Психологияның даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 21:04, реферат

Описание работы

Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды.Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзқарасы қалыптасты.

Содержание работы

Психологияның даму тарихы.
Ежелгі психология.
Орта ғасырлардағы жан және сана туралы түсініктер.
XVII-XIX ғ. Психология.
Психологияның тәжірибелік ғылымға айналуы.
Шет психологиясындағы ағымдар(бихевиоризм).

Файлы: 1 файл

ПСИХОЛОГИЯ ДАМУ ТАРИХЫ срс.docx

— 30.17 Кб (Скачать файл)

19 ғасырдың ортасында психологияның  дербес және тәжірбиелік пән  болып тарихи қалыптасуы нәтижесінде  адамның жан дүниесінің сырын әр тарапта зерттеу қызу жүргізіледі. Өмір тіршілігінің мұндай талаптары психилогияның жаңа салалары мен тармақтарының өркен жайып, дамуына қолайлы жағдай тудырды. Осы жағдайлар адамтану ғылымдар арасында психологияның жетекші орын алатындығын айқын аңғартты. Және сол кезеңде бұл пәннің мынандай салаларын өрбіді: экспериментальдік психология, бұл салада қазіргі кезде жалпы психология деп аталады; диференциялды психология, оның негізгі зерттеу обьектісі – адамның даралық ерекшеліктері; балалар мен тәлім тәрбие (педагогикалық психология); жануарлар психологиясы; әлеуметтік және мәдени тарихи даму психологиясы; писхотехника.  Бүгінгі таңда психология пәнінің өрістеп, кеңінен дамуы адамды зерттеп, оның жан дүниесіне тиерең бойлау қажеттілігінің артып отырғандығын көрсетеді.

 

6.Шет психологиясындағы ағымдар(бихевиоризм).

Ғылым білімнің сұранысының дамуына  байланысты, XX ғасырдың басында  сананың интроспективтік психологиясының дағдарысы байқалды. Интроспективтік психология практикалық өңдеуді қажет ететін мәселелерді шеше алмады. Қоғамның қарқынды дамуымен анықталатын тәжірибе сұраныстарын бұрынғы субъективтік  әдістер қанағаттандыра алмады. Жаңа объективтік әдістерді жасау қажет болды.

Психология ғылымының көрнекті тарихшыларының бірі ─ М.Г.Ярошевский сана психологиясының дағдарысына, осыған дейін  Францияда кең таралған невропатология мен психиатрия саласындағы зерттеулер нәтижелері себеп болды деп санайды. Бұл зерттеулер кейде адам психикасында санадан тыс құбылыстар  болатынын көрсетті. Санадан тыс құбылыстар  аумағы клиникалық және эксперименталдық  талдауға түсті. Көлемді зерттеулерді Шарко(1825-1893) жасады. Оның басшылығымен атақты француз психологы  Пьер Жане (1859-1937), психоанализ негізін салушы  Зигмунд Фрейд(1856-1939) жұмыс істей басты. Атақты француз психологы Альфред Бине объективтік әдістерді жасай бастады. Ол балалар ақыл-ойының деңгейін анықтайтын тестілер жасады. Интроспективтік  әдіс, балаларға ұсынылған тапсырмалар  шешімінің  нәтижелерін немесе өнімдерін объективтік  талдаумен салыстырғанда, екінші кезекте болды.

Сонымен, XX ғасырдың басындағы психиканы  эксперименталдық  зерттеулер,  психология ─ сана туралы ғылым ретінде анықталуы мүмкін емес деген тұжырымға әкелді.  

Бұл кезеңдегі психологияның дамуына  Ч.Дарвинның эволюциялық  ілімі үлкен ықпал жасады.бұл ілім мынаны дәлелдеді: психикалық құбылыстарды қоршаған ортадан,тіршілік иесінің бейімделу әрекетінен бөлек қарастыру мүлдем мүмкін емес. Эволюциялық  теория ықпалымен жануарлар психикасы мен  балалар психикасын зерттеу жұмыстары жасала бастады. Бұл зерттеулер интроспекцияны қолдану мүмкіндігін ысырып тастады, адам психикасына генетикалық және салыстырмалы тұрғыдан қарауды бекітті. Осындай әр түрлі ықпалдардың бәрі психологияда жаңа психологиялық теориялар қатарының пайда болғанын көрсетті. Бұл теориялардың өкілдері сана психологиясын психиканың жаңа концепциясымен алмастыруға  немесе толықтыруға тырысты.

Бихевиоризм (ағылш. behaviour - мінез-кұлық ) - тілдің мәні мен кызметін адам организміндегі вербалдық және эмоционалдық әсерлердің сыртқы ортамен қатынасы арқылы түсіндіру. Бихевиоризмнің теориялық негізін салған Л. Блумфилд (АҚШ). Бихевиоризм психологиялық бағыттардың бірі негізінде туған, бірақ психологияның ой-сана жайындағы зерттеулерін мойындамайды. Бихевиоризм дескриптивті лингвистикада (Б. Блок), трансформациялық-генеративтік грамматикада (Н. Хомский)тағы басқа кездеседі. 20 ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт деп те қарастырады. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу обьектісі деп санамайды. Бихевиоризімнің іргесін қалаушы Эдвар Торндайк.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

 

  1. Жалпы психология – Алматы: Білім, 25-30 беттер.
  2. Жан тану оқулығы/ жарықбаев Қ.Б./ 2008. 101-110 беттер.
  3. Тіл білімі терминдерінін түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005.
  4. Ерментаева А. Р. Психологиялық консультация негіздері: Оқу құралы.- Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2002.
  5. Намазбаева Ж. И. Психология. Алматы, 2005.

Информация о работе Психологияның даму тарихы