Сөйлеу мен ойлау эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 15:06, реферат

Описание работы

Алғашқы қауымдық қоғам эволюциясының көптеген проблемаларының ішінде тіл эволюциясының құрылу үрдісі - ең негізгілердің бірі. Австралопитектер, питекантроптар мен неандерталдықтардың қауымдастықтарындағы өзара қатынас құралдарын анықтайтын ешқандай құжаттар мен дәлелдемелер жоқ. Адамның ойлауының пайда болуы мен дамуы жөнінде де ешқандай мәлімет жоқ. Шын мәнінде барлық мәлімет қосымша сипатта, сондықтан біз бұл мәліметі тек шартты түрде ғана қабылдауымыз керек.
Адамның ойлау қабілеті қоғамдық ортаға тіл арқылы шығарылады. Тіл болмаса ешқандай ой да, ойлау үрдісі де болмайды. Жалпы алғанда, тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты үрдіс және ол коллективтік бірлескен еңбек үрдісін қалыптастыратын құрал болып табылады.

Файлы: 1 файл

СРС психология.docx

— 192.60 Кб (Скачать файл)
   

Сөйлеу мен ойлау эволюциясы

   

4.4.Сөйлеу мен ойлау эволюциясы  
Өздерінің дауыс ырғақтарымен сөз мәнерлерімен өз тыңдаушыларында керемет эмоцияларын қоздыратын музыканттар, әншілер немесе шешендер баяғы замандарда жартылай адам қалыпты болған бабаларының бір-бірімен тайталасу немесе көңілінен шығу үшін қолданған әдестерін пайдаланғалы жүргенін сезіп те, біліп те жүрген жоқ.  
Ч.Дарвин  
Алғашқы қауымдық қоғам эволюциясының көптеген проблемаларының ішінде тіл эволюциясының құрылу үрдісі - ең негізгілердің бірі. Австралопитектер, питекантроптар мен неандерталдықтардың қауымдастықтарындағы өзара қатынас құралдарын анықтайтын ешқандай құжаттар мен дәлелдемелер жоқ. Адамның ойлауының пайда болуы мен дамуы жөнінде де ешқандай мәлімет жоқ. Шын мәнінде барлық мәлімет қосымша сипатта, сондықтан біз бұл мәліметі тек шартты түрде ғана қабылдауымыз керек.  
Адамның ойлау қабілеті қоғамдық ортаға тіл арқылы шығарылады. Тіл болмаса ешқандай ой да, ойлау үрдісі де болмайды. Жалпы алғанда, тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты үрдіс және ол коллективтік бірлескен еңбек үрдісін қалыптастыратын құрал болып табылады.  
Барлық маймылдар, олардың ішінде адам тәріздестері де вокалданған жануарлар, олар үшін дыбыс шығару табиғи құбылыс. Бұл вокалдануда дыбыстардың екі түрі немесе дыбыстардың екі негізгі тобы болады. Осылардың ішіне қорқыныш, ашулану, т.б. сезімдерді білдіретін дыбыстар (олар әртүрлі жануарларда 20-дан 30-ға дейін болады). Сондай – ақ тіршілік шулары деп аталатын, маймылдардың үнемі шығаратын дыбыстары және олардың эмоционалдық күйлерімен байланысты дыбыстар.  
Бұл айтылған жағдайлардың барлығы негізгі емес қосымша дәлелдемелер болғанымен, ертедегі гоминидтердің дыбыс коммуникацияларының әлсіз де болса алғашқы бастамалары болып саналатын дыбыстар шығара білгендіктерін дәлелдейді. Ертедегі гоминидтер аң аулау кезінде дыбыс шығарып аңды үркіте алмаған.  
Сөз жүйесінің алғашқы бастамасы қалыптасып келе жатқан қоғамдық және еңбек қатынастарының дамуына қызмет етуі қажет еді. Сөз дамып келе жатқан ойлау үрдісінің барлық функцияларын жүзеге асырып оның сыртқы көрінісін бейнелеуі қажет болды. Көптеген лингвистердің пікірі бойынша, ең алдымен, белгілі бір іс-әрекетті түйсіну, яғни тілдің дамуында бірінші етістіктіктің түбірлері пайда болды. Сол сияқты, сөздер ғылымда ортақ еңбек үрдісінде атқарылған жұмыстар кезіндегі айтылған дыбыстардан құралған деген гипотеза пайда болды. Бұл гипотеза бойынша, алдымен етістіктердің іс-әрекеттің белгілі бір түріне сәйкес болатын түбірі пайда болған да, кейіннен сөз бен сөйлемдердің басқа мүшелері пайда болған. Неміс антропологы М.Мюллердің гипотезасының мәні осылай еді. Дәл осындай жолмен қоғамдық еңбек үрдісінде бірте-бірте ақыл-ой қалыптасқан болуы керек.  
Сонымен қатар, іс-әрекетке қарағанда, объектіні айқындап белгілеу маңыздырақ. Олай болса, зат есімдік түбір, аз мөлшерде болса да, етістіктік номинациямен қатар қалыптасуы қажет болды. Лексиканың құрамын анықтау қиындау – оның гоминидтерде қорек ретінде пайдаланған өсімдіктердің, аулаған аңдарының, еңбек құралдарының аттары, жақын туыстық қатынастарының аталуы сияқты немесе аз ғана қажетті етістіктер жиынтығы болуы мүмкін екендігін жорамалдауға болады. Осы лексиканы пайдалану нәтижесінде белгілі бір іс-әрекеттердің бағытын білдіретін сөздер пайда болуы мүмкін. Алғашқы қоғамдағы ойлаудың жүйелі болмауы, түсініктердің кең мағынасын білдіре алған жоқ. Дегенмен, бірте-бірте тілдің сөздік құрамы ұлғайып, оның операциялық аумағы, яғни тілдің белгілі түсініктер арасындағы қатынастарды неғұрлым дәлірек білдіретін бөлігі дамып, жетіле түскендігін сенімді айтуға болады. Мустьерлік кезеңнің өзінде-ақ идеологияның алғашқы белгілері пайда болып, тілдің одан әрі байи түсуіне жағдай жасалды. Ең соңында, жалпыға бірдей түсінік бойынша, қазіргі заманғы адам түрінің пайда болуына байланысты тілдің дамуы ең жоғары деңгейіне жетіп, оның бүкіл әлем тілдерінің барлығына тән құрылымы түзіліп, қалыптасты.  
Ертедегі аңшы, балықшылардың, т.б. бір кездері өте шектеулі болып есептелген лексиконының мұқият зерттеуден кейін өте кең ауқымды екендігі анықталды (Австралиялық аборигендерінің өздерінде ақ – 10 мыңнан аса сөз, яғни кез келген европалық тілдерден әлдеқайда көп). Грамматикаға байланысты да дәл осыны айтуға болады. Бір ғана етістіктің түрлерінің саны бірнеше жүзге дейін жететінін көптеп кездестіруге болады. Көптеген қарапайым тілдердің тағы бір ерекшелігі – олардың синтаксистерінің жеткіліксіз дамуы. Алайда, бұл мәдени даму деңгейінің төмендігін білдіреді деп тұжырымдау қиын. Өйткені, тіпті ең жоғары дамыған елдер халықтарының ауызша тілінде жеке сөз тіркестері жазба тілге қарағанда өте қысқа болып келеді. ХХ ғасырдың басында бір белгілі ғалым - лингвист Германиядағы бір кирханың сөздік қорын зерттеп, бір жыл ішіндегі олардың әртүрлі тіршілік жағдайларында пайдаланатын сөздерінің жалпы саны 400-ден аспайтынын анықтады.  
Адамдарда түсінікті сөз сөйлеудің қалыптасуы адамды жануарлардан ажыратудың негізгі де шешуші үрдіс болды. Өйткені, сөздің пайда болуының нәтижесінде жануарларда жоқ түрлі функцияларды атқаратын адам миының үлкен жарты шарлары түбегейлі өзгерді. Бас миының әрбір жарты шарларының ерекшеленіп мамандануы жөнінде көптеген ғалымдар, америкалық нейрофизиологтар Р.У.Спери, Дж.Е.Боген, және М.С.Газзанигалар қыруар ғылыми жұмыстар жасады. Ең алдымен адамның сол көзі мидың оң жарты шарымен, ал оң көзі сол жарты шармен байланысты екендігі дәлелденді. Осыған қоса сол жақ жарты шар рационалдық қызметке де жауап беретіндігі анықталды. Ол есептеу, сөз сөйлеу, ережелер мен түрлі үрдістерді есте сақтаумен тікелей байланысты. Оң жақ жарты шар эмоцияларды басқарады. Ол дыбыстар, музыка, ерлер мен әйелдер дауыстарын ажырата білуге мүмкіндік береді. Осы екі жартышарлардың бірі зақымданған жағдайларда бұндай адамдардың екеуі бір-бірінен тіпті өзгеше екі түрлі болмыстағы индивид болып көрінеді.  
Мидың үлкен жартышарларының функционалдық ерекшеленуі тұқым қуаламайды және адамның жаңа туылған кезінде байқалмайды. Алайда кейбір ғалымдардың пікірінше, адамның тез сөйлеп үйрену қабілетін қамтамасыз ететін тұқым қуалайтын механизмдер болуы мүмкін. Жануарлар миының үлкен жарты шарларының қабығы функционалдық жағынан жіктелмеген. Кейбір ғалымдар, адам мен жануарлар арасында тек сандық ерекшеліктер ғана бар деп тұжырымдайды. Дегенмен, бұл пікірді жоққа шығаратын фактілердің бірі маймылдарды сөйлеуге үйретудің ешқандай оң нәтиже бермегендігі. Жануарлар шығаратын түрлі дыбыстар тек қана белгілі бір хабарды ғана білдіріп, мидың қабық асты бөлігі арқылы басқарылады. лкен жарты шарларының қабығы алынып тасталынуы бұл қасиетке ешқандай әсер етпейді.  
Бірақ ғалымдардың көпшілігі адамда сөйлеу қасиетіне жауап беретін тұқым қуалаушылық механизмдердің бар екендігі жөніндегі пікірге қарсы. Бұл түсінікті де, себебі, тіл- эволюция нәтижесінде пайда болған және әлеуметтік қарым-қатынастар арқасында дамыған құбылыс. Оның үстіне, сөйлеу мен ойлау үрдістері эволюциясының негізгі факторларының бірі адамның әлеуметтік-еліктеу қабілеті деп саналады. Еліктеу мен ойлау қабілетінің негіздері адамның балалық шағында (5-6 жасында) қалыптасады. Бұдан кейінгі кезеңдерде қалыптасып біткен адам баласынан толыққанды қоғам мүшесін жасау өте қиын. Бұған аңдар арасында өскен балалар туралы мысалдар дәлел бола алады. Сәби кездерінде аңдар арасында өскен балалар (Мауглидің әдеби прототипі), кейіннен адамзат қоғамында ары қарай тәрбиеленгенмен, сөйлеуді де, тіпті дұрыс жүруді де үйрене алмады. Маугли қасқырлардың интеллектуалдық деңгейінде қалып қояды. Екінші бір адам баласы (Тарзан) маймылдар арасында өсіп кейін сөйлеуді де, адам сияқты жүруді де үйрене алмаған. Сондықтан, адам туралы қазіргі заманғы мәліметтерге сүйене отырып, тіл мен ойлаудың негізі адамның әлеуметтік-еліктеуші қызметі деуге болады.  
Тіл қарым-қатынас түрі ретінде адамның биологиялық эволюциясын жылдамдатқан шешуші фактор болды. Оның әсері денені тік ұстау факторынан да маңызды болып саналады. Тілсіз эволюцияда аса маңызды жетістіктердің таралуы өте жай болған болар еді. Барлық әлеуметтік жүйелер бір – бірімен хабарлау арқылы байланысады. Тіл жан-жақты байытылған ондаған ғасырлық тәжірибенің - дін, философия, ғылым, өнер және де басқа түйсік формаларының шынайы ағымы болып табылады. Бірақ бұл тәжірибе барлық тірі жүйелерге тән тұқым қуалаушылық механизмдер арқылы ұрпақтан ұрпаққа берілмейді. Ол - алмасып отырған адам баласы ұрпақтарының жасаған капиталы мен өндіргіш күштерінің капиталы ретінде тұқым қуалау үрдісінде сақталады.  
Қазіргі кезде, көпшілік мойындаған көзқарас бойынша, алғашқы қауымдық қоғамдағы тілдің жағдайы алғашқы қауымдық лингвистикалық үздіксіздік арқылы сипатталады. Бұндай жағдай алғашқы қауымдағы төменгі аң аулаушылар, балық аулаушылар, т.б. қоғамдарында байқалып, әсіресе Австралия аборигендерінде жақсы зерттелді. Оларда толып жатқан тілдер мен олардың варианттары – диалектілер көп болды. Егер бір-бірінен салыстырмалы түрде алыс тұрған тілдер бірқатар ерекшеліктері арқылы ажыратылса, ал көршілес тілдер өзара түсінушілік жағынан бір-біріне жақын болды. Бұл жерде ерекше бір спектр бар сияқты: ондағы бояулар түрліше болғанымен, дискретті емес, бірі екіншісіне біртіндеп ауысып отырады. Бұндай жағдай бастапқы тілдердің жіктелуіне ғана емес, түйісу аймақтарындағы бір-бірімен өзара әсер етулеріне байланысты қалыптасты. Бұл өзара әсерлерде топ аралық байланыстардың рөлі де ерекше болды.  
Алғашқы тілдің негізгі жиынтықтары төмендегідей болған деген жорамалдар бар. Евразияның, сондай ақ Солтүстік және Шығыс Африканың жекелеген аймақтарындағы тілдердің көп бөлігінің Алдыңғы Азияның орталығының ностратикалық жиынтығы болды. Азияның қалған территориясында Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азияның орталық бөлігімен сино - тибет және аустриялық жиынтықтарын құрайды деп жорамалдайды; екінші бір гипотеза бойынша, аустриялық жиынтық басқа бірнеше жиынтықтардан құралған. Тропикалық Африкада Ніл мен Нигер аралығындағы орталықтан құралған конго - сахара немесе зинджа жиынтығы қалыптасқан. Австралияда ортақ бағы тілдік жағдай болғаны анықталған, бірақ оның сыртқы неден көзі құралғаны ғылымға белгісіз. Америкада кейбір индей бағы тілдердің көне әлем тіл жиынтықтарымен байланысы жөнінде пікірлер бар.  
Әдетте, тіл бойынша жалпылық, этникалық жалпылықтармен, яғни ортақ мәдениеттегі (тілді де есептегенде) адамдар жиынтығымен байланысты.  
Тіл - ұлттың қасиеті, қарым-қатынас құралы. Бүгінгі таңда үш мыңнан аса тіл бар. Бірақ техника мен байланыс құралдарының дамуына байланысты тілдер арасындағы шектер жіңішкеріп бара жатыр деуге болады. Қазірдің өзінде әрбір ұлттың тілінде “бөтен” сөздер өте көп. Ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерімен бірге әлемде жаңа терминдер көптеп пайда болып, ұлттар арасындағы сөздік алмасулар көбейіп отыр. Келешектегі адамзат қоғамында әлемдік цивилизацияда негізгі болып саналатын ұлттардың тілі негізінде құралған бір немесе бірнеше тіл болуы мүмкін. Мүмкін олар ағылшын, испан, қытай, урду және хинди тілдері болуы мүмкін.



 

 

Ойлау және оның балалық шақта дамуы. Бүгінгі мәселе – ойлау жәнс оның дамуы. Біз бұл мәселеге қатысты теориялық көзқарастарды талдай отырып, оларды белгілі жүйемен іздестіруді шолу жасаумен бастайық. 
 
Психологияда ойлауға байланысты өзекті мәселелерді өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігі бұл лекцияның негізгі мақсаты болуға тиіс. Біздер әр уақьпта бірінші орынға ойлаудың тарихи дамуын қойьш, бұл мәселені ассоциация психологиясының тәжрибе жүзіндегі зерттеулері арқылы қай бағытта және оларды қалайша шешкендіктерін сіздерге мүмкіндігінше толық баяндап беруді басты міндетім деп санаймын. Ассоциация психологиясы осы орайда зор қиындықтарға душар болды: бұл психология тұрғысынан ойлаудың мақсаты мен бағдарының дамуын ғылым тұрғыдан алып баяндап беру оп-оңай мәселе емес-ті. Ассоциациялық байланыстардың мәні бойынша белгілі бір түсінік өзге жағдайларды тудырады. Сондай-ақ мұндай түсініктердің туындауы араластық немесе мезгілдік жағдаяттарға барып ұшырасады. Солай болғанымен де ойлау бағыт-тылығы нендей түсініктердеі пайда болады? дейтін сауал біздерді ойландыра түседі. Ассоциациялық байланыстардың түсініктерінен туындайтын ой жүйесін ойлаудың даму жолын қалай түсіндіре аламыз? Адамның ойлауы бойынша алға қойған міндеттерді қалай шешеміз? Ассоциациялық байланыстардың тізбегі арқылы және адамның қарапайым ойлау әрекеттері нәтижесінде қажетті мәселелер түйінін дұрыс шеше аламыз ба? Мұндай сұрақтарға ассоциация психологиясы қосымша ұғым-түсініктерді пайдаланғанымен тәжірибе жүзінде айқын жауап бере алмады.

Дегенмен ассоциацня психологиясының өкілдері ойлаудың негізгі мақсаты мен қисынды жүйесін тәжірибе жүзінде жаңа ұғымды қолдана отырып, қалайда түсіндіріп беруді қолға алып, өздерінше тырмысып бақты. Олар ғылымға қажырлылык (латын -тілінде – персеверация – қажырлылық, табандылық) деген ұғымды ендірді. Соның көмегімен ойлау әрекеттерін ассоциация (принциптеріне сүйеніп шешуді мақсат етті. Бұл ұғымның мәні мұнадай: ассоциация психологгарының айтуынша біздің санамызда ассоциациялық бағытпен бірге, оған қарсы тұратын бағдар да бар. Сол бағдар адам санасында ірге теуіп бекиді. Егер мұндай бағдар өзге бағдармен ығыстырылатын болса, онда олардың өзара байланысты нәтижесінде қажырлылық пен табандылық көрсететін бағдар пайда болады. Ассоциация принциптеріне орай ол бұрынғы өз орнына барып жайғасады деген дәйек келтіреді.

Тәжірибе жү ргізген бірсыпыра авторлар біздерге қажетті болған түсініктерді, атап айтқанда, осындай қажырлы бағытты иісті орнында қолданып, ойымыз бен іс-әрекеітерімізді онан әрі арай өрістетіп отыруға мәжбүрміз дейді.

Сол кездегі психолог мамандар ойлауды дамытуда ассоциация бағыты және қажырлылык бағдар өзара бірігіп қолда-нылатындырын өздерінше түсіндірді. Сол кездегі мұндай пікірді қызу қолдаған ғалым Г.Эббингауз еді. Оя ойлауға өзінше анықтама бере отырып, бұл процесс адамның тұрақты идеясы және құйын мен идеялык шабысы арасындағы құбылыс деп бағалады.

Адам ойының құрамы ‘әрі оның ажырамас қасиеті идея санадары тегеурінді (персеверациялы) мүлде, адам ондай ойдан тіптен арыла алмайды дейді. Ондай мүлде мен идея сананың төрінен орын альш орнығады да, олардан қашсаң да құтылу қиын деп ой түйеді. Шындығында ойлаудағы күйын және шабыс деген түсшіктер сананың қалыпты жағдайынан ауытқып, сырқат күйге ұшырауы емес пе. Ойлау үнемі бір орында, бір қалыпты тапжылмай тұра бере ме, әлде ол дамыл, өзгерістерге ұшырай ма? Осы сұрақтың өзі-ақ ойлаудың біраз сыр-сипатын аңғартса керек. Ойлаудағы күйын мен шабыс жайыңдағы Эббингауз бен оның пікірлестерінің бағытын біздер ассоциация психологаясының шарықтау шегіне жеткен көрініс деп атаймыз. Бірақ психологияның дамуына бұл бағыт салмақты үлес қосты деп айта алмаймыз.

Дегенмен, Эббингауз өзінің көзқарасын қорғау ниетімеі бірнеше мысалдар келтіреді. Онын мұндай мысалдары бір жағынан қарағанда қарапайым болып көрінеді де, ал екінш жағынан алғанда жігі жабыса қоймайтын дерекіліктері бірден көзге түседі. Эббингауз былай деп жазды: Сіз өртенеп жатқан үйдің жабык бөлмесінде қалып қойған адамды көз алдыңызға елестетіңіз және ондай қатерлі жағдайдан құтылу жолын қарастырыңыз. Сол адам осындай хауіпті жағдайда өзін қалай ұстай алар еді, ол қандай күйде болады? Ондай адамның ойы бір жағынан өкпесі алқынып, өз ойымен өзі әуреленіп далбалақта; жүгіріп келе жатқан ауру адамның кейпін еске түсіреді емес пе. Ол есігі жабық қалған бөлмеде өрттен кұтылу айласын іздес тіріп, терезе мен есік арасында ары-бері жүгіріп алақтайды, әлде бір сырттан көмек бола ма екен деп үміттенеді, оған шыдамы жетпесе, онда ол терезеден, қандай хауіпті болса да, сыртқа секіріп түсуге мәжбүр болады.

Осындай қауіпті жағдайда оның ойы дегбірсізденіп жай тап-пай бір нәрседен екінші нәрсеге секірмелі күйге түседі. А екінші жағынан алғанда, оның құқындағы мұндай қауіпті жағдайға қарсы тұратын қажыры мен табандылығы санасына саңлак түсіріп, денесін қыздырып бара жатқан оттан аман-есе құтылудың айла-шарқын іздейді. Ойлау әрекеті адамда сабырлы сезім тудырып, қауіпті жаұдайға қарсы тұрса, онда бұл табандылық пен қажырлылық көрінісі. Біздің сөз етіп отырған мәселемізге қатысты ойлау қасиеті. Мұның бәрі ассоциациялық байланыстардын жемісі, ол өзіне-өзі қарама-қарсы ассоциация тудырадьі.

Осы айтылған ойлаудағы екі түрлі бағыттың шашырап жайлауы салдарынан туындайтын адам ойлауының ерекшеліктерін Эббингауз ауру адамның тек жабысқақ ой және ол адам идеясынын шабысы сииатыңда болады деп түсіндіреді.

Адам ойлауынлағы мұнда екі түрді ерекшеліктің екеуі де саналы әрекет болып саналғанымен, олардың шашыраңқы жағдайында адамнын бойын ашу-ыза кернеп, есалаңдатып жібереді дейді. Баланың даму процесінде мұндай көрініс оның белгілі бір затқа, іске шүйіліп, оларды қызықтау әрекеттерімен байланысты, сөйтіп оның табандылығы мен қажырлылығы аркасында әрбір іске деген құлшынысы сәблік кезеңнен басталады. Алайда баланың ойлауындағы мұндай әрекеттер, ересек адамдардың істерінен айырмашылығы, олардың өзара байланысы жоқ жүйесіз сипата болады.

Сонмен ассоциация психологиясы балалар ойлауының амуындары басты бағыт ассоциациялық және қажырлылық принциптері негізіңде өзара тығыз ұштасып, бірімен-бірі біте айнасып жататым қасиеттері деп санады.

Алайда мүңдай тұжырымның дәрменсіз екендігін бүдан ылайғы кездерде жүргізілген тәжірибелер аркылы аныктап, ой-ау туралы ассоциация психологияеынын негізгі жүйесін сақтап алу ниетімен соңғы рет теориялық көзқарастың іргесі қаланды. Бұл көзқарасты тұжырымдаран немістің психологі Н.Ах болды.

Ахтың ойлауға арналған алғашкы зерттеулерінде ассоциация мен қажырлылық бағыттары тұрғысынан бұл процеске берген түсініктерді жеткіліксіз деп тапқаны мәлім. Өйткені бүл а бағыт та ойлаудың ақылмен байланысты болатындығын жете түсіндіре алмады және ассоциациялық байланыстардың өздері де жан-жақты болатындығы ескерілмеді. Соның салдарынан мұндай көзқарастар сәтсіздікке ұшырап, балалардың ойлауын зерттсу мынадай үш түрлі арнаға бөлініп кетті.

Оның бір арнасы – қазіргі бихевиоризм. Бұл арна негізінен бұрынғы ілімді жоққа шығарады. Бұл арнаны Д.Уотсон және оның жақтастары негіздеген теорияны басшылыққа алады. Ойлау процесі бұл теория бойынша алғашқы қозғалыстардың қарапайым ассоциациялармен алмасуы бастапқы сипатта, не ашық түрінде көрінеді. Уотсон теориясы мұндай пікірді аяғына дейін жеткізу мақсатымен ассоциациялық және қажырлылық бағыттарын біріктіре отырып, оны байқап көру мен қателесу теориясына әкеп тіреді. Мұндай теория бастапқы кезінде жәндіктердің қылығының шиеленісті жағдайларда қандай болатындығын түсіндіру үшін қолданылған болатын. Бұл теория бойынша жәндіктер психологиясында әр алуан әрекеттер жасауының әдіс-тәсілдерін байқап көруі мен қателесуі адамдардың. белгілі бір мәселені шешудегі, Эббингауз айтқандай, болжамы сипатында болып отыратындырын көрсетеді.

Сонымен бұл арнадары теорияны қолдаушылардың көрнекі өкілі айткандай, қарапайым кимыл-қозралыстар жасау нәтижесінде ақылға қонымды әрекеттін. іске асуын ассоциация принциптерімен ұштастыра отырып түсіндіруде дейді. Мәселенін мұндай бағытта шешілуі. Колумбінің жұмыртұамен байланысты жұмбақ мәселені шешкеніне үқсас дейді. Мәселенің мұндай әдістермен щешілуін практикалық маңызы зор деп бағалағанымызбен, оның барлық тетігі байқап көру мен қателесу әдісінің типіне жатады. Басқаша айтқанда, мәселенің бұл әдіспен кенеттен шешімін табуы соқыр ойынның қорытындысы сиякты. Сөйтіп бұл арна бойынша ойлау процесіне қатысты психологтардың ойын алаңдатқан мәселенің бір саласы анықталды.

Екінші арнадағы психологтар бұл бағытқа қарама-қарсы бағдар ұстады. Бұл арнадағы психологтар ассоциация принциптерін қорғап қалуға батылдығы мен сенімі жетпеді. – Өйткені осы кезде ассоциация психологиясының принциптері мен теориялық негіздерінің іргесі сөгіле бастаған болатын. Соған орай бұл арнадағы психологтар ойлау жайындағы өзге теорияларға сүйенбей-ақ адам ойлауының ақылды әрекетгерімен төркіндес жататындығын ассоциация психологаясының принциптеріне сәйкес қорғап қалуға күш салды. Мұндай көзқарасты ассоциация психологиясындағы Ах бастаған аса қарқынды кезеңі деп санауға болады. Ах адам ойлауынын ақылды сипатының тірегі неде екенін ашып көрсету ниетімен оны ерік процесімен ұштастырғысы келді. Ол өзінің алғашқы еңбегі «Ерік әрекет және ойлау» деп аталатын шығармасында бұл екі процестің арақатынасын ашып көрсетуді мақсат етіп койды. Ах адамның ерікті әрекетін сол кездегі тәжірибе психологиясындағы қалыптасып ірге тепкен ассоциация мен қажырлық ағымынан басқа үшінші бір жаңа бағдар – детерминация байланысы деген пікір айтты. Осы үш түрлі ағымды біріктіріп, Ах адам ойлауының ақылды мәнін түсіндірді. Бихевиоризмге қарсы түратын өзінше басқа жол іздеді. Детерминация мәнісі адамда өзге де бағдарлар сияқты жекелеген нәрселердің себепті байланыстары және оның реттеуші күші болды, солар арқылы біздер нәрселерді ассоциация процестері мен саналы түрдегі ерікті әрекетімізбен оймыздың шашырап кетпеуі үшін оларды сол детерминация қүшімен реттеп отырамыз деген пікір айтты.

Ахтың айтуынша детерминация – ассоциациялык түсінікке тән қасиет ерікті әрекеттің мақсатты болуында. 
Сонымен, Ах ойлау процесін теологиялық негізге тіректей отырьш, бір жағынан вюрцбург мектебінің идеалистік және виталистік бағытына қарсы болса, ал екінші жарғынан ескі механикалық ассоциация мектебіне қарсы шықты. Ол үш түрлі бағытты біріктіріп, оларды өзара қиыстыру арқылы ойлаудың негізгі қасиеттерін түсіндіруді діни нанымдары мақсатты әрекет пен ассоциация процестеріндегі тәуекелшіл әрекеттердің реттелуі деген қағидаға сүйенді. Соның нәтижесінде ақылды ойдың мәні ашыла түседі деген түсінігін ақтамақ болды. Алайда ойлау процесі жайындағы мұндай теориялық көзқарас пен тәжірибелік зерттеулерінің қорытындыларын ассоциация психологиясынын жолына түсіп тығырыққа келіп тірелді.

Үшінші арнадағы психологтар бұл ғылымның бүкіл даму тарихында қалыптасқан ассоциация мектебінің атомистік бағ-дарына серпінуі. Алайда бұл ағым да идеалистік көзқарастың батпағынан шыға алмады. Ассоциация мектебінің ілімін қайта қарастырып, оған ден қойған вюрцбург мектебі. Бұл мектепке О.Кюльпенін шәкірттері бастаған бір топ психологтар жатады. Олар тәжірибелік зерттеулерінде ойлауды психикалық процестердің өзге түрлерінен үзілді-кесілді бөліп алып, оңашалап қарастырды. Бұл психологтар еске байланысты мәселені ассоциация заңдарына негіздеп іздестірді де, мұндай зандылықтар ойлауды зерттеуде дәрменсіз деп жариялады.

Ең алдымен вюрцбург мектебінің нендей мәселермен шұғылданғанын естеріңізге салайын. Бұл мектептің басты бағыты сіздерге мәлім. Сондықтан бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастырмай-ақ,оған қысқаша шолу жасайын. Екіншіден, бұл мектеп ойлау процесінің абстракті екендігін, оның сезімдік әре-кеттерге қатынассыз, көрнекілігі жоқ көмескі, сұрықсыз сипат-тарын атады. Сөйтіп олар өзара байланысы болмаған француз асихологі А.Бине бастаған мектептің пікірлерімен үндесті. Бине мектебінің өкілдері өз зерттеулерінде саналы әрекет бейнелерге бай келеді (мысалы, біздердін түс көруіміз), ал мағынасы жағынан сұрықсыз келеді. Бине ойлау мазмұнының бай болуы ұлы шахматшылардың ойынына ұқсайды, бірақ олардың ойынының бейнелілігі сүреңсіз дейді. Мұңдай зертеулер ойлау процесіне қа-тысты өзекті мәселелерді шешуде дәрменсіздігін бірден аңғартты. Егер біздер бірсыпыра бейнелер мен сөздерді басымыздан кешірген жағдайларға орай өз байқауларымыздан аңғарылғанымен, ал ой процесінде ондай ерекшеліктер кездейсоқ және көмескі сипатта болып, бұл процестін негізгі мәнін білдіре алмайды дейді. Олау процесі жайындағы вюрцбург мектебінен шықкан мұңдай шындыкпен салыстырғысыз догмалык пікір ойлау туралы идеалистік көзқарастын таралуына бастама болды. Бұл мектептің негізгі философиялық тірегі ойлау процесін Түйсік сияқты әуел бастан пайда болған процесс деп санауы. Ойлау ироцесіне осындай анықтама берген Кюльпенің пікірі осы үшінші арнаға. Түйсік зертеуіішіердін үранына айналды.

Информация о работе Сөйлеу мен ойлау эволюциясы