ҚАРАҒАНДЫ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ПСИХОЛОГИЯ, ПСИХИАТРИЯ ЖӘНЕ НАРКОЛОГИЯ
КАФЕДРАСЫ
Орындаған : Сәдібек М.М
116 ЖМФ
Тексерген: Оспанова Ж.Б.
Қарағанды 2013 ж
Сөж
Қиял. Қиял түрлері.
ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе
Қиял туралы жалпы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
- қиял түрлері
- қиял бейнелерінің жасалу жолдары
- қиялдағы дара айырмашылықтар
- қиял және жеке адам
ІІІ. Ұлылардан – ұлағат
IV. Қорытынды
V. Қолданылған әдебиеттер
ҚИЯЛ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
- Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын сезімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
ҚИЯЛ ТҮРЛЕРІ.
- Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.
- Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, ғалымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялға жатады. Творчестволық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял- ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді.
- Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші дайындық сатысы.
Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты ескерілуі қажет.
Орыстың белгілі демократ, публицисі Д. И. Писарев (1840-1868) шындық пен оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның «арманның іске талпындыратын пайдасы» туралы пікірі жастар үшін ерекше маңызды. Өйткені адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бұл келешектің қиялы болмай, бос лағу, құрғақ қиял болар еді.
ҚИЯЛ БЕЙНЕЛЕРІНІҢ ЖАСАЛУ
ЖОЛДАРЫ
- Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өнделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері жиі қолданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агпютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялык, бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия — танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана — суға қонып, ұша алатын самолет) құрастырылады.
Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ, Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған.
Қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола .
Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мәнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бейнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, киял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп қолданылады.
- Қиял образдарының күрделі түрі - типтік образдар жасау. Типтік образдар жасауда бірінші орында нақты адамның ортақ бейнелері көзге түседі: «Бір жұмысшының, поптың, дүкенші саудагердің портретін дұрыс суреттеп жазу үш жүз, екі жүз шамалы поп, жұмысшы, саудагерлерді қадағалап қарауымыз керек»,- дейді М. Горький. Типтік образдар жасау дегеніміз тұтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей, ортақ белгілері бар бір образ жасап, жанастыру. Жазушының осылайша жасаған типтік образы бір жағынан жеке адамның даралық ерекшеліктерін білдіретін образ болып та есептелінеді.
ҚИЯЛДАҒЫ ДАРА АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР.
- Әр адамның қиялы әр түрлі болады, бірінің қиялы біріне ұқсамайды. Бір адамдардың қиялы бай, шындықпен орайласып жататын болса, екінші біреулердің қиялы жөнді жетілмеген, пәрменсіз, тар көлемді болады. Шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар жасай алатын адамдардың қиялы мазмұнды келеді. Шындыққа сай дұрыс қиялдай білетін адамдарда өмірдің түрлі салаларынан алынған білім қоры, тәжірибесі, белгілі көзқарасы, соның негізінде қалыптасқан айқын сенімі болады.
ҚИЯЛ ЖӘНЕ ЖЕКЕ АДАМ.
- Қиял өзінің дараланған күйінде әр жеке адамның өте мәнді, ерекше қасиеттерін айқындайды. Қиял әрбір жеке тұлғада бірнеше белгілерімен дараланады. Ең алдымен қиял даралығы бейнелердің жарқындығымен еленеді. Кей адамдардағы қияли бейнелерінің айқындығы соншама, тіпті тікелей қабылданған немесе ес елестеріндегі бейнелерден бірде-бір ажыралмайды. Мұндай жағдайларда болмыс шындығы мен қиялдағы бейнелер өздерінің ұқсастығымен ерекшеленеді.
- Қиялдың даралық сипаты оның еркінділігінен, яғни қиялды алға қойылған міндетке ойыстырып, қажетті нәтижеге ерісу үшін пайдалана білу. Жоғары кемелденген қиял иелері ойға келген бейнелердің әр түрлілігіне қарамастан, негізгі бағыттан алшақтамай, оларды қажетті байланыстарға келтіріп, бір идея төңірегіне орайластыру қабілетіне ие.
ШЫҒАРМАШЫЛ ҚИЯЛ ӘДІСТЕРІ.
- Көп уақытта ғылымда шығармашылық процесті заңдастырып, оны үйретіп болмайды деген тұжырым сақталып келді. Шығармашылық іс кездейсоқ жаңалықтар ашудан саналы ойлап табу жолына түсті, жаңа міндеттерді шешу жоспарлы қалыпқа келді. Ағылшын ғалымы Г. Уоллес шығармашыл еңбектің 4 кезеңін бөліп, ұсынады:
- Дайындық – идеяның пайда болуы;
- Ой жетілу – қойылған проблемаға орай білімдердің жинақталуы, жетіспеген деректерді іздеу, топтау;
- Аян болу – діттелген нәтижені сезіммен қауып түсу;
- Тексеру.
- Г . С. Альтшулер шығармашылық еңбектің біртұтастеориясын нақтылап, бұл процесиің 5 деңгейін айырады.
- Нақты нысанға байланысты бір сұрақ төңірегіндегі мәселені шешу;
- Сұрақ бір мәселе төңірегінде, бірақ нысан өзгертілген, шешімі көп вариантты;
- Нысан күрделі өзгеріске түседі, осыған байланысты дұрыс шешім жүздеген қателіктердің арасынан табылуы қажет, қосымша білімдерді қажет етеді;
- Нысан түгелдей өзгереді. Проблема шешімі терең ғылымдықдайындықты талап етеді, әрі сирек кездесетін құбылыстар арасынан іздестіріледі;
- Нысанды қамтыған бүкіл жүйе өзгеріскетүседі: шешім іздеу барысындағы тәуекел мен қателіктер саны шексіз. Мәселені шешу жолдары бүгінгі ғылым аймағынан тыс болуы мүмкін. Сондықтан, бүгінгі қол жеткен білімдер негізінде жаңалықтар аша отырып, қойылған мәселеге біртіндеп жақындай түсу қажет.
ҰЛЫЛАРДАН — ҰЛАҒАТ.
Қиял! Мұңсыз ақын да, философ та... тіпті адам болуы да мүмкін
емес. Д. Дидро
Армандай білуге бейімділікте де ұлы даналық бар. А. Франс
... арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар. Ғ. Мұстафин
Арманмен ойнау қауіпті, күйреген арман өмірді
бақытсыздыққа душар етуі де мүмкін. Д. И. Писарев
... бұрын фантазия, қиял деп жүрген ойлар бүгін дағдылы іс екенін танып, құтыла аламыз ба? Ш. Құдайбердіұлы
ҚОРЫТЫНДЫ.
- Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады. Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
1.
Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.-
Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-
Алматы, “Білім” 1996.
4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев
Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.-
Алматы, “Мектеп”, 1976.
5. Елеусізова С. Қарым- қатынас
психологиясы.- Алматы, 1995.
6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О.
Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының
психологиялық көзқарастары.- Алматы,
2000.
8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының
тарихы.- Алматы, 1996.
9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.-
Алматы, 1980.
10. Тәжібаев Т. Жалпы психология.-
2000.
Назар аударғандарыңызға рахмет !