Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 15:44, доклад
Төменгі мектеп жасы (6-7-11-ге дейінгі жас) бастауыш сыныптағы оқу жылдарына сәйкес келеді. Бала мектепке барар уақытта, ереже бойынша физикалық, психологиялық жағынан оқуға дайын, өзінің өміріндегі негізгі жаңа кезеңге және мектеп оған орындауға беретін әртүрлі талапқа дайын болады. Психологиялық дайындығы субьективті, обьективті жағынан қарастырылады. Бала бірінші мектептік оқуға обьективті дайын болады және оқуды бастау үшін қажетті психикалық даму дәрежесін иемденген. Оның қызығушылығы, қиялдың күшті болуы, қабылдаудың жаңалылығы барлығына белгілі. Оның зейіні ұзақ және тұрақты, бұл ойындарда, сурет сабағында қарастырып, жапсырғанда айқын көрінеді. Бала өзінің зейінін басқарып, өзі оны ұйымдастыра алады. Оның есі жеткілікті түрде дамыған, ол өзін қызықтырып, таңғалдыратын затты тез және мықты есте сақтайды. Тек қана үлкендер ғана емес, енді бала өзінің алдына мнемикалық мәселені қоюға қабілетті.
Төменгі мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
Төменгі мектеп жасы (6-7-11-ге дейінгі жас) бастауыш сыныптағы оқу жылдарына сәйкес келеді. Бала мектепке барар уақытта, ереже бойынша физикалық, психологиялық жағынан оқуға дайын, өзінің өміріндегі негізгі жаңа кезеңге және мектеп оған орындауға беретін әртүрлі талапқа дайын болады. Психологиялық дайындығы субьективті, обьективті жағынан қарастырылады. Бала бірінші мектептік оқуға обьективті дайын болады және оқуды бастау үшін қажетті психикалық даму дәрежесін иемденген. Оның қызығушылығы, қиялдың күшті болуы, қабылдаудың жаңалылығы барлығына белгілі. Оның зейіні ұзақ және тұрақты, бұл ойындарда, сурет сабағында қарастырып, жапсырғанда айқын көрінеді. Бала өзінің зейінін басқарып, өзі оны ұйымдастыра алады. Оның есі жеткілікті түрде дамыған, ол өзін қызықтырып, таңғалдыратын затты тез және мықты есте сақтайды. Тек қана үлкендер ғана емес, енді бала өзінің алдына мнемикалық мәселені қоюға қабілетті. Ол енді өз тәжірибесінен: бір нәрсені жаттау үшін эмпирикалық есте сақтау мен жаттау әдісін иемденген. Ол бірнеше рет қайталау керектігін біледі. 7 жастағы балада образдық ес және сөз-логикалық естің дамуы жақсы қалыптасқан. Эксперименталдық зерттеу бойынша балалар мағынасыз сөзден гөрі, оларға түсінікті сөз арқылы тиімді, тез есте сақтайды. Баланың сөйлеуі жеткілікті дамыған. Ол грамматикалық дәреже бойынша дұрыс, айқын. 7 жастағы баланың сөздігі жеткілікті бай. Бала жеткілікті кең түрде өзінің естіген нәрсесін өз ойымен байланыстырып, саналы операция элементтерін салыстыруға, қорытынды жасауға қабілетті.
Мамандардың көрсетуінше ұйымдасқан оқу балалардың 6-7 жас аралығындағы ойды дамытқаны соншалықты, олар мысалға қатты, сұйық және үгілетін затты шартты өлшеумен өлшей алады, тұтас нәрсені бөлшекке бөліп, қарапайым мысалмен есептерді шеше алып, образдық элементтерін өндіре алады.
Балалардың мектепке бару кезеңіне дейінгі жетістігі жоғары болуы соншалықты, олар жүйелі оқуды бастауға мүмкіншілігі бар. Тұлғалық белгілер қалыптасады: балалар мектепке бару кезеңіне дейін белгілі бір тұрақтылықты иемденеді, өзінің алдына мақсат қойып және оған жету, қоғамдық мағынада бірінші бағалау жасап, парыз және жауапкершілік сезімі туады. 7 жастағы бала өзінің сезімін басқаруға, істеген істерін өзін-өзі бағалауға тәжірибесі бар, ал бұның барлығы мектепте оқуға дайындық шарты. 7 жастағы баланың психикалық дамуын айтсақ, оқу мүмкіншілік жағынан бағалай аламыз. Тұлғалық ерекшеліктерін, баланың денсаулық жағдайын анықтайтын, тұлғаның әрекетін белгілеп көрсету керек. Барлық айтылғандар обьективті жағынан болады.
Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгеріс. Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі жетекші түрімен сипатталады. Бал мектеп табалдырығын аттасымен оқушы болады. Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштнрін дамытудың жаңа көздерін ашатын-оқу.
Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері 3 типте байқалады. Олардың біріншісі, мектеп режимі ерекшеліктерімен байланысты. Тиісті дағдылар болмаса, бала әдеттен тыс шаршау, оқу жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою пайда болады.
Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен, отбасында болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Баланың мектепке баруымен оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Оның жаңа міндеттері мен жаңа құқықтары пайда болады. Көпшілік жанұяда баланың бұл құқықтары құрметпен қабылданып, толық қанағаттандырылатының тәжірибе көрсетіп отыр.
Қиыншылықтардың үшінші типін 1-ші сыныптағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Бал мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс пайда болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынаста болады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық психология үшін осы әрекетті құру , оның жекеленген бөліктерінің ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылыады.
Біріккен оқу процесінде балалардың жаңа өзара қарым-қатынастары қалыптасады. Мектепте өткен бірнеше аптадан соң 1-ші сынып оқушыларының көпшілігінің ұялшақтылығы мен абыржуы жойылады. Балалар бір партада отыратын көршілерінің мінез-құлқына байыппен қарайды, өзін ұнататын немесе мүдделері сәйкес келетін балалармен қарым-қатынас жасайды.
Бастауыш мектеп оқушыларының санасы әзірше құрдастарының пікірі өзін-өзі шын бағалаудың критерийі болатындай деңгейге жетпейді. Әрине 9-10 жастағы балалар оларға рге оқитын балалар ептілігі, зеректілігі, батылдығы үшін, берген бағаға өте ынталы және егер бұл баға өз қалағанынан басқаша болса, қатты қынжылады. Бірақ мұндай қынжылыстар ұзаққа бармайды, және бастысы оларды мұғалімнің немесе басқа үлкендердің тарапынан берілген бағалаумен алмастыру оңай. Бастауыш мектеп оқушысы үшін мұғалімнің пікірі мейлінше елеулі және үзілді-кесілді болып табылады. Бастауыш мектеп оқушылары мұғалімнің беделін сөзсіз мойындайды. Олар мұғалімдермен әр түрлі кездейсоқ та қарапайымынан бастап өте маңызды да дара себептермен сөйлеседі. Балалар өздерінің қам-қарекетін, қынжылыстарын, үйдегі оқиғаларымен мұғаліммен ашық сөйлеседі, бөліседі. Ренжіген жағдайда кіші мектеп оқушысы мұғалімге айтады, өйткені мұғалім барлығының адамгершілік төрешісі ретінде көрінеді.
Төменгі сынып оқушыларының денелік және психикалық ерекшеліктері. Мектепке дейінгі және одан ересек балалармен салыстырғанда, төменгі сынып оқушыларының түрлі денелік ерекшеліктері бар. Төменгі сынып оқушысының сүйек системасы қатая түскен, бір-ақ сүйегінің қатаю процесі бітпеген. Балаларды сабақ кезінде отырғызғанда мұны ескерген жөн. Балаларды тым көп жазу жаздырып шаршатпау керек, өйткені оларға саусақтары мен қол буынын дәл қимылдату қиынға түседі.
Төменгі сынып оқушыларының жүрек тамыр системасы әлі де болса толық жетілмеген, сондықтан сабақ үстінде , ойын ойнаған кезінде балаларды шаршатып алмаку керек.
Төменгі сынып оқушысының жоғарғы нерв системасы айтарлықтай жоғарғы дәрежеде дамыған.аланың миының салмағы 7 жастан соң едәуір ұлғаяды. Егер 3-6 жастағы баланың миының салмағы орта есеппен 1100 г болса, жетіге толғанда 1250 г , ал 9 жаста 1300 г болады, сөйтіп 7-11 жаста мидың, әсіресе маңдай жағы бөлігінің көбірек өсетіндігі байқалады.
Жеке адамның психикалық жайы көбінесе қозу мен тежелу процестерінің үйлесіміне байланысты. Егер ерте балалық шақта, көбіне қозу процестері тежелуден басым түсіп, келе-келе бал оның сезіміне, ерікті зейініне т.б. Ие бола алмаса, бастауыш сынып жасында тәрбие мен тұрмыс жағдайының салдарынан, қозу мен тежелу процестері бір шамаға түседі.
Әрине төменгі сынып оқушылары өте әрекетшіл, қозғалымпаз, белсенді болады. Тасқын атқан жігер, оның мінезін дегбірсіз еткенімен, баланың жас ерекшелігі педагогтың тәрбиесіне көнбейді деуге болмайды. Төменгі сынып оқушысының табиғаты үнемі қозғалып, айқайлап, жүгіре беруді талап етеді деген қате. Мұғалімнің жүргізген жұмысына қызығып , оның талабына орай төменгі сынып оқушысы біршама ұстамды, тәртіпті, байсалды да бола алады. Бірақ оның күш-қуатының қозғалысқа деген талабына ойлы айла-амал іздеген жөн. Ол үшін сабақты әр түрлі әдіспен жүргізіп, 5 минуттық дене қозғалысын жасатып, үзіліс кезінде жүріп-тұруына мүмкіншілік туғызу керек, мұның бәрі төменгі сынып оқушысын, өзінің жас ерекшелігін жеңе біліп, өзін-өзі билей білуіне қабілетті етеді.
Бастауыш сыныптағы балаларға жалпы сипаттама бергенде 7 жасар баланың 9 жасатағы балаға қарағанда өзінің психикалық және денелік жағынан алғанда едәуір айырмашылық бар екендігін ескермеуге болмайды. Егер бірінші сынып оқушысының мектепке дейінгі жастағы балалармен ортақ белгілері мол болып келсе, үшінші сынып оқушысының кіші жасөспірімдік балаларға тән бірқатар ерекшеліктері болады. Мектепке дейінгі жастан жасөспірімдік жасқа дейінгі даму жолынан өткен балалар үш жылдың ішінде ақыл-ойы, еркі, сезімталдылығы жағынан өте көп өзгереді. Бір сигнал системасының барлау рефлексі жеткілікті дамыған кезде , баланы нақты, көрнекті, көзбен көретін, қолмен ұстайтын, еститін нәрселерге құштар етеді. Сондықтан да көрнекті оқу материалдарын балалар өте жақсы қабылдайды. Бірақ сонымен қатар бастауыш сыныпта оқыған кезде екінші сигналдық система жедел дамиды. Бала бірінші сыныптың өзінде-ақ кейбір нәрсеге талдау жасап, дұрыс қорытынды шығарып, кейбір құбылыстың себебін табуға қабілетті болады.
Информация о работе Төменгі мектеп жасындағылардың психикалық дамуы