Жалпы психологияға кіріспе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 20:55, доклад

Описание работы

1)Психология туралы жалпы түсінік
2)Психологияның зерттеу әдістері
3)Қазақстанда психология ғылымының даму жолы
4)Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

психология.pptx

— 68.94 Кб (Скачать файл)

Такырыбы:Жалпы психологияға кіріспе

 

 

 

Мазмұны:

1)Психология туралы жалпы түсінік

2)Психологияның зерттеу әдістері

3)Қазақстанда психология ғылымының даму жолы

4)Пайдаланған әдебиеттер тізімі

    • Психология-психикалық құбылыстардың пайда болу,даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі.Оның тұңғыш дүниеге келген жері ежелгі Греция.»Психология» термині гректің екі сөзінен шыққан «псюхе»жан «логос» ілім.Қабылдау,ес,ойлау,ерік,сезім деп аталатын тағы басқа психикалық процестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиетінің,күллі жан дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады.Психологиялық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құюылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.Олар (түйсік,елес,ой,сезім,тілек,қабілет,қызығу,мінез,әдет т,б жатады)Психологияның даму тарихы:Герофил,Эразестрат,Гиппократ,Гален,Декарт,Гоббс,Спиноза,Лейбниц т.б оқымыстылар есімімен тығыз байланысты.
    • Психологияның зерттеу әдістері - психологияда қолданатын әдістері мен әдістерінің арысындағы байланыстар. Психологиялық зерттеулердің мақсаты бойынша әрбір психикалық құбылыс өзара байланысты,және ол үнемі дамуда болады.Зерттеу әдістерінің түрлері:бақылау әдісі және эксперимент.
    • Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі

 

Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.)

 

    • Эксперимент әдісі.Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
    • Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.

 

    • Қазіргі кезде психология ғылымы — көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен калыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр килы сатыда тұр. Оларды топтастырьш, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп аталады.Адамның нақты іс-әрекеттерне сүйене отырып ,оның дамуын төмендегіше жіктейміз:I. Тәлім-тәрбие (педагогикадық) псяхологиясы, Бұл пәннің зерттейтіні — адамды оқыту мен тәрбислеу ісіндегі психологиялық зандылықтар. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зереттеудің түйінді мәселелерін қарастырады

 

 

II. Жас кезеңдерінің психологиясы — әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологиясы

   III. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладаьы ер қилы аурулардың себептерін қарастырады

    • IV. Еңбек психологиясы — адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.  
      Еңбек психологиясының мақсаты — әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру
    • V. Медициналык психология дәріғерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармақка бәлінеді, арбір тармақтық адам психикасын зерттеуге қатысты мақсат-міндеттері бар. а) Нейропсихолоеш психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың өзара қатынасын зерттейді; ә) Психофармакология дәрі-дәрмек-тердің адам психикасына әсері мен күшін қарастырады; б) Психотерапия — ауру адамға психикалық әдіс-айла және емдік тәсілдер қолдану мәселелерін қарастырады; в) Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындау-мен шұғылданады

  VI. Әскери психологияның ең басты міндеті — азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердін. мінез-құлқы мен отаншылдық қасиетін тәрбиелеп қалыптастыру жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындаш қарым-қатынастар, үгіт-насихат жұмыста-рын жүргізу, дұшпанға дейген өшпенділік сезімдерінік оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі,

    • VIІ. ӘлеуметтІк-психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-катынастағы психологиялық кұбылыстардың сырын зерттейді.
    • VIII. Спорт психологиясы спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады, Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара карым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәседелернің психологиялық факторларын зерттейді

  IX Сауда психологиясы — қазіргі заманда кенінсн дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді, Сонымен қатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялық ықпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатьш алушылардың мұқтаждығы, оларға қызмет көрсетудің факторлары қарастырылады.

    • X. Ғылыми-шығармашылық (творчество) психологиясы — соңғы кездерде зерттеле бастаған сала, Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т, б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше ма-нызды заңдылық — эвристика тәсілі.
    • XI. Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология. Бұл сала бойынша қарастырылатын мәселелер —- әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде өз дәрежссінде зерттеле қойған жоқ.
    • XII. Салыстырмалы психология психиканын филогенетикалық түрлерін карастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар пснхологкясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің. құлқьш. әрқылы механизмдерін қарастырады,. Мысалы, өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген.
    • XIII. Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, кылмыс психологиясы, еқбекпен түзету психологиясы (пенитендиарлы) деп аталатын тармактардан құраяады. Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т. б жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оныц зиянды әрекегтерінің сырын ашады. Ецбекпен түзсту психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын із-дестіреді.
    • Психология ғылымына тікелей байланысты болмағанымен,адамның жан дүнесі жөніндегі пайымдаулар мен ой пікірлер Қазақстанда өте ерте кездерден бастау алып,XV-XIX ғасырдағы қазақ халқы ғұламаларының,ағартушы-демократтардың туындыларында айтарлықтай көрініс берді.Аса көрнекті ғалым Ш.Уалиханов шығармаларында халықтың рухы мен таным-наным түсініктерімен тығыз ұштастырылды.Ы.Алтынсарин еңбектері этникалық және балалар психологиясының қыр-сырына толы деуге болады.Кенестік кезенде де Қазақстандағы психология ғылымының өрісі кеңейіп,оның аясы халыққа білім беру,тәлім-тәрбие істерінің мақсат-міндеттерімен сабақтасты.Ж.Аймауытовтың «Психология» оқулығы мен Жан жүйесі жіне өнер таңдау деген туындысы-психология пәні бойынша таза ана тілімізде жазылған бірден-бір алғашқы еңбек.Сонымен қатар С.Балаубаев,Т.Тәжібаев,М.Мұқанов,А.Темірбеков,Ә.Ситдықов,Е.Суфиев тәрізді психолог ғалымдардың ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері сан алуан

Пайдаланған әдебиет тізімі:

Алдамұратов.Ә Жалпы психлогия оқулығы Алматы-2011

Қ.Жарықбаев Психология оқулығы


Информация о работе Жалпы психологияға кіріспе