СӨЖ
Тақырыбы: «Темперамент және оның түсінігі »
Орындаған:Хабылхан Л
Қабылдаған::
Қарағанды 2012
Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
- Темперамент туралы жалпы түсінік.
- Темперамент туралы ілімнің дамуы.
- Темпераменттердің физиологиялық негіздері. Жоғарғы жүйке жүйесі туралы ілім.
- Жүйке жүйесінің типтері және темперамент.
- Темперамент типтерінің сипаты
3.Қорытынды
4.Қолдалынған әдебиеттер
Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі — осы темперамент. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша — темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні нәрселердін не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік — ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді,жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз.
- Темперамент — адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамның барлық іс-әрекетінен көрініп тұрады. Жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындагы өзгешеліктерін сипаттайды
- Қазіргі кезде темпераменттің сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик деп аталатын типтері туралы психологияда ерте замандардан бері қалыптасқан тарихи мәліметтер белгілі бір жүйеге келтірілді. Гиппократтан соң Римнің атақты дәрігері ғалым Гален (129—199) темпераменттің санын көбейтіп, он үшке жеткізді. Ол темперамент түрлерін Гиппократтан өзгеше, яғни оның физиологиялық ерекшеліктеріне қоса, психологиялық, тіптен адамның адамгершілік қасиеттеріне қатысты сапалармен байланысты деп түсіндірді.
- Ал медицина ғылымының ерте замандағы өкілдері темперамент жайындағы ілімді ықшамдап, оның бұрынғы төрт типін сол күйінде қалдырды.
- Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйектеп түсіндірген — академик И.П. Павлов. Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің негізгі үш белгісі — қозу мен тежелудің күші, олардың тепе-теңдігі жэне қозғалғыштығы жиынтығынан қүралады. Жүйке процестерінің күші ми қабығының жүмыс істеу қабілетіне немесе сыртқы ортаның, түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Ал жүйке процестерініц тепе-теңдігі қозу мен тежелудің бір-біріне теңдігін көрсетеді.
Темперамент
Жүйке жүйесінің
Жүйке процестерінің
¥намды
¥нам-
түрлері
типтері
қозу, тежелу қасиет
жақтары
сыз
(Гиппократ
(И.П.
Павлов
жақта
терминология
терминологиясы
ры
сы бойынша)
бойынша)
күшті
тепе-
Қозғал
теңдігі
ғыш-
тығы
Холерик
¥стамсыз тип
күшті
тең емес
қозуы
тежелуі
нен
басым
шапшаң белсенді
үстам сыз, күйге лек
Сангвиник
Ширақ тип
күшті
тепе-тең
қозғал-ғыш
пысық,
оңтай-
лы,
бейім-
делгіш
түрақ-сыз
Флегматик
Баяу тип
күшті
баяу
қозға-
лады
¥стам-
ДЫ,
сабырлы
баяу, сыл-быр
Меланхолик
Әлсіз тип
элсіз
сезімтал
түйық
Темпераменттер мен
жүйке жүйесі
типтерінің өзара қатынастары
және темпераменттердің үнамды,
үнамсыз жағы
шыдамсыз болса — холерик
- Холериктің эмоцияға- берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ-сарқ етіп,, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, қимыл-қозгалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс-әрекет атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа құмарта беріліп екпінмен істейді, анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомикасынан білініп тұрады.
- Холерик бала белсенді, батыл келеді, Іске шапшаң кіріседі, бастаган іс-эрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға қүмар. Өзі де үяйымдастырып, аягына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, эп-сэтте ашуланады жэне ашуын үзақ сақтайды.
- Меланхоликтің эмоциялық көтерілуі табанды, күшті, тұрақты болады, сыртқы. көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады, олар бойын билеп, санасында терең із қалдырады, көңіл-күйлері бірқалыпты ұзақ сақталады мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, кейде қайғылы да болады. Сыртқы жағдайдан үрейленіп, сескеніп тұрады, кедергі кездессе, уайымдап қажи түседі, қимыл-қозғалыстары ақырын, баяу болады. Мәнерсіз ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе,іс-әрекетін толық аяқтап шығады.
- Меланхолик бала сыпайы, момақан, жасқаншақ келеді, біреу сұрақ қойса, қысылып, ұялып қалады, кеңілденуі де, өкпелеп ренжуі де қиын, ренжіп қалса, көпке дейін ұмытпайды, ойынға бірден қосылып кетпейді, жатырқап тұрады, кешігіп барып қатысады, іске де бірден кіріспейді, бір бастап кетсе, ойынды да, жұмысты да аяқтап шығады.
- Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, 'керенау қимылдайды, сезімкүйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы, қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды сөйлейді. Кісімен араласып жақындасуда мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады.
- Флегматик бала байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса, есебін тауып жалтарып кетеді, тыныштықты жақсы көреді. Көңіл көтеретін сауыққа да әуес емес, бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.
Қолданылған әдебиеттер
2008.Қ.Жарықбаев
Т.Тәжібаев
www.Google.kz
www.Yandex.rz
www.Rambler.kz
Зейін қойып
тыңдағандарыңызға
рахмет!!!