Валидтілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 12:08, лекция

Описание работы

Валидтілік (жарамдылық) — барлық өлшеу процедурацының валидтілігі алынған нәтижелер өлшенетін объектілер қасиетіне қатысты біржақты (орнықты) болып табылады, яғни өлшеу пәніне қатысты болады. Валидтілік статистикалық аппараттан тәуелді емес, дифференциалды психологияның теориялық аппаратының даму деңгейімен байланысты. Валидтіліктің сенімділіктен айырмашылығы — өлшеудің "объектісі" мен "пәні" ұғымдарын айырумен байланысты түсіну керек.

Файлы: 1 файл

Валидтілік.docx

— 16.23 Кб (Скачать файл)

Валидтілік - әдістеменің соны өлшеу үшін жасалған құбылысты өлшеуге жарамдылығы және тәжірибелік пайдалылығы жөніндегі мәліметтерді қамтитын зерттеу әдісінің кешенді сипаттамасы[1]

 

Валидтілік (жарамдылық) — барлық өлшеу процедурацының валидтілігі алынған нәтижелер өлшенетін объектілер қасиетіне қатысты біржақты (орнықты) болып табылады, яғни өлшеу пәніне қатысты болады. Валидтілік статистикалық аппараттан тәуелді емес, дифференциалды психологияның теориялық аппаратының даму деңгейімен байланысты. Валидтіліктің сенімділіктен айырмашылығы — өлшеудің "объектісі" мен "пәні" ұғымдарын айырумен байланысты түсіну керек.

 

Сенімділік — объектіге қатысты өлшеу процедурасының орнықтылығы. Сенімділік міндетті түрде валидтілікті болжамайды. Психологияда мына жағдай жиі кездеседі: зерттеуші алдымен өлшеу процедурасын ұсынады, оның сенімділігін көрсетеді, ол объектілерді орнықты айыра алатын қабілеттілік, ал валидтілік сұрағы ашық қалады. Мысалы, сыналушы А инструкцияны стимулды объектіні салмағы бойынша салыстыру деп түсінеді, ал сыналушы В өлшемі бойынша деп түсінеді. Егер де өлшеу процедурасы сол объектілерге қатысты қайталанса, онда ол объектілерге қатысты орнықты мәліметтерді береді. Бірақ та, "салмақ" түйсіну шкаласы не "өлшем" шкаласы жайлы валидті мәліметтерді бермейді. Ценімділік қажет, бірақ ол влидтіліктің жеткілікті шарты бола алмайды.

Валидтіліктің келесі түрлері болады:

эмпирикалық,

конструктивті,

конвергентті,

дискриминантты,

экспертті эмпирикалық валидизация.

 

Эмпирикалық валидтілік тестің мазмұнды валидтілігі эксперт есебінен жүрсе (тест тапсырмасының өлшеу пәнінің мазмұнына сәйкестігін орнату), эмпирикалық валидтілік статистикалық корреляциялау көмегімен жүргізіледі, мәндердің екі қатарының корреляциясы есептелінеді — тест бойынша балдар және далидтілік критериясы ретінде алынған сыртқы параметр бойынша балдар көрсеткіштері есептелінеді. Егер де корреляцияның мәнді коэффициенті алынса, онда екі міндет шешіледі, ал корреляция жоқ болса, онда анықталмағандық туындайды: процедураның өзі валидті емес (тестік балл, мысалы, оператордың стресті орнықтылығын бейнелейді) немесе психикалық қасиет пен әлеуметті мәнді көрсеткіштердің (стресті орнықтылық авариялы жағдай процентіне әсер етпейді) арасындағы себепті-салдарлы байланыс жайлы гипотеза дұрыс емес. Сонымен әлеуметтік-прагматикалық критериялар валидтілік-тиімділікті өлшеуге мүмкіндік береді. Конструктивті валидтілік берілген қасиетті өлшеуде белгілі валидтілік пен процедура жүргізілсе, онда ол көп жетістік береді. Бірақ бұл жағдай өте сирек кездеседі. Зерттеу гипотезасы өлшенетін қасиет жайлы теориялық түсініктер негізінде қойылады, олардың бекулері қойылған конструктың валидтілігін көрсетеді, яғни тестің конструктивті валидтілігін көрсетеді. Конвергентті жәие дискриминантты валидтілік өлшенетін фактордың пункттеріне сәйкестікті тестің конвергентті валидтілік қамтамасыз етеді. Иррелеванттық факторларға қатысты пункттерді теңестірумен қамтамасыз ететін дискриминантты валидтілік жатады. Эмпирикалық түрде ол өлшенетін қасиеттен тәуелсіз тестің мәнді корреляциясының жоқ екенін көрсетеді. Мысалы, Айзенк теориясы тұрғысынан Тейлор тесті релевантты фактор — "нейротизмге" қатысты конвергентті валидтілігі болса да, "экстроверсия-интроверсия" факторына қатысты дискриминантты валидтілікке ие емес. Экспертті эмпирикалық валидизация тест мазмұнын экспертті анализдеуден айырмашылығы сол, экспертті эмпирикалық валидизацияда эксперт тестпен емес сыналушылармен жұмыс жасайды. Эксперттер сыналушыларды стандартты бақылауды қамтамасыз етулері керек, бірақ ол ылғи да мүмкін бола бермейді. Сондықтан да практикада субъективті бағалау қолданады. Бұрынғы Кеңес психологиясында "жеке адамды топтық бағалау" деген ат алған. Топтық бағалау валидті информацияның қайнар көзі болу үшін, бағалаушылар сыналушының келісімін алуы керек. Егер де топтық бағалау өзі сенімділікті таппаса, онда ол тестің Валидтілігін тексеруде валидизация критериясы ретінде қолданылмайды. Валидтіліктің ерекше мәселесі адамның белсенділігін психодиагностикада объект ретінде арақатыстырумен байланысты. Оны "дұрыстық" негізімен қамтамасыз ету мәселесі деп түсінеді.

 Өзіндік есептің дұрыстығы  тәуелді болатын психологиялық факторларға жататындар:

1. Білім факторы. Сыналушыда аз болсын, көп болсын мынадай түсініктер болады:

а) тестегі мінез-құлық факторлары сыналушыда шынында да бар ма?

б) ой-пікірде жазылған нақты мінез-құлықтың артында қандай жеке басты қасиет психолог үшін жасырын жатыр?

в) бұл қасиет әлеуметтік жетістікпен қандай арақатыста болады?

2. Әлеуметтілік қажеттілік  — сыналушы өзі жайлы әлеуметтік құптайтын информаиияны береді.

3. "Индивидуалды әдеп" факторы. "Мен" концепциясы және "мен бейнесі" қатысады, сыналушы тест кезінде осы әрекет тактикасын қолданады.

 

 

Валидтілікті тексеру жолдары:

1 Диагностикалық конструктың  теориялық анализі, тестен өтетін психикалық қасиеттің концепциясын жасау. Өзара байланысқан диагностикалық конструктардың жүйелерін табу (әдебиеттің көмегімен). Онда жаңа диагностикалық конструкт белгілі бір құрылымды-функционалды байланыстармен, қатынастармен сипатталады. Конструктивті валидтілікті тексеру арқылы корреляциялық эксмеримент нәтижелерін прогноздау.

2. Әр түрлі мінез-құлық жағдайында көрінетін конструктың шамаларын тіркейтін біржақты көрсеткіштер-эмпирикалық индикаторлар жүйесін жасайтын теориялық конструктың құрамдас бөлігін табу. Тест пункттерін құрастыру.

3. Әдістеменің тиімділігін — валидтілікті текцепy үшін релевантты әлеуметтік прагматикалық критерияны жасау.

4. Критериялы мән көрсеткіші: тестінің жақындығы бар псиихологиялық тестінің нәтижелері белгілі арнайы таңдалған сыналушыларда корреляциялық зерттеуді (немесе квазиэксперимент) өткізу және жоспарлау. Қажет жағдайда тестің конструктивті валидтілігін тексеру мүмкіндігін алу мақсатымен қосымша тест жүргізу. Эмпирикалық индикаторлардың дұрыстығын бағалау.

5. Нәтижелердің дұрыстығын  зерттеу, эммирикалық индикаторлардың дұрыстығын бағалау.

6. Валидтілік пен дұрыстық критерияларына қанағаттанбаушылық туындаса, онда ол пункттерді алып тастау. Валидті пункттерден тұратын қысқарған шкалалар үшін сенімділікті өлшеу. Егерде сенімділік төмен болса, онда психолог 1 сатыға қайта оралады — теориялық түсінікті нақтылайды.[2]


Информация о работе Валидтілік