Темперамент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2014 в 20:41, реферат

Описание работы

Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрiнедi. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдiгi, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бəрi осы темперамент табиғатымен түсiндiрiледi. Дегенмен, осы күнге дейiн темперамент мəселесiнiң шешiлмеген, талас-тартысты қыр-лары баршылық. Тем-перамент көбiне адамға тума берiлген əрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейдi. Сондықтан, темпераменттiк қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгерiске келе бермейдi. Назар аударарлықтай ерекшелiк, темпераменттiң əрқилы қасиеттерi бiр-бiрiмен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негiзiнде түрлi темпераменттiң белгiлi құрылымын түзедi.

Файлы: 1 файл

Темперамент (Автосохраненный).docx

— 27.43 Кб (Скачать файл)

Темперамент - 25 ғасырдан берi ғылыми ойды қызық-тырған мəселелердiң бiрi. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрiнедi. Адамдар арасындағы көптеген

психика-лық айырмашылықтар: эмоция тереңдiгi, қарқындылығы, тұрақтылығы,

ауыспалы-қозғалғыштығы - бəрi осы темпера-мент табиғатымен түсiндiрiледi. Дегенмен,

осы күнге дейiн темперамент мəселесiнiң шешiлмеген, талас-тартысты қыр-лары

баршылық. Тем-перамент көбiне адамға

тума берiлген əрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейдi. Сондықтан,

темпераменттiк қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған,

өзгерiске келе бермейдi. Назар аударарлықтай ерекшелiк, темпераменттiң əрқилы қасиет-

терi бiр-бiрiмен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негiзiнде түрлi темпераменттiң белгiлi

құрылымын түзедi.

 Сонымен, темперамент - адамның  психикалық əрекетi-нiң нақты динамикасын

айқындайтын психиканың дара қасиет-терiнiң жиынтығы. Темперамент түрлерiнiң жақсы не жаманы болмайды. Олардың əрқайсысы өзiнiң

ұнамды тараптарына ие, Адам ежелден-ақ əрқилы

тұлғалардың психикалық бiтiстерiн айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз

санды саналық бейнелер тобына бiрiктiруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер

бiрiгiмiн психология тарихында алғашқыдан тем-перамент типтерi деп атаған. Темпераменттер жөнiндегi ғылымның iрге тасын қалаған ежелгi грек дəрiгерi -

Гиппократ (б.э.д. V ғ.). Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт "дене шырындарының" -

қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыраты-лады. Осы психологиялық

тағылымды арқау ете отырып, ежелгi дүние дəрiгерi Клавдий Гален (б.э.д. II ғ.) алғашқы

рет темперамент түрлерiне ғылымдық сипат бердi. Гален темпера-мент түрiн денеде

жоғарыда аталған шырындардың бiрiнiң басымдылығымен байланыстырды. Ол бiздiң

заманымызға дейiн жеткен темперамент атауларын белгiледi: сангвиник (sangius - қан),

флегматик (phlegma - шырыш), холерик (chole - өт), меланхолик (melaschole - запыран).

Гален ендiрген бұл ғажайып жаңалық кейiнгi жүзжылдықтар желiсiнде көптеген ғалымдар

iзденiсiне күштi ықпалын  тигiздi. дене мүшелерiнiң (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай

өлшемдерiне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгiленген:

1. Лептосоматик - бойшаң, нəзiк денелi, көкiрек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-

аяғы ұзын, сидыйған.

2. Пикник - мығым, семiзшең, кiшi немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ

бас, қысқа мойын.

3. Атлетик - бұлшық еттерi күштi дамыған, денесi мығым, берiк; ұзынша не орта

бойлы, кең иықты, жамбас сүйектерi тартылған.

4. Диспластик - дене бiтiмi қисынсыз. Бұл адамдар - əрқилы мүшелiк зақым-

сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемiстер).

 Аталған дене құрылымы  типтерiне үш темперамент типi сай: шизотомик,

иксотомик, циклотомик. Шизотомик - дене құрылымы нəзiк, əлсiз дамыған, тұйық,

эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгерiмiне ере бермейдi,

осыдан қоршаған ортаға икемдесуi қиын. Иксотомик - денесi мығым, мiнезi байсалды,

сезiмталдығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабiлетi шабан, көбiне майдашыл. Циклотомик

- семiзшең, домаланған денелi, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бiрдей, тiл

табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.

Сангвиник - жоғары дəрежелi əрекетшең адам, дегенмен қозу мен тежелуi тепе-тең. Назарын тартқанның бəрiне араласа

кетедi, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мəнерлi, шапшаң. Сəл нəрседен қарқылдап

күледi, болмашы себептен көңiлi қалып, мұңаяды. Бет-жүзiнен көңiл-күйi, заттар мен

адамдарға болған қатынасы бiлiнiп тұрады. Сезiм-талдығы өте жоғары, сондықтан ол

оншама əсерi болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейдi.тəртiптi, қажет болса, өзiнiң ырықсыз əрекеттерi мен

сезiмдерiне тоқтау, тиым бере алады. ақылы-ойы икемдi, тапқыр, сөйлеу

қарқыны шапшаң. Сангвиник төңiрегiндегiлермен тiл табысқыш, жаңа

талаптар мен жағдайларға икемшiл. Əдетте, бұл типтi адам өткенi

мен болашағын болжастыруда өзiнiң субъектив пайымдау-ларының жетегiнде қалып

қоймай, көбiрек сыртқы əсерлердi объектив бағамдауға бейiм, экстраверт.

 Холерик. Сангвиник сияқты  жай əсерлерге берiлмейдi, əрекетшең жəне белсендi.

Бiрақ холериктiң əрекетшеңдiгi белсендiлiктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз,

шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемi кемiрек. Осыдан - ниеттерi

мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейiнiн ауыстыруы қиындау, сезiмi көбiне сырттай

көрiнедi, сондықтан - толық экстраверт. Флегматик - əрекетi енжар, сезiмталдығы мен көңiл шарпулары кем көрiнiстi. Оны

күлдiру де, мұңайту да оңай емес, төңiректiң бəрi күлкiден жығылып жатқанда, ол

мiзбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара

жоқ, сөзi сылбыр, əрекетi жай. Жаңарған жағдайға икемделуi қиын, дағдылары мен

əрекет-терiн өзгертуi ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан

шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезiмге берiл-мейдi. Əдетте, жаңа адамдармен

араласып кете бермейдi, сырттай əсерге төзiмдi. Бар бiлгенi iшiнде - интраверт.

 Меланхолик. Өте сезiмтал, бiрақ əрекетшеңдiгi кем адам. Болмашы нəрседен

көзiне жас үйiрiлiп, өкпелегiш, сырттай əсердi күйзелiспен қабылдайды. Ым-ишарасы

жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Əдетте, өзiне сенiмсiз, үркек,

болмашы қиындықтан шегiнедi. Меланхоликтiң жiгерi кем, тез шаршайды, қызметi

болымсыз. Зейiнi тұрақсыз, оның барша психикалық процестерi əлсiз. Көпшiлiк

меланхоликтердiң өздерiнiң тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан iшiне түйгенi көп

- толық интраверт.

 

Даму психологиясы – психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні – адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, т.б. зерттейді.  
Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас жас даму білім мен дағдылардың жәй жинақталуы ретінде ғана қарастырылады. Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп, П. П. Блонский мен Л. С. Выготский бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.  
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.  
Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл – әр балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т. б.) ерекшеліктері де енеді.  
Даму ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді.   
Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айна- ласындағылармен қарым-қатынас ерекшелігімен, балаланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.  
Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.  
Адамның өмір сүру ерекшелігіне байланысты, психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:  
1) нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін);  
2) бөбек кезең (1 жастан 3 жасқа дейін);  
3) мектепке дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін);  
4) бастауыш мектеп кезеңі (7 жастан 11 жасқа дейін);  
5) жеткіншек кезеңі (11 жастан 15 жасқа дейін);  
6) жоғары сырып кезеңі (16 жастан 17 жасқа дейін);  
7) жасөспірімдік кезең (17 жастан 20 – 23 жасқа дейін);  
8) жастық шақ (20 жастан 30 жасқа дейін);  
9) кемелдік кезең (30 жастан 55 – 60 жасқа дейін);  
10) қартаю кезеңі (60 – 70 жас аралығы);  
11) кәрілік кезең (70 – тен жоғары).  
Даму психологиясының мынадай салалалары бар:  
– балалар психологиясы;  
– жасөспірім психологиясы;  
– балаң жас психологиясы;  
– акмеология (кемелдік);  
– геронтопсихология (кәрілік).  
Даму психологиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні – оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу.  
Педагогикалық және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі – бала, жеткіншек, жасоспирим Тек қана психология емес, сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясымен, гигиенасымен, анатомиямен және т. б. байланысты.

Өзін-өзі тану пәні - өз алдына жеке ғылыми

пән. Бұл пән - жас ұрпақтың тұлғалық рухани-адамгершілік

құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық

негізі ретінде оқыту жүйесіндегі адамгершілік көзқарастар, тұлғаның

шығармашылық және кәсіби дербестігін дамыту туралы идеялары;

Философиялық көзқарастар тарихындағы тұлғаның өзін-өзі

тануының негіздерін Хилон мен Фалес аузынан шыққан дана сөз

немесе даналық формуласы “өзіңді-өзің таны” ұғымы ретінде

Сократқа дейін пайда болды. Ең алғаш Греция тарихында теориялық

ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын

өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізілді. Өзін-өзі тану философиялық тұрғыда - бүкіл дүниені ойлау, оның

шығу тегін білуге ұмтылу, адамның дүниедегі орнына үңілу,

адамның ішкі дүниесінің сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі

заңдарын танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау т.с.с. жүйе

ретінде қарастырылады. Қазір Республикада жастарды тәрбиелеу мәселесінде адамның

ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамыту, жетілдіру

бағытында көптеген ғалымдар С.А. Назарбаева, психол.ғ.д. Х.Т.

Шерьязданова, п.ғ.к. Т.А. Левченко, п.ғ.д. М.Х. Балтабаев, профессор

Б.Қ. Дамитов, п.ғ.к. А.А. Семченко, ф.ғ.д. Е.Е. Бурова, п.ғ.к. Л.К.

Көмекбаева, психол. ғ.к. З.Б. Мадалиева т.б. үлкен ізденістер үстінде.

Және бұл тұрғыда өзін-өзі тану ілімінің философиялық негізін

қалаған ғалымдар А.Н. Нысабаев, Г.Г. Соловьева өз еңбектерінде

ұстанған басты қағида – адамның кісілік келбеті мен адам деген атқа

лайықты бола білуін қалыптастыру, адамның табиғатпен, әлеммен

үйлесуі, халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ

ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеру

міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.

 Бүгінгі таңда қоғам өзгерістерінің шешуші факторы-Адам.

Адамның қарым-қатынасының үйлесімділігін қамтамасыз етуде

адамгершілік құндылық жетекші орын алады. Құндылықтар- сезіммен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы

адамның іс-әрекет бағдарын белгілейді.

 Құндылықтардың жіктелуі.

 Жалпы адамзаттық

құндылықтар -адам өмірі,

бостандық, отбасы,

қарым-қатынас,

адам бақыты, ұрпақ

жалғастыру, еңбек

ету, табыс,

ынтымақтастық,

белсенділік,

тәуелсіздік т.б. Жоғары сапа

деңгейіндегі

құндылықтар -адам конвенциясы,

демократия,

азаматтық қоғам,

мәдениет т.б. Рухани –

адамгершілік

имани

құндылықтар -мәдениет, саясат,

әдебиет, Отан, Ана,

Жер, дін, діл, ар-

ождан, парыз, ерік,

жігер, күш,

махаббат,

қайырымдылық,

мейірімділік т.б.


Информация о работе Темперамент