Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2015 в 19:31, реферат
Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы – аса күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14 – 15 миллиардтай.
Адамның миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ, сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Сананың шығу тегі мен мәні. Сананың философиялық концепциясы
б) Сана қасиеті
в) Адамның қалыптасуында еңбектің ролі
в) Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым-қатынастың ролі
г) Сананың негізгі қасиеттері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қоғамдық өндіріс қажеттілікті қанағаттандыру заттарын жасай отырып, жаңа қажеттіліктерді де туғызды және оларды жетілдіріп те отырды. Тіпті ең қарапайым деген табиғи қажеттіліктің өзі адамға тән сипат алады және әсіресе олардың эстетикалық бейнелену бағытында барған сайын әдетке айнала береді. Адам өзі өлтірген аңның терісіне қанағаттана алмайтын болды, ендігі жерде әр түрлі безендірулермен киім тігіп кие бастады. Ол, сондай-ақ тұратын мекен-жайын, еңбек құралдарын тағы басқаларды да жетілдіре түсті.
Адамның психикалық дамуында алғашқы адамдардың қоғамдық санасында бейнеленген өндірістік қатынастардың маңызы зор болды. Қалыптасып келе жатқан қоғамдық сана өз тарапынан, жеке адамдар санасында өзінің таңбасын қалдырып отырды.
Сананың қалыптасуындағы тіл мен қарым-қатынастың ролі.
Тіл және ойлау
Адамдар арасында таралуға тиісті аппараттардың әр түрлі болуы оның әрқайсысы жекелей белгілі бір затты және әрекетті білдіретіндей жағдайдың болуына алып келді. Белгілі бір объектілер тобы үшін қолданылатын жалпылама белгілер еңбек үдерісіне катысушылардың тануы үшін де жалпылама болуы тиіс еді. Өйткені оларды кабылдау, түсіну үшін оларды көру керек. Ұжымдық еңбекке адамдар бірін-бірі көрмей де катысуы керек болды. Сондықтан әрекеттердің, оқиғалар мен заттардың топтарына олардың жалпылама қасиеттерін көрсете алатындай тіл белгілерінің дыбыстық жүйесі қажет болды. Құбылыстардың тұтас тобына төн жалпы белгілердің (жалпы жүгіру, жалпы үру, жалпы ағаш, жалпы тас) көрініс беруі сол топтағы құбылыстар арасындағы айырмашылықтарды бөліп алу, олардың тәуелділіктері мен байланыстарын қарастыру үтттін ойлау қажеттігі туды. Адам жануарларға қарағанда объективтік дүниені ақыл-оймен бейнелеу және дерексіз ойлау, тіл арқылы түсінеді.Тіл — сананың (ойдың) материалдык көрінісі, негізгі. Тілсіз сана жоқ, ал санасыз адам жоқ.
Ойлау — адам санасының маңызды ерекшелігі.
Ұжымдық еңбектің пайда болуы мен дамуы бір-
Ф. Энгельс сананың қалыптасуында сездің қаншалықты үлкен маңызды роль атқарғанын атап керсеткен болатын. Сірә, адамның еқ бергідегі ата-бабалары психофизикалық жағынан өте жоғары дәрежеде дамығандықтан, басқа жануарларға қарағанда дыбыстық белгілерге көбірек жүгінсе керек. Адам мен питекантроп, неандертальдық және кроманьондық миларының гипстен жасалған үлгілерін салыстырғанда, сейлеу және іс-әрекетпен байланысты, маңдайдың төменгі бороздасының алдыңғы тармағы қазіргі адамдарда бұрынғы тектестерінікінен әлдеқайда артық жетілгендігі анықталған. Олай болуы түсінікті де: қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер ендігі жерде еңбекке бастап қана қоймай, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді. Сөйтіп, ол белгі беру құралынан біртіндеп еңбекті ұйымдастыру құралына айналды. Дыбыс комплекстері ендігі жерде заттарды, әрекеттерді және еңбектің тұтас ситуацияларын белгілей бастайды. Сейлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы революция болды.
Сейлеу белгілері жоғары нерв қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.
Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді. Себебі, сөз нақтылы бір атаудың алуан қырын танымның жалпы шеңберінде қорытып, жинақтап береді. Демек, ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғары сатыдағы жануарлардың пәрменді және нақтылы-бейнелі ойлауынан — өзгеше дерексіз ойлау жетіледі, ал дерексіз ойлау дегеніміз — сананың өзегі.
Марксизм-ленинизм классиктері сөйлеу мен сананы бір-бірінен бөліп қарауға болмайтындығын атап көрсеткен болатын. Сөйлеу, сөз — біздің саналық болмысымыздың формасы — қарым-қатынас шеңберін кеңейте түседі. Қарым-қатынас процесінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Қарым-қатынас жасау — қоғамдық өмір факторы. Қарым-қатынас процесінде психологиялық қауымдастықтар қалыптасады, яғни өз заңдары бар қоғамдық психология пайда болады.
К. Маркс пен Ф. Энгельс: «Индивидтің дамуы ол тікелей немесе жанама түрде қарым-қатынаста болатын барлық басқа индивидтердің дамуымен шарттас айқындалады» — деп жазған болатын.
Совет философы Ю. Қ. Мельвиль: «Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адамдармен қарым-қатынасында ғана пайда болады және дамиды. Ал қарым-қатынас процесінде адамдардың тек өз жеке басының ғана емес, сондай-ақ адамдардың қоғамдық санасы да. қалыптасады»,— деп атап көрсетті.
Сөйлеудің арқасында адамдар өткен ұрпақ тәжірибесін жи-нақтап, сақтап және келер буынға тапсыра алатын болашаққа көз жіберіп, өз ісінің нәтижесін шамалайтын еңбекті, өмірді, әлеуметтік күресті жоспарлай алатын болды.
Сананың негізгі қасиеттері
Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И. П. Павловтың сөзімен айтқанда, «болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлылықты» қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.
Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық, бір-лікте — болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің творчестволық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.
Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. «Бір жерде орын алып отырған қандай да болсын катынас,—деп жазды. К. Маркс пен Ф. Энгельс — мен үшін болып жатады; хайуандар ешнәрсеге де «қатыспайды» және жалпы «қатынас» емес; оның басқа хайуандарға қатынасы дейтін қатынас болмайды».
Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарды интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, өшпенділік, жек көру, жирену түрінде керінеді) сипатта болуы мүмкін. көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді.
Сана адамның творчестволық қабілеттілігінен көрінеді. «Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды»Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол езі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Мәселен, ешкілер грек тауларындағы бұталарды жеп қойып, соның нәтижесінде елдің климатын өзгертті дейді Ф. Энгельс.
Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Творчество адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және космосқа да жол табуына мүмкіндік береді.
Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзің білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.
Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.
Өзіндік сана-сезім
Адамның жануарлардан айырмашылығы — ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.
Өзіндік сана-сезім — сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.
Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғының башайларын қимылдатып та — бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол өзін, өзінің органдары мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата бастайды. Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен өзін танудың нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде (өз органдарының қалыпты жайы мен қимыл-қозғалысын сезіну) өтеді. «Баланың өзін өзі аңғаруынан кейін,— деп жазды И. М. Сеченев,— есейгенде адамның өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен қатар қоя қарауға (салыстыруға) — бір сөзбен айтқанда, өз санасының актін зерттеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана-сезім туады». Күрделі психикалық кұбылыстарды, әсіресе өз басының қасиеттерін танып-білу іс-әрекет және қарым-қатынас процестерінде өтеді. К. Маркс былай деп көрсетті: «адам алдымен айнаға қараған сияқты, басқа адамға қарайды. Павел дейтін адамға өзі сияқты адам деп қарау арқылы Петр дейтін адам өзіне адам деп қарай бастайды».
Қарым-қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-, бірі баға береді. Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады.
Адамның өзін-өзі тануында, оны басқаның бағалауы мен коллективтік бағаның маңызы ерекше. Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады.
Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Өзін-өзі тану — адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп-білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі. Жанама таным неғұрлым күрделірек тікелей танымның алғашқы сатысы іспетті.
И.М.Сеченев. Таңдамалы философиялық және психологиялық шығармалары. М., Мемлекеттік саяси баспа.
Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы. Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып, жұмысқа жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып, өз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы өз мінез-кұлқын бағалау арқылы адам өз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып, біледі. Жанама танымда өзін-өзі зерттеп жүрген жеке адамға айналасындағылардың өзі жайындағы көзқарасын талдаудың да маңызы зор. Жақын адамдардың, қызметтес жолдастардың объективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуіңе көмектеседі.
Өз басыңның қасиеттеріне берген өз бағаң мен басқа жұрттың бағасын салыстыру да маңызды. Ол өз танымының өзгелердің ойымен бірдей шығу-шықпауын, өзін-өзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Есім. Қазақ философиясының тарихы.
2.Ғ.Есім. Фәлсәфа тарихы. Алматы,1998
3.Ә.Нысанбаев.Т.Әбжанов. Қысқаша философия тарихы. Алматы,1999