Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 19:08, реферат
Қазіргі уақытта отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың жеке тұлғасының, әсіресе оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі екендігі белгілі. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ерекше және көрнекі түрде, әсіресе, бала тәрбиесінде көрінеді. Отбасылық тәрбие жүйесінің және «ана-бала» қарым-қатынасы үйлесімділігінің бұзылуы – балаларда невроз ауруының пайда болуына себепші негізгі патогенетикалық фактор деген көзқарасқа кейбір ғалымдар ерекше көңіл бөледі. Мысалы А.Е.Личко мен Э.Г.Эйдемиллер ерекше мінезді және психопатия белгілері бар балаларға отбасылық тәрбие берудің 6 түрін атап көрсетеді. Гипопротекция (гипоқамқорлық) балаға қажетті қамқорлықтың жоқтығымен сипатталады (балаға уақыт жетпейді). Мұндай қарым-қатынас кезінде бала өзімен –өзі болады, өзін ешкімге керегі жоқ деп сезінеді.
әлеуметтік саулығының символы болуы мүмкін (бізде бәрі елдегідей). Бала әлеуметтік
тұсаукесер нысанының рөлінде, отбасының ыдырауына жол бермейтін байланыстырғыш
элемент болады (біз тек сен үшін айырылыспай жүрміз). Мұндай жағдайда балаға үлкен
психологиялық жүктеме артылады да, ол эмоционалдық ширығуға әкеліп соғады. Бала
ата-анасының айырылысуына, егер ондай жағдай болып жатса, өзі себепкер болған
шығармын деп есептей бастайды.
Баланың отбасындағы жағдайы ата-анасы балаға отбасында қандай рөл ойнауды
жүктегенімен сипатталады. Бала мінез-құлқының қалыптасуы рөлдің сипатына, орнына
және функционалдық толықтығына байланысты болып келеді.
Баланың психикалық дамуына бүлдіргіш әсер ететін нәрсе – депривация. Депривация
ата-анасы (негізінен анасы) қажетті күтімді қамтамасыз ете алмағанда және баланың
басты қажеттілігін мойындамағанда немесе оның күтімін басқалардың мойнына артып
тастап кеткенде пайда болады. Баланы анасынан толық ажыратқан жағдайда ерекше
аналық депривация байқалады. Аналық депривация баланың психикалық дамуына ең
күшті бүліндіргіш әсер етеді. Балалар үйі мен мектеп – интернаттарда тәрбиеленуші жетім
балалардың өзіндік ерекшеліктері мен тәртіптері депривациясы бар баланың айқын үлгісі.
Көптеген зерттеулер балалардың жаппай аналық депривация жағдайында өмір сүруі
(бала анасымен толық ажыратылғанда) олардың психопатия, депрессия, фобия
ауруларына ұшырауына әкеліп соғатынын анықтады. Ата-анасы қамқорынан айырылған
балалар өмір бойы әлеуметтік және жас мөлшері жағынан едәуір кейіндеп қалады.
Олардың өзіндік ерекшеліктері: сезім үстірттігі, қиялдау қабілетінің төмендігі, тым
агрессивтілігі, мейірімсіздігі, бейқам жауапсыздығынан көрініп отырады. Депривация
ерекшелігінің кейбір аспектілері әке –шешесі бар балаларда да пайда болуы мүмкін, егер
өзінің негізгі міндетін атқара алмайтын және отбасы мүшелерінің қажетін өтей алмайтын
патогенді отбасында тәрбиеленсе /4/.
Баланың жақсы тәрбиелі, қоғамда өзінің орны бар үлкен азамат болып өсуіне
отбасының ролі өте жоғары. Біз отбасында баланы тек қана материалдық жағынан
қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, баланың психологиялық жай-күйіне,
қызығушылықтарына, жеке тұлғалық қасиеттеріне мән беруіміз керек. Баланың жас
ерекшеліктерін ескере отырып, соған сәйкес қарым –қатынас жасалғандығы дұрыс. Соңғы
кездері елімізде отбасылардың ажырасу жағдайы, отбасындағы түрлі конфликт
жағдайлары көптеп кездесуде. Бұның салдары балаларға психологиялық жағынан кері
әсерін тигізуде. Баланың отбасында тәрбиеленуіне анасымен бірге әкесінің де
жауапкершілігін ұмыптағанымыз дұрыс. Бала ата-анасымен бірге толыққанды отбасында
өмір сүрген жағдайда әлеуметтік ортада өзін сенімді ұстай алады.
Қазақ халқында «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөз бар. Отбасы -
бала үшін маңызды орында екенін ұмытпай, біз болашақ ұрпағымызды Қазақстанға адал
қызмет ететін, білімді де білікті, тәрбиелі азамат етіп өсіру міндетіміз.