Реферат
Тақырыбы:
«Психодиагностикада тестті құрастыру»
Мазмұны
- Тесттік
нормалар және оларды тексеру
- Стандартизация.
- Сенімділік
- Валидтілік.
- Сұрақтамалардың
дәлдігі (достоверность)
Тесттік нормалар
және оларды тексеру
Психодиагностиканың
негізгі мақсаты адамның жеке
дара психологиялық ерекшеліктерін
анықтау және өлшеу. Ол үшін
бізге өлшейтін құрал керек, ондай
құрал ретінде психодиагностикалық
әдістер қолданылады. Негізгі психодиагностикалық
әдіс – тест. Тест бұл қысқа
тапсырмалардың бір ізділігі, осы
тапсырмаларды зертелінушінің орындуы
нәтижесінде қорытынды мәліметтердің
бір ізділігі алынады, содан соң
олар статистикалық әдістер арқылы
сан және сапасы жағынан өңделеді.
Тест бойынша суммарлық бал
тесттің кілті арқылы есептеледі.
Психодиагностикада тест тек
қана өлшеу құралы ғана емес,
тест өлшеудің объективтілігін
қамтамасыз ететін жанама эталон
болып табылады. Өйткені психологияда
өлшеудің объективті эталондары
жоқ. Өлшеу эталоны деген өлшенетін
қасиеттің берілген мөлшерін
ұрақты сақтайтын физикалық объект.
Психологияда ондай объектілер
жоқ, яғни өлшенетін қасиеттің
бір мөлшерін үнемі ұстап жүретін
адамдар жоқ. Сондықтан, психометрикада
өлшеудің жанама (косвенные) эталондар
ролін тест атқарады. Қалай? Тест
тапсырмаларының қиындық деңгейі
адам қабілетіне тікелей пропорционалды
болады. Яғни, тапсырма неғұрлым
қиын болса, оны орындау үшін
қабілет сол ғұрлым жоғары
болу керек. Тұлғалық сұрақтамаларда
«қиындық» түсінігіне сұрақтың
«күші» түсінігі сәйкес келеді.
«Күшті» сұрақтар – неғұрлым
аз зерттелінушілердің келісімін
туғызатын сұрақтар. Тест тапсырмасының
қиындығын процентильдік өлшем
арқылы анықтайды. Процентильдік
өлшемдер көптеген дәстүрлі психодиагностикалық
әдістердің негізінде жатыр. (Векслер,
Кеттел, MMPI, т.б.). Процентилдік өлшем
– бұл тесттің осы тапсырмасын
орындаған зерттелінушілердің процентке
шаққандағы саны. Процент неғұрлым
аз болса, тест тапсырмасы сол
ғұрлым қиын деп есептеледі. Сөйтіп,
тест балдарының үлестірімі тест
тапсырмаларының қасиеттерін бейнелейді.
Егер үлестірім қисығы оң жақты
ассиметрия түрінде болса, онда
тест тапсырмаларының көбісі
қиын, егер сол жақты ассиметрия
болса, онда тест тапсырмаларының
көбісі жеңіл. Егер тест тапсырмалары
әр түрлі бола тура, қиындығы
жағынан бір деңгейде болса
онда сумарлық балдар қалыпты
үлестірім түріне келеді. Сонымен,
процентильдік өлшем нормативті
таңдау тобында жүргізілетін
тесттілеу арқылы алынған тесттік
балдардың үлестіріміне негізделеді.
Процентельдік өлшемнен басқа
психометрикада өлшеудің тағы
да 2 шкаласы, оларға сәйкес 2 тесттік
нормалар қолданылады: абсолюттік
тесттік нормалар және критериалды
тесттік нормалар.
Абсолюттік
тесттік нормалар – тест бойынша алынған
шикі бал өлшеу көрсеткіші ретінде қолданады.
Мұндай нормалар ипсативті өлшеуге сәйкес
келеді.
Критериалды
тесттік нормалар - тест бойынша
алынған шикі бал қандай да әрекеттің
сәттілігін қамтамасыз ететін критерийлермен
(көрсеткіштермен) байланыстырылады. Әрекеттің
сәттілігін қамтамасыз етеін критерийлерді
эксперттер анықтайды. Осындай тесттік
нормалар көбінесе адамның қандай да бір
әрекетте компетенттілігін анықтау қолданылады.
Стандартизация.
Стандартизация деген тесттің
қатаң түрде бекітілген бөліктерін
(нусқау, тапсырмалар жиынтығы, тест
нәтижелерін есептеу мен интерпретацияла)
жасап шығаруды қамтамасыз ететін
эксперименталды, әдістемелік, статистикалық
шаралардың жиынтығы. Психодиагностикада
стандартизацияның 2 түрі бар:
- стандартизация – нусқауды беру, тестті
жүргізу процедурасын және жауап беру
бланкілерін, нәтижелерді тіркеу әдістерін
бір қалыпқа келтіру
- стандартизация – алғашқы «шикі» балдарды
көрсеткіштің эмпирикалық мәніне емес,
оның стандартизация таңдау тобындағы
нәтижелер үлестіріміндегі алатын орнына
негізделеген стандартты (статистикалық)
шкалаға ауыстыру. Стандартты шкала қалыпты
үлестірім үлгісіне негізделеді және
2 параметр арқылы сипатталады: орта арифметикалық
мән және стандартты ауытқу. Стандартизация
адамның индивидуалды көрсеткішін таңдау
тобындағы адамдардың көрсеткіштерімен
салыстыруға мүмкіншілік береді. Яғни,
стандартизация арқылы тесттік нормалар
жасалады.
Стандартизация
процедурасы
- Жасалатын, немесе бейімделетін әдістеме
арналған генералды жиынтық анықталады.
- Генералды жиынтықтан репрезентативті
таңдау тобы алынады.
- Тест құрастырылып, репрезентативті
таңдау тобына жүргізіледі
- Алғашқы «шикі» балдар эмпирикалық үлестірім
түрінде келтіріледі
- Эмпирикалық үлестірім қалыпты үлестірмге
сәйкестігі жағынан талданады
- Егер эмпирикалық үлестірім қалыпты
үлестірімге сәйкес келсе, онда сызықтық
стандартизация процедурасы жүргізіледі,
ал егер эмпирикалық үлестірім қалыпты
үлестірімнен басқаша болса, онда сызықтық
емес стандартизация жүргізіледі. Ол үшін
процентильдік нормализация жасалады.
Сызықтық стандартизация
- алғашқы «шикі» балдарды Z – бағалаулар
деп аталатын стандартты шкалаға формула
бойынша ауыстыру. Z=(Хj-X)/SD
Хj
– «шикі» балл
X
– эмпирикалық үлестірім бойынша
орта мән
SD
– стандартты ауытқу
Психодиагностикада
қолданатын стандартты шкалалар: Z – бағалаулар,
Т-шкала,
«Стен» шкаласы, IQ шкаласы.
Сызықтық
емес стандартизация. Егер эмпирикалық
үлестірім қалыпты болмай шықса жүргізіледі.
Ол үшін процентильдік нормализация жасалады:
қалыпты үлестірімдегі топтардың процентильдік
шекараларына сәйкес келетіндей эмпирикалық
үлестірімдегі топтардың процентильдік
шекараларын табу арқылы «шикі» балдарды
стандартты шкалаға ауыстыру. Процентильдік
нормализация қалыпты емес үлестірімді
жасанда түрде қалыпты түрге әкеледі.
Процентильдік
нормализацияның процедурасы.
- Алғашқы «шикі» балдар процентильдерге
ауыстырылады. Процентиль- осы зерттелінуші
алған балға тең немесе төмен бал алған
зерттелінушілердің процентке шаққандағы
саны 2. Процентильдер процентильдердің
қалыпты үлестірім үлгісіне сәйкес сигма-көрсеткіштерге
ауыстырылады.
Сенімділік
Сенімділік – зерттеудің шарттары
өзгергенде , әр түрлі эквивалентті
тапсырмалар жиынтығын қолданған
кезде, әр түрлі уақытта тестті
қайталап жүргізген кезде көрінетін,
тест нәтижелерінің турақтылығы.
Сенімділік тесттің кездейсоқ
факторларға қатысты турақтылығы.
Қаншалықты тест көрсеткіштеріндегі
анықталған жеке дара айырмашылықтарды
«нағыз» айырмашылықтарға жатқызуға,
ал қаншалықты кездейсоқ қателердің
әсеріне жатқызуға болатындығын
сенімділік көрсетеді. Психометрика
тілімен айтқанда сенімділік
өлшемдері жалпы дисперссияның (жалпы
өзгергіштік) қандай бөлігін
қателер дисперссиясы құрайтынын
көрсетеді.
Сенімділік
түрлері.
1.Ретесттік
сенімділік. 2. Тесттің параллельді
формаларының сенімділігі.
3.
Тесттің гомогендігі, немесе тест
тапсырмаларының үйлесімділігі.
Ретесттік
сенімділік – бір таңдау тобында тестті
қайталап жүргізу арқылы, содан кейін
екі тест көрсеткіштері арасындағы корреляция
коэффициентін есептеу арқылы анықталады.
Егер тест интервалды шкала деңгейінде
болса, онда Пирсонның корреляция коэффициенті
қолданылады. Егер тест реттік шкала деңгейінде
болса, онда Спирменнің корреляция коэфициенті
қолданылады. Егер корреляция коэффициенті
0,8 тең немесе жоғары болса, онда тест сенімді
деп қарастырылады. Сенімділік коэфициенті
негізінде «өлшеудің стандартты қатесі»
есептеледі. Өлшеудің стандартты қатесі
неғұрлым аз болса, тесттің сенімділігі
сол ғұрлым жоғары.
Тесттің параллельді
формаларының сенімділігі. Мұнда тесттің
параллельді формалары арсындағы корреляция
есептеледі. Негізінен тесттің параллельді
формалары тестті екі тақ және жуп бөліктерге
бөлу арқылы алынады. Тұтастай тесттің
сенімділігін анықтау үшін Спирмен-Браун
формуласы қолданылады. Осындай сенімділкті
есептеу тек қана тапсырмалары гомогенді
тесттер үшін пайдаланады.
Тесттің гомогендігі,
немесе тест тапсырмаларының үйлесімділігі.
Дихотомиялық жауаптары (ия және жоқ) бар
тесттер үшін қолданылады. Ол үшін бірінші
және екінші тестілеу барысында алынған
нәтижелердің матрицасы жасалады
Тест 1
.
Тест
2
Бұл кестеде А - зерттелінушінің
бірінші және екінші тестілеуде бірдей
«ия» жауаптарының қосындысы. В- зерттелінушінің
бірінші тестілеуде «жоқ» екінші
тестілеуде « ия» жауаптарының қосындысы.
С- зерттелінушінің бірінші тестілеуде
«ия» екінші тестілеуде « жоқ» жауаптарының
қосындысы. Д- зерттелінушінің бірінші
және екінші тестілеуде бірдей «жоқ» жауаптарының
қосындысы. Содан кейін фи коэфициентті
есептеледі. Егер фи коэфициенті 0,5 жоғары
болса, онда тест пунктілері сенімді емес
деп қорытынды жасалады.
Валидтілік.
Тесттің
валидттілігі сенімділіктен жоғары
болмайды. Валидттілік сенімділікке
тең, немесе одан төмен болады.
Валидттілік деген тесттің өлшенетін
қасиеттерді өлшеуге «жарамдылығы»,
яғни өлшенетін қасиеттерге сәйкес
болуы. А.Анастази бойынша валидттілік
деген - өлшенетін жүріс-тұрыс саласына
қатысты тесттің репрезентативтілігі. Валидтіліктің
түрлері: мазмұндық, эмпирикалық, конструктті, инкременталды. Мазмұндық
валидтілік - тест тапсырмаларының
мазмұны өлшенетін психикалық құбылыстарға
сәйкес келуі. Тесттің мазмұндық валидттілігі
сәйкес келетін тапсырмаларды таңдау
арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл валидттілікті
анықтау үшін эксперттер әдісі қолданылады.
Мазмұндық валидттілік қандай да болмасын
тестке қойылатын талап, бірақ негізінен
бұл валидттілік жетістіктер тесттерінде
қолданылады. Эмпирикалық валидтілік – валидттіліктің
сыртқы әлеуметтік-прагматикалық критерийі
мен тест бойынша алынған нәтижелер арасында
корреляция көрсеткіші. Егер ондай корреляция
жоғары болса, тест валидтті деген сөз.
Эмпирикалық влидизацияны жасаған кезде
экстремалды (контраст) топтар әдісі қолданылады.
Ол үшін таңдалған критерий бойынша қарама-қарсы
топтар алынады (мыс. психикалық ауруы
бар және жоқ), оларға тест жүргізіліп
нәтижелері салыстырылады. Таңдалған
критерий тән топ тест бойынша жоғары
бал алады, және керісінше. Егер таңдалған
критерий болашақ оқиға болса, онда бұл
проспективті валидизация, ал өткен шақ
оқиғасы болса, ретроспективті валидизация
деп аталады. Конструктті валидтілік – тесттің
негізінде жатқан психологиялық конструкт
немесе ғылыми түсінікке қатысты тесттің
валидттілігі. Бұл валидттілікті 1955ж.бірінші
рет сипаттаған Кронбах пен Мил болатын.
Конструктті валидттілік өлшенетін психологиялық
қасиет туралы автордың теориялық көқарастарына
тесттің тәуелділігін көрсетеді. Конструктті
валидттілікті орнату үшін өлшенетін
айнымалыны толық сипаттау, басқа теоретикалық
айнымалыларымен байланысы туралы болжам
шығару және осы болжамдарды статистика
жолымен тексеру керек. Конструктті валидттілікті
орнатудың тәсілі: тест нәтижелері басқа
белгілі тесттермен салыстырылады. Теоретикалық
конструкттілері жағынан ұқсас болатын
тесттермен корреляция болса – конвергентті
валидттілік деп аталады. Теоретикалық
конструкттілері жағынан қарама-қарсы
болатын тесттермен корреляция болмаса
– дискриминантті валидттілік деп аталады. Инкременталды
валидтілік – бұл туынды валидтілік,
яғни эмпирикалық валидтіліктің негізінде
анықталады. Бұл валидтілік тестті қолдану
арқылы таңдалған қызметкерлердің әрекеттерінің
нәтижелігі қаншалықты жоғары болатындығын
көрсетеді. Басқаша айтқанда тесттің болжамдық
валидттілігінің өсуін көрсетеді. Инкременталды
валидтілік 3 факторға тәуелді: таңдау
коэфициенті (қабылданатын адамдар саны),
тесттің валидтілігі, базис нормасын
(тестті қолданбай алынған адамдардың
ішінен табысты жұмыс істеп жүрген адамдар
саны). Тесттің валидтілігі не ғұрлым жоғары,
ал таңдау коэфициенті неғұрлым төмен
болса инкременталды валидтілік жоғары
болады. Осылайша тесті қолдану арқылы
болашақта табысты жұмыс істейтін адамдардың
санын анықтауға болады. Ол үшін бізге
Тейлор-Рассел кестесі көмектеседі.
Сұрақтамалардың дәлдігі (достоверность)
Сұрақтамалар
стандартталған өзіндік есеп
беру әдістеріне жатады. Сондықтан
да осындай сұрақтамалар арқылы
алынған мәліметтерге қаншалықты
сенуімізге болады деген сұрақ
пайда болады. Өзіндік есеп беруге
негізделген әдістердің нәтижелеріне
бір неше факторлар әсер етеді,
соларды ескеру керек. Сұрақтамалардың арқылы алынған мәліметтерге
сонымен келесі факторлар әсер етеді:
1. білім факторы, 2. жауап берудің өзіндік
тактикасын таңдау. 3. әлеумет жағынан
жағымды жауап беруге ұмтылу. Білім факторы деген зерттелінуші
тест арқылы қандай психикалық қасиет
анықталатынын алдын ала білуі, немесе
тест жауаптарын алдын ала білуі. Мұндай
жағдайда басқа тест қолдануымыз жөн. Жауап берудің
өзіндік тактикасын таңдау. Кейде
зерттелінуші шынайы жауап берудің орнына
жауап берудің кездейсоқ тактикасын таңдайды:
барлық сұрақтарға «ия» немесе «жоқ »
деп жауап береді, немесе кездейсоқ, ойланбай
жауап береді. Мұндай жағдайда тестке
әдейі бір сұрақ бір неше рет қайталанып,
кішкене өзгертілген түрде қойылады. Немесе
бір сұрақ екі жақты қарама-қарсы түрде
қойылады. Әлеумет жағынан жағымды жауап беруге
ұмтылу. Көп жағдайда адам өзін
жақсы жағынан көрсеткісі келеді, сондықтанда
ол қоғамда қабылданған жағымды қасиеттерін
көрсеткісі келеді. Мысалы, егер сұрақтамада
«Сіз жануарларды жақсы көресіз бе?» деген
сұраққа адам жақсы көрмеседе «ия» деуі
мүмкін, ойткені қоғамда жануарларды жақсы
көру жағымды қасиет ретінде қабылданады.
Осы фактормен күресу жолдары: 1. жауапты
таңдауға мәжбүрлеу. Сұраққа 2 альтернативті
жауап келтіреміз: біреуі-әлеумет жағынан
жағымды, екіншісі - өзіңізге қажетті қасиетті
анықтайтын жауап.2. арнайы қосымша шкалаларды
еңгізу. Мысалы, «өтірік айту шкаласы»,
бұл шкалаға кіретін сұрақтардың әлеуметтік
жағымдылығы жоғары. Егер адам өзін жақсы
жағынан көрсеткісі келсе ол осындай сұрақтарға
келісім береді. Осылайша, бұл шкала бойынша
зерттелінуші жоғары бал жинаса, онда
оның өзін әлеумет жағынан жағымды көрсеткісі
келгендігі анықталады. Өтірік айту шкаласы
арқы сонымен қоса, сұрақтамаға енген
әр бір сұрақтың қаншалықты жағымыд жауап
тудыратынын анықтауға болады. Ол үшін
2 әдіс қолданылады: 1. әр бір пункт бойынша
алынған суммарлық бал мен өтірік айту
шкаласы арсында корреляция есептеледі.
Корреляция жоғары болса, онда пункт жағымды
жауап тудырады деген қорытынды жасалады.
2. нәтижелерді әдейі бұрмалауға әкелетін
нусқау беріледі. Яғни, тест жүргізілетін
таңдау тобына біріншіден дұрыс нусқау
беріледі, содан соң кері, бұрмалаушы нусқау
беріледі. «ал енді тестке өзін жақсы жағынан
көрсеткісі келетін адам тарапынан жауап
беріңіз» дейміз. Содан кейін әр бір сұрақ
бойынша жауаптардың өзгеруін талдаймыз,
ол үшін өзгерістердің тұрақтылығын статистикалық
әдістер арқылы анықтаймыз. Нақтырақ айтқанда
өзгерістердің маңыздылғын Х квадрат
арқылы Макнимар формуласы бойынша есептейміз.
Есептелген Хквадрат эмпирикалық Х квадрат
теоретикалық мәнмен салыстырамыз, егер
Х квадрат эмпириклық мән Х квадрат теоретикалық
мәннен төмен болса, онда өзгерістер мәнді
емес. Яғни, тексерілген тест сұрағының
жағымдылық мөлшері жоғары емес деген
қорытынды жасалады. Сөйтіп, әр пунктің
жағымдылық мөлшерін есептеуге болады.