Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 22:30, реферат
Қазіргі уақытта гендерлік психология шеңберінде жыныстық айырмашылықтар мәселесі жедел зерттеліну үстінде. Осыдан мына пікір- талас қайта туды: әйелдер мен еркектердің мінез-құлығындағы, мотивтеріндегі, қабілеттеріндегі айырмашылықтар неден – биологиялықтан немесе әлеуметтіліктен бе? Осы мәселені белгілеуде түрлі терминдер қолданылады. Әйелдер мен ер адам арасындағы индивид ретіндегі биологиялық айырмашылықтарды айтқанда «жыныс», «жыныстық диморфизм» терминдері қолданылады, ал ер адам және әйелдердің тұлға ретінде психологиялық, әлеуметтік, мәдени рөлдері туралы айтқанда гендер, гендерлік айырмашылықтар туралы айтамыз.
Садықова Н.М.
4 курс студенті
Студенттік жастағы қарым-
Қазіргі уақытта гендерлік психология шеңберінде жыныстық айырмашылықтар мәселесі жедел зерттеліну үстінде. Осыдан мына пікір- талас қайта туды: әйелдер мен еркектердің мінез-құлығындағы, мотивтеріндегі, қабілеттеріндегі айырмашылықтар неден – биологиялықтан немесе әлеуметтіліктен бе? Осы мәселені белгілеуде түрлі терминдер қолданылады. Әйелдер мен ер адам арасындағы индивид ретіндегі биологиялық айырмашылықтарды айтқанда «жыныс», «жыныстық диморфизм» терминдері қолданылады, ал ер адам және әйелдердің тұлға ретінде психологиялық, әлеуметтік, мәдени рөлдері туралы айтқанда гендер, гендерлік айырмашылықтар туралы айтамыз.
Гендерлік айырмашылықтар мәселесі, яғни адам психологиясының оның жынысына физиологиялық ерекшеліктеріне қатысты тәуелділігі, психологтардын назарын ХХ ғасырдың 50-шы жылдардан бастап аудара бастады. Осы мәселенің ғылыми зерттелуі 1957 жылы Дж. Мак-Ки мен А.Шериффстің жыныстық айырмашылық мәселесіне арналған мақаласынан басталды. ХХ ғасырдың 70-ж. ортасынан бастап әлемде жыныстық айырмашылық бойынша жылына бір жарым мың жұмыстар басылып шыға бастады. Бірақ, ондағы басты тақырып түрлі әлеуметтік ортадағы әйелдердің гендерлік рөлін зерттеу болды [1].
Гендерлік психология – тұлғаны
белгілі бір жыныс өкілі
Соңғы уақытта адамның жыныстық ерекшеліктері және олардың психологиялық айырмашылықтары жаңа қоғамда белсенді талданып жатқан сұрақтар қатарында. Мысалы ер мен әйел адамның ролі үлкен өзгерістерге ұшырап жатыр. Әйелге байланысты зерттеулер енді қарастырылып келе жатыр, мысалы: психәйел және ер адам психофизиологиясы (Е.П. Ильин), жалған феноменіндегі жыныстық айырмашылықтар (В.В. Знаков), мамандықтағы тұлғаның өзіндік өзектенуі — гендерлік аспект (Л.Н. Ожигова), лидерліктін гендерлік аспектісі (Т.В. Бендас), әйелдік менеджмент (Н.В. Ходырева), дарынды әйелдердің өзіндік реализациясы (Л.В. Попова), әйел адамының жүктілік кезіндегі және туғаннан кейінгі жағдайы (В.И. Брутман, Г.Г. Филиппова, И.Ю. Хамитова), ата-аналық (Г.Г. Филиппова), мінез-құлқтың стериотиптері (О.В. Митина, В.Ф. Петренко) және тағы басқалар [3, 87 б.].
Қарым-қатынас кезінде серіктес таңдауда тұлғалық ерекшеліктеріне, мінез-құлқын моделіне үлкен мән беріледі, бұл қасиет ер балаларға да, қыз балаларға да тән. Ер балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру, белгілі бір нәтижеге жету, өз ойында тұрақты тұра алу, өзін қорғай алу қабілеттері арқылы қалыптасады. Қыз балалардың өзара қарым-қатынасында рухани дүниесі және сырт келбеті еліктіреді. Қыз балаларды сырт көздің өзі туралы ойы қатты толғандырады, ал ер балаларды мұндай ой тіпте қызықтырмайды [4].
М. Арджайланың мәліметі бойынша қыздар өзара тығыз достық қатынасты ұстанады, ал өзін-өзі ашу қабілетіне және интимдік әңгімеге жақын болады. Ер балалар мен қыз балалар қыздарға деген достық қатынасын қуаныш және өзара қамқорлықпен суреттейді. Ал ер балалар арасында мұндай қамқорлық жоқ. Ер балалар біріккен іс-әрекет пен біріккен жұмысқа икемді келеді, олардың ішкі дүниесі құпияға толы болады және қыз балаларға қарағанда ашық болуды, интимдік ақпаратпен бөлісуді қаламайдыү Ер балалар үлкен, қатты сағыныш т.б. сезімдерді көрсетуге тырыспайды, ол тек қыз балаларға тән деп есептейді. Ер балалар арасында бір-біріне жағымды сезімдер көрсетуін әлсіздік, құрметі жоқ деп түсінеді. Осыған байланысты қыз балаларға қарағанда ер балалар жалғыздық сезімін жиірек сезінеді. Қыз балаларға қарағанда ер балалардың қарым-қатынас ортасы үлкен, кең болғанымен, қарым-қатынасы үстіртін болады. Қиын жағдай кезеңдерінде балалардың эмоционалды көмек күту қиын, өйткені оларға ашылатын адамдардың сезімдерін түсіну оларға қиын соғады. Өз кезегінде ер балалар өзін ашудан қашқақтайды, осыған байланысты басқалардан көмек алу мүмкіндігін азайтады, сондықтан қоршаған адамдар көмек керек екенін білмеуі мүмкін [3].
Көптеген шетел авторлары
Е.П. Ильин шет ел
Оларға серіктестердің индивидуалды симпатиясына қарағанда өзара әрекеті мазмұнды. Қыздар қарама-қарсы жыныс өкілдеріне өз эмоциялары мен сезімдерін емін еркін ұстайды, олар тұлғааралық дистанциясының үлкен диапазонын қолданады, мұның әрқайсысы адамдармен белгілі бір деңгейдегі жақындықты көрсетеді. Әлеуметтік бағдарлану нәтижесінде, қыз балалар қарым-қатынас байланысын сезімтал саналап қабылдайды. Қыздардың қарым-қатынас стилі тұлғааралық қатынаста көп жағдайда интуиция дәрежесіне сүйенеді.
А.В. Визгина және С.Д. Пантелеев көрсетуі бойынша ер балалардың көз-қарасы қыз балаларға қарағанда ер балаларға көп бағытталған, ал қыз балалардың көзқарасы тек ер балаларға бағытталған.
Мысалы, В. Айкс және Р. Барнстың көзқарасына сүйенетін болсақ, қыз балалар мен ер балалардың жыныс рөлдерінің дәстүрлі көрінісі кезінде олардың бір-біріне сирек қарау мен, сирек сөйлесумен, қарым-қатынас кезінде ишараны аз қолдануын байқауға болады. Әңгімелесу барысында, қыз балалар тыңдаушы рөлінде әңгімелесушіге қарайды, мұндай ерекшелік ер балаларда кездеспейді. Қыздар ұлдарға қарағанда эмпатияға бейім болады, мұны әртүрлі әңгімелер мен түрлі слайдтарды көруден көрініс тапқан.
1974 жылы гендерлік
психологтар зейіні Сандра
Адамның барлық өмірі басқа адамдармен үнемі қарым –қатынаста өтеді. Қарым-қатынастың барлық жақтары: комуникативті (қарым-қатынасқа түсуші индивидтердің арасындағы мәлім алмасу), интерактивті (өзараәрекеттестікті ұйымдастыру) және перцептивті (қарым-қатынас бойынша серіктестердің бірін-бірі қабылдауы мен өзаратүсінушілікті орнату) – кейбір құралдар жүйесінің қатысуын талап етеді.
Қарым-қатынастың жүзеге асуы бойынша және орындалу процесі бойынша іс-әрекеттің сипатына байланысты, сонымен қатар қоғамдық өмірдің сфераларына байланысты және қарым-қатынасқа түсушілердің арасындағы қарым-қатынас қашықтығы қарым-қатынастың қандайда бір түріне басым болуы мүмкін. Себебі қарым-қатынастың әрбір осы жақтары әртүрлі жағдайларда қарым-қатынас техникасын зерттеуде өзінің құралдарының арнайы жабдықтарымен сипатталуы мүмкін, алдыңғы орынға қарым-қатынас элементінің техникалары кезекпен кезек шығуы мүмкін. Сондықтан ЖОО студенттер мен оқытушылардың қарым-қатынастың тиімді тәсілдерін жасауда.
Адамның өмір іс-әрекеттерінің
әртүрлі салаларында қарым-
ЖОО студенттерді оқытудың тиімділігін көтеру үшін студент және оқытушы да қарым-қатынас тәсілдерін жақсы меңгеруі тиіс. Оқытушы өзінің беретін пәнін тек жақсы біліп қана қоймау керек, сонымен қатар, өзінің білімін студенттерге жеткізе білуі керек. Шындығында, кәсіби білім мен іскерлікті жеткізу, студенттердің танымдақ іс-әрекетін ұйымдастыру, білім мен іскерлікті ұйымдастыруға бағытталған, сабақта жағымды эмоционалды ахуалды орнату, аудиторияда және одан тыс студенттермен тәрбие жұмысын жүргізу оқытушыдан қарым-қатынастың арнайы тәсілін игеруді талап етеді [5].
Қарым-қатынас техникасын қалыптастыру тұлғаның үйлесімді дамуына (оның дүниетанымы, құндылық бағдары, қажеттілік-мотвациялық сферасы) бағытталған тәрбие жүйесінде, әлеуметтік перцепцияның барабарлығын жоғарлатуда жүргізілуі тиіс. Бұл әсер етулердің кешені қарым-қатынастың тиімді техникасын қалыптастыру мақсатына жетуде тікелей қызмет етеді.
Студенттік жастағы дамудың әлеуметтік жағдайы адамның өз бетінше өмір сүруге, өзінің өмірлік жоспарын құруға дайындығынан басталады. Бұл ең алдымен мамандық таңдау және ЖОО мен арнай білім беретін оқу орнына түсуінен басталады. Тұлғаның ары қарайғы даму барысы көбіне әлеуметтік-кәсіби жағдайын тәуелді болып келеді. Жастардың қоғамдағы, өмірдегі, басқа адамдармен қатынаста өз орындары табу өте маңызды, сонымен қатар белгілі бір іс-әрекеттің қоғамдық мәнін түсіну ғана емес оның тұлғалық мәнін нақтылау болып табылады.
Жетістікке ұмытылу және пысықтық – бір бірімен тығыз байланысқан және себеп-салдарлық қатынаста. Пысықтық факторы және себебі бола тұрып, жетістікке ұмытылу (жеке тұлғалық және кәсіби) жетістікке жету мотивациясының фундаменталды қажеттілігінде негізделеді.
Комуникабелділік - өз бетімен өте маңызды және тұлғалық қасиеттің аспектісі ретінде де қарастырылады. Бұл тұлғааралық қарым қатынас құра білу қабілеттілігі және кең әлеуметтік байланыстар орнатуға деген қабілеттілік. Бұл қабілеттін жетекші үшін маңыздылығы оның коммуникативті және ұйымдастырушылық функциялар негізідерімен анықталынады 6].
Сөйтіп, студенттік шақта жолдастарымен қарым-қатынас жеке басының қалыптасуына зор, көбіне шешуші ықпал жасайды. Жолдастары оған үлгі болады, балалар бір-біріне белсене іс-әрекет өзіне белгілі бір қасиеттерді, мәселен күш пен батылдық немесе өзін-өзі ұстай білу, әрқашан үрдісінде тұру тағы басқаны дамыта бастайды. Жақын жолдастарының қарым-қатынасында әңгімелесу үлкен орын алады. Әртүрлі істерде, серуен кезінде әңгіме үзілмейді.
Кейбір жағдайларда студенттер бірге толған уақыттың бәрі әңгімелесумен өтеді, шындап келгенде оларды осы әңгімелесу ғана байланыстырады. Балалар өздері ден қойған хабарлармен алмасады, студенттің өмірінің оқиғалары, курстастарының қылықтары, өзара қарым-қатынастары талқыланады, басқаға айтуға болмайтын бүтіндей жеке бастық мәселелері – жоспарлар, армандар, оларды жүзеге асыру бірлескен ой-ниеттер, романтикалық ұнамды жайлар туралы болады. Осының өзінде жасөспірімдердің «құпиясы», сондай-ақ, жыныстық жетілуге байланысты интимдік мәселелерге қатысты болады.
ЖОО дамушы ортаны қалыптастыру
жүйесінің негізгі мақсаты
Әлеуметтік-психологиялық аспектіде студенттік кезең басқа әлеуметтік топтарға қарағанда өзінің жоғарғы білім деңгейі мен, мәдениетті пайдалануының белсенділігімен және танымдық мотивациясының жоғарғы деңгейімен ажыратылады. Сонымен қатар студенттік кезең - әлеуметтік жалпылық, жоғарғы әлеуметтік белсенділік және интелектуалды және әлеуметтік кемелденуінің үйлесімділігімен сипатталады.
Сонымен қорытындалай келе, гендерлік айырмашылықтарды талдаудағы негізгі мәселелердің бірі қарым-қатынастың сенімді сипатында болады. Барлық ерекшеліктер олардың сыртқы формасы мен ішкі мәнділігіндегі жеке қатынастармен байланысты. Студенттік жастағы қарым-қатынастың гендерлік айырмашылығы адамдардың бір-бірімен өзара әрекетесуі, тұлғаарлық қатынасты реттеуге сенімділіктің негізгі қызметтері жүзеге асырады. Сондықтан қазіргі нарықтық-экономикалық қатынаста олардың арасындағы адамгершілік қатынасы, жауапкершілік, коммуникативтілік мен ұйымдастыру қабілеттері басқаша ерекшелінеді. Бұл жағдайды студенттердің топтағы бір-бірімен сенімді қарым-қатынас мәселелерімен байланыстыруға болады. Көп жағдайда осы мәселеге орай жүргізілген ғылыми-теориялық зерттеулер гендерлік айырмашылықтарда маңызды жағдай болып табылады.
Информация о работе Студенттік жастағы қарым-қатынастың гендерлік ерекшеліктері