Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 09:00, творческая работа
Темпераменттер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері-Гиппокарт. Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт “дене шырындарының”-қан, шырыш, өт, запыран-қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғаш рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырды. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:
Гиппократ, Гален, И.П.Павлов бойынша темперамент
Темперамент-25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызы
Темперамент-адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.
Темпераменттер жөніндегі ғылым
Гален ендірген бұл ғажайып жаң
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип-адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген- конституциялық типология. Бұл теория мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшеліктерге ие.
Ал ғылым шындығына келетін бол
И.П.Павлов иттің шартты рефлек
Мұндай айырмашылықтар ең алдым
Жүйке процестерінің қасиеттері негізінде жүйке жүйесінің типі немесе жоғары жүйке қызметінің типі деп аталатын құрылым түзіледі. Бұл жүйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер бірлігінен құрылады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы. Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И.П.Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типтерін ажырытты.
Сангвиник – жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелу тепе-тең. Назарын тартқанның бәріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қалып, мұңаяды. Әрекеті жедел, ақылы-ойы икемді, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сангвиник төңірегіндігілерімен тіл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшіл.
Сангвиник
Холерик – сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді. Бірақ холериктің әрекетшіңдігі белсенділіктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан-ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан толық-экстровед.
Холерик
Флегматик - әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол мізбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгіртуі ауыр. Солай да болса, флигматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте, жаңа адамадармен араласып кете бермейді. Сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде-интравер.
ФЛЕГМАТИК
Меланхолик. Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас иіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз, зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне тигені көп-толық интравер.
мелонхолик
Сонымен, И.П.Павлов түсінігінде, жүйке жүйесінің типі тума беріледі, тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан өзгеріске келе бермейді. Осыдан жүйке жүйесінің қасиеттері – жүйке жүйесінің жалпы психикалық көрінісі болған темпераменттің физиологиялық негізін қалайды, яғни адам темпераменті – жоғары жүйке жүйесінің сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесі.
И.П.Павлов негізделген типология темперамент психологиясы саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді. 50- жылдары жүргізілген осындай ізденістер нәтижесінде И.П.Павловтың шәкірттері В.М.Теплов, кейін В.Д.Небылицын темперамент типологиясын жаңа элементтермен толықтырды.
Тыңдағандары-
ңызға көп рахмет!