Ойын арқылы бала тілінің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 17:14, реферат

Описание работы

Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз.

Содержание работы

І. Кіріспе бөлім.
1. Бала тілінің дамуына әсер ететін жетекші фактор - ойын.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Ұсақ мотроиканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдіру.
2. Саусақ ойын – жаттығулары.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
1. Бала саусағын ойната отырып тілін дамытайық.
2. Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

бала реферат.docx

— 91.54 Кб (Скачать файл)


 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

      

  Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде екі қолға бес – бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланытынымыз белгілі. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен «Қуырмаш» ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге, оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға тары шаш.

Балапанға бидай шаш,

Балаларға тәтті шаш  .

- дей келіп, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:

Сен түйеңе бар,

Сен жылқыға бар.

Сен сиырға бар,

Сен қойыңа бар,

Сен үйде отырып

Шешеңе көмектес.

- деп әр саусаққа тапсырма беріледі. Одан соң әр саусақтың басынан ұстай тұрып «қарның ашса: мына жерде нан бар, мына жерде май бар» деп әртүрлі астың атай келіп, қолтыққа жеткенде «қуырмаш»», «қуырмаш» деп қытықтайды.

          Көтеріңкі көңіл – күй сыйлайтын  бұл ойын балаға саусақтардың  атын, адамға нәр берер түрлі  астың атауын да үйретеді. Сондай  – ақ төрт түлік малды таныстырып, оны бағып еңбектенгенде ғана  тамақтануға болатынын ескертіп, еңбекпен тапқан тамақ тәтті  болатынын уағыздайды.

Халық өзінің өмір тәжірибесінде тіршілікте қалай қолдануына қарай саусақтарға ат қойған. 1-ші саусақ- «Басбармақ», 2-ші саусақ – «Балаң үйрек», 3-ші саусақ –«Ортан терек», 4-ші саусақ- «Шылдыр шүмек», 5-ші саусақ – «Кішкентай бөбек».

     

 Қорытынды.

           Егер бала қандай да бір  саусақ ойынын жетік меңгерсе, онда ол міндетті түрде бір  көрініске не өлеңге жаңа бір  сахналау ойлап табуға тырысады. Бір жастан екі жасқа дейінгі  балалар бір қолмен ойналатын  саусақ ойындарын жақсы қабылдайды.  Үш жастағы балалар екі қолмен  ойналатын саусақ ойындарын игере  алады. Мысалы, бір қол үйшік те, екінші қол үйге жүгіріп келе  жатқан мысық болуы мүмкін. 4 - 5 жастағы балалар белгілі бір  көріністі саусақ арқылы сахналай  алады.

          Өз тәжірибемде тәрбишілерге  саусақ ойындарын сергіту жаттығуларына, ертеңгілік жаттығуларға, барлық  ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері  үстінде үнемі пайдалануды ұсындым. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл, қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай  дамыды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

1. «Отбасы және балабақша»   2002 ж  №5.   (6-8 бет)

 

2. «Логопедия» Е.Н.Краузе     (30-38 бет)

 

3. «Дошкольное воспитание» 2003 ж. №1 (50 бет)

 

4. «Дошкольное воспитание»  2000 ж. №11 (49 бет)

 

5. «Отбасы және балабақша»  2000 ж. №5 (15 бет)

 

6. «Отбасы және балабақша»  2010 ж. №5 (12 бет)

 


Информация о работе Ойын арқылы бала тілінің дамуы