міндеттерді  шешуге кеткен уақыты кішінің тек  сандық қана емес, сапалық көрсеткіштері  де өсе түсті. Ойлау іс-әрекеті өнімділігінің өзгеруінде мотивацияның стимулдаушы қызметі көрінеді. Іс-әрекеттің нақты компоненттерінің мазмұндық динамикалық талдауы мотивтің құрылымдаушы қызметінің рөлін айқындауға және тапсырманы шешу өнімділігінің мотиваациялық реттеу ерекшеліктеріне тәуелді психологиялық механизмдерін ашуға мүмкіндік береді. Мотивтің құрылымдаушы қызметі іс-әрекет құрылымының сапалы өзгерістеріне байланысты. Бұл өзгерістер жаңа мақсаттардың пайда болуы бұрыннан бар мақсаттың тасымалдануы және творчестволық ойлаудың маңызды феномендерінің бірі «мәселе тоқталу» қамтамасыз етуші жағдайларда таңдаудың жаңа тәсілдерінің дамуына байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ойлау психологиясындағы іс-әрекет бағытының дамуы