Тұлғаның кәсіби сапаларына байланысты кеңес беру техникаларын қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2014 в 10:36, реферат

Описание работы

Бірінші гипотеза бойынша, адамның әр қашан да ішкі ресурстары болады, бірақ ол әр қашан қол жетімді бола бермейді. Психологтың міндеті – адамға сол ресурспен кездесуге көмектесу. Сонда адам оны қолдана алады.
Ал екіншісі, адамда қарым-қатынасқа деген қажеттілік болады, және арнайы түрде құрастырылған қарым-қатынас көмекші құрал бола алатындығында. Ал, психолог көмекші қарым-қатынастарды құрау саласының маманы болып табылады.

Файлы: 1 файл

психологиялық кеңес беру.doc

— 54.50 Кб (Скачать файл)

Тұлғаның кәсіби сапаларына байланысты кеңес беру техникаларын қолдану

Психологиялық кеңес беру – әңгімелесу, әр түрлі  «релаксация» тәсілдері және өзіндік  анализ әдістері арқылы адамға демеу  алуға, негативті эмоциялық кернеуді жеңілдетуге және эмоциялық тепе-теңдікті орнына келтіруге мүмкіндік беретін, психологиялық көмектің қызқа мерзімді түрі.

Психологиялық кеңес берудің  міндеттері:

1) адамға өз ойы бойынша  таңдау жасауға және әрекет  етуге көмектесу; 

2) пайда болған мәселелерді  өзбетінше шешу үшін, тұлғаның жасырын ресурстарын табуға көмектесу;

3) жаңа мінез-құлықты үйренуге  көмектесу;

4) тұлғаның дамуына себепші  болу.

Өз жұмысында психолог келесі ережелерді ұстанады:

1) әрбір тұлға өздігінен  құнды болып келеді және сыйға  лайықты; 

2) әрбір тұлға өз өзі  үшін жауапты бола алады;

3) әрбір тұлға өзіне  құндылықтар мен мақсаттарды  таңдауға, өзбетінше шешім қабылдауға  құқылы болып табылады.

Психологиялық кеңес берудің  негізінде екі гипотеза жатады:

Бірінші гипотеза бойынша, адамның  әр қашан да ішкі ресурстары болады, бірақ ол әр қашан қол жетімді бола бермейді. Психологтың міндеті – адамға сол ресурспен кездесуге көмектесу. Сонда адам оны қолдана алады.

Ал екіншісі, адамда қарым-қатынасқа  деген қажеттілік болады, және арнайы түрде құрастырылған қарым-қатынас  көмекші құрал бола алатындығында. Ал, психолог көмекші қарым-қатынастарды құрау саласының маманы болып табылады.

Практикалық психолог жұмысының негізгі бағыттарының бірі психологиялық кеңес беру болып  табылады. 
          Психологиялық кеңес беру –психологиялық қиындықтарды, клиенттің жеке өмірінде, кәсіби іс-әрекетінде, оқуы мен өзге де ситуацияларда кездестіретін қиындықтарын өзі шешуіне мүмкіндік беретін әрекеттің адаптивті емес тәсілдетін анықтайтын психологиялық көмектің түрі.  
          Кеңес беру - адамның мәселесін зерттеуде, дау-дамайды анықтауда, ситуацияны басқара білудің жаңа тәсілдеріндегі көрсетілетін көмек. Кеңес беру психолог жағдайды өзгертуге және жақсартуға тырысқан уақытта орындалады, бірақ ол өзгеріс үрдісін басқара алмайды.  
          Психолог-кеңесшіге эмпатия, ашықтық, тұтынушыға баға бермей қабылдау, оған оның өз мәселелерін өзі шеше алатындығына сенім көрсете білуі қажет. Кеңесші тұтынушыға жеке қамқорлығын оның көңіл-күйіне ену арқылы, сөзбен, мимикамен, дене қозғалысымен көрсетуі қажет; сондай-ақ өзімен тұтынушы арасында оптимальді психологиялық ара қашықтықты сақтай білуі қажет. Ол тұтынушыға қобалжулардан арылуға емес, осы қобалжуларды конструктивті бағытқа бұрып, тұтынушының өзін, өз өмірін, өзгертуге сенімділігімен шешімділігін ұялату. Кеңесші тұтынушыға ақыл айтып, өз ойын танытуға болмайды.  
          С.Глэддинг кеңес берушінің жеке қасиеттерімен тиімді жұмыс жолдарын төмендегідей қарастырады:  
          1. Қызығушылық. Мұндай қасиеті бар адамдар басқаларға табиғи қызығушылық танытады.  
          2. Тындай білу. Тындай білу қабілетін стимулдық фактор ретінде қолдана білу.  
          3. Еркін әңгімелесу. Әңгімеден рахат ала білу.  
          4. Эмпатия және түсіне білу. Жынысына мәдени бағыттылығына қарамастан, өзін басқа адамның орнына қоя білу.  
          5. Қөңіл-күйін білдіру. Қөңіл-күйін шығара алатын адамдар қайғыдан қуанышқа дейін көрсете алады.  
          6. Интроспекция. Өзінің ішкі сезімдерін сезіну, саналы сезіну.  
          7. Өзін құрбан ете білу. Жеке шаруаларын кейінге қалдырып, бірінші кезекте басқа адамның мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, оны тыңдау.  
          8. Жақын қарым-қатынасқа төзе білу. Қысымға қарамастан эмоциялық жақындыққа төзе білу.  
          9. Биліктегілермен қарым-қатынасқа түсе білу. Биліктегілерді мойындай білу және тәуелсіздіктің белгілі деңгейін сақтау.  
          10. Әзілдей білу. Өмірдегі оқиғалардың екі қырын қабылдай білу, олардан күлкілі нәрсе көре білу.  
          11. Ойлау қабілетінің біліктілігі. Оқуға ынтасы және қабілеттілігі, тапқырлықпен шығармашылық ойлау қабілеті.  
          12. Күш-қуаты. Кеңесші бірнеше сессия қатарынан белсенділік көрсете білуі керек.  
          13. Иілгіштік. Тұтынушылардың сұранысына қарай өз әрекеттерін икемдеу.  
          14. Көмек көрсете білу. Тұтынушының шешімін қабылдауына қолдау көрсету, үмітпен сенімге ие болуға көмектесу.  
          15. Жұмыс істеуге еркі. Тұтынушының қызығушылығына байланысты олардың тәуелсіздік әдебін сақтай отырып, конструктивті жұмыс жасауға ықыласы.  
         16. Өзіне сенімділік. Бұл өзін-өзі білу, ұстанымдарын, құндылықтары мен сезімдерін білу және осыларға қандай факторлар және олардың қалай әсер ететіндігін тани білу.  
          Кеңес беруші әдетте интервьюдің бес қадамдық моделін ұстанады:  
          - Тұтынушымен қарым-қатынас орнату және жұмысқа бағыттау;  
          - Тұтынушы туралы мәлімет жинау («Мәселенің мазмұны қандай?»); 
          - Күтілетін нәтижені анықтау («Неге қол жеткізгіңіз келеді?»);  
          - Балама шешімдерді ойлап шығару («Біз бұл жөнінде тағы не істей аламыз?»);  
          - Тұтынушымен әрекеттесуді түйіндеме формасында қорытындылап, қарым-қатынасты аяқтау. 
          Осы келтірілген қабілеттер кеңес берушінің жеке басының сапаларына сәйкес келсе өте тиімді болар еді. Кеңес беруші топта әрі әртіс, әрі ғалым, сезімдермен интуицияларды әдістермен концепцияларды кәсіби білімдермен байланыстырады. Жалпы топтық психотерапевте төмендегідей тұлғалық қасиеттер болуы керек:  
          - Психологиялық қатынасу уайымына ортақтасу, қарым-қатынасқа эмоциялық тұрғыда берілу, басқа нәрселерге назар аудармай «қазір, осында, бізбен бірге» қағидасын ұстану.  
          - Өз күшіне сенімді болу және басқаларға өз ықпалын сезіндіру.  
          - Батылдылық өзінің сезімдерін көрсету үшін тәуекелге баруға, қателіктер жібермеуге және оларды мойындауға дайын болу.  
          - Шыншылдық өзі төмендегідей сұрақтарды қоя алу қабілетінен көрінеді: 
топпен жұмыс істей отырып, мен қандай қажеттіліктерге қызмет етемін? Бұл әрекеттен мен не аламын? 
Мен кез-келген бір топты өзімнің жеке қажеттіліктерімді қанағаттандыру үшін топтың қажеттіліктеріне қайшы келдім бе? 
Мен неге топта өзімді дәл осылай ұстаймын? Топқа менің қарым-қатнасым, құндылықтарым, сезімдерім және әрекеттерім қалай әсер етеді?  
          - Шынайылық дегеніміз топтың қатысушыларына өздерінің тыңдағысы келмейтіндерін де тік және мейірімділікпен айту болып саналады; 
          - Тең түпнұсқа (аутентичность) – бұл өз-өзімен болу қабілеттілігі, топқа пайдалы болатындай ашық жарқын болу;  
         - Ұқсастық сезімі жеке ішкі стандарттарына сүйену қабілеттілігі. Бұл сезім өзінің мәдени мұрасына және этникалық сана сезімін түсіну үшін негізделген және де өз өміріндегі мақсаттарын және өзінің психологиялық мүмкіндіктерін түсінуге негізделген; 
          - Өнертапқыштық және тапқырлық қиын жағдайларда қайталанбас шешімдер табуға мүмкіндік береді; 
         

Психологиялық  кеңес  және  оны  ұйымдастыру

Психологиялық кеңес дегеніміз – рухани  жағынан  көмекке  мұқтаж  адамдарға  ақыл- кеңес беру, жол  көрсету. Психологиялық кеңес арнайы жабдықталған орында,бөгде адамдардан оңашаланған жерде өткізіледі, кеңесті  өткізуге  арнайы  уақыт  белгіленеді.

Психологиялық  кеңес:

1.Туындаған  мәселенің   күрделілігіне  байланысты 1-2 рет         немесе  оданда  да  көп  кеңес  берілуі  мүмкін.

2.Кеңес  алушының бір  ғана мәселесі  емес  жеке жеке  кеңесті  талап  ететін  бірнеше  мәселелері  болуы  мүмкін.

3.Мәселе  бірден  шешілуі  мүмкін. Тек  ғана  кеңес  алушыға  қосымша  қолдау, қолпаштау, ерік, жігер  қажет  болған  жағдайда  психологиялық  кеңес  қысқа  уақыт  мерзімді  қамтиды.

Психологиялық  кеңестің  мақсаты  мен  міндеттері

Кеңес  алушының  туындаған  мәселесін  тез  арада  шешуге  көмек  жасау.мәселен, бала  мәселесіне  байланысты ата ананың  ренжісіп  қалуы, екі  адамның  бір біріне  ренжуі т.б.

Бір  мәселе  қайталана  берсе, онда  кеңес алушыны  психопрофилактикаға  шақыру  қажет. Мұнда  шешімін  таба  алмай  жүрген  мәселелерді  өздері шешуге  талпынады.

Адамдардың  психологиялық  білімдерін  жетілдіру  үшін  пайдалы  психологиялық  кеңестер  беріп  отыру  керек.

Кеңес  алушы  бірден  табысқа  жетпеуі  мүмкін, бірнеше  рет  кеңес  алудың  нәтижесінде  қол  жеткізетіндігін  түсіндіру.

Кеңес  алушының  алғаш  келген  кездей  ойы мен  кеіес алғаннан  кейінгі  ойын  салыстыру. Кейбір  жағдайда  психологтың  ойы мен кеңес  алушының  ойы  бір  бірімен  сәйкес  келіп  жатады, ал  кей  кезде  мүлдем  алшақ  болуы  мүмкін.

Кеңес  алушының  туындаған  мәселесіне  жеңіл  қарамай, оған  шын  мән  беріп  шешу  керектігіне  көз  жеткіз.

Психологиялық кеңес  жұмыстары

Психологиялық  қызметте  кеңес  беру  бағыты  бойынша  қызметкерлер  нақты  міндеттерді  шешеді:

1.Оқу-тәрбие  мекемелерінің  әкімшілігіне,  мұғалімдерге,  тәрбиешілерге,  ата-аналарға,  мастерлерге  балаларды  оқыту  және  тәрбиелеу  және  бірлесіп  жұмыс  істеу  мәселесі  бойынша  кеңестер  береді.

2.Балаларға  оқу,  жетілу,  өмірлік  және  кәсіби  өз-өзін  анықтау,  ересектермен  және  құрбыларымен  өзара  қарым-қатынас,  өз-өзін  тәрбиелеу  және т.б.  мәселелері  бойынша  жеке  және  топтық  кеңес  беріледі.

3.Жеке  және  топтық  кеңес  беру  арқылы   педагогикалық кеңестерге,  әдістемелік  бірлестіктерге,  жалпы  мектептік  және  кластық  ата-аналар  жиналысына  қатысып,  дәріс  оқу  арқылы  педагогтардың,  ата-аналардың,  мастерлердің,  қоғамдық  өкілдердің  психологиялық  мәдениетінің  жоғары-лауына  септігін  тигізеді.

4. Бала  тағдырында  мүмкін  болатын  өзгерістерді  (арнайы  оқу-тәрбие  мекемелеріне  жіберу,  ата-ана  құқығынан  айыру,  бала  асырап  алу  ж.т.б.) анықтауға  байланысты сәйкес  инстанциялардан  дұрыс  шешім   шығару  мақсатында,  халықтық  соттың,  қамқорлық  көрсету  ұйымдарының  сұранысы  бойынша  баланың  психикалық  жағдайы,  психикалық  даму  ерекшеліктері  туралы  сұрақтар  бойынша  шешім  қабылдаған  кезде  кеңесші-сарапшы ретінде  кеңес  береді.

5.Өзін-өзі басқаруды  ұйымдастыру  сұрақтары  бойынша  нақты  балалар мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас  ерекше-ліктеріне  сәйкестендіріп,  психологиялық  ерекшеліктерінің  негізінде  оқу-тәрбие  шараларын  жоспарлауға  кеңесші  ретінде  қатысады. 

 

Әдебиеттер: 
 
Старшенбаум Г.В. Психологическое консультирование. 

 


Информация о работе Тұлғаның кәсіби сапаларына байланысты кеңес беру техникаларын қолдану