Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 10:08, доклад
Еліміздің ата заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясында атап көрсетілгендей, құрылып жатқан зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік әлеміне көтеру, өз дүние танымын қалыптастыруға мүмкіндік жасап, адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын тудыру, білім берудің маңызды мақсаты.
асырудың жолы - сабақтарды бір тәрбиеші арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша біріккен сабақтар білімнің жинақталуы яғни әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу.
Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі. Демек, әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол - оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыратын орталық, сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстіндегі сапалы оқуды іздестіретін үрдіс.
Тәрбиеші еңбегінің объектісі – бала, ол табиғаттың бір бөлігі, бір
жүрегі. Баланың да өзіндік пікірі, көзқарасы, психологиялық ерекшеліктері
бар, олар педагогикалық ықпалды өзінше қабылдайды. Сондықтанда, интеграциялық оқытуды жүзеге асыруда жаңа педагогикалық технологиялардың атқаратын орны бөлек.
Ғалым академик В.М.Монаховтың
пікірінше «Технология - оқушы мен ұстазға
бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін
ұйымдастыру және ______________________________
1Баширова Ж.Р. Педагогикалық технологиялар арқылы танымдық
қызығушылықты арттыру.- Алматы , 2003-129б.
жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі».
Педагогикалық технология –педагогтың кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет –баланың оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету.
«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2011 жылы ашылған №13 «Балапан» балабақшасының мектепалды дайындық тобында
интеграциялық оқыту арқылы оқу-танымдық іс-әрекетті қалыптастыруда
«Сорос-Қазақстан» қоры арқылы 1990 жылдан мектеп тәжірибелеріне ене
бастаған – «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» халықаралық
жобасы технологиясын қолданып келемін. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Стилл, Куртис С.Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясының мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдап саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Ерекшелігі: Сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінде, көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйрететін стратегиялар бойынша ұйымдастырылады. Негізінен стратегиялар мектеп оқушыларының жас кезеңдеріне арналған, ал оларды мектепке дайындық тобы балаларының жас ерекшеліктеріне бейімдеп қолдану тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтанда, интеграциялық оқытуды жүзеге асыруда СТО стратегияларын қолдану тәжірибемді Айналадағы әлеммен танысудан «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыбындағы сабағыма талдау жасау арқылы көрсетемін.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – ортақ үйіміз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақстанда мекендейтін ұлт өкілдері, олардың салт-дәстүрлері,
тағамдары, ұлттық киімдері және мерекелері туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Балалардың бұрынғы білетіндерін жаңа ұғымдармен
салыстырып, ой түйіндеуін, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды Отанын сүюге, қазақ жерінде тұрып жатқан
ұлт өкілдеріне деген құрмет, достық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Ұлттар бойынша салынған суреттер, әліппе дәптерлер,
дидактикалық материалдар.
Әдістер: Көрнекілік, түсіндіру, СТО стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту – «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы.
Айналадағы әлеммен танысу – «Сематикалық карта» стратегиясы.
Бейнелеуден – «Болжау» стратегиясы.
Қарапайым математика – «Еркін жазу» стратегиясы.
Сабақтың жүру барысы:
І. Қызығушылықты ояту бөлімін «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы бойынша жоспарладым.
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясы бойынша |
Мектепалды дайындық топтарына бейімдеп қолдану. |
«Бір айналым сөйлесу стратегиясы» Бұл стратегияны тақырып бойынша әңгімелету кезінде қолдануға болады. 1. Тақырып беріледі. 2. Сол тақырып бойынша жеке балалар сөйлем айтады. 3. Сөйлемнен мәтін құралады. |
1.«Қазақстанның елдік
нышандары» тақырыбы беріліп, стол
үстіне елдік нышандарды « суреттер қойылды. 2.Балалар суреттерді тақырып бойынша таңдап алып, сөйлем құрады. 3. Сөйлемдер бойынша |
Мәтін: Біздің Елбасымыз – Н. Ә. Назарбаев. Ту, Әнұран, Елтаңба –Қазақстан Республикасының рәміздері. Теңгеге біз өзімізге қажетті заттарды сатып аламыз. Ұлттық киімдерді мерекелерде киеді. Бауырсақ, қазы, қарта - ұлттық тағамдарымыз...
ІІ. Мән-мағынаны тану кезеңінде
1.«Сематикалық карта» стратегиясын қолдандым.
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясы бойынша |
Мектепалды дайындық топтарына бейімдеп қолдану. |
«Семантикалық карта» стратегиясы оқушы мен шығарма арасындағы байланысты үдетеді. Оқушының шығарма мазмұнын жаңа сабақ кезеңінде жетік меңгеруін көздейді.
|
«Сематикалық карта сызбасына» елдік нышандар суреттерін орналастыру арқылы тақырып бойынша берілетін жаңа ұғымдарды меңгерту. |
- Балалар, қалай ойлайсыңдар Қазақстанда тек қазақтар тұра ма?
- Өзбек, орыс, қырғыз, тәжік, украйн, қытай
- Қазақстан - көп ұлтты ел. Олар бір- бірімен тату, дос. Әрбір елді бір-бірінен елдік нышандары арқылы ажыратамыз. Біз бүгін бізбен көршілес жатқан орыс, өзбек, қытай елдерінің ұлттық нышандарымен танысамыз,-деп
түсіндіре келіп «Сематикалық карта» стратегиясы сызбасына әр ұлттың елдік нышан суреттерін қою арқылы төмендегіше қолдандым.
Ұлттар |
Елбасы лары |
Елтаңбасы |
Тулары |
Ақшасы |
Ұлттық киімі |
Ұлттық тағамы |
Мейрам дары |
Қазақ |
|||||||
Орыс |
|||||||
Өзбек |
|||||||
Қытай |
2. Әліппе дәптермен жұмыста «Болжау» стратегиясы» бойынша жұмыс жасалды.
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясы бойынша |
Мектепалды дайындық топтарына бейімдеп қолдану. |
«Болжау» стратегиясы» Берілген суреттер бойынша болжам жасап ой-пікірін жеткізеді. Не себепті екенін өз болжамы бойынша айтады.
|
Әліппе дәптерде берілген тапсырмаларды тәрбиеші түсіндіреді, балалар өз болжамдарымен орындап, айтады.
|
ІІІ. «Ой-толғаныс» кезеңінде «Еркін жазу» стратегиясы бойынша 4 ұлттың туын 4 столға қойып, балалардың қолына ұлттық нышандар суреттері таратылып берілді. Балалар қолдарындағы суреттегі нышандар арқылы өз елінің Туы бейнеленген столға топтасады.
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясы бойынша |
Мектепалды дайындық топтарына бейімдеп қолдану. |
«Еркін жазу стратегиясы.» Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. |
4 ұлттың туын 4 столға
қойып, балалардың қолына ұлттық
нышандар суреттері таратылып
берілді. Балалар қолдарындағы |
Балалар қазір біз әр түрлі ұлт өкілі болып тұрмыз. Біз тату доспыз ба? Олай болса тату достықтарымызды білдірейік. Балалар бір-бірімен құшақтасады. «Ағайынбыз бәріміз» әні айтылады.
«Қазақстан-ортақ үйіміз» - біз көп ұлтты Қазақстанда бақытты да, тыныш өмір сүріп жатырмыз.
Оқу-танымдық іс-әрекет – педагогикалық процесте баланың әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология ғылымдары балаларды білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл-ой, ерік-күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс-әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді.
Интеграциялық оқытудың қазіргі оқыту тәрбиелеу, білім беру жүйесінде балалардың дүние-танымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педагогикалық дәлелдеме ретінде танылды. Балалардың әртүрлі пәндер бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып, оқу-танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелейді. Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейіп, дамып отырады. Пәнаралық байланыстың мәні мен маңыздылығына, оның ең қажетті педагогикалық іс-әрекеттің бірі екендігін айта келе мынадай қорытынды жасауға болады: пәнаралық байланыс балабақшада жан-жақты тәрбие беруді комплексті түрде жүзеге асыра отырып, педагогикалық іс-әрекеттің, еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Мектепке дейінгі мекемеде пәндер арасындағы өзара байланысты әрдайым ұйымдастырып, жүргізіп отыру –балаларға қарапайым ғылымдар негізін игерудің, сонымен бірге білім беруді дамытудың қажетті әрі келелі шарты.
Интеграциялық оқытуда СТО технологиясы стратегияларын қолдану тиімділігі төмендегідей:
-қоршаған әлемге көзқарасы, дүниетанымы жеке-жеке бөліктерден емес, біртұтас жүйе негізінде қалыптасады;
-пәнаралық байланыс нығайып, уақытты үнемдеу арқылы практикалық білім алуға көп көңіл бөлінеді;
- балалардың шығармашылық қабілеті дамиды.
- өзінің жеке пікірі мен ойын білдіреді;
- кейіпкерлерге деген
сезімдері мен елестету
Қорыта келгенде, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі жаста баланың оқу-танымдық іс-әрекетінің қалыптасуы мен дамуы, балалардың болашақ функционалдық сауаттылығының мазмұны болып табылады. Жаңа заман баласы - ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Білім беру Заңы
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына
арнаған Жолдаулары. 28.01.2011, 27.01.2012, 14.12.2012 ж.
3. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту»
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымда
№ 832 Қаулысы
4. Қ. Жарықбаев. Психология. Алматы. 1970 ж. 69-70 бет.
5. Баширова Ж.Р. Педагогикалық
технологиялар арқылы
танымдық қызығушылықтарын арттыру.- Алматы , 2003-129б.
6. В. С. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы.
Алматы «Мектеп» 1986 ж.м
Информация о работе Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту ұлттық жоспары