Заң психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 20:16, творческая работа

Описание работы

Заң психологиясы — заң нормаларының жолын қабылдауға қатысушы адамдардың күйін, психикалық үрдістері мен құбылыстарды зерттейтін психология ғылымының бір саласы. Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді.

Файлы: 1 файл

зан психологиясы.pptx

— 380.58 Кб (Скачать файл)

Заң психологиясы

 

ІРГЕБАЙ  НАЗЕРКЕ

 

орындаған:

Заң психологиясы — заң нормаларының жолын қабылдауға қатысушы адамдардың күйін, психикалық үрдістері мен құбылыстарды зерттейтін психология ғылымының бір саласы. Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді.

 сот психологиясы

 

қылмыс психологиясы

 

еңбекпен түзету психологиясы (пенотенциарлы)

 

ЗАҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ ҮШ ТАРМАҚТАН ТҰРАДЫ:

Сот психологиясы - сот, айыпталушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астарларын қарастырады

 

Қылмыс психологиясы - қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады.

 

Еңбекпен түзету психологиясы - тұтқындагы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді

Заңдық  психология құқықтық реттеу салаларын қамтитын жүйелік категорияға ие. Заңдық психология негізгі бес бөлімнен тұрады. Әрбір бөлімнің өзіне тән құрылымдық элементтері бар.

 

1.            Құқықтық психология. Мұнда құқық мінез-құлықты әлеуметтік реттеу факторы ретінде, тиімді құқықшығармашылықтың психологиялық аспектілері, тұлғаны құқықтық әлеуметтендіру, құқық түсіну және құқықтық сана психологиясы деген сұрақтар оқытылады.

 

2. Криминалды психология. Бүл бөлімде мынадай сұрақтар қарастырылады: қылмыстық мінез-құлықты детерминациялаудағы психологиялық факторлардың рөлі, қылмыскер тұлғасының түсінігі, қылмыскерлердің психологиялық типтері; қылмыстық әрекетті жасау психологиясы; рецидивті және жас өспірімдермен жасалатын қылмыстардың психологиясы; топтық және ұйымдасқан қылмыстылықтың психологиясы; кінә және жауаптылық психологиясы.

3. Қылмыстық сот өндірісінің психологиясы. Мұнда алдын ала тергеу жүргізудің (тергеулік қызмет психологиясы, тергеуші және қылмыстық процестің өзге қатысушыларының, тергеушінің коммуникативті қызметінің психологиясы, т.б.) және соттық қызметтің (сот қызметінің психологиялық ерекшеліктері, соттық талқылаудың, соттық тергеудің, сот жарыссөздерінің психологиясы, т.б. сұрақтар) психологиясы оқытылады

 

4. Түзету (пенитенциярлық) психологиясы. Осы бөлімде келесі мәселелер қарастырылады: түзету психологиясының міндеттері, жаза мен қылмыскерлердің түзелуінің психологиялық мәселелері, бас бостандығынан айырылуға сотталған адамныңпсихологиясы, босатылған адамның әлеуметтік қайта бейімделуі, т.с.с. 

 

5.  Азаматтық құқықтық реттеудің психологиясы. Бұл бөлімде азаматтық құқықтық қатынастардың психологиясы, азаматтық істерді сотта қарауға дайындаудың психологиялық аспектілері, азаматтық соттағы соттық сөйлеу, азаматтық сот өндірісіндегі соттық-психологиялық сараптама тәрізді, т.б. маңызды сұрақтар қаралады.

Заңдық  психологияда қолданылатын зерттеудің жалпыпсихологиялық әдістері өзіндік ерекшеліктерге ие. Мұндай әдістердің ішінде құрылымдық анализ, табиғи эксперимент, бақылау, құжаттарды зерттеу, контент-анализ және интервью әдістері елеулі орынды иеленеді.

Құрылымдық  анализ әдісі зерттелетін құбылыстағы құрылымдық-функционалдық байланыстарды анықтауға бағытталған. Бұл әдіс құқықтың әр түрлі субъектілерінің психикалық қасиеттерін, қылмыскер тұлғасын, заңдық қызметтің жекелеген түрлерін оқытуда жетекші орынды алады.

Құрылымдық анализ әдісі құрылымдық-генетикалық әдіспен тығыз байланыста болады (ол зерттелетін объектінің пайда болуын және дамуын зерттеуге бағытталған ).

Заңдық психология үшін сапалық (факторлық) және сандық (статистикалық) әдістердің алатын орны ерекше. Олардың жиынтығы зерттелетін объектінің қызмет етуінің шарттары мен себептерін анықтауға көмектеседі.

Жекелеген жағдайларда психологиялық-заңдық зерттеу кезінде зертханалық эксперимент әдісі, бірақ көбінесе табиғи эксперимент әдісі қолданылады. Оған сәйкес, тұлғалар эксперимент жағдайын шынайы оқиға ретінде қабылдайды.

 

Сонымен қатар, заңдық психологияда әңгімелесу әдісі- тексерілетін адаммен сенімге негізделген қарым-қатынас орнату әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс бойынша жанама сұрақтар қойылады және жетекші сұрақтар қоюға тыйым салынады.

 

Құқықтық  қатынастардың әр түрлі субъектілерінің  жеке басын зерттеу үшін биографиялық әдісті қолдану кең тараған. Биографиялық әдіс – биографиялық мәліметтерді анықтау және жалпылау әдісі, ол генетикалық зерттеу әдісінің бір түрі болып табылады. Осыған сәйкес, керекті мәліметтер тексерілетін тұлғаның автобиографиясынан, оған тиесілі құжаттардан, оқыту-тәрбиелеу және емдеу мекемелерінің берген хабарларынан, таныс жолдастарынан және туысқандарынан алынады.

Кез келген заң мамандығының өзіндік жауапкершілігі, міндеті, мақсаты бар. Заң мамандығының басқа мамандықтардан негізгі ерекшелігі оның құқық нормаларымен байланыстылығы. Сондықтан да оның мазмұнын келесі ұғымдар құрайды: құқық қолданушылық әрекет, құқық қорғаушы әрекет.

Тергеушінің профессиограммасы күрделі иерархиялық құрылым болып табылады, онда кәсіби қызметтің ьарлық жақтары, сондай-ақ түлғалық қасиеттер, білімдер мен дағдылар өзара байланысты және өзара тәуелді болып келеді.

Заңгердің профессионалдық қызметінің негізгі құрылымына танымдық-болжамдық (когнитивтік), коммуникативтік,  ұйымдастырушылық –басқарушылық, тәрбиелік қызметтер жатады.

Вербальды емес коммуникацияға жест, мимика, поза, дауыстың сапасы, диапазон, темп, т.б. жатады. Мәнерлі сөйлей алатын адамның дауыс интонациясы мен паузасы орнықты, қолайлы сөздер мен сөз тіркестерін таңдап, таба білушілік қабілеті оларға ілесіп отыратын кейбір ым-ишараттарымен дұрыс қабысып келіп отырады.

Назарларыңызға  рахмет!


Информация о работе Заң психологиясы