Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 20:31, реферат
Дін - тарихи құбылыс. Адамзат тарихында дін болмаған дәуірлер де болған. Ол туралы қазіргі заманның геология, биология, физиология, этнография, тіл білімі, мәдениет тарихы, логика, астрофизика сияқты ғылымдарының мәліметтері жеткілікті. Діннің пайда болуы мен қалыптасуының әлеуметтік-таптық себептері, қажеттіліктері бар. Олардың ең біріншісі — діннің адамдардың көңіл күйлеріне байланысты шыққандығы. Адамдар кездескен әр түрлі жағдайларға бірде қуанып, бірде күйініп, бірде толқып, бірде қапаланады. Оларға көңілді орнықты ететін, оны бір қолда ұстайтын тірек керек болады. Сол тіректі, сол медеуді адамдар табиғаттан да, өзінен де тысқары тұрған бір тылсым күштен, яғни кез келген діннің түпкілікті қазығы болып табылатын абсолюттен, құдайдан іздейді, табады.
1.Дін - әлеуметтік өмірдің феномені.
2.Дін әлеуметтануының объектісі мен пәні.
3.Діннің әлеуметтік құрылымы.
4. Діннің әлеуметтік функциялары.
5. Қазіргі Қазақстандағы діни ахуал.