Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 19:59, реферат
Қазіргі таңда тұлға - психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Тұлға туралы түсінік
Жеке тұлға құрылымы
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспары:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Тұлға туралы түсінік
Жеке тұлға құрылымы
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі таңда тұлға - психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.
Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.
Бұл көзқарас зерттеушілердің
көпшілігіне негіз болып
Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады
Жеке тұлға туралы түсінік және оның құрылымы:
Темперамент
Холерик темпераменті
Сангвиник темпераменті
Флегматик темпераменті
Меланхолик темпераменті
Темперамент адамның
Мінездің қасиеттері:
Мінез бітістері
Тұлға - бұл шынайы жоғары интегративтік, бұзылмайтын біртұтас жүйе. Тұлғаның қалыптасуындағы орталық бөлім болып - адамның мотивациялық аймағының, яғни оның талаптарының, тілектерінің, ұмтылыстарының және ниеттерінің дамуы саналады. Қажеттіліктер қанағаттанылуы керек, ал бұл оларды қанағаттандыратын амалдарды іздеуге және табуға бағытталған әдістер мен құралдардың пайда болуын және оларды жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан мотивациялық сфераның дамуына байланысты баланың танымдық қабілеттерінің, оның дағдыларының, қолынан келетін істерінің, әдеттері мен мінезінің дамуы жүзеге асырылады.
Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін шынайы қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, онымен қатынас жасай білуі керек Осындай бейімделудің құралы болып - адамның уайымдары саналады. Олар адам қажеттілігінің қанағаттанылуының деңгейін ерекше әсерлі түрде көрсетеді. Уайымдар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарға бейімделуінің бастапкы құралы болып, кейінірек өзіндік мағынаға ие болады және адам қажеттілігін сезіне бастайтын психологиялық шындық түрінде көрінеді. Осылайша адамның психологиялық дамуына шексіз мүмкіндік тудыратын қанықпайтындай көрінетін қажеттіліктер пайда болады. Тұлғаның қалыптасуындағы қажеттіліктерді жете түсіну үшін баланың өмір үрдісінде пайда болатын және дамитын жаңа әлеуметтік қажеттіліктерді ескеру қажет.
Л.С.Выготскийдің ілімі бойынша, онтогенетикалық даму кезінде бала санасының жүйелік құрылысы өзгереді. Осы теориялық пайымдауды жалғастыра отырып, біз адам тұлғасы да жоғары интерактивтік деңгейдегі тұрақты салыстырмалы психологиялық жүйе екенін мойындауымыз керек. Және бұл жүйенің де өзіндік даму кисыны мен заңдылықтары бар.
Әлеуметтік ортада өмір сүруінің екі жағы бар, ол - әлеуметтік тәжірибені меңгеру мен оны іске асыру проблемасы.
Енді бүгін біз осы айтылған екі жақты біріктіріп тұлғаның басқа адамдармен байланыс жүйесін, яғни топ ішіндегі дамуын қарастырамыз, себебі: тұлға тек бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынастарда ғана дамиды. (Петровский бойынша).
Әлеуметтік және топ психологиясында тұлғаны өзара әсерлесетін және қарым-қатынаста болатын субъект деп түсіну маңызды.
Әлеуметтену процесінде қалыптасқан әлеуметтік ұстанымдар ол - тұлғаның әртүрлі топтарда, әлеуметтік ортада әрекет жасау салдарынан үнемі бір орнында тұрмай өзгерістерге ұшырап отырады. Тұлғаның дамуына нақты топтың, әлеуметтік ортаның алатын маңызы өте зор.
Ломовтың тезисі бойынша: «қоғамдық қатынастар жүйесі - тұлғаның жалпы объективті негізін құрайды» деген.
Сондықтан, мәселені «тұлға мен топ» емес « топтағы тұлға» деп қарастырған жөн. Сонда ғана тұлғаның әлеуметтік бірдеңгейлі проблемасын жан-жақты талдауын қамтамасыз ететін қасиеттері қалыптасатын болғандықтан ол қандай топтарда, қандай адамдармен қарым-қатынаста болатындығы маңызды.
Барлығымызға белгілі принцип: «тұлға болып тумайды, тұлға қалыптасады», сондықтан тұлғаның қандай топта, қандай ортада қалыптасатыны өте маңызды.
Тұлғалық қасиеттердің қалыптасуы топтың қандай қасиеттеріне тәуелді, екіншіден, топтың психологиялық сипаты оны құрайтын адамдардың жеке қасиеттеріне қалай тәуелді екенін анықтау мәселесі туындайды.
Тұлғалық қасиеттерді әлеуметтік психологияда жүйе түрінде қарастырады. Жүйелік зерттеулермен А.Н. Леонтьев еңбектерінен таныспыз. Тұлғаны жүйелік қасиет деп қарастыра отырып, ол тұлғаны қолдауды ұсынады.
Петровский тұлғаның топқа қабылдану проблемасы қарастырыған.
Коломинский бойынша, әр топтың өзіндік ерекшелігі бейнесі (лицосы) бар деген ұйғарымда болған.
В.С. Мерлин бойынша, ұжымдағы өзара қарым-қатынас сипаты, тұлғаның осы ұжымға тән қасиеттерінің қалыптасуына себеп болады, деген.
Бірлескен іс-әрекет пен
қарым-қатынаста болатын
В.С. Мерлиннің тұлғалық тұжырымдамасын қарастыратын болсақ, тұлғаның психикалық қасиеттерін адамның қоғамдық еңбектегі қызметімен байланысты – деп түсіндіреді яғни адамның мінезін сипаттау үшін оның қызметтегі объектіге деген көзқарасын сипаттау жеткілікті.
Қорытынды
Сонымен В.С. Мерлин бойынша тұлғаның қасиеттерін келесідей сипаттайды:
- Тұлғаның қасиетін айқындайтын қатынас – олардың жеке жақтары емес – сезімнің бүтіндей қатынасы, мысалы, байқампаздық, сезімталдық, зейін – сананың жеке жақтарының қасиеттері.
- Тұлғаның қасиетін сипаттайтын қатынас. Тұлғаның санадан тыс жалпы объективті бір нәрсеге – еңбекке, адамдарға, ұжымға, затқа т.с.с. қатынас қасиеттері. Мысалы, бақылампаздық пен ойлану қатынасы адамның өзінің психологиялық әрекетіне жатады, яғни ойлану мен бақылау қажеттілігіне.
- Жоғарғы дәрежедегі қатынас - тұлғаның нақтылық жағдайдағы қоғамдық еңбек әрекетіне қатынасы деп атап өткен.
Тұлғаның қасиетіндегі ерекшелік — ол тұрақтылық пен беріктілік болады. Соның нәтижесінде тұлға қоршаған ортаға және оның әсеріне қарсы тұра алады да өзінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыра алады, деген.
Сонымен тұлғаның іс-әрекет жасайтын ортасы ол – топ. Онда тұлғаның жеке қасиеттерінің қалыптасуына жағдай жасалынады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Алдамұратов Ә. т.
б. Жалпы психология.
2. Сәбит Бап-Баба «Жалпы психология » А:
3. Қ. Жарықбаев «Жантану негіздері » А