Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2014 в 22:14, реферат
Темперамент және мінез типологиясы
Қабілет психологиясы
Дарындылық және талант феномендері
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультет: __Заң_________
магистратура (1 курс)
Тақырыбы: Тұлғаның эмоциялық әлемі. Эмоция теориялары.
Пән: «Психология»
Алматы қаласы
2014 ж
Жоспар
Темперамент жөнінде
түсінік.
Темперамент – 25 ғасырдан бері
ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің
бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні
– адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер.
Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына
бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір
жағынан, адам тәнінің биологиялық және
физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты
болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар
мен қатынастарға негіз бола алуында.
Темперамент адамның биологиялық сипатынан
көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген
психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі,
қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы –
қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент
табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен,
осы күнге дейін темперамент мәселесінің
шешілмеген, талас – тартысты қырлары
баршылық. Бірақ проблемаға байланысты
көзқарастардың көпшілігіне қарамай,
ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент
– жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде
қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи
ірге тасы. Темперамент көбіне адамға
тума берілген әрекет – қылығының ұдайы
қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан,
темпераменттік қасиеттер басқа психикалық
құбылыстарға қарағанда тұрақтанған,
өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай
ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері
бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар
негізінде түрлі темпераменттің белгілі
құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент
– адамның психикалық әрекетінің нақты
динамикасын айқындайтын психиканың дара
қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық
ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде
оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына
тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген
шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста
темперамент кейпін өрнектейді. Темперамент
түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың
әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына
ие, сондықтан басты назар темпераментті
реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты іс
- әрекетте оның тиімді жақтарын саналы
әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын
табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден
– ақ әрқилы -
тұлғалардың психикалық бітістерін
айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған
аз санды саналық бейнелер бірігін психология
тарихында алғашқыдан темперамент типтері
деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік
жүйесі өмірлік іс- әрекет Тұрғысынан
өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып,
нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі
темперамент типіне жататын адамның болашақ
әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға
болады.
Темперамент туралы
теориялар.
Темперамент жөніндегі ғылымның
ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері
– Гиппократ. Оның тұжырымы бойынша, адамдар
төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш,
өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады.
Осы психологиялық тағылымды арқау ете
отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий
Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне
ғылымдық сипат берді. Гален темперамент
түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің
басымдылығымен байланыстырды.
Ол біздің заманымызға дейін
жеткен темперамент атауларын белгіледі:
сангвиник (sangius – қан), флегматик (phlegma
– шырыш), холерик ( chole - өт), меланхолик
(melaschole – запыран). Гален ендірген бұл
ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар
желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне
күшті ықпалын тигізді.
Ежелгі дәуірлерден бастап
зерттеушілер адамдардың дене құрылымы
және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен
сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды
тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған
орай темпераменттің көп түрлі типологиясы
қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай
тип – адамның дене құрылымына байланысты
дараланып, тума темперамент қасиеттеріне
негізделген – конституциялық типология
(Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам
өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық
ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің
сырттай өлшемдеріне байланысты төрт
конституционалды психикалық тип белгіленген:
Жоғарыда баяндалған
конституциялық типология теориясының
негізін қалаған - Э. Кречмер. Бұл теория
Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал
осы теорияны арықарай жалғастырған У.
Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті
әртүрлі, соған байланысты адамдар да
әртүрлі.
Темпераменттердің
психологиялық сипаттамасы.
Сангвиник.
Бұл тип өкілі - еті
тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай
оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді,
ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін
жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді
ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады.
Қысылып - қымтырылмайды, кісіге қайырымды.
Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған
жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін
айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты
және жас ерекшелініне сай болса, онда
кіші оқушы жаңа берілген материалды тез
қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер
материал қызықсыз және оны оқу үшін көп
уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте
ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді
дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде
жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі
оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп
тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік
пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік,
бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда
олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.
-
3-ші сыныпта оқитын
сангвиник типінің өкілін алатын болсақ,
олар еті тірі, белсенді болып келеді.
Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды,
сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта
өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп
отырады. Достарының арасында ылғм да
сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер
айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді.
Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл
болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс
қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып
кетеді. Егер математика сабағында есеп
беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және
бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып,
дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа
көшеді.
Флегматик.
Бұл типтің өкілі баяу,
байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен
істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды
ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған
ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық
процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл
баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді,
ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау,
тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер
жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ
мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста
флегматик бірқалыпты, байыпты, керек
жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді.
Көңіл - күйі тұрақты. Олардың байыптылығы
мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан
да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе
эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол
ұрыс - керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі
қиыншылықтар тепе - теңдігінен шығармайды.
Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,
талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ
жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік,
жалқаулық пайда болады.
Мысалы 2-ші сынып оқушысы
– флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен,
асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде,
ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей
тұрады да, сабақты үйден қараған болса,
бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды;
ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің
қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз
тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді
ызаландырады, ал -
достары оның баяулығына
күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы
дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп
алу немесе күлдіру өте қиын.
Холерик.
Бұл темперамент өкілі
тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен,
тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда
психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік
сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге
жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда
оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста
тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып
келеді. Сондықтан, холерик болған жерде
ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің
жағымды жағы – энергия, белсенділік,
құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы
– ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану,
ыза.
Мысалы, кіші холерик
оқушыда талпыныс пен құштарлық ерекше
көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді
тыңдап отырған холерикті анық мимика
мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға
болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы
бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады,
өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез
істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып
тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге
жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик
оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп
кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі
бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді
де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол
өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар
үшін күйіп-пысады, мұғалімдер мен ата-аналарына
айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық
күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге
болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне
ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы
оған көп кедергі жасайды және ол үнемі
достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен
сабақ үстінде ұрсысады.
Меланхолик.
Бұл темперамент өкілінде
психикалық процесстер өте баяу жүреді.
Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере
алмайды, ұзақ және -
қатты күш түсірсе,
олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез
шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада,
мысалы, үйде ондай балалар өздерін жақсы
ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды.
Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен
және күштілігімен ерекшеленеді. Олар
өте сезімтал, реніштерін іште сақтап,
оларды көп ойлай береді, бірақ сондай
қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді.
Меланхоликтер тұйық, таныс емес адамдармен
сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады.
Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған
осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм
пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив
арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны
дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция
сезімі, қабылдауы арта түседі.
Мысалға мен 4-ші сынып
оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және
ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден
қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең
сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған
кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса
да сасқалақтап жауап бере алмай қалады.
Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса,
тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді
ұнатады.
Адамда темпераменттің әр түрлі
типтерінің белгілі бір пайыздық мөлшері болады. Бұл темпераменттік
мөлшерді (модельді) білу өзіндік бақылауды
және өз істеріне баға беруді тиімді атқаруға
мүмкіндік туғызады, қарым-қатынас жасаудың
тиімді түрлерін және әдістері мен тәсілдерін
дұрыс талдауға, өз іс-әрекетін сауатты
жүргізуге, жолдастық жақсы қарым-қатынастар
орнатуға ықпал етеді. Темперамент моделін
анықтау әдістемесі берілген кестедегі
тест ретінде ұсынылған «паспортты» толтыру
қажеттілігін талап етеді. Темперамент
формуласын анықтаудағы жұмыс тәртібі:
а) Төрт топқа белінген қасиеттер жазылған
мәтінді оқи отырып, егер, оның кейбірі
өз бойыңыздан байқалатын болса, онда
«иә» деп жауап беру қажет.
б) Нәтижелерді өңдеу алгоритмі. Алдымен,
әрбір топтағы А (А1 А2 А3 А4) «иә» деп берілген
жауаптардың жалпы санын шығару керек.
Содан соң төмендегі темперамент формулалары
бойынша темперамент түрлерінің пайыздық
арақатынасы анықталады:
І-топ: А1
Шыдамсызсыз, әбігершілсіз
Қызбасыз, ашушаңсыз
Тік мінездісіз, адамдармен қарым қатынаста
дөрекісіз
Батыл және бастамашылсыз
Бірбеткейсіз
Пікірталаста тапқырсыз
Үмтылыспен жүмыс істейсіз
Кекшілсіз және ренжігішсіз
Сөзіңіз тез, қызба, дауыс ырғағы ретсіз
Үшқалақсыз, қызба мінездісіз
Агрессивті, сотқарсыз
Тәуекелге бейімсіз
Кемшіліктерге төзімсізсіз
Мәнерлі ымды тез түсінгішсіз
Тез және шешімді қимылға қабілеттісіз
Жаңалыққа үмтылғышсыз
Шалт және шүғыл қозғалатын адамсыз
Қойылған мақсатқа жетуде табандысыз
Көңіл-күйдің тез ауысуына бейімсіз
ІІ-топ: А2
Көңілді және ақжарқынсыз
Қуатты және іскерсіз
Көбіне істі соңына дейін жеткізбейсіз
Өзіңізді асыра бағалауға бейімсіз
Жаңаны тез үғып алуға қабілеттісіз
Қызығушылықтарыңыз бен бейімділіктеріңіз
түрақсыз
Сәтсіздіктер мен жаманшылықтарды жеңіл
қабылдайсыз
Әртүрлі жағдайларға тез бейімделесіз
Іске қызығып кірісесіз
Егер іс қызықтырмаса, тез айнып қаласыз
Жаңа жүмысқа тез кірісіп кетесіз, бір
жүмыстан екіншісіне тез ауыса
аласыз
Күнделікті жүмыстың бірыңғайлылығы тез
шаршатады
Көпшілсіз, қайырымдысыз, жаңа адамдар
шаршатпайды, қысылмайсыз
Шыдамдысыз және еңбекке қабілеттісіз
Мәнерлі қимылдар мен ишараларды қолдана
отырып тез, анық сөйлей аласыз
Кенеттен болатын жағдайларда өзіңізді
үстай білесіз
Барлық кезде сергек күйдесіз
Үйқыға тез кетіп, тез оянасыз
Шешімдер қабылдауда көбінесе жинақы
емес, асығыссыз
Кейде салғырт өмір сүруге бейімсіз
ІІІ-топ: А3
Сіз байыпты, сабырлысыз
Істе жүйелі және байсалдысыз
Сақ жүресіз және парасаттысыз
Күте білесіз
Түйықсыз және бос сөйлегенді үнатпайсыз
Қатты эмоция, қимылдар мен ишараларсыз,
байсалды және бірқалыпты сөйлейсіз
Үстамды әрі шыдамдысыз
Басталған істі аяғына дейін жеткізесіз
Күшіңізді босқа жүмсамайсыз
Өмірде тәртіпті, жүмыста жүйені қатаң
үстанасыз
Қарқынды жеңіл тежейсіз
Мақтау мен даттауға көп көңіл бөлмейсіз
Кекшіл емессіз. Қонақтарға кішіпейілділік
білдіресіз
Қызығушылықтар мен қарым-қатынастарда
түрақтысыз
Жүмысқа және бір істен екінші іске жай
кірісесіз
Адамдармен қатынаста бір қалыптысыз
Барлық істе ђқыптылық пен тәртіпті үнатасыз
Жаңа жағдайға қинала бейімделесіз
Аз қозғаласыз, салғыртсыз,босаңсыз
Ђстамдысыз
ІҮ-топ; А4
Сіз үяңсыз, үялшақсыз
Тосын жағдайда абыржып қаласыз
Бейтаныстармен байланыс орнатуға қиналасыз
Өз күшіңізге сенбейсіз
Жалғыздықты жеңіл көтересіз
Сәтсіздікте абдырап қаласыз және ђнжырғаңыз
түсіп кетеді
Үяңсыз, түйықсыз
Тез шаршайсыз
Кейде сыбырлап, өлсіз дауыспен сөйлейсіз
Өзге адам мінезіне амалсыз бейімделесіз
Мақтау мен даттауды қолайсыз көресіз
Өзіңізге және өзгелерге үлкен талап қоясыз
Күмәншілсіз
Армандауға бейімсіз
Өте сезімталсыз және тез ренжисіз
Әсерленгішсіз
Тез ренжисіз
Түйықсыз, көпшіл емессіз
Белсенді емес, жасқаншақсыз
Басқалардың көмектесуі мен ниеттес болғанын
қалайсыз.
Өздеріңізде анықталган темперамент типтерінің
сандық сипатта-рын X және У осьтерінде
белгілеңіз. Төрт шеткі нүктені өзара
қосыңыз. Алынған кеңістікті ішінен бояңыз.
Сіз өз темпераментіңіздің нақты моделін
алдыңыз.
Темперамент типтерініц жалпы сипаттамалары
жайлы оқып шығыңыз. Темперамент және
мінез:
Темперамент дегеніміз психикалыќ процестердің
өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және
адам мінез-қүлқын, олардың күшін, жылдамдығын,
пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін
сипаттайтын қасиетгер жиынтығы. Темперамент
қасиеттерін адамның түлғалық қырларына
шартты түрде жатқызуға болады. Өйткені,
олар биологиялық тәуелді болғандықтан
адамның дара ерекшеліктерін қүрайды.
Темпераменттің төрт түрі бар: сангвиник,
меланхолик, холерик, флегматик. Бұл төрт
типтің ішінде сангвиник пен оған қарама-қарсы
- меланхолик сезім темпераментіне жатады.
Алғашқысы түйсіктер жүйке жүйесінде
және адамның санасында аса жылдамдықпен
пайда болады және сырттай бірден байқалады,
бірақ іштей түрақсыздығымен сипатталады.
Меланхолик темпераментінде түйсік (сезім)
сырт кезге онша байқалмайды, бірақ іштей
өте терең және үзақ болып келеді. Сангвиник
темпераменті көңілді адамдарға тән. Ол
болашаққа сенімді, әзілкеш болып келеді.
Ол тез қызбаланады, бірақ тез сабасына
түседі, жақында ғана өзін баураған нәрсеге
қызығушылығы тез басылады. Сангвиник
көп уәде береді, бірақ өзінің уәдесін
орындай бермейді. Ол бейтаныс адамдармен
тез және оңай тіл табыса алады. Ақкөңіл
және әрдайым көмек беруге дайын түрады..
Оны ауыр ой мен дене еңбегі тез шаршатады.
Меланхолик темпераменті көңілсіз адамға
тән. Ондай адамның, әдетте, ішкі өмірі
күрделі және ауыр болып келеді. Ол өзіне
қатыстылардың бәріне үлкен мән береді,
тынымсыз және нәзік жанды болып келеді.
Ол көбінесе және уәде берер кезде өзін
ерекше бақылай алады, өзі орындай алмайтын
нәрсе үшін ешқашан уәде бермейді.
Холерик темпераменті қызба адамға тән.
Мђндай адамды «ол өте қызба, шыдамсыз»
дейді. Алайда, оның айтқанын жөн санап,
дүрыс деп қабылдаса ол мінезінен тез
қайтады. Оның қозғалысы шалт келеді.
Флегматик темпераменті салқынқанды адамға
тән. Ол ауыр және белсенді жүмыстан гөрі
әрекетсіздікке бейім. Мүндай адам әсерлене
бермейді, алайда, әсерленсе сол күйде
үзақ болады. Мінез - бүл түлғаның адамдарға
және орындалатын жүмысқа қатынасын анықтайтын
түрақты белгілерінің жиынтығы. Мінез
іс-әрекетте және қарым-қатынаста (темперамент
сияқты) көрініс береді және ол адамның
өзіне ғана тән қүлық ерекшелігін білдіреді.
Қарым-қатынас мәнері тәрбиелі, инабатты
немесе үстамсыз, сыпайы не дөрекі болуы
мүмкін. Темпераментпен салыстырғанда
мінез жүйке жүйесінің қасиеттеріне ғана
байланысты емес, ол адам мәдениеті, оның
тәрбиесіне де тәуелді.
Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі.
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.
Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.
Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter – қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы – мінезнаманы жасады.
Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.
Темперамент тума факторларға, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге және, ең бастысы, жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болса, мінез адамның заттық әлем және басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына қарай, әлеуметтенуі мен тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Адам мінезі оның шынайы өмірмен қатынасуына тәуелді қалыптасатындығы туралы теорияның негізін В.Н. Мясищев пен Б.Г. Ананьев қалаған. Қатынас, алғашында, тек нақты-эмоциональді деңгейде жүреді. Олар адамның күйзелістерін, шынайы өмірді қабылдау ерекшеліктерін, сыртқы әсерлерге жауап қылықтарын анықтайды. Адамдармен жағымды не жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі тұлғаның сәйкесінше ішкі қатынастар жүйесін орнатады. Қайталанбалы эмоциональді оңтайлы және кері әсерлер біртіндеп бекіп, тұрақты тұлғалық қасиетке, мінез сапасына айналатын әлдеқайда ұзақ мерзімді психикалық күйге ұшыратады.
К.К. Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.
«Тұлға сипаты» және «мінез сапалары» ұғымдары, көбінекей синонимдер ретінде қолданыады, алайда оларды айыра білуіміз керек. Психологиялық түсінік ретінде тұлға, өзінің бір ғана құраушы бөлігі болып табылатын, мінезге қарағанда әлдеқайда ауқымды. Тұлғаның өзегі - қажеттілікті-мотивациялық аймақ. Жетекші мотивтер, құндылықтар және мақсаттар тұлға бағыттылығын анықтайды. Тұлға сипатының құрамына оның бағыттылығын анықтайтын қасиеттері енеді. Өзінің басты құндылықтарына қол жеткізу үшін адам түрліше мінез сапаларын таныта не оларды өзгерте алады. Сондықтан, тұлға мінезге қарағанда әлдеқайда жоғары инстанция.
Адам өмірі қарым-қатынасқан адамдарымен, тәрбие алу жағдайларымен ерекшеленеді. Сонымен қатар даралық дамудың табиғи алғышарттары да әр түрлі. Сондықтан, әр адамда тек өзіне ғана тән, қайталанбас мінез бітістері мен сапаларының бірлігі қалыптасады. Алайда, мінез даралық ерекшелік көрсеткіші болуымен қоса, басқа адамдармен ортақ қырларымен танымал. Ұқсас жағдайларда, бір ортада өмір сүретін адамдар үшін типтік мінез бітістері тән. Мәселен, бұрынырақта еліміздегі адамдарға нұсқаумен жүру, енжарлық, тәртіптілік тән болса, қазірде өзбетті, тәуелсіз, бастамашыл адамдар жиі кезігеді. Осыған қоса, қоғамның әр мүшесі басқа нақты бір топтың мүшесі болып табылады, ол: отбасы, оқу тобы, өндіріс ұжымы, түрліше ресми емес топтар. Олардың әрқайсы адамның мінезінде өзіндік рең қалдырады. Мінездің мәні - даралық және типтік ерекшеліктердің бірлігінде. Кез-келген қатынас мінезқалыптастырушы болмайды, тек өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты, материалды және рухани қажеттіліктермен байланыстылары ғана. Ең алдымен бұл қоғамға, басқа адамдарға, еңбекке, өзіне, заттарға қатынасы.
Қоғамға және өзге адамдарға қатынас адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Ізгіліктілік, шыншылдық, әділеттілік – адамгершілік дамудың жоғары сатысын сипаттайды. Өзімшілдік, қатігездік, жалғандық, керісінше, мінездегі адамгершіліктің таяздығына көрсеткіш. Басқа адамдармен қатынаста коммуникативті қатынастар ерекше орын алады: мейірмандық, елгезектік, сезімталдық, ашықтық, шыншылдық, сыпайылық. Мұндай мінез сапаларының иегері түрліше жағдайларда тиімді қарым-қатынаста бола алады: отбасында, жұмыста, әрәптестерімен, достарымен. Олар әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарға қатысты туындайтын психологиялық бөгеттерді, не қарым-қатынас барысында пайда болған негативті сезімдерді, мысалы, сенімсіздік, қызғаныш, жаратпаушылықты, оңай жеңеді.
Адамгершілік және коммуникативті мінез сапалары мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеті болып табылады. Мұғалім үшін пәндік білім мен педагогикалық дағдылары игеру қаншалықты маңызды болса, кәсіби мәнді мінез сападарын өз бойында қалыптастыру да саншалықты мәнді. Адамның еңбекке қатынасынан еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіптілік қалыптасады. Қарсылықтарды жеңуден тұратын еңбек пен оқу әрекеті ерікті мінез сапаларының дамуын қамтамасыз етеді, ол: мақсатқа бағыттылық, табандылық, өзбеттілік, шыдамдылық.
Информация о работе Тұлғаның эмоциялық әлемі. Эмоция теориялары