Отбасылық тәрбиедегі этникалық мәдениет құндылықтарға тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 19:13, реферат

Описание работы

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Файлы: 1 файл

ped_otbasyTarbieEtnika.doc

— 78.50 Кб (Скачать файл)

Қазақ халқы адамның  сұлулық сезімдерінің тұлға өмірінде зор рөл атқаратынын жете түсінген.Әсемдікті  көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және өнер деп білген.Қазақ отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсаты баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениетін,сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуының қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді.

Қазақ отбасы тәрбиесінің құралдары дегенде халық ауыз әдебиетін, ұлттық ойындар, айтыс, және шешендік сөздерді, ойын-сауықтарды т.б. айтамыз.

Қазақ отбасында жоғарыда аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудағы ежелден қолданып келе жатқан өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Олар: балаларға қайрымды, ізгі қатынас жасау, сыйлау адамгершілік сезімдеріне әсер ету, жанама ықпал жасау, құлықтық қолдау, өзіне деген сенімін нығайту, сенім арту, реңіш, наразылық білдіру, тыю, айыптау, бұйыру, еркелікте кінәсін мойындату, түсіндіру, мысал келтіру, үлгі-өнеге, ғибрат айтуды есептейміз.

Қазақ отбасында баланың  ерте есеюіне көп көңіл бөлген . Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген.

Қазақ отбасы тәрбиесіндегі  өзіндік ерекшеліктер қатарына жататын  әдіс-тәсілдердің бірі бұл-тұспалдап  айту арқылы шешендікке баулу.Сонымен  қатар тұспалдап сөйлеуді –сыйластықтың  керемет бір үлгісі деуге болады, өйткені ол белгілі біреуге  қадап, айыбын бетіне басып айтылмайды .

Бала алғаш өзіне  еркелетіп, тұспалдап айтылған мазақтамалар арқылы зеректікке, тапқырлыққа жаттықса, өсе келе өзіндік шығармашылық танытатын  болған. Ол үшін қазақ отбасында  даярлық ерте жастан жүргізілген.

Мәселен, үйге қонақ келгенде алдымен қонаққа арнап балаларға өлең, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш айтқызатын болған.

Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының  маңызы зор.Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз.

Және қазақ отбасындағы  бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.

Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.

Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың , қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым- қатынастары  әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті.

Сол сияқты, жас келіннің үлкен - кішіге  ат қоюының өзінде үлкен философиялық мән бар. Одан жас келіннің отбасы тәрбиесінің  деңгейі, ақыл- ой дәрежесі, тапқырлығын  аңғаруға болады. Халқымыздың мінез - құлқының елеулі ерекшелігі болып саналатын, адамдардың бір-біріне көмектесу, әсіресе қуаныш пен қайғыда сүйеу болу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету де өнегелі дәстүрге айналған. Және қазақ халқында ерекше құрметтелетін адамшылдық қасиеттің бірі-ар болып есептеледі. Ары бар адамда намыста, әділдікте, адамгершілік пен имандылықта болары сөзсіз.

Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ , ағайын туысты, нағашы жұртын, ата  тегін, руын , ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген.”Жеті атасын білу» заң болған.  Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихан білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қанақоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен.

Қазақ отбасының осындай  өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болады.

Халықтық педагогиканың  негізгі міндеті- тәрбиелеу. Осы  орайда біздің мектебімізде жас ұрпақтың бойында ата-бабамыдың салт дстүрін  дәріптеуге, құрметтеуге негізделген ұлттық орталықтар жұмыс жасайды. Қазақ мектебі болғандықтан және ұлт болашағының жас ұрпақтарын тәрбиелеп отырғандықтан ата-ана мен мектеп бірлесіп этникалық мәдениет құндылықтарын жас жеткіншектің бойына сіңіртуде бірлесіп атқарып жатқан жұмыстарымыз баршылық. Атап айтсақ, қыз балаларға дәстүрлі тәрбие беретін “Бойжеткен” орталығы, ал ұл балаларға дәстүрлі тәрбие беретін “Бозбала” орталықтары жұмыс жасайды. Бұл орталықтарда айына 1 рет имандылық сағаттары, ұлттық  салт-дәстүрімізді дәріптейтін сайыстар өткізіліп тұрады. Мысалы, “Ару –2006”, “Жігіт сұлтаны”, “Алтын сақа”, “Ана көрген тон пішер”, “Серілер шықты сайысқа” атты  т.б. тәрбиелік шаралар өткізіледі. Бұл шаралар міндетті түрде салт-дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған.

Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту  мақсатында “Аналар мектебі” мен  “Әкелер” мектебі жұмыс жасайды. Олардың мақсаты- оқушыларды инабаттылыққа, кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа  тәрбиелеу және халқының ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойларына сіңіру. Осы мақсатта айын бір рет “Аналар” мектебінің аналарымен қыздарға арналған “Қызым саған айтамын”,  “Қыз қылығымен сүйкімді”, “Қыздарға ақыл-кеңес”, “Ұлым, сен ертеңгі азаматсың”, “Жігітке жеті өнер де аз” т.б тақырыптарда  тәрбиелік мәні зор іс шаралар өткізілді.

Сонымен қорыта келгенде, отбасы тәрбиесіндегі этникалық  мәдени құндылықтары деп төмендегілерді айтуға болады:

  1. Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу.
  2. Отанды, халқын, жерін, елін сүю «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу.
  3. Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы».
  4. Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз».
  5. Отбасы шежіресі мен мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, отбасындағы кенже ұлдың рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру.

 


Информация о работе Отбасылық тәрбиедегі этникалық мәдениет құндылықтарға тәрбиелеу