Жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 06:08, статья

Описание работы

Біздің елімізде жалпы орта білім беретін оқу орындарында педагог-психолог мамандығының енгізілгеніне небәрі жеті жыл болды. Бүгінде психология барлық ғылымдармен өте тығыз байланысты, оның да зерттеу объектісі жалғыз-ақ: ол – адам, оның психикалық процестері, қалыптары, күйлері. Психология ғылымы оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен мәнін терең түсінуге, оқушылардың ақыл-ой қызметі мен мінез-құлқын басқара отырып олардың дамуын жетілдіруге, тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Файлы: 1 файл

Бексултанова А психолог.docx

— 152.56 Кб (Скачать файл)

Жасөспірімдердің  психологиялық ерекшелігі

 

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

педагог-психологы  А.А.Бексултанова

 

Біздің елімізде жалпы  орта білім беретін оқу орындарында  педагог-психолог мамандығының енгізілгеніне  небәрі  жеті жыл болды. Бүгінде  психология барлық ғылымдармен өте  тығыз байланысты, оның да зерттеу  объектісі жалғыз-ақ: ол – адам, оның психикалық процестері, қалыптары, күйлері. Психология ғылымы оқу-тәрбие жұмысының  мазмұны мен мәнін терең түсінуге, оқушылардың ақыл-ой қызметі мен  мінез-құлқын басқара отырып олардың  дамуын жетілдіруге, тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға мүмкіндік  береді. Әсіресе, психологияның аса  қажеттілігі педагогикадағы тәрбие мәселесіне келгенде ерекше байқалады. Педагогикалық тәрбиенің мақсаты  даму жолындағы қоғам талаптарына  сай жеке тұлғаны қалыптастыру. Ал бұл мақсатқа жету үшін жеке адамның қалыптасу заңдылықтарын, бағыт-бағдарын, қабілетін, қажеттілігін, эмоциялық ерік аясын, дүниетанымын зерттеу қажет.

Адамзат баласының негізгі  іс-әрекеті ойын, оқу, еңбек екендігі анық. Еңбек үстінде жеке адамның  сапасы психологиялық процестерінің  ерекшеліктері және адамның қасиеттері көрінеді. Сонымен қатар еңбек  осы процестерді жетілдірудің және жеке адамның қасиеттерін қалыптастырудың  ең басты құралы болып табылады. Еңбек әркетінің арқасында адамда ойлау, қабілет, ынта дамиды, білім, іскерлік пен дағыдыға ие болады, еркі күшейіп, мінезі қалыптасады. 
Баланы екі жастан бастап еңбекке тәрбиелеген дұрыс және ол оқумен ұштастырылуы қажет. Баланың әрқандай даму кезеңіне сай еңбек әртүрлі болады. Мектепке дейінгі жастағы бала үшін (оның еңбектенуге де, оқуға да ықыласы болғанымен) мұндай әрекет түрі – ойын. ал мектепте (1-ші сыныптағылардың ойынқұмарлығы басылмаса да) оқу еңбегі басым келеді. 
Көрнекті кеңес педагогы А.С.Макаренко балаларды еңбекке тәрбиелеу саласындағы мәселелерге ерекше назар аударды. Балаларды белсенділікке, творчестволық пен инициативалыққа тәрбиелеуде тек ұлы істер мен көрнекті еңбек қана емес, ойын да белгілі дәрежеде әсер ететіндігін ашып берді. Ол: «Бәрінен бұрын ойын мен жұмыс арасында үлкен айырмашылық жоқ екендігін айту қажет…Жақсы ойын жақсы жұмысқа, жаман ойын, жаман жұмысқа ұқсайды» — дей келіп, ойнаудың қай-қайсысы болса да еңбекке және ойлануға негіз болып табылатындығын дәріптейді және ойынның үлкен тәрбиелік мәнін талдай отырып: «Егер біздің баламыз тек әрекетсіз, енжар ойындармен ғана айналысатын болса, одан енжар, басқаның жұмысына көзін сатып отыратын, бастама дегеннен айырылған және жұмыста жаңалық ашуға ұмтылмайтын қиындықтарды жеңуге дағдыланбаған адам тәрбиеленеді. Күш жұмсап, белсенді әрекет етпейтін ойын-қашанда жаман ойын. Бала шынында да ойнасын, ойыншықтарды бөлшектеп, жинап, құрастырсын. Алғашқы бастаған ойынын аяқтамай, бір істен екіншісіне ауыспасын, не істесе де сол істі аяғына дейін жеткізсін. Ойыншықтардың қайсысынан болса да болашаққа қажетті құнды жақтарын түсінетіндей болуы керек». Сонда ойын баланы еңбекке жұмылдыруға әсерлі болады және білім қатарласа жүрмеген, саяси және қоғамдық тәрбие қатар жүргізілмеген еңбектің тәрбиелік пайдасы болмайды, бейтарап жүргізілген іс болады да қалады. 
Психология ғылымында адамның жеке басы сапасын, оның ішінде еркі (тұрақтылық, дербестік, инициатива т.б.) туралы мәселе жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілсе де ашылмай отырған сырлар аз емес. Сондықтан оларды ескерусіз, елеусіз тастауға болмайды, қайта адамның жеке басы сапасын барынша зерттеп ашу кезек күттірмейтін мәселенің бірі боп табылады. Бұл мәселені зерттеу үшін жеке адам еркінің ерекшелік белгілері мен мінезіне, қасиетінің қалыптасуына назар аудару қажет. Бұл – психологтар ұжымының алдында тұрған проблемалық үлкен мәселелердің бірі. 
Оқушылар инициативасына психологиялық талдау жасауда мынандай жоспарда жүргізуге болады. Инициатива — еріктің саналы түрдегі ықпалының бір көрінісі, инициатива көрсету — мінез ерекшеліктеріндегі дербес қасиеттің қалыптасуы. 
Адамның ерік сапалары тәрбие үстінде дамып, дербес тәрбие кезінде жетіледі. Ерік қоғамдық дәлелдерге, бағытқа, сыртқы қайшылықтарды жеңе білуге сай бағаланады. Ол жеке адамның өмір тәжірибесінен жинақталады. 
Жеке адам еркінің сапалары іс-әрекет үстінде көрініс береді. Олар мыналар: дербестік, шешімділік, өзін-өзі ұстай білу. Адамның өз қылығын өзі анықтап, маңайындағылардың кездейсоқ әсерлерінің ықпалына мойын ұсынбай, өз сенімімен, өз біліміне жүгіну арқылы қызмет атқаруын дербестік дейміз. 6-7 сыныптардағы оқушылардың дербестігі: «Мен еліме қандай пайда келтіремін және қалай келтіруім керек?!» дегендей мағынада көріне бастсйды. Оқушылардың осы шақтағы кезеңін психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде «толқымалы жас» деп есептейді. Бұл жастағы ұлдар мен қыздардың мінезі айқындалып, өмірге көзқарасы және сенімі қалыптаса бастайды. Мінез-құлық дәрежесі бағдарланып, төңірегіндегілермен қарым-қатынасы басталады. Бұларды жас өспірімдер деп атайды. 
Психологтар балалар жасының психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен шұғылданып, сан рет өмірге қажетті мәселелер көтерді. Жалпы және педогогикалық психология ғылыми — зерттеу институты жеке адамдардың психологиясын, сонымен қатар олардың қажетті қасиеттерінің даму мәселелерін зерттеуді қолға алып, ғылыми тәжірибелер негізінде жеке адам мінез – құлқының қалыптасуы жөніндегі проблемаларды белгілі бір ғылыми жүйеге келтірді. Оқушылардың ар-ұжданы мен даму заңдылығы негізінде жеке адамның мінез құлқын зерттеу, еңбек сүйгіштікке баулу арқылы жаңа адамдар тәрбиелеу — психология ғылымының негізгі саласы. Адамдардың еңбекке деген сүйіспеншілігі әрқашанда жоғары бағаланады. Өйткені еңбек сүйгіштік, жаңаға талпыну, еңбекке шығармашылық көзқарас, іске жауапкершілік сезім, т.б. оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеудің бірден-бір мектебі болып табылады. 
Бала психологиясын жеке зерттеу бүгінгі психология ғылымының актуальды мәселелерінің бірі. Қазіргі ғылым, техниканың дамыған шағында адамның инциативасы,еңбекке деген белсенділігі,сан-алуан мамандыққа орай қалыптасқан қабілеттілік, алғырлық, еңбектен ләззат ала білу-тек адамға ғана тән тамаша қасиеттер. 
Инициатива әрқашан қоғамдық заңды ықпалға сәйкес ,жеке адамның саналы да, орнықты қасиеттерінен туындайды. Міне сондықтан да 13-14 жастағы оқушылардың ақыл-ойы қауырт дами бастайды да, бүкіл болашақ өміріне арқау боларлық дүние таным мен мінез ерекшеліктері қалыптасады. Әдетте 13-14 жастағы жас өспірімдердің психологиясы дене құрылысынан баяу дамып жетіледі. Олар балалық шаққа жатпайды, алайда ересек деуге де болмайды. Жас өспірімдердің ақыл-ойы толқымалы да, мінез-құлықтары мен көңіл күйлерінде қарама-қайшылықтардың кездесетіндігін жиі байқауға болады. Оқушылардың 13-14 жас шамасындағы кезеңінде тәрбие жұмысын өте шеберлікпен жүргізбесе жас өспірім мен ересек адам арасында келіспеушіліктің туатындығы сөзсіз.

Жасөспірімдердің үйлесімді  қатынасын 5 аспектіге бөле отырып қарастыруға  болады.

Физиологиялық аспекті - бұл жаста ағза белсенді түрде дами бастайды. Дене бітімі өзгеріп, әр ай сайын шамамен салмағы -  200 гр. артып, бойы – 1см өсе бастайды.

13-14 жастағы баланың қозғалыс  сферасы қажетті деңгейде дамиды. Осы кезеңде бала әртүрлі жылдамдықпен  жүре алады, бірқалыпты адымдап,  жүру жылдамдығын өзгерте алады,  жүгіріп келіп, секіре, ритмикалық, пластикалық әр түрлі қимыл  қозғалыстарды жасай алады. Осы жаста жүйке жүйесінің қалыптасуын, тірек-қимыл жүйесінің дұрыс қалыптасуын әрі қарай физиологиялық тұрғыда жалғастыру қажет. Физиологиялық қабілеттің ең негізгісі – шыдамдылық болып есептеледі. Осы шыдамдылықтың арқасында оқуда, еңбекте жетістікке жетеді.

Медициналық аспекті - Бой - 150- 155см;салмағы - 22-23 кг; көкірек клеткасының аумағы - 58- 59 см; қол және аяқ сүйектері жылдам дами бастайды;омыртқа буындары қалыптаса бастайды;миының әр түрлі бөліктерінің қалыптасу деңгейі ересек адамның миының көрсеткішіне жақындай бастайды; ми қыртысының тежеу қызметі дамиды;

психикалық іс- әрекеттің  ырықсыз қалыптарынан ырықты қалыптарына  біртіндеп өте бастайды.

Психологиялық аспекті - әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар.  Соған байланысты жасөспірімдік кезеңнің өзіндік маңызы бар. Бұл баланың «мені» қайта  құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасады. Жас кезеңдерінде физиологиялық өзгерулермен қатар психологиялық өзгерулер де болатыны баршаға мәлім. Осы психологиялық өзгерулер дағдарыс туғызады.

   Әрбір жас кезеңіне сай дағдарыс түрлері:

    1. Өмірге келу  дағдарысы.

    2. Үш жастағы  дағдарыс.

    3. Жеті жастағы  дағдарыс.

    4. Жасөспірімдік  кезеңдегі дағдарыс.

    5. Сұрақтар дағдарысы сияқты кезеңдерге жіктеледі.

Балалық шақтан есею кезеңіне өту кезеңіндегі дағдарыс.Әсіресе, мұндай көңіл-күй псхологтардың көрсетуінше, ер балаларды 13-15 жаста, қыз балаларды 11-13 жаста көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі балалар мінез қыңырлығымен сипатталады:

1. Жасөспірімнің қоршаған  ортаға деген қатынасын білдіру.

2. Қажеттілік пен тілектерінің  өзгерулеруі.

3. Ішкі дүниесінің қайта  құрылу.

4. Жасөспірім ағзасы қысқа  уақыттың ішінде үлкен өзгерістерге  ұшырауы. 

5. Жасөспірім айналасындағылардың  өзіне деген құрметі мен санасуын  талап етеуі. 

6. Ортадан өз орнын  алуға тырысуы. 

7. Өзін кейде біреулердің  айтқанымен жүріп тұратын, не  үлкендердің көрсетуі мен өмір  сүретін бар болғаны біреулердің  көшірмесімін деп қабылдауы.

8. Ерекшеленуге, өз мінезін  көрсетуге тырысуы. 

 9. Еліктейтін бейнесін табуы.

10. Әртістер мен спорт  шеберлерін өзіне пір  тұтуы. 

11. Тәрбиесі қиындап, оқу  үлгерімі нашарлауы.

12. Жалпы еңбек күш қабілеті  төмендеуі.

13. Өзін басқа біреудің  орнына қою немесе еліктеу.

14.  Өз-өзіне көңілінің  толымсыздығы.

15. Көңіл-күйінің төмен  болуы.

Әлеуметтік аспекті –  жетекші  іс - әрекеті өзгереді,  әлеуметтік ортасы өзгереді, жаңа ортаға бейімделеді, достарын табуға қажеттілігі артады, үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынас жасауға талпынады, топ мүшелерінің арасында белсенді болуға тырысады,

жүйелі қарым- қатынас түрлерін меңгере бастайды, жанұядағы орны өзгере бастайды;

көркем шығармалардағы кейіпкерлерге  еліктеп, адамдармен қарым- қатынас  қабілеттерін дамытып, өзін жеке адам ретінде сезіне бастайды.

Педагогикалық аспекті  -   оқу түрткісі оянып, ниеті мен дағдысы қалыптаса бастайды, оқу әрекетіне белсенділік пен қызығушылық танытады, жаңа білімді, білікті, игеруге тырысады, таным белсенділігі артады, оқу тапсырмасын анықтай біледі, сұрақ қоюға оны шешуге бейімделе бастайды, өз әрекетінің жағымды нәтижесін көтеруге тырыса бастайды,

білім мен бағаға деген бағыттылығы арта бастайды.

Осы орайда 7-сынып  оқушыларының  жаңа мектеп, жаңа бағдарламаға бейімділігін, қобалжу деңгейін, оқу мотивациясын анықтау мақсатында бірқатар зерттеу  жұмыстары жүргізілді. Кондаштың «Қобалжу шкаласы» әдістемесі және Н. Лусканованың «Оқу мотивациясын анықтау» әдістемесі алынып төмендегі көрсеткіштерді көрсетті.

1.Қобалжу шкаласы мектептік қобалжу , өзіндік бағасына байланысты қобалжу, және тұлғааралық қарым-қатынастағы қобалжу деңгейі бойынша анықталады.

7-сынып оқушылары барлығы – 89 оқушы, олардың ішінде 56 оқушыда (63%)  – тұлғааралық қарым-қатынас бойынша қобалжу деңгейі жоғары екендігі байқалды, ал 14 оқушыда (16%)  - мектептік қобалжу басым, 19 оқушыда (21%) – өзіндік бағалауы бойынша қобалжуы басым.

Н. Лусканованың «Оқу мотивациясын анықтау» әдістемесі   бойынша  көрсеткіштер:  7 сынып оқушылары  барлығы – 89 оқушы, олардың ішінде 25 оқушыда (28%)  – оқу мотивациясы, белсенділігі өте жоғары екендігі байқалды, 34 оқушыда (38%)  - оқу мотивациясы жоғары, 26 оқушыда (29%) – оқу мотивациясы орта, 4 оқушыда (5%)  - оқу мотивациясы төмен.

 

Зерттеу қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныс:

1. Мұғалімнің жоғары талап қоюшылығы- дауласудың бір себебі.

2. Әрдайым сәтсіздіктен бала ашуланшақ болады.

3. Бірінші ішкі сенім мен мотивацияны туғызыңыз.

4. Көрнекілік құралдарын көп қолдану.

5. Сынып  татулығын  қалыптастыру.

6. Баланың үлкен досына айналу.

7. Өзіндік бағаны   көтеру.

8. Мазасыздық деңгейін   төмендету.

9.Оқушының өзіндік бағалауын жоғарылату үшін қажет кезінде мақтаңыздар, мадақтаңыздар

10. Топтық жұмыс жасаңыздар және топ құрамын жиі өзгертіп отырыңыздар

11. Оқушы сенім мен жылылықты сезінгенде ғана бойындағы қабілеті ашылмақ.  

 

 

 

 


Информация о работе Жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігі