Темперамент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 07:56, лекция

Описание работы

1. Темперамент туралы жалпы ұғым:
2. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.

Файлы: 1 файл

психология.doc

— 57.00 Кб (Скачать файл)

Темперамент.

  1. Темперамент туралы жалпы ұғым:
  2. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.

 

Темперамент- нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. 
 
Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент

адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, өнегесіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшелектерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-қан, салқындататын -шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.

Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темперамент-тердің әр түрлігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша “сангинус” – қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма” -шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше “мелай-холе” – қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик ( холе-өт) темпераменті деп аталған.

Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды дейді, ол мидың ролін түсіне білдіуоны бездердің бірі деп санады. Бұл -адамның жеке ерекшеліктерін жаралыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.

Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірбиеге көңіл аудара бастау – сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.

Орта ғасырдағы ғалымдар темпераменті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда қан жолы жүйесінің құрлысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724-1804) өзінің “Антропология” деген еңбегінде темпераментін төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.

Темперамент туралы ілімдер XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алды. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераментердің түрліше болуы нерв жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н.Л. (1833-1902) ми қабықтасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен бір-гелкілігіне байланысты деді.

Көрнекі орыс педагогы П.Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.

Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. Нерв жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу тежелу процсетерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылды. Нерв процестерінің күшіне ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы орталық түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Нерв процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Нерв процестерінің қозғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қаблеттілігін айтады. Сөйтіп И.П. Павлов ілімінің айтуынша, нерв жүйесінің әр бір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип-жұмыс істеу қаблеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі -ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі – қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу жүріп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын тектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт сынып кететін болады. Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді – ширақ, нерв жүйесі күшті, қозу мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді – ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді – нерв жүйесі күшті, қозу мен тежелуі

бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; мгленхоликтерді – нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.

И.П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз жеке қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар қозу мен тежелудің күші тепе-тең келетін варианттары байқалған. И.П. Павлов жануарлардың нерв жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірбесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттеріңің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: “Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидумның барлық әрекеттеріне белгілі кейіп беретін нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы”. Соңғы жылдары көрнекі орыс психологы Б.М. Тепловтың (1896-1965) лабораториясында нерв жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті. Ефер И.П. Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б.М. Теплов оның шәкірттері осындай тәжірибені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И.П. Павловтың нерв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын бірден-бір ғылыми теория екені тағы да дәлелдене түсті. Б. М. Тепловтың шәкірттерінің бірі

В.Д. Небылицин (1930-1972) осындай зерттеулердің бірінде нерв жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше вариантарға бөлінетінін анықтап берді. Бұрын өмір сүруге иемсіздеу деп саналатын осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуі теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болды. Әлсіз типтің де сезімталдығы күшті екендігі, осыған арай оның сыртқы ортаға бейімделе алу қабілеті мол екендігі зерттелді.

2. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.

И.П. Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша 4 түрлі темперамент өкілдері бойынша сипатталады. 
 
Мәселен, нерв процестері күшті, бірі екіншісіне тен, келмейтш адамдар көбінесе ұйтқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келді.

Олар- ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олаодың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады.Бұлар -холерик темперамен-тінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады. Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қаблетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ–көңіл, қызу істің адамы. Оның осал өнері -іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларыйың тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жә йыттар.

Флегматик – темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шақпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері -қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оң тайлықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.

Меланхолик – темпераментінің адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераментте адам өзге адамдармен щнша көп жүғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз 
ойына шомуға бейім тұрушылық орынсыз и балылық – осы темпераменттің ең бір нашар жағы. 
Орыс жазушыларының көрнекі өкілдері Герценді сангвиник, Гогольді меланхолик, Крыловті — флегматик темпераменттерінің өкілдеріне жатқызуға болады. 
Табиғи жағдайда темпераменттердің “таза” түрін ажырата алу, көбінесе қиынға соғады. Өйткені олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін. 
Дегенмен ұзақ уақыт бойында жүргізілген зерттеулер бізге төменгі класс оқушылары арасынан темпераментердің “таза” түрлерін тауып ашуға мүмкіндік берді. Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасу жолын қарастыра отырып, сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұ ның балалардың темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрнетіндігін байқауға болады. Бұл жерде профессор Н.Н. Красногорскийдің балаЦыі^ жоғары нерв қызметі оның сөйлеу ерекшеліктеріне (атап айтқанда дауыс ырғағына, мәнерлікпен, сөйлеу қарқынына) әсер етіп отырады деген қағидасының дүрыс екендігі байқалды. Осы айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауда олардың жалпы ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін, жұмыс істей білу қаблетін, осыларға байланысты түрлі қозғалыс-қимылдармен де санаспауға болмайды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты әр түрлі темпераменттегі баланың ерекшеліктерін төмендегіше тұжырымдауға болады.

1. Сангвиник темпераменті басым  оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- 
қымтырылмайды, оптимист, өмір сүргіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.

2. Флегматик темпераменті басым  оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяф байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Флегматик темпераменттіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгенен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.

3. Холерик темпераменті басым  оқушының ерекшеліктері.

Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейкам, ашуланшақ бала. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оқтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.

4. Меланхолик темпераменті басым  оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге  ренжиді, өпелегіш, пессимист тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын  жай басар. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көшіліктен  аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осынді баланы құрбы-құрдастары “қорқақ”, “сылбыр”, “үндемес”, маубас” т.б. деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қышр, қисық келеді.

Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топрақтың өсімдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады. Өйткені темперамент — адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әйтсе де темперамент адам психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес.

5. Адамның темпераменті психикалық  әрекетінің көрінуіне сырттай  із қалдырғанмен, ақыл-ойының дамуына  ешқандай әуелі әсер ете алмайды  деген қағиданың бірден-бір

дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Осы айтылғадардан темпераменттердің қандай болмасын тәрбиенің ықпалы мен қалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік-жігері күшті, мінезді ұжымның бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады.

 

 


Информация о работе Темперамент