Туйсік және қабылдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Августа 2013 в 13:39, реферат

Описание работы

1. Түйсік туралы түсінік.
2. Түйсіктің физиологиялық негізі.
3. Түйсіктің топтары.
4. Түйсіктің түрлері және ерекшеліктері.
5. Қабылдау туралы түсінік.
6. Қабылдаудың физиологиялық негізі.
7. Қабылдаудың түрлері және ерекшеліктері.
8. Кеңістікті және уақытты қабылдау

Файлы: 1 файл

Түйсік және қабылдау.docx

— 20.15 Кб (Скачать файл)

 
                            Түйсік және қабылдау 
1. Түйсік туралы түсінік. 
2. Түйсіктің физиологиялық негізі. 
3. Түйсіктің топтары. 
4. Түйсіктің түрлері және ерекшеліктері.

5. Қабылдау туралы түсінік. 
6. Қабылдаудың физиологиялық негізі. 
7. Қабылдаудың түрлері және ерекшеліктері. 
8. Кеңістікті және уақытты қабылдау 
 
   Түйсік дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі. 
Физиологиялық негіз. 
Түйсіктің физиологиялық негізін Павлов анықтады. Түйсік сыртқы тітіркендіргіштердің анализаторға әсер етуі арқылы пайда болады. Анализатор деп – сыртқы қабылдау аппоратынан басталып, миға барып аяқталатын күрделі нерв механизмін айтамыз. Анализатордың қайсысы болса да 3 бөліктен тұрады: 
1)Сезім мүшелері немесе рецепторлар. 
2)Орталыққа баратын нервтер. 
3)Мидағы нервтер. 
Түйсік пайда болу үшін бір анализатор ғана қызмет етеді. Адамның сезім мүшелері сана жағынан жануарлардан жоғары тұрады. Өйткені адамның сезім мүшелері қоғамдық қатынастың әсерінен еңбек ету нәтижесінде қалыптасып дамиды. 
Түйсіктің топтары. 
Түйсік 3 топқа бөлінеді: 1)Экстероцептивтік. 2)Интотоцептивтік. 3)Пропраоцептивтік. 
1. Экстероцептивтік түйсіктер – бұл түйсіктер организмнің сыртында орналасады. Жататындар: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу. 
2. Интотоцептивтік түйсікткр – бұл организмнің ішінде орналасады. Жататындар: дәм түйсінуі, ауруды түйсіну, барлық органикалық түйсінулер (шөлдеу, қарны ашуы) 
3. Пропраоцептивтік түйсінулер – бұл бұлшықетте, сіңіруде және нерв системасының ішкі жағында орналасады. Жататындар: дірілдеу, тамыр тартылып қалу. 
Экстероцептік түйсіктер 2-ге бөлінеді: Дистонгтік және контонгтік. 
Түйсіктің түрлері. 1. Көру. 2.Есту. 3.Иіс. 4.Дәм. 5.Тері. 6.Қозғалыс. 7.Органикалық. 8.Ауруды түйсіктену. 
Адамдардың түйсіне алу қабілетін – сезгіштік деп атайды. Түйсік қарқыны мен тітіркендіргіш күші арасындағы тәуелділік сипаты түйсік табалдырығы деп аталады. Түйсік табалдырығының 2 түрі бар: 1.төменгі абсолюттік . 2.жоғарғы абсолюттік . Төменгі абсолюттік табалдырық деп – сәл білінерлік түйсік туғызытын тітіркендіргіштердің ең аз күшін айтамыз. 
Жоғарғы абсолюттік табалдырық деп – тітіркендіргіштердің туғызатын ең жоғарғы күшін айтамыз. 
Ерекшеліктері. 
1.Адоптация – «бейімделу» 
Адоптация дегеніміз – сезім мүшелеріне ұзақ әсер еткен тітіркендіргішке байланысты адамдардың түйсігінің бейімделуінін айтамыз. Түрлері: қараңғы, жарық, иіс және тері. 
2.Синезтезия – гректің «қосрласқан түйсік». Синезтезия деп – бір түйсіктің екінші түйсіктің пайда болуына әсер етуін айтамыз. 
3.Сенсибилизация латынның «сезгіштік» деген мағынаны білдіреді. Сенсибилизация деп – бір түйсіктің екінші түйсіктің сапасын арттыруын айтамыз. 
Адамның түйсігі оның жаттығуына, мамандығына байланысты әруақытта өзгеріп отырады. Түйсік сапасын ажырату жаттығуына байланысты. Адамның сезгіштігі, олардың өмір барысында қалыптасады. Жануарлар түйсігінде сезгіштіктің артығырақ даму дәрежесі тектік белгі болып есептеледі.  
 
Қабылдау дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі. 
Физиологиялық негізі. 
Қабылдаудың физиологиялық негізіне мидың аналитикалы және синтетикалы қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін анализденген затты синтездеу керек. 
Қабылдау процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады. 
Қабылдағанда адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды. 
Қабылдаудың түрлері түйсіктің түрлеріне ұқсас болып келеді. 
Ерекшеліктері. 
1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз. 
2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз. 
3. Қабылдаудың таңдамалылығы . Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады  
4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша. Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты. 
Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады. 
Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді. 
Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі . Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау. 
Кеңістікті және уақытты қабылдау. 
Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады. 
Уақытша қабылдау. 
Уақыт дегеніміз – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан, екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа заттардың оның рпнын басып отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең.  
Адамдардың адамды қабылдауы адам өмірінде үлкен роль атқарады. Адамның бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы қандай екендігін айтуға болады. 
Қимыл-қозғалыс ерекшеліктері жеке адамның кейбір қасиеттерін көрсетеді. Сөйлеу ерекшел іктері де адам туралы көп мәлімет береді. 


Информация о работе Туйсік және қабылдау