Шығармашылыққа қабілет пен шығармашылықпен ойлау психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 22:59, творческая работа

Описание работы

Шығармашылық - бүкіл болмыстың , қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда тіршіліктің көзі. Табиғат, қоғам құбылыстарyда, жеке адамның ақыл санасында, іс әрекетінде, ішкі жан дүниесінде бәрінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Және ол процесс бей берекет, жүйесіз жүрмейді, белгілі бір табиғи заңдылықтармен, табиғи жүйемен дамиды. Табиғат ішкі шығармашылық процестерді өзі басқарады

Файлы: 1 файл

семинар 12.pptx

— 171.29 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

 

 

Тақырыбы: “Шығармашылыққа қабілет пен  шығармашылықпен ойлау психологиясы”

 

 

 

 

Алматы 2012ж

Шығармашылық - бүкіл болмыстың , қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда тіршіліктің көзі. Табиғат, қоғам құбылыстарyда, жеке адамның ақыл санасында, іс әрекетінде, ішкі жан дүниесінде бәрінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Және ол процесс бей берекет, жүйесіз жүрмейді, белгілі бір табиғи заңдылықтармен, табиғи жүйемен дамиды. Табиғат ішкі шығармашылық процестерді өзі басқарады

 

 

Қазақтың белгілі психологы Қ. Жарықбаев “Ойлау – тек адамдарға ғана тəн психикалық процесс”, - деген еді. Ғалым ойлау мен сөйлеуді

байланыстырып, сөз бен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білгенін

екіншісі біліп, ақыл – ойын молайта түсетінін айтқан: “Ой – сыртқы дүниені

бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін

құрал”

Қ.Жарықбаевтің ойлау туралы анықтамасымен бірге, Қоянбаевтар да

өздерінің “Педагогика” атты еңбегінде ойлауға мынадай анықтама береді:

“Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды

бейнелейтін психикалық процесті айтады”

Ал Д.В.Ивлев, Ж.Пиаже, Н.Ахта еңбектерін сараптай отырып, психологияда ойлау түрлері мен оларды топтастыру бірнеше бағытта жүзеге асатынын тұжырымдауға болады:

өз кезең, кезегімен өрістей дамыған ойлау жəне қарқынды, кезеңдері қайталанбаған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау;

шешілуі қажет мəселенің қайталанбастығы мен жаңалығына орай шығармашылық ойлау

Шығармашылық ойлау жаңа идеяларды туындатуға бағытталады, оның нəтижесінде қандай да мəселенің, проблеманың саны, қайталанбас шешімі табылады. Шығармашылық ойлаудың барысында танымдық іс - əрекеттің төркініне, ішкі мəн – мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой – пікір құрылымдары пайда болады.

Шығармашылық ойдың дамуына кедергі болатын факторлар шектен тыс сыншылдық, шешім іздеудегі асығыстық, ішкі шек қоюшылық яғни цензура,

ескі білімдерді қолдануға əуесқойлық, сырт көзге мазаң болу қаупінен

туындаған тартыншақтық.

Шығармашылық ойлау қабілеті баланың өз бетінше жаңа бір бейне

құруымен сипатталады, яғни іс - əрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір

көрінісін байқатқан жағдаймен  түсіндіріледі.

Шығармашылық  ойлау - өте күрделі психологиялық үрдіс, ол адамға ғана тəн.

    • Педагогтың міндеті – рухы мықты, жан дүниесі бай, жан – жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру. Жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығар-машылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда өмірде өз жолын өзі таңдауына түрткі болу – ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы абыройлы борышы. Педагогикалық іс - әрекеттің күрделілігін – қабілет құрылымының күрделілігі анықтайды.

 Қабілет құрылымы

жеке тұлғаның бағыттылығы, жеке тұлға қабілетінің дамуы

субьектінің психологиялық қасиеттері, нышандары ретінде

бағыттылықты қамтитын тұлғалық қасиеттер

жеке тұлғалық және кәсіби жоспарда өзін -өзі оқытуға даярлығы

кәсіби-педагогикалық және пәндік білімдер мен іскерліктер

ойлаудың өз бетінше және шығармашылық қалыбы

тапқырлық немесе шапшаң және дәл бағдарлану

мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілеттері

 

Оқушыларға білімдерді қысқа және қызықты формада беру қабілеті

бақылымпаздыққа сүйенетін

оқушыларды түсіну қабілеті

 

Левитов негізгі педагогикалық қабілеттер ретінде:

Осы алты негізгі қабілеттер мазмұнын дамыта және жете қарастыра отырып Ф.Н. Гоноболин он екі қабілетті атайды, оларды біріктіре отырып келесі топтарды алуға болады. Оқу материалын оқушыларға қол жеткілікті қылу қабілеті және оқу материалын өмірмен байланыстыру қабілеті екеуі бірігіп өзіндік бір дидактикалық қабілеттер тобын құрайды, олар білімдерді неғұрлым қысқа және қызықты формада беру деген жалпы қабілетпен байланыстырылады. Педагогтың оқушыны түсінуі, балаларға деген қызығушылық, жұмыстағы шығармашылық, балаларға қатысты бақы-лымпаздық – бұл адамның рефлексивті –гностикалық қабілеттерімен байланысты қабілеттердің екінші тобы. Оқушыларға педагогикалық еріктік әсер ету, педа-гогикалық талап қоюшылық, педаго-гикалық әдеп, оқушылар ұжымын ұйымдастыра алу қабілеті – бұл қазір атап жүргендей интерактивті- коммуникативті қабілеттер. Қабілеттердің аса маңызды төртінші тобы – педагог тілінің мазмұндылығын, ашықтығын, бейнелілігін және сенімділігін сипаттайтын қабілеттерді қамтиды.

Дидактикалық қабілеттер – оқушыларға оқу материалын неғұрлым ұғынықты етіп беру қабілеті

Академиялық қабілеттер –ол үнемі өз ғылымындағы жаңалықтарды бақылып жүреді, материалды абсолютті еркін игереді,

Перцептивті қабілеттер – оқушының, тәрбиеленушінің ішкі дүниесіне ене білу қабілеті,

Авторитарлық қабілет – оқушыларға тікелей эмоционалды ,еркін әсер ету қабілеті 

Ұйымдастырушылық қабілеттер –  оқушылар ұжымын ұйымдастыру қабілеті

Тілдік қабілеттер - өз ойларын мимика және пантомимика көмегімен білдіре алу қабілеті

Коммуникативтік қабілеттер – балалармен қарым –қатынас жасау қабілеті

Зейінді бір мезгілде бірнеше іс -әрекетттерге тарату қабілеті-тәртіп бұзуды байқап отырады

Педагогикалық қиял немесе болжам жасау қабілеттері - өз әрекетінің іскерлігінен көрінеді.

 

  
 
 
Педагогикалық қабілеттерді В.А. Крутецкий көрсетіп, оларға сәйкес жалпы анықтамалар береді:  
 

    • Қорытындылай айтсақ, қабілетті, дарынды, шығармашыл адам әрқашан индивидуалдылық деп есептеледі. Педагогтың индивидуалдылығының қалыптасуы баланың жеке тұлғасын шығармашылық тұрғыдан тәрбиелеуге жағдай жасайды. Педагогикалық іс - әрекеттің индивидуалды стилінің белгілері оның қабілетінен, темпераменттен, оқыту әдістерін таңдаудан, тәрбие құралдарын таңдаудан, педагогикалық қарым –қатынас жасау стилінен, мінез –құлық мәнерінен, оқушыға психологиялық – педагогикалық әсер ету құралдарын қолданудан көрінеді. Әртүрлі индивидуалдылықты меңгерген мұғалімдер көптеген оқыту және тәрбиелеу міндеттерінің ішінен тек бірін ғана таңдап алып, бірақ оны түрліше жүзеге асырады. Мұғалім басқа педагогтың педагогикалық тәжірибесін көшірмеуі тиіс. Мұғалім әрқашан өз- өзімен яғни айқын педагог болып қалуы тиіс. Бұл балаларды тәрбиелеу және оқытудың тиімділігін жоғарылатады.

 

 

Дайындағандар:

Утепбаева А.А.

Елеусизкызы М.

Адасханова Ж.

Еслакова А.

Назарларыңызға  рахмет!


Информация о работе Шығармашылыққа қабілет пен шығармашылықпен ойлау психологиясы