Адамның жаратылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 15:15, реферат

Описание работы

Барша ғаламаның иесi Аллаһ Та`ала жер бетiндегi тiршiлiкке иелiк ететiн бiр халифа (қожайын) жаратуды ойластырды. Ол халифа Адам ата мен одан тараған барша адамзат болатын. Адамның алейһиссәллам, жаратылу тарихы Аллаһ Та`ала мен перiштелердiң арасындағы әңгiмеден басталды. Жаратушы перiштелерге жер бетiне қожайын жiберетiнiн хабарлады.
– Олар жер бетiнде өсiп-өнедi, өледi, ұрпақ жалғастырады, сұлтан иелерiне бағынып, қауымдасып тiрлiк қылады, даналыққа ие болады,– дедi. Перiштелер бұл оқыс хабарға қатты таңырқады.

Файлы: 1 файл

Адамның жаратылуы.doc

— 243.00 Кб (Скачать файл)

 

Адамның жаратылуы  
 
Барша ғаламаның иесi Аллаһ Та`ала жер бетiндегi тiршiлiкке иелiк ететiн бiр халифа (қожайын) жаратуды ойластырды. Ол халифа Адам ата мен одан тараған барша адамзат болатын. Адамның алейһиссәллам, жаратылу тарихы Аллаһ Та`ала мен перiштелердiң арасындағы әңгiмеден басталды. Жаратушы перiштелерге жер бетiне қожайын жiберетiнiн хабарлады.  
– Олар жер бетiнде өсiп-өнедi, өледi, ұрпақ жалғастырады, сұлтан иелерiне бағынып, қауымдасып тiрлiк қылады, даналыққа ие болады,– дедi. Перiштелер бұл оқыс хабарға қатты таңырқады. Перiштелер жер бетiнде пайда болған адамдар бiр-бiрiмен жауласып, қан төгiсiп, күнәһарлық iстер жасамас па екен және мейiрiмдiлiк пен тазалықты тең сақтай алар ма екен деген дүдәмал ойда болды. 
Сонда перiштелер: 
– Бiз сенiң даңқыңды дәрiптеп, қасиетiңдi мадақтап жүрсек, жер бетiнде күнә жасап, қан төгетiн бiр бұзық жаратпақсың ба? – дедi.  
– Менiң көкейiмде не жатқанын бiлмейсiңдер ғой, – дедi Аллаһ оларға. 
– Бiз Сенiң адалдығыңды, ұлықтығыңды мадақтап, Өзiңе ғана бас иемiз, шүкiршiлiк қыламыз. Жаратушы иемiз! Не iстесең де даналықпен, көрегендiкпен iстейтiнiңе иманымыз кәмiл. Бiз жер бетiнiң халифасы – адамдарды қандай ғып жаратсаң да, бiзден артық болады деп ойлаймыз,– дедi. Шынында, бұл ой олардың әрқайсысын қатты толғандырғаны анық едi. Аллаһ Та`ала олардың көкейiндегi мазасыздықты сездi. Сосын ғайыптың сырынан сөз қозғап:  
– Даналыққа тек адамдар ғана ие бола алады. Мен бiлгеннiң бәрiн сендер бiлмейсiңдер, – дедi перiштелерге.  
Сөйтiп Аллаһ Та`ала адамды қара лайдан инсан ретiнде жаратып, ол әбден кеуiп, шерткен кезде сыңғырлаған дыбыс шыққанша тұрғызып қойды. Мүсiн әбден кепкен соң, оған жан бердi. Ол – қаннан, еттен, жүйкеден жанданып, әрекеттенiп қимылдай бастады. Бiрте-бiрте оның бойында ойлай бiлетiн сезiм қабiлетi оянды. Адам, алейһиссәлам, дүниеге осылай келдi. 
Аллаһ Та`ала Өз қалауымен Адамды, алейһиссәлам, жаратқаннан кейiн, оның бойындағы барлық сезiмдерiн оятты және барлық нәрселердiң атауларын, өмiрдiң, табиғаттың құпия-сырларын тануды үйреттi, әлемнiң ақиқат шындығын сездiрдi. Бұл қасиеттер мен даналықтар Адам,алейһиссәлам, ұрпақтарының Жер бетiнде еркiн өмiр сүруiне мүмкiндiк бердi.  
Соңыра Аллаһ Та`ала перiштелерге Адамның,алейһиссәлам, өзiн көрсеттi.  
– Жаңадан пайда болған Адам, мiне, осы. Мұның түсiнiгi де, бiлiмi де сендерден артық, – дедi Жаратушы. Перiштелер аса сұлу кейiпте жаратылған Адамға қызығып, таңырқай қарады. Аллаһ Та`ала Өз сөзiнiң шындығына перiштелердiң көзiн жеткiзу керектiгiн ұқты.  
Содан Адамға бар нәрсенiң аттарын үйреттi де, әлгi заттарды перiштелерге көрсетiп: 
– Қане, бiлгiш болсаңдар, мыналардың аттарын атап берiңдершi – дедi. 
Бiрақ перiштелер бұған жауап бере алмай тосылып қалды. Сөйтiп, олар Аллаһ Та`аладан кешiрiм сұрауға мәжбүр болды. 
– °лы мәртебелiм, – дедi перiштелер. – Бiзде Өзiң үйреткеннен басқа бiлiм жоқ. рi ғалым, әрi дана тек Сен ғана.  
– Ей, Адам! Мыналарға олардың аттарын айтып бер, – дедi Аллаһ. Адам бәрiн айтып бердi. 
– Аспанның да, жердiң де құпияларын бiлемiн деп едiм ғой мен сендерге, – дедi Аллаһ. – Тiптi сендердiң iшкi сырларың да маған аян болып тұрады.  
Адам, алейһиссәлам, өзiнiң бiлiмiмен, Аллаһ жаратқан даналығымен перiштелердi таң қалдырды. Аллаһ Та`ала Адамды, алейһиссәлам, перiштелерден артық жаратқанына қанағаттанғандығын бiлдiрдi.  
Аллаһ Та`ала Адамды, алейһиссәлам, перiштелерден артық қып жаратқанын дәлелдегеннен кейiн, перiштелердiң оған бас иiп, сәжде қылуын бұйырды. Перiштелердiң бiрi қалмай бас идi. Тек Iбiлiс қана тоңмойындық жасап, дiнсiз болып шықты. 
– Ей, Iбiлiс! – дедi Аллаһ. – Менiң өз қолыммен жасаған адамыма бас июге не кедергi болып тұр? лде бас июге өзiмшiлдiгiң жiбермей тұр ма? йтпесе мәртебем жоғары деп тұрсың ба? 
– Мен одан артықпын, – дедi Iбiлiс. – Менi оттан жараттың, ал оны топырақтан жаратып тұрсың. 
– Шық, жәннаттан! – дедi Аллаһ. – Сен нағыз қуаланды болдың. Қияметке дейiн мен саған қарғыс айтамын! 
Сөйтiп, Аллаһ Та`аланың Адамды, алейһиссәлам, перiштелер мен жындардан артық жаратқанын көре алмаған Iбiлiс Тәңiрiнiң әмiрiне бой ұсынудан бас тартты.  
– Долбарланған қара батпақ, топырақтан жасалған адам менiң бас июiме лайық емес, – дедi Iбiлiс. 
– Сен бұл жерден (жұмақтан) шығып кет, – дедi Аллаһ Iбiлiске. – Бұл жерде сен өзiңдi астам ұстауыңа болмайды. Жоғал, сен барып тұрған оңбағансың.  
– Тәңiрiм! – дедi Iбiлiс. – Барша тiршiлiк өлетiн күнге (қияметке) дейiн маған мәулет бер. 
– Мәлiм мерзiмге дейiн саған, сөз жоқ, мәулет берiледi, – дедi Аллаһ. 
Аллаһ Та`ала кеңшiлiк жасап, Iбiлiстiң сұраған тiлегiн бердi. Бiрақ ол Тәңiрiнiң рақымын бағаламай, бұрынғыдан бетер қасарыса түстi.  
– Менен үстем еткен адамың осы екен ғой, – дедi Iбiлiс. – Егер менi, қиямет күнiне дейiн құртып жiбермесең, Адам әулеттерiнiң бiразынан басқасын аздырып түп-тамырымен құртып жiберемiн. 
– Бара бер! – дедi Аллаһ. – Егер саған iлесетiндер болса, оларға да, саған да толық жаза – тозақ бар. Мейлi, үнiңмен, зымияндық сөзiңмен азғырасың ба, атты-жаяу қолмен шабуыл жасайсың ба, тiптi олардың малдарына, бала-шағасына бiлгенiңдi iсте. Бiрақ менiң сенiмi бекем құлдарыма өктемдiгiң жүрмейтiнi хақ. Шайтанның сертi алдаудан басқа ештеңе де болып шықпайды.  
– Сенiң ұлықтығыңмен ант етейiн, олардың бәрiн мен, сөз жоқ аздырамын. Тек Өзiңнiң таңдаған пенделерiң ғана азбас, – дедi Iбiлiс.  
– Менiң сөзiм хақ, – дедi Аллаһ. – Мен шындықты ғана айтамын. Саған қосып, олардың саған iлескендерiнiң бәрiмен жаӘаннамды толтырамын!. 
Бiрақ Iбiлiс Аллаһ Та`аланың бұл сөзiнен қаймыға қоймады. °жмақтан шыққанша қасарысып, Тәңiрiмен салғыласып бақты.  
– Менi тура жолдан аздырғаның үшiн, мен сенiң тура жолыңа көлденең тұрамын. Сонан соң сөзсiз олардың алдынан, соңынан, оңынан, солынан шабуыл жасаймын. Олардың басым көбi шүкiршiлiк ететiндер емес екенiн көзiңмен көресiң. 
– Жәннаттан күнәлi түрде және қайырымнан мақұрым қалған жан ретiнде шығасың. Адамдардың саған iлескендерiн қосып, тозақтың қазанын бәрiңмен бiр-ақ толтырамын, – дедi Аллаһ.  
 
Қайырымды Хауа 
 
Аллаһ Та`ала Адамды, алейһиссәлам, перiштелерге қарағанда өзгеше етiп жаратты. Перiштелер iшiп-жемейдi, өсiп-өнбейдi, өмiр бойы Аллаһқа қызмет етiп, ұшып жүредi. Ал Адам, алейһиссәлам, оларға қарама-қарсы iшiп-жейтiн, өсiп-өнетiн, артына ұрпақ қалдыратын, оқуға, даналыққа қабiлеттi, сезiмге бай, қуанып, қайғыра алатын, күйiнiп, қызғана алатын, бүкiл дүниеге қожалық ететiндей жан бiткеннен артық боп жаратылды. Яғни оның перiштелердей мәңгi жалғыз күн кешуi мүмкiн емес едi. Сондықтан Аллаһ Та`ала оған серiк етiп Хауаны жаратты да, екеуiне жұмақта бiрге тұруды бұйырды.  
Құдiретi күштi Аллаһ Та`ала Хауаны жаратар алдында Адамды, алейһиссәлам, терең ұйқыға ендiрдi де, оның сол жақтағы қабырғасының бiрiн сөгiп алды. Сөйтiп, оның орнын етпен толтырды. Сөгiп алған осы қабырғадан Хауаны жаратты және оларды бiрiнсiз бiрi күн көре алмайтындай мәңгiлiк бiрiктiрдi. Хауа Адамға, алейһиссәлам, қарағанда кiшi денелi, өте сұлу мүсiндi әм ажарлы, жүрегi жұмсақ, табиғаты төзiмдi болып жаратылды. 
Адам, алейһиссәлам, терең ұйқыдан оянғанда, бас жағында отырған Хауаны көрдi.  
– Сен кiмсiң? – деп сұрады Адам, алейһиссәлам, одан. 
– йелмiн. 
– Не үшiн жаратылдың? 
– Сенiмен мәңгi бiр болу үшiн жаратылдым, – деп жауап бердi Хауа. Бұл Аллаһ Та`аланың қалауымен болған аса ғажайып iс едi. Адам ата мен Хауа ана содан бастап бiрге тұра бастады. Содан берi еркек пен әйелдiң жұбы жазылған емес, өйткенi олар бiрiнсiз бiрi өмiр сүре алмайды, оларды Аллаһ Та`ала әу баста солай жаратқан. 
 
Iбiлiстiң Адамды азғыруы 
 
Аллаһ Та`ала Адам, алейһиссәлам, мен Хауаны жаратты да, оларға қайда, қалай өмiр сүру керектiгiн ескерттi. Яғни бұл адам баласына берiлген алғашқы тәрбие Аллаһтан келгенiн көрсетедi. 
– Ей, Адам! – дедi Аллаһ. – Сен зайыбың екеуiң жәннатта тұрыңдар. Оның жемiстерiнен қалаған жерден қанағаттанғанша жеңдер. Тек мына бiр ағашқа жоламаңдар. Егер оған жоласаңдар, күнаӘарлар қатарына қосыласыңдар.  
Адам, алейһиссәлам, мен Хауаға ескерткен Аллаһ Та`аланың бұл бұйрығын Iбiлiс те естiдi. Оның көктен iздегенi жерден табылғандай қуанды. Аллаһтың менен артық қып жаратқан Адамының осал тұсы осы болар. Аллаһ өзiне берген антымды орындайтын амалдың кiлтiн өзi тауып бердi-ау! – деп шаттанды ол. Сөйтiп, уақыт ұтқызбастан Адам, алейһиссәлам, мен Хауаның әбүйiрiн ашу үшiн, оларға Аллаһ тыйым салған жемiстен дәм татқызуға бар күш-жiгерiн аямай жұмсауға кiрiстi. Бiрақ бәрiн көрiп, бәрiн бiлiп тұратын Тәңiрi Iбiлiстiң бұл зұлымдығын сездi де, Адам, алейһиссәлам, мен Хауаға оның сөзiне ешқашан ермеңдер деп ескерттi. 
– Ей, Адам! – Мынау – сенiң нағыз дұшпаның, әйелiңнiң де дұшпаны. Сен екеуiңнiң ұжмақтан шығып кетуiңе осы себепшi болмасын! Ондай жағдайда сендер машақатқа түсесiңдер. Ал жәннатта сенiң аш та, жалаңаш та қалмайтының анық. Сонымен бiрге сен онда шөлдемейсiң, ыстықтамайсың. 
Сөйтiп, Аллаһ Та`ала Адам, алейһиссәлам, мен Хауаға Iбiлiстiң дұшпан екенiн, оның сөзiне ермеу керектiгiн ашық айтты. Алайда, дұшпандығым мәлiм болып қалды екен деп Iбiлiс саса қойған жоқ. Сұм ниетiн iске асыру үшiн оңтайлы сәттi күтiп жүре бердi. Аллаһ Та`ала ескерткендей Адамның дұшпаны емес, нағыз жанашыр досы секiлденiп құрақ ұшты. Бiрте-бiрте жұмақтағы тәттi өмiрдiң рақатына бөленiп мас болған Адам, алейһиссәлам, мен Хауаның ойына ештеңе кiрiп-шықпайтын болды. Олар Аллаһтың ескертуiн де, Iбiлiстiң дұшпандығын да ұмыта бастады. Осы ұрымтал кезеңдi сәттi пайдаланған Iбiлiс бiр күнi оларға мынаны айтты. 
– Ей, Адам! – деп суқиттай бастады шайтан. – Саған өлмес өмiр ағашын және қолдан кетпес билiктi көрсетейiн бе?. 
Адам, алейһиссәлам, мен Хауа алғашында шайтанның айтқандарына илiге қойған жоқ. Олар Аллаһ Та`аланың ескертуiн естерiне алып, әлденеден күдiктене бой тартып қалғандай едi. Мұны тез аңғарған Iбiлiс Аллаһтың ескертулерiнiң сырын басқаша түсiндiрiп, олардың күдiгiн сейiлтуге тырысты. 
– Бұл ағаштың жемiсiн жеуге тыйым салуы – Тәңiрi сендердi перiште болып кетпесiн, ұжымақта мәңгi тұрып қалмасын дегеннен басқа түк те емес. Мен сендерге адал ақылшымын, - деп ант iштi. 
 
Адамның қатесi 
 
Iбiлiстiң үздiксiз айтқан жалған мақтаулары мен мәңгiлiк билiк туралы сиқырлы сөздерi Адам, алейһиссәлам, мен Хауаның жанын семiртiп, көңiлдерiн марқайтып-ақ тастады. “Темiрдi қызған кезде соқ” дегендей, шайтан осы сәттi пайдаланып, оларды жеуге тыйым салынған ағашқа қарай жетеледi. Аллаһтың ескертуi мен шайтанның қастығын ұмытқан Адам, алейһиссәлам, мен Хауа әлгi ағаштың миуасынан дәм татты. Зұлымдығы мен ақыл-айласын қатар пайдалан- ған Ібiлiс Адамды азғыруда асқан шеберлiк танытып, ойлаған мақсатына жеттi, Аллаһқа берген антын солай орындап шықты. Сонымен қатар, адам жаратылысының осал тұстарын анықтап, оны адаммен күресте тура жолдан тайдыратын басты қару ретiнде пайдаланды. Яғни мақтаншақтық, билiк құмарлық, iшiмдiкке әуестену, Аллаһты естен шығару секiлдi нәрселер адамның ең осал тұстары екен, бұлар адамды аздырып, тура жолдан тайдыратын және оған өлшеусiз қайғы-қасiрет тарттыратын, апатқа ұшырататын жаман қасиеттер едi.  
Сөйтiп, шайтан оларды алдап түсiрдi. лгi ағаштың миуасын жеген сәтте-ақ әбүйiрлерi ашылып қалды. Олар ендi әбүйiрiн жәннат ағаштарының жапырақтарымен жабуға тырысты. Тәңiрi оларға: 
– Бұл ағаштың жемiсiн жеуге тыйым салғаным қайда? Шайтанның сендерге нағыз дұшпан екенiн айтпап па едiм? – дедi.  
Шайтанның сөзiне сенiп, күнәлi iске жол берген Адам, алейһиссәлам, мен Хауа үлкен өкiнiште қалды. Ойда жоқ жерде жәннаттың игiлiктерiнен айырылғандарын сездi. Ендi Тәңiрiне жалбарынып рақым сұраудан басқа амалдары қалмады.  
– Тәңiрiмiз! Бiз өзiмiзге кесiр жасадық. Егер бiзге өзiң кешiрiм етiп, рақым қылмасаң, онда бiздiң сөзсiз құрығанымыз, – дедi.  
 
Аллаһтың рақымы 
 
Жақсыға да, жаманға да төрешi — бiр Аллаһ. ркiмге iстеген iсiне қарай жаза белгiлейтiн де жалғыз Тәңiрi. Адам, алейһиссәлам, мен Хауа Тәңiрiне опасыздық жасады да, азғындыққа ұшырады. Ендеше, астамшылар мен күнәһарлардың жұмақта ғұмыр кешуi мүмкiн емес. Аллаһ Та`ала оларды жұмақтан шығаруға бекiндi. Тәңiрiнiң еркiне қайшы келудiң қаншалықты машақат тарттыратынын Адам,алейһиссәлам, мен Хауа ана сонда бiлдi. 
Адам рухтанып кеттi де, тәуба келтiрiп, Жаратушысына жалбарыныш сөздерiн айта бастады. Ол тәубасын қабыл еттi. Өйткенi тәубаны қабылдау да, мейiрiмдiлiк ету де Аллаһқа тән. 
Аллаһ Та`ала Өз қолымен жасаған пендесiнiң осалдық танытып, опасыздық жасағанына, оның айтарлықтай ерлiк-жiгер таныта алмағанына қынжылды. 
– Мен саған әмiр еттiм. Бiрақ сен әмiрдi есiңде ұстамадың. Мен сенен пәлендей бекем жiгер байқай алмадым, – дедi Аллаһ.  
Сонымен қатар, Аллаһ Та`ала үнемi молшылықта өмiр сүру адамдардың астамшылдығын тудыратынын және жақсылықты бағалай бiлмейтiнiн ескерiп, оларға бiрде аш, бiрде тоқ машақатты тiрлiк кешудi нәсiп еттi. Сөйтiп, Аллаһ Та`ала Адам, алейһиссәлам, мен шайтанға жұмақтан шығуға бұйырды. 
– Сендер бiрiңе-бiрiң қас болып жағаласқан бойы жерге түсiңдер. Ажалдарың жеткенше жерде тұрасыңдар және көптеген ризықты пайдаланасыңдар, – дедi Аллаһ. – Жер бетiнде тұрасыңдар, жер бетiнде өлесiңдер, кейiн Қияметте жер астынан шығарылып, қайта тiрiлесiңдер. 
Аллаһ Та`ала оларға тағы да былай дедi: 
–Жәннаттан бәрiң де түсiңдер, жер бетi сендерге мәлiм уақыт мекен болады және онда сендер пайдаланатын жағдай бар. Сендерге менен тура жол (кiтап, расул) келедi. Кiмде-кiм сол жолмен жүрсе, оған қауiп-қатер жоқ және олар ешқашан өкiнбейдi. Ал аяттарымызға күпiрлiк келтiрушiлердiң және оны өтiрiкке шығарушылардың орны — тозақ. Олар тамұқта мәңгi қалады. 
Адам, алейһиссәлам, мен Хауа өздерiн жаратқан Аллаһтың әмiрiне бойсұнбады.Шайтанның азғыруна ерiп, Тәңiрiне опасыздық жасады, сөйтiп, жәннаттың игiлiктерiнен айырылды. Сонсоң Аллаһ Та`ала оларды Жерге түсiрдi де, сондағы барлық тiршiлiкке қожа еттi. Және Адамды, алейһиссәлам, Өзiнiң тұңғыш пайғамбары етiп, тура жол табу амалдарын үйреттi. Адам баласын тек қана бiр Аллаһқа құлшылық қылу керек екенiн ескерттi.  
– Жер сендер үшiн және сендерден тараған ұрпақтарың үшiн белгiлi бiр мерзiмге дейiн мекен болады. Өмiрiңе қажет ризықты осы жерден тауып жейсiңдер, оны өңдейсiңдер, қолдарыңнан келгенше гүлдендiресiңдер, ардақтайсыңдар. °рпақтарың сол жерде өсiп-өнедi, өзара жауласады, белгiлi бiр мезгiлде ажалдары жетiп өледi. Сөйтiп, әркiм жер бетiндегi iстеген iстерiне қарай жазаланады немесе Менiң мейiрiмiме бөленедi, – дедi. Және тағы былай дедi: 
– Алда-жалда мен сендерге бiр тура бағыт жiбере қалсам, кiмде-кiм сол тура жолмен жүрсе, ол адаспайды, қияметте қасiрет көрмейдi. 
Мiне, сол күннен бастап, Адам,алейһиссәлам, мен Хауа жер бетiнде өмiр сүре бастады. Бiрақ мұнда жәннаттағыдай дайын игiлiктер жоқ екен. Күн бiрде ыстық, бiрде суық, ризық бiрде бар, бiрде жоқ. Бұл олардың күтпеген жағдайы едi. Амал жоқ, соның бәрiне көнуге, қиыншылықтарға, ауыр сындарға шыдауға тура келдi. 
 
Әбiл мен Қабыл 
 
Адам, алейһиссәлам, мен Хауа ана шайтанның азғыруына ерiп Аллаһтың ескертпесiн естен шығарған соң Жаратқан Ие оларды жұмақтан шығарып, жерге түсiрдi. Жер бетiн қалың шөп басқан. Мұнда да жәннаттағыдай биiк-биiк ағаштар өседi екен. Олар алғаш рет арыстан, жолбарыс, қасқыр секiлдi жыртқыш аңдарды көргенде жеп қояр деп қорықты. Сөйтiп биiк таудың басындағы үңгiрге барып паналады. Бiрақ жерде жәннаттағыдай қарның ашқанда қол созып жей беретiн дайын жемiс-жидек жоқ болып шықты. Адам, алейһиссәлам, орман-тоғай аралап азық iздеуге мәжбүр болды.  
Азық табу оңай емес екен, ертелi-кеш тер төгуге тура келдi. Хауа ана Адамға, алейһиссәлам, көмектесiп, барлық қиыншылықтарды бiрге көтеруге тырысты. 
Көп ұзамай дүниеге алғашқы ұрпақтар келе бастады. Сөйтiп, Адам, алейһиссәлам, ата, Хауа ана болды. Хауа ана жүктi болған сайын бiр ұл, бiр қыз туып, отбасы арта түстi. Адам, алейһиссәлам, сондай алғашқы туған екi ұлдың бiрiн Әбiл екiншiсiн Қабыл деп атады. Көбейiп келе жатқан балаларын асырау үшiн Адам, алейһиссәлам, тынымсыз еңбек еттi.  
 
Әбiл мен Қабыл ер жеттi. Адам ата балаларын еңбек етуге баулып, өмiр сүру қағидаларын үйрете бастады.  
Әбiл мен Қабыл болмысынан екi түрлi болып өстi. бiлдiң жарқын жүзiнен мейрiмдiлiгi, бауырмалдылығы көрiнiп тұратын. Ал, Қабыл қызғаншақ, қытымыр, жақсылығы өз басынан артылмайтын сараң боп өсiп келе жатты. 
Адам ата балаларына еңбек етудi мiдеттенгенде олардың мiнезiндегi әлгiндей ерекшелiктерге назар аударды. бiлдiң шаруаға бейiмдiлiгiн ескерiп, оған мал бағуды бұйырды, өйткенi малға да мейiрiм, ерекше күтiм керек, қатiгез адамдар олардың тiлiн түсiне бермейдi. Ал мiнезi қаттылау Қабылға егiншiлiкпен шұғылдануды мiндеттедi, жер өңдеп, егiн егудi үйреттi. 
Күндер жылжып өтiп жатты. Адам ата мен Хауа ана балаларының еңбекке жарағанын, азық-түлiктерiнiң молайып, ризықтарының арта бастағанына шүкiршiлiк қылып, Аллаһқа мiнәжәт қылатын. 
 
Аллаһ Та`ала жер бетiндегi пенделерiнiң iсiн оңғарып, олардың ризықтары күннен-күнге арта түстi. Мұның бәрi Аллаһтың жақсылығы деп бiлген Адам ата балаларына Жаратқанға бағыштап құрбандық берiңдер деп бұйырды. Сол арқылы Аллаһтың жақсылығын ескерiп, Құдайды әрдайым естен шығармай жүрудi үйреткiсi келдi. бiл әкесiнiң айтқанын қуана қабылдады. Ал, Қабыл болса “табан ақы, маңдай терiммен тапқан дүниемдi қалай далаға тастамақпын” деп туа бiттi сараңдығына басты. Бiрақ әкесiне қарсы келе алмады. 
Әбiл малының iшiндегi өзi жақсы көретiн көк қошқарды құрбандыққа атады да, әкесi айтқан жерге апарып байлады. Ол мұны шын ықыласымен iстедi.  
Қабыл астығын iрiктеп, iшiндегi ең сапасыз, көгерiп кеткен өнiмдерiн қапқа терiп салды. 
 
Ертеңiне Адам ата екi баласын ертiп құрбандықтарын қалдырған жерге келдi. Қабылдың құрбандығы тастаған орнында сол күйi жатыр екен. Әбiлдiң қалдырған көк қошқары көзге түспедi. Құрбандығының қабыл болғанын бiлген Әбiлдiң кеудесi қуанышқа толды. Аллаһқа шүкiршiлiк айтып, желеп-жебеп жүруiн тiледi. Ағасының жайнаған жүзiн көргенде Қабыл қатты ашуланды.  
– Сен Аллаһтан бiлдiң құрбандығын қабыл қыла гөр деп тiледiң де, ал менiң құрбандығым туралы ләм демедiң, – дедi ол әкесiне ызаланып. 
Сонда Адам ата оған былай дедi: 
– Ол малының iшiндегi ең жақсысын құрбандыққа шалды және оны шын ықыласымен iстедi. Сен құрбандыққа өзiңдегiнiң ең жаманын әкелдiң, бұл сенiң қара жүректiгiңдi танытты. Аллаһ аса рақымды әрi мейiрiмдi, шын ықыласымен сұрағандардың тiлегiн қабыл етедi. 
Қуаныштан жайраңдай басып бара жатқан бiлге Қабыл кектене қарап тұрды. Аллаһтың мейiрiмi өзiне емес, ағасына түскенiне налыды. Өзiнiң жамандығы, қаражүректiлiгi туралы ойлағысы да келмедi. Сөйтiп оның кеудесiнде ағасына деген өшпендiлiк пайда болды. 
 
Адам ата ұрпақ жалғастығы үшiн алдыңғы туған ұл мен кейiнгi туған қызды, алдыңғы туған қыз бен кейiнгi туған ұлды қосып отыруды жөн көрдi. Өзiнiң осы ойын балаларына айтқан кезде бiл келiстi де Қабыл қарсы шықты.  
– Мен бұған келiспеймiн, – дедi Қабыл бағжаңдап. – Мен өзiммен бiрге туған қызбен үйленуге тиiспiн. Әбiл өзiмен бiрге туған қызға үйленсiн. 
– Бұл менiң шешiмiм емес, Аллаһ Та`аланың бұйрығы, – дедi Адам ата.  
– Жоқ, нақ сенiң ұйғарымың. Мен бұған келiспеймiн, деп қасарысты Қабыл. Өйткенi онымен бiрге туған қыз керемет сұлу болғандықтан өзi үйленгiсi келдi. 
– Ендеше, екеуiң Аллаһ Та`алаға арнап құрбандық берiңдер. Қайсыңның құрбандықтарың қабыл болса, ол қызды соған қосамын, – дедi амалы таусылған Адам ата. 
Сөйтiп, екеуiне тағы да Аллаһқа бағыштап құрбандық беруге тура келдi. Бұл жолы да бiлдiң мерейi өсiп, құрбандығы қабыл болды. Өзiнiң екiншi рет масқара болғанын көргенде Қабыл ызадан жарылып кете жаздады. Мiне, осы екi себеп оны қан төгуге итермеледi. Өйткенi Қабылдың болмысынан иманы тұрақсыз, рухы төмен жан едi. 
Ызадан iсiп кеуiп тұрған Қабылдың қасына шайтан жетiп келдi. “бiлдi өлтiр… Өлтiр ағаңды…” деп сыбырлады ол Қабылдың құлағына. Қабыл не iстерiн бiлмей қатты қысылды. Шайтан оның екi құлағына кезек сыбырлап, азғыра түстi. Ызадан қалш-қалш еткен Қабыл ағасының жағасына жармасты.  
– Мен сенiң көзiңдi құртпай қоймаймын, өлтiремiн, – дедi көзi қанталап.  
– Не үшiн? 
– Әкем сенi менен артық көредi. Аллаһ Та`аланың рақымы да саған ауды. Ол сенiң құрбандығыңды қабыл еттi де, менiң құрбандығымды қабыл етпедi. 
– Менi өлтiргенмен ештеңе өзгермейдi, қайта әкем сенi бұрынғыдан бетер жек көретiн болады. Аллаһ Та`аланың қаһарына ұшырайсың, – дедi Әбiл iнiсiне. Қабыл оның сөзiне құлақ аспай екiлене түстi. 
– Сенi өлтiрсем, менiң жаным жай табады. 
– Жоқ, сен менiң қанымды төксең, жаныңды қоярға жер таппай, өмiрлiк өкiнiште қаласың. 
– Сенi өлтiрмей маған тыныштық жоқ, – дедi Қабыл қалшылдап.  
– Сен менi өлтiруге қол жұмсасаң да, мен сенi өлтiруге қол жұмсамаймын. Тегiнде, мен әлемнiң Тәңiрi – Аллаһтан шын қорқатын жанмын. 
Әбiл iнiсiнiң қолын сiлкеп тастап, терiс айналып, өз жөнiмен жүре бердi. Жүрегiнде өшпендiлiк оты маздаған Қабыл оның ту сыртынан тесiле қарап тұрды. 
 
Ұнжырғасы түскен Қабыл жатағына қайтып келдi. Көзiн жұмып, ұйықтағысы келдi, бiрақ ұйықтай алмады. бiлдiң күлiмсiреген жүзi көз алдынан кетпей қойды. Мұны мысқылдап, табалап тұрған секiлдендi. Осы кезде шайтан жетiп келiп, Қабылды тағы да азғыра бастады. “Ағаңды өлтiр, жаның жай табады…өлтiр”. Қабыл шайтанның сөзiне иланып бiлдi өлтiруге бекiндi. Сұм ниетiн орындау үшiн таң ата үңгiрден шықты.  
бiл ерте тұрып, малын өрiске айдады. Көңiлi қуанышты. Ағасының көңiлдi жүзiн көрген Қабылдың зығырданы қайнап, өшпендiлiгi арта түстi. Шайтан оны тағы да түрткiлей бастады: “ Оны өлтiр де, тыныш тап”. Қабыл ендi шыдап тұра алмады. Жерден қой басындай тас алды да, жынды адамдай жетiп кеп, ағасын басынан перiп жiбердi. Өзiнiң не күйге түскенiн сезбей қалған бiл көзi қарауытып құлап бара жатты. Оның денесiн қан жуып кеттi. Бұл жер бетiнде адам қанының алғаш төгiлуi едi.

Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын

Пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Абдуллаұлы бдул-Мүтәлiп немересi милади жыл санауы (григориан календары) бойынша, 571 жылы 20 көкекте, дүйсенбi күнi дүниеге келген. Бұл Әижра есебiндегi – рәбиғул-әууәлдiң тоғызыншы немесе он екiншi күнiне тура келедi. Пайғамбарымыздың ата-тегiн тiзе берсең хижаз арабтары тараған Исмайыл пайғамбарға, алейһиссәлам, барып тiреледi. Пайғамбарымыздың Мұхаммед, Ахмет, Нәби, Расулуллаһ секiлдi т.б. бiрнеше қосалқы аттары болған. 
Пайғамбарымыздың анасының аты – Уахаб қызы мина. Ол Құрайш руының iшiндегi құрметтi адамның қызы болған. Расулдың әкесi Абдулла бiрде Иасрибке (қазiргi Мәдина қаласы) керуен тартып, сауда жасай барғанда, кенеттен қайтыс болады да, сол жерге жерленедi. Бұл кезде Пайғамбарымыз әлi жарық дүниеге келмеген, анасының құрсағында едi. Расул дүниеге келетiн жылы Пiл оқиғасы аталып кеткен таңғажайып оқиға болады. Хабажстан (қазiргi Эфиопия) патшасының уәзiрi әрi атақты қолбасшысы АбраӘа деген кiсi Сана қаласында (қазiргi Иемен мемлекетiнiң астанасы) үлкен шiркеу салдырады. Шiркеу өте биiк, басына қараған адамның тақиясы жерге түседi екен. Осы кәнисаны салдырып болғаннан кейiн, АбраӘа мың сан жаужүрек әскерлерiн пiлдерге мiнгiзiп, Меккеге қарай жорыққа шығады. Ондағы мақсаты – қасиеттi Қағбадағы “Қара тасты” күштеп тартып алып, оны Сана қаласындағы өзi салдырған зәулiм кәнисаға орналастыру. Сөйтiп, Қағбаға табынуға келген барлық жұрттың бетiн Сана қаласына қарай бұру едi. 
Олар Меккеге жақындаған тұста күтпеген жерден жайсыз оқиғаға тап болады. Құдiретi күштi Аллаһ Та`аланың әмiрiмен әбәбил деген құстар кенет аспанға көтерiледi де, тұмсықтарына, аяқтарына қыстырып алған қатты тас кесектердi жауынгерлерге қарша боратады. Құстардың атқан тастары жай оғындай ысқырып, жауынгерлердiң басынан кiрiп, аяғынан бiр-ақ шығып отырады. Мұндай сұмдыққа тап болам деп ойламаған Абраһа қалған әскерiн керi бұрып, бас сауғалап қашады. Пiлдер дүркiреп кейiн шегiнедi. Өзiнiң сұм мақсатына жете алмаған АбраӘа ернiнен жараланып, көп шығынға ұшырап, салы суға кетiп керi қайтады. Сөйтiп атақты қолбасшы “жырық ерiн АбраӘа” аталып кетедi.  
Бұл оқиға туралы “Құран Кәрiмнiң “Пiл” сүресiнде былай деген: “Пiл иелерiн Тәңiрiнiң қалай еткенiн көрген шығарсың? Олардың қулық-сұмдықтарын күл-талқан етпедi ме? Оларға Тәңiрi топ-топ құстарды жiберген. Құстар оларға балшықтан жасалған тастарды атты. Сөйтiп оларды дәнi желiнбеген сабандай етiп тастады”. (Пiл 105:1-5)  
Расулуллаһтың сәбилiк шағы 
Араб халқында жаңа туған сәбилердi таулы салқын жерлерде өз анасынан басқа әйелдерге тәрбиелететiн әдет-ғұрып болған. Мұндағы мақсат – жас сәбилердiң таза ауада денi сау болып, зейiн-зердесiнiң кiршiксiз толысып еркiн өсуiне жағдай жасау едi. Мұның тағы бiр себебi арабтар қалада өскен сәбилердiң зердесi далалы жерде өскен балалардың ой-санасынан төмен болады деп бiлген. 
Осындай жақсы ниетпен анасы мина Пайғамбарымызды алғаш рет Субай Бата деген әйелге тәрбиелеуге бередi. Бiрер жылдан кейiн Субай Батаның орнына Үби Зубай қызы Халима деген әйел келедi. Халима анамыз болашақ Пайғамбарымызды өз тәрбиесiне алғанда, тұрмысы өте нашар, iшiп-жемi кем, кембағал адам болған екен. Пайғамбарымызды қарамағына алғаннан кейiн көп ұзамай береке-байлық бiтiп, бiрте-бiрте денсаулығы да жақсарып, оңала бастайды. Ол Пайғамбарымызды бес жасқа келгенше тәрбиелейдi. Беске толған соң оны анасы мина өз қолына алады.  
Арада бiр жыл өткеннен кейiн мина баласымен бiрге Иасриб қаласындағы нағашы жұртына барып, әрi сонда жерленген ерiнiң басына зиярат етiп қайтпақшы болады. Ол ерiнiң басына зиярат етiп болған соң Мәдинадан Меккеге сапар шегедi. мина екi қаланың ортасындағы Әл-Абуа деген жерге келгенде кенеттен қатты ауырып, қайтыс болады. Оны сол жерге жерлейдi. Сөйтiп, болашақ Пайғамбарымыз алты жасында анасынан айырылып, жетiм қалады. Бiрақ бұл кезде Пайғамбарымыздың әкесiнiң әкесi Абдул-Мүтәлиб тiрi едi. Содан бастап Абдул-Мүтәлиб немересiн өз қолына алады. Тағдыр Пайғамбарымызға бабасымен де бiрге көп болуды жазбаған екен. Арада екi жыл өткенде, жасы келген қария Абдул-Мүтәлиб қайтыс болады. Сөйтiп, әлi буыны бекiп бұғанасы қатпаған сегiз жасар баланың басына жетiмдiк тақсiретi түседi. Бiрақ барлық жанашырларынан айырылған жас бала далада жалғыз қалмайды. Ендiгi жерде баланы әкесiнiң туысы бутәлиб бауырына басады. Бұл кiсi кедей болғанмен, жомарттығымен аты шыққан, қолы ашық сақи адам екен. Оның үстiне өзiнiң бала-шағасы да көп болса керек. Бiрақ соған қарамастан, Әбутәлиб болашақ Пайғамбарымызға жетiмдiк тақсiретiн таттырмай, өз балаларымен бiрдей көрiп тәрбиелейдi. Тiптi жатар кезде оны өз қойнына алып ұйықтататын болса керек. 
Сөйтiп ол бутәлибтiң тәрбиесiнде қала бередi. Он екi жасқа келгенде, бутәлиб оны өзiмен бiрге Шам елiне (қазiргi Сирия) сапарға алып шығады. Бұл оның ес бiлгелi шыққан тұңғыш сапары едi. Олар Басра деген үлкен шаһарға керуен тартып келедi. Бұл шаӘарда болашақта келетiн Пайғамбардың белгiлерiн өз кiтаптарынан оқып бiлiп-отырған Бұһайра атты христиан дiнiнiң ғалымы тұрады екен. Бұһайра бұлардың керуенiне келiп, болашақ Пайғамбарымыздың ғаламат белгiлерiн айтып бередi. Оған қоса Әбутәлибтен бұл баланы яһуди дiнiндегi адамдарға көрсетпей, Меккеге алып қайтуын және тез арада бұл қаладан бiлдiрмей шығып кетуiлерiн өтiнедi. Өйткенi болашақ пайғамбар болатын баланың сол елде жүргенiн естiсе, яһудилер қастандық жасауы мүмкiн едi. Бұл кеңеске құлақ асқан бутәлиб бөгелместен Меккеге қарай бет түзейдi. 
Осы оқиғадан соң, Әбутәлиб алыс сапарға шыққанда, оны қасына ертпейтiн болған.  
Болашақ Пайғамбарымыз жиырма жасқа толғанда, бұзықтар соғысын көрiп, көңiл қаларлық келеңсiз жайларға куә болады. Бұл құрайш руы мен олардың одақтасы қайыс руының арасында болған ең бiр мағынасыз соғыс едi. Нағыз қантөгiс Мекке мен Тайф қаласының аралығындағы Нахлатум деген жерде болған. Болашақ Пайғамбарымыз сол кезде өзiнiң жастығына қарамай, осы қантөгiстi тоқтату үшiн, екi арада болған бiтiм шартына қатысады. Сөйтiп, ол тiршiлiк ағымына тереңдеп енiп, тарихи маңызы бар күрделi оқиғаларға араласа бастайды. 
Пайғамбарлық келуден бұрынырақ Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, – өте тамаша мiнездi, кең пейiл, ашық жүздi, мейiрiмдi, шыншыл, ақиқатты сүйетiн және оны жан тәнiмен жақтайтын, берген уәдесiне берiк, аманатқа қиянат қылмайтын, жат қылықтардан, жаман iстерден аулақ болған кiсi. Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, осындай тамаша қасиеттерiн бiлiп, адамгершiлiк iстерiн жоғары бағалаған сол аймақтағы жұртшылық оған пайғамбар болмай тұрып-ақ, әл-мин деген қосымша ат бередi. Мұның мағынасы – өте таза, пәк, сенiмдi дегендi бiлдiредi. Болашақ Пайғамбарымыз сол қасиеттерiне қоса түрлi пұттарға, мүсiндерге табынудан бойын аулақ ұстайды. 
Пайғамбарымыз, Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ер жеткеннен кейiн ел iшiндегi түрлi iстерге араласып, өзiнiң адалдығымен, әдiлдiгiмен жұртқа таныла бастайды. Ол жиырма бес жасқа келгенде, Шам (Сирия) елiне екiншi рет сапарға аттанады. Бұл жолы болашақ анамыз Хадиша Хуайладқызының сауда керуенiн бастап барады. Хадиша анамыз оның жанына өзiнiң Майсара атты қызметшiсiн қосып жiбередi. Болашақ Пайғамбарымыздың сауда жолындағы бұл тұңғыш сапары жемiстi де берекелi болып, керуеншiлер масайрап қайтады. Сапардан келген соң, Майсара Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, туралығын, әдiлдiгiн, iскерлiгiн, бойындағы тағы да басқа жақсы қасиеттерiн Хадиша анамызға майын тамызып әңгiмелеп бередi. Бұл кезде Хадиша қырық жаста болатын. “Жiгiттi ел мақтаған қыз жақтаған” дегендей, Майсараның аузының суы құрып айтқан сөздерi Хадишаның жүрегiне шоқ тастап, Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қызығып қалады. Көп ұзамай өз көңiлiн бiлдiрiп, болашақ Пайғамбарымызға кiсi салады. Мұхаммед алейһи уә сәлам, Хадишаның бұл тiлегiн қабыл алып, әке орнына әке болған бутәлибтi құда түсуге жiбередi. Сөйтiп, көп ұзамай Хадиша анамызға үйленедi. 
Өз алдына үй болып, отау тiккен Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Хадиша анымызбен бiрге бiрсыдырғы ғұмыр кешiп жатады. Бұдан кейiн де ел iшiндегi түрлi iстерге араласып, үлкен беделге ие болады. Халық оны әдiлдiгi үшiн Мұхаммед мин деп атап кетедi. 
Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, отыз бес жасқа келгенде, қасиеттi Қағбаның Ислам дiнiн ашық насихаттауға көшу 
 
Ислам дiнiн жасырын уағыздау тұп-тура үш жылға созылды. Төртiншi жылы Аллаһ Та`ала Пайғамбарымызға Ислам дiнiн ашық насихаттауды бұйырды. Тәңiрiнiң әмiрiне бой ұсынған Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Сафа тауына шығып: “Ей, бдул Мүтәлiптiң баласы, ей, бдiманаптың баласы” – деп, өз жақтастарының аттарын атап шақыра бастады. Мұны естiген жұрт “бұл не дауыс?” – деп таңданды. Аты аталғандар жинала келе, үлкен топқа айналды. Жиналған жұртқа Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: “Мен сендердi Ақырет азабынан құтқарушымын”, – деп жар салды. Осы кезде топ iшiнде тұрған Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, туыстарының бiрi булақап Пайғамбарымызды балағаттап жаман сөздер айтты. Құран Кәрiмде булақап туралы былай деген:  
“Әбулақаптың екi қолы құрысын! Ол өзi де құрыды. Мал-мүлкi де, басқалары да оған пайда бермейдi. Ол алаулаған отқа кiредi. Оның отын тасығыш (әзәзiл) қатыны да лаулаған отқа түседi. Оның мойнында мықты есiлген арқан болады”. (л-Масад: 111:1-5)  
 
 
Мұхаммедке құрайш руының қарсы шығуы 
 
Ислам дiнiне дейiн араб халықтары түгелдей пұттарға, түрлi мүсiндерге табынатын. Мұндай тас құдайлар сиынушыларға пайда да, зиян да келтiре алмайтын жай жансыз нәрселер едi. Бiрақ ықылым замандардан берi ата-бабалары табынып келе жатқан сенiмнен бас тарту кiмге болса да оңай болмасы белгiлi. Пайғамбарымыздың пұттар мен мүсiндерге бүтiндей қарсы болып, жұртты Ислам дiнiне уағыздауы жалпы араб халықтарына, оның iшiнде құрайш руына қатты тидi. Олар Пайғамбарды райынан қайтару үшiн түрлi әрекеттер жасап бақты. Бiрақ ол әрекеттерiнен ештеңе шыға қоймады. Пайғамбарымыз жұрттың пұттарға жалбарынудан қайтып, Аллаһқа иман келтiруге, Аллаһтың жердегi Елшiсi – өзiне бой ұсынуға шақырды. Оның мұндай “өрескел” қылықтары жандарына жақпаған қауым Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, мәжнүн, өтiрiкшi, сиқыршы деген өсек жайып, жұрттың одан аулақ жүруiн талап еттi. “Оның айтып жүрген насихатының бәрi бұрынғы бабаларымыздан қалған ертегi-аңыздарға ұқсас бос нәрселер” деген сөз таратты. рi-берiден соң оған иман келтiрiп, соңына ерген адамдарды айнытып, терiс жолға салуға да әрекеттендi. Бiрақ олардың бұл әрекеттерi де нәтиже бермедi. Бiрте-бiрте Ислам дiнiне сенушiлердiң саны көбейiп келе жатты. 
 
 
Пайғамбарға жасалған қастандық әрекеттер 
 
Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қарсы шыққан халықтардың қоқан-лоққысына, олардың айтқан балағат сөздерiне көңiл аудармай, Ислам дiнiн насихаттау iсiн жалғастыра бердi. Бiрте-бiрте Аллаһқа иман келтiрiп, оның соңына ерушiлердiң саны арта түстi. Ендi құрайш ұлықтары шындап саса бастады. Бiраз уақыттан кейiн олардың қарасы мүлдем көбейiп, бұл жаңа дiн жалпақ жұртқа жайылып, бой бермей кететiнiне көздерi жеттi. Сондықтан қалайда олардың жолын кесiп, Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, алған бетiнен қайтару керек болды. Өзара кеңес құрған құрайш ақсақалдары Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қарсы батыл әрекеттерге көшу керек деген ұйғарымға келдi.  
Бiр күнi олар бәрi жиналып келiп, Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, былай дедi: 
– Ей, Мұхаммед, бiз сенiмен сөйлесуге арамыздан бiр адамды жiберiп едiк, бiрақ сен оны тыңдамадың. Керiсiнше, бабаларымызды айыптап, дiнiмiздi қорладың, құдайымызды балағаттадың, өзiмiздi ақымақ етiп, халықтың арасына жiк салдың. Сенiмен арамыз ажырады. Алда-жалда райыңнан қайтам десең, әлi де кеш емес. Егер iздегенiң байлық болса, бәрiмiзден асқан бай болғаныңша қалағаныңды берейiк, егер тiлегенiң ұлықтық болса, оны да орындаймыз. Ал бiздiң құрметiмiзге бөленгiң келсе, райыңнан қайтпай, ол ниетiңе жете алмайсың, бiз саған лағнет айтып, қарғыс жаудырамыз. Сенiмен ашық жауласамыз.  
– Мен сiздер айтып отырған байлықты, ұлықтықты, құрметтi ойлап та, iздеп те жүрген жан емеспiн, – дедi Мұхаммед. Мен – Аллаһтың сiздерге жiберген шын Елшiсiмiн. Аллаһ маған сiздерге ненi жеткiз десе, соны жеткiзушi ғанамын. Егер ықылас қойып, қабыл алсаңыздар, менiң сөздерiм сiздерге екi дүниелiк бақыт әкеледi. Мен тек Аллаһтың бұйрығын орындаушымын, менiң еркiм Аллаһтың қолында.  
– Ендеше, осы екi дiндi қатар қабылдап, екi құдайға кезектесiп, табынайық. Яғни бiздер бiр күнi Аллаһқа бас ұрайық, бiр күнi сен бiздiң құдайымызға табын, – деген шарт қойды олар. Сонда Аллаһ Та`ала Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, мына аяттарды нәзiл қылды:  
“Ей, кәпiрлер! Сендер табынатын пұтқа мен табынбаймын. Мен ғибадат еткен Аллаһқа сендер де ғибадат етпейсiңдер. Сендер шоқынған пұтқа мен шоқынған жоқпын, мен ғибадат еткен Аллаһқа сендер ғибадат еткен жоқсыңдар.  
“Сендердiң дiндерiң өздерiң үшiн, менiң дiнiм өзiм үшiн” – де.(Кәфирун 109:1-6)  
Мұхаммед алейһи уә сәллам, Аллаһ Та`аланың сөзiн кәпiрлерге бұлжытпай жеткiздi. 
Мүминдердiң көрген азабы 
 
Құрайш кәпiрлерi тек Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ғана қастандықтар жасап қойған жоқ, оған бой ұсынып, Ислам дiнiн алғашқы қабылдаған мұсылмандарды да зәбiрлеп, ашық қудалай бастады.  
Солардың бiрi Ясир ибн Имар және оның кәрi әке-шешесi, тағы да басқалар болатын. Қожайындары бұларды шыжыған күн астына жатқызып қойып, кеуделерiне ыстық құм басып азаптады. Мұны көрген Пайғамбарымыз: “Ясир ұрпақтары сабыр етiңдер сендердiң Ақыреттегi орындарың жәннаттың төрi”, –дедi. Мұндай ауыр азапқа шыдай алмаған Ясир ибн Имардың анасы көп ұзамай қайтыс болады. Бұл кiсi Ислам дiнi үшiн Аллаһ жолында шәһит болған тұңғыш мұсылман саналады. 
Бұлар сияқты отпен, қызған темiрмен, таспен, құммен азапталған, сондай-ақ, ауыр соққыдан, аштықтан және қамауда бейнет шегiп өлген мұсылмандар да аз болмады.  
 
 
Қабажстанға қашып барып паналау  
 
Мұсылмандарды жазалау тоқтаусыз жүргiзiле берген соң, Пайғамбарымыз оларға бiраз уақыт Қабаж елiне барып паналай тұрыңдар деп кеңес бердi. Пайғамбарымыздың нақ Қабаж елiн таңдауының да себебi бар едi. Өйткенi бұл елдiң сол кездегi патшасы Нажаши жалпақ жұртқа әдiлдiгiмен аты шыққан, халықтың құрметiне бөленген, туралықты сүйетiн адам болатын.  
Аллаһ жолында азап көрген мұсылмандар Пайғамбарымыздың кеңесiн құп алып, Қабаж елiне бет түзейдi. Алдымен он бiр еркек, төрт әйел кеме жалдап, аман-есен жеттi. Бiртiндеп олардың саны көбейiп, сексен үш еркек, он тоғыз әйел болды. Қашқандардың Қабажстанды паналап жүргенiнен құлағдар болған құрайш кәпiрлерi Нажаши патшаға өкiл жiбередi. Өкiл боп келген Умар Ибн әл-Уәлид пен мiр Ибн әл-с Нажаши патшаға жолықты.  
– Мұнда көшiп келгендердiң өздерiн көрiп, сөздерiн тыңдамай тұрып, оларды сiздердiң қолдарыңызға бере алмаймын, – дедi Нажаши патша. Сөйтiп, Қабаж елiн паналап келген Пайғамбардың сахабаларын шақыртып алып, оларға құрайш өкiлдерiнiң айтқандарын жеткiздi.  
– Сiздердi қуғынға ұшыратып, ел iшiне жiк салғандай бұл қандай дiн? Одан да менiң дiнiме кiрмедiңiздер ме? – дедi Нажаши патша.  
Оған сахабалардың iшiндегi жөн бiлетiн Жафар Ибн бутәлiп деген кiсi жауап бердi.  
– Ей, патшам! Бiз пұттарға табынған надан ел едiк. Арам өлген малдың етiн жеп, ойымызға не келсе соны iстеп күн кештiк. Халқымызда мейiрiм-шапағат, қанағат қалмады. Көршi құқы, обал-сауап дегендi ұмыттық, күштiлер әлсiздерге күн көрсетпедi. Бiздер және бiздiң ата-бабаларымыз адамға пайда-зияны жоқ, өз қолымызбен жасаған жансыз тастарға, пұттарға, мүсiндерге табынып келдiк. Бiздiң бұл қасiреттен бүкiл дүниенi жаратқан, әлемнiң әмiршiсi Аллаһ Та`аланың Өзi жiберген Елшiсi Мұхаммед арқылы құтылатынымызға көзiмiз жеттi. Сол Елшiнiң арқасында шыққан тегiмiздi бiлдiк. Шындық пен өтiрiктiң, аманат пен тазалықтың не екенiн таныдық. Ол бiздi тек қана бiр Аллаһқа ғибадат етуге шақырды. Пайғамбарымыз бiздердi адасқандардың жолынан бас тартып, тура сөз сөйлеуге, аманатқа қиянат қылмауға, мейiрiм шапағатқа ие болуға, көршiлермен тату тұруға, барлық харамнан, арам қағидалардан, жамандықтан аулақ болуға үйреттi. Ол бiзге тек бiр Аллаһқа ғана ибадат етуге, намаз оқуға, ораза тұтуға, зекет беруге, жетiмнiң және басқалардың ақысын жемеуге бұйырды, – дедi Ибн бутәлiп. Ол сонымен бiрге Ислам дiнiндегi барлық жақсы қасиеттер мен артықшылықтарды саусақпен санағандай ғып айтып бердi. – Бiз бiр Аллаһқа және оның жердегi Елшiсi Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, сенiп, бой ұсындық, – деп сөзiн жалғастырды Ибн бутәлiп. – Пайғамбарымызға ерiп, бiр Аллаһқа сиынып, харам iстерден тыйылып, халал iстердi ғана iстедiк. Бiрақ бiздiң елдiң ұлықтары жақсылыққа бет бұрған түзу бағытымызды түсiнгiлерi келмей, мұсылман болғандарды қуғындап, азапқа салды, қорлады. Баяғыша пұтқа табыныңдар деп зорлады. Бiздiң дiнiмiздi ақиқаттан алыс нәрсе деп жұртқа өңiн айналдырып түсiндiрдi, сөйтiп халықты қарсы қойып, барлық оң iстерiмiздi жоққа шығарды. Ендi мiне, ата-мекенiмiзден безiп, сiздiң елдi паналауға мәжбүр болып отырмыз. Бiрақ мұнда да бiзге тыныштық бермей, зорлықпен керi қайтарып, ит қорлықпен өлтiрмек. Ибн бутәлiп бастан кешкен азаптарын айтып болды да, әңгiме желiсiн үзбей, Мәриям сүресiн жатқа оқыды.  
Мұның бәрiн тыңдап отырған Нажаши патшаның көңiлi босап, көзiне жас келдi.  
– Бұл Иса туралы айтылған жай ғой,– дедi сәлден кейiн. – Дегенмен шыққан жерлерi бiр екен, – деп толғанды. Патша бiршама уақыт ойға батып отырды да, бiр шешiмге келгендей, кенет басын көтерiп алып: 
– Сiздердi Омар Ибн әл-Уалид пен мiр Ибн әл-сқа бермеймiн – деп уәде еттi.  
Нажаши патша Ислам дiнiнiң түпкi мәнiн терең сезiндi. Өйткенi бұл негiздердiң ақиқат екенi айқын едi. Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, түскен Құран Кәрiм мен Исаға, алейһиссәлам, түскен Інжiлдiң негiздерi бiр екенiне көзi жеткен патша: 
– Ақылы кемел зерек адамдар бұл шындықты жасыра алмайды, – дедi. Сөйтiп, Нажаши патшаға келген құрайш өкiлдерiнiң жолы болмай, тауы шағылып кейiн қайтты. Олардың сұм ниетiн таныған Қабаж патшасы мұсылмандарды екiншi рет жәбiрлеуге жол бермедi.  
Уақыт өткен сайын құрайш кәпiрлерiнiң жасаған зұлымдықтары ашылып, мұсылмандарға қарсы ұйымдастырған әрекеттерi iске аспай қала бердi. Мұндай сәтсiздiктер олардың мазасын алып, тұйыққа тiредi. Олар өзара кеңесе келе Пайғамбарымыз Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәлам, өлтiруден басқа жол қалмады деген ұйғарымға келдi. Құрайш ұлықтарының бұл сұм ниетiн бiлiп қойған Пайғамбарымыздың туысы бутәлiп бүкiл туыстарын шақырып алып, оларға Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Меккенiң жанындағы тау халықтарына апарып қосуды және оны өлтiрудi ниет еткен барлық зұлымдарды райынан қайтарып отыруды бұйырды. бутәлiп үйiнде өткен осы кеңестен құлағдар болған құрайш ұлықтары ендi Бәну бдул Мүтәлiп ұрпақтарымен қыз алысып, қыз берiсiп жекжаттасу және сауда-саттық жасаспау туралы бұйрық шығарды. Бұл үкiм жазылған қағазды Қағбаның iшiне iлiп қойды. Бұл бұйрық Қағбаның iшiнде үш жыл сақталды. 
Осы күннен бастап Пайғамбарымыз бен оның соңына ерген мұсылмандарға нағыз қара түнек заман орнады. Айналадағы елмен араласып сауда-саттық жасамаған соң, алдымен аштыққа тап болды. Басқа жұрт бұларға көмектесiп, қол ұшын беруге ұлықтардан қорықты. Азықтары таусылып, арып-ашқан жұртағаш жапырақтарын талшық қып жеп жан бақты. Алайда бұл азаптау жас сәбилерге ауыр тидi. Тәулiктiң қай мезгiлiнде болсын олардың үйлерiнен адамның төбе құйқасын шымырлатар сәбилердiң үздiксiз жылаған дауыстары естiлiп жататын. Басқа түскен ауыртпалық көп уақытқа созылса да, Пайғамбарымыз бен мүминдер сыр бермей шыдап бақты. Керiсiнше, бұл азаптауға құрайш ұлықтарының көпшiлiгiнiң жүйкесi шыдамай, араларына жiк түстi. Олар қауым басында тұрған бес ұлықтан азаптаудың бұл масқара түрiн тоқтатуды қатал талап еттi. °лықтардың бұл орынды талаппен санаспауға лажы қалмады. Олардың жазбаша үкiмiнiң кейбiр қатаң тарауларынан бас тартуларына тура келдi. Сөйтiп, бiр Аллаһқа иман келтiрген жазықсыз мұсылмандар үш жылға созылған ауыр азаптан құтылып, өз мекендерiне қайтты. Көпшiлiктiң көмегiмен келген бұл жеңiс дауыл алдындағы уақытша тыныштықтың бiр ғана сәтi едi. 
 
 
Пайғамбарымыздың Меккеден Масжидул-Ахсаға пырақпен ұшып жетуi және көкке көтерiлуi 
 
Бұл ғажайып iстi Аллаһ Та`ала пенделерiнiң иманын тексеру үшiн әдейi жасаған болатын. Яғни Пайғамбарымыздың осы iсiне кiм сенедi, кiм сенбейдi, соны анықтап адамдардың көзiн жеткiзу үшiн Өзiнiң құзырына сай ғаламат жасады. Аллаһ Та`ала Пайғамбарымызды бiр түнде (бұл түн қазiргi Һижра айпарағындағы 26-27 раджаб айына тура келедi) Меккедегi Мәсжидул-Харамнан Құдыстағы, яғни қазiргi Иерусалимдегi Масжидул Ахсаға жеткiзген болатын. Бұл туралы Құран Кәрiм былай дейдi: 
“Аллаһ – пәк. Тағылымдарымыздың тамаша дәлелдерiн көрсету үшiн Ол бiр түнде Өз пендесiн (Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам,) Мәсжидул-Харамнан төңiрегi тұнған байлық – Мәсжидул-Ахсаға алып келдi. Аллаһтан бiлгiр, Одан көреген ешкiм жоқ”. (Исра 17:1)  
Мұнан соң Пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Байтул-Махдистен пыраққа мiнiп, жетi қат көкке көтерiлдi. Онда барған соң, Аллаһ Та`ала Пайғамбарымызға және оның үмметiне күнiне бес уақыт намаз оқуды парыз еттi. Соңыра Расулуллаһ сол пырақпен қайтадан Меккеге оралды. Мiне, осылардың бәрi небәрi бiр түннiң iшiнде болған оқиғалар едi. 
Таң атқаннан кейiн, Расулуллаһ өзiнiң қауымына түндегi көрген-бiлгенiн баяндап бердi. Құрайш руының кейбiр адамдары бұған сендi, ал базбiрi бос сандырақ деп қарады. Кейбiр иманы нашар адамдар бұл туралы Пайғамбарымыздың өз аузынан естiген соң, Ислам дiнiнен бас тартты. 
Бұл оқиға жұртты екiұдай күйге түсiрiп, қызу пiкiрталас тудырды. Сосын көпшiлiк бубәкiрге барып, оның жеке пiкiрiн сұрады. бубәкiр жиналған қауымға мен ол айтқан нәрселердiң бәрiне сенемiн”– деп жауап бердi. Сол күннен бастап жұрт оны бубәкiр Сыддық деп атай бастады.  
Пайғамбарымыздың сөзiне сенбеген кәпiрлер қауымы жиналып, оның айтқандарының рас-өтiрiгiн тексерiп, сынап көрмекшi болды. Олар Мұхаммедтен, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, алдымен Байтул-Махдистiң жалпы көрiнiсiн сипаттап беруiн сұрады. Өйткенi олардың арасында Байтул-Махдистi көргендерi, оның iшi-сыртын жақсы бiлетiндерi бар едi. Пайғамбарымыз iркiлместен Байтул-Махдистiң жалпы көрiнiсiн қолмен қойғандай ғып тәптiштеп айтып бердi. Кәпiрлер мұны өтiрiк дей алмады.  
 
 
Ислам дiнiнiң Иасриб қаласында тарауы 
 
Ислам дiнiн құрайш руының шағын бөлiгi ғана қабылдады. Бұл Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қанағаттандыра қоймады. Сондықтан ол мереке күндерi басқа араб руларының арасына барып, үгiт-насихат жүргiздi. Олардың бiрi Расулуллаһқа оң қабақ бiлдiрсе, екiншiлерi жақтырмаған сыңай танытты. Иасрибтен келген кейбiр арабтар өздерiн Расулуллаһтан аулақ ұстауға тырысты.  
Бiр күнi Пайғамбарымыз көшеде келе жатып, Иасриб қаласынан келген бiр топ кiсiлерге жолығып қалды– Мен сiздермен сөйлессем деп едiм, азырақ аялдамайсыздар ма? – деп өтiнiш жасады. Расулмен олар келiсiп, Пайғамбардың жанына тiзе бүктi. Пайғамбарымыз оларға Ислам дiнi туралы сөз қозғап, оның қағидаларын, негiзгi шарттарын жан-жақты түсiндiрдi. Құраннан аяттар оқыды. Сөзiнiң соңында оларды Аллаһқа иман келтiруге, осы әдiлеттi дiндi қабылдап мұсылман болуға шақырды.  
– Бұлар Иасриб қаласына оралғаннан кейiн, Пайғамбарымызға берген уәделерiнде тұрып, халықты Ислам дiнiне кiруге шақыра бастады. Бiрте-бiрте Аллаһтың жердегi Елшiсi туралы хабарды естiмеген бiр де бiр адам қалмады. 
 
 
Иасриб халқының Пайғамбарға серт беруi 
 
Арада бiр жыл өткеннен кейiн, Құдайға құлшылық қылу маусымында (хаж) Иасрибтен Меккеге он екi адам келдi. Олар Пайғамбарымызбен Ақаба деген жерде кездесiп, Ислам дiнi туралы келелi әңгiме қозғалды. Олар бiр ауыздан алдағы уақытта бiр Аллаһқа ғана сенуге, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық жасамауға, бiреуге жала жаппауға, балаларын өлтiрмеуге, қысқасы күнәлi iстерден аулақ болуға ант бердi.  
Кiмде-кiм осы айтқан серттерiнде тұратын болса,– дедi Пайғамбарымыз, – Аллаһ Та`ала олардың жақсылық жолында жүргенiн ескерiп, Ақыретке барғанда жұмақтың төрiнен орын бередi. Расулуллаһтың айтқан әрбiр сөзi Иасрибтықтарды толқытып, олардың Аллаһтың бiрлiгiне деген сенiмдерiн бекiте түстi.  
Арада тағы да бiр жыл уақыт өтiп, әдеттегiндей хаж өтеу маусымы басталған кезде, Расулуллаһқа ант берген әлгi кiсiлер өздерiмен бiрге Меккеге жетпiс үш еркек, екi әйел ертiп келдi. Пайғамбарымыз олармен жүздесiп, былтырғы Ақаба деген жерде түнде бас қосуға уәде еттi. 
– Абай болыңыздар, араларыңызға түнде құрайштар енiп кетпесiн. °йқы – дұшпан, сақтық – дос, – деп ескерттi Расулуллаһ кетерiнде. Өйткенi бұл құрайш ұлықтарының дұшпандық әрекеттерi әлi басылмаған, жамандықтың асқынып тұрған кезi болатын.  
Ел ұйқыға бас қойған мезгiлде, Расулуллаһ қасына бдул-Мүтәлiп ұлы Өаббасты ертiп алып, уәделi жерде иасрибтықтармен аман-есен бас қосты. Пайғамбарымыз Ислам дiнiнiң артықшылықтары туралы насихат айтып, Құраннан аяттар оқыды. Пайғамбарды тыңдап отырған иасрибтықтардың Аллаһтың бiрлiгiне деген күмәнi қалмады. Олар ешбiр кедергiсiз түгелдей Ислам дiнiн қабылдап, мұсылман болды.  
Жиын соңында Пайғамбарымыз: 
– Араларыңнан өз қауымдарына сөзi өтетiн он екi адамды iрiктеп шығарып берсеңдер, – дедi. Өйткенi бұл адамдар өз қауымдарына басшылық жасау үшiн қажет болды. Иасрибтықтар көп ұзамай араларынан он екi адам iрiктеп бердi.  
– Сiздер өз қауымдарыңызға жауаптысыздар, – дедi сонда Расулуллаһ оларға. – Мәриям ұлы Исаға, алейһиссәлам, сенген хауарилердiң сенiмiндей сенiмге ие болуларыңыз керек. Ал мен барлық қауымым үшiн жауаптымын. 
Осы кездесуден кейiн Иасрибқа оралған жаңа мұсылмандар тобының тың күшпен үгiт-насихат жүргiзуiнiң нәтижесiнде бұл өңiрде Ислам дiнi кең қанат жайып, шапшаң тарай бастады. Ал керiсiнше Меккеде мұсылмандардың жағдайы қиындай түстi. Мұнан әрi бұл азапқа төзудiң мүмкiн еместiгiн ескерiп, Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, мүминдерге Меккеден Иасрибқа орын ауыстыру туралы кеңес бердi. Көп ұзамай-ақ алғашқы мұсылмандар тобы құрайштарға бiлдiрмей астыртын орын ауыстыра бастады. Бiрақ бұл әрекеттi жұрттан жасыру мүмкiн болмады. Бұдан құлағдар болған құрайш ұлықтары бұрынғысынан бетер құтырына түстi. Олардың бұл қылықтарын ұнатпаған мұсылмандар ашықтан-ашық Меккеден көше бастады. Аздан соң Меккеде мұсылмандардың аз ғана тобы қалды.  
– Құрайштар тарапынан бақылаусыз болған бутәлiп ұлы ли мен букақафа ұлы бубәкiр ғана едi. Күн өткен сайын жағдайдың қиындап бара жатқанын көрген бубәкiр Пайғамбардан орын ауыстыруға рұқсат сұрап, кәпiрлер жағынан қауiптiң бар екенiн есiне салып қоятын. Бұл кезде құрайш ұлықтары Расулуллаһтың Иасриб халқымен астыртын араласып, оларды Ислам дiнiне бой ұсындырғанын бiлген едi. Осыған байланысты олар кеңес құру сарайына жиналып, Расулуллаһқа не iстеу керектiгi туралы ақылдасты. °лықтардың бiрi Расулуллаһты Меккеден шығарып жiберу керек десе, ендi бiрi оны уақыт оздырмай қамауға алу керек деген пiкiр айтты. Бәрiнен асып түскен бужәӘiл болды. Ол шiмiрiкпестен Пайғамбарды өлтiру керек деп салды.  
Бiрақ бұл жауыздық пiкiрдi кеңеске жиылғандар қолдамай тастады. Сөйтiп, бұл кеңес белгiлi бiр шешiмге келе алмай, әрi-сәрi күйде тарқады. Дегенмен Пайғамбардың өмiрiне зор қауiп төнгенi аян болды. Бұл кеңес туралы Жәбiрейiл перiште Расулуллаһқа хабар бердi және бұл түнi өз үйiне қонбауын ескерттi.  
 
 
Пайғамбардың сапарға дайындалуы және құрылған тордан құтылуы 
 
Расулуллаһ Әбубәкiрдiң үйiнен қас қарая оралды. Құрайштың екi жiгiтi оның үйiнiң жанына келiп, ұйықтайтын мезгiлдi күтiп отырды. Бұл екi жiгiттiң өзiн өлтiруге келгенiн бiлген Пайғамбарымыз: “Әбутәлiптiң баласы менiң төсегiме жатып ұйықта”, – дедi. Сөйттi де өзi сыртқа шықты. Аллаһ Та`ала қара ниеттi жiгiттердiң көздерiн көлегейлеп, Пайғамбарымыздың үйден шығып кеткенiн байқатпады. Қарақшылар жұрттың бәрi ұйықтады-ау дегенде, Расулуллаһтың үйiне баса-көктеп кiрдi де, төсектiң жамылғышын ашып қалды. Осы кезде олардың көздерi атыздай болып, бiр-бiрiне бақырайып қарап қалды. Өйткенi төсекте олар iздеген Расулуллаһ емес, Әбутәлiп ұлы Әли жатыр едi.  
Пайғамбардың соңынан қуғын салу 
 
Құрайш ұлықтары Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, күндiз өз үйiнде екенiне әбден сенiмдi едi. Пайғамбардың төсегiнде ли болғанын естiгенде оларды бұл оқиға абыржытып тастады. Зұлымдықтары iске аспай, өздерiнiң жер сипап қалғандарын бiлген ұлықтар: “Егер кiмде-кiм Мұхаммедтi тауып, оны Меккеге алып келсе, жүз түйе сыйлық берiледi”, – деп жар салды. 
Бұл сыйлықтан дәмеленген кәпiрлер шарық ұрып Расулуллаһты iздеуге кiрiстi. Бiр топ қуғыншылар Пайғамбарымыз жасырынған тауға көтерiлiп, Сәуiр үңгiрiнiң аузына тақап келдi. Бiрақ үңгiр iшiне кiре алмады, өйткенi аузына өрмекшi қалың тор құрып тастаған едi. Олар мұқият қарап, өрмекшi торының сетiнемегенiне көз жеткiздi де, келген iздерiмен керi қайтты. Сөйтiп құдiретi күштi Аллаһ Та`ала қауiптiң бетiн аулаққа бұрды.  
 
 
Аллаһтың Пайғамбарды қорғауы  
 
Айнала төңiректi итше тiмiскiлеп, Расулуллаһты таба алмаған қуғыншылар ұнжырғалары түсiп үйлерiне қайтты. Бiрақ құрайш кәпiрлерi уәде еткен жүз түйеден үмiтiн үзбеген Сурака деген адам iздi дұрыс кесiп, Пайғамбардың соңына түстi. Оған құрайштың бiр адамы “үш кiсi Иасрибқа қарай беттеп бара жатқанын көрдiм” деп хабар берген болатын. 
Сурака өте зор денелi, екi иығына екi кiсi мiнгендей батыр тұлғалы адам едi. Хабарды естiсiмен көп бөгелмей сауытын киiп, атын ерттеп, үшеуiнiң соңына түсiп бердi. Суыт жүрген Сурака бiраз уақыттан соң қашқындардың қарасын көрдi. Аздан соң олардың арасы жақындай түстi де, Расулуллаһты тұтқынға алатынына Сураканың күмәнi қалмады. Кенет бубәкiр қаруланған атты адамның келе жатқанын көрдi. Сураканың суыт та тосын жүрiсi жолаушыларды ерiксiз сескендiрдi. Бiрақ Расулуллаһ сыр бермей түйе үстiнде қаннен-қаперсiз отыра бердi. Ол сырттай сабырлы болғанмен, iштей Аллаһқа сыйынып, Құраннан дұға оқып келе жатты.  
Іздеген жоғының үстiнен түскенiне қуанған Сурака атын тақымдап, жүрiсiн үдете түстi. Кенет оның астындағы аты сүрiнiп құлап, қайта тұрды. Мұны елең қылмаған қуғыншы атын сабалап жолаушыларды қуып жетуге асықты. Жолаушыларға таяқ тастам жер қалғанда, аты екiншi рет жығылып, төрт аяғы бiрдей жерге кiрiп кеттi. ҚаӘарға мiнiп, ашуланған Сурака қолындағы найзасын қашқындарға қарай лақтырды. Жайшылықта осындай қашықтықтан арыстанды шаншып өлтiретiн Сураканың найзасы бұл жолы нысанаға дарымай, басқа жаққа лақты. Оның бұл шалт қимылына шыдымаған аты шатқаяқтап барып құлап түстi. Атымен бiрге құлаған қуғыншының көз алды тұманданып, тұла бойы қалтырап, көңiлiне қорқыныш ендi. Бұл әрекеттерiнен түк шықпайтынын сезiп, жiгерi құм болды. Өзiнiң кенеттен мүсәпiр халге түскенiне ызаланған және Расулуллаһтың жеңiске жететiнiне күмәнi қалмаған оның көз алдынан суық елес жүгiрiп өттi. Ол атымен бiрге құлап түскенде, жолаушылар тоқтап, оған қарап тұр едi. “Мен сендерге қиянат қылмаймын, сендер де маған қиянат жасамайтындықтарың жөнiнде сенiм хат жазып, берiңдер”, – деп өтiндi ол. Расулуллаһ рихат ұлы Абдоллаға сұраған сенiмхатын жазып берудi бұйырды. Сенiмхатты алған Сурака келген iзiмен кейiн қайтты. 
Меккеге оралған Сурака Расулуллаһтың соңынан қуғынға шыққалы жатқан бiр топ адамға жолықты. Ол Пайғамбарға берген уәдесiнде тұрып, қуғыншыларды басқа iзге салып, адастырып жiбердi. Бiраздан кейiн Сурака Пайғамбар мен өз арасында болған оқиғаны жұртқа жыр қылып баяндап бердi.  
 
 
Пайғамбардың Құбаға жетуi 
 
Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, келе жатқан хабарын естiген Иасриб жұрты күнде жол қарап, асыға күттi. Қаланың шыға берiс аузына жиналып, күн қызғанша күтiп отыратын болды.  
Пайғамбарымыз шыжыған ыстыққа қарамай сапар шегiп, Иасрибқа екi шақырымдай жердегi Құбаға келiп жеттi. Бұл кезде дұшпандардың зұлым ниетiнен қауiптенiп, оларды ансарлардан (иасрибтықтар) құрылған бiр топ қарулы жасақ күтiп жүрген едi. Расулуллаһты бiрiншi болып солар қарсы алды.  
Құбада Пайғамбарымыз Ауф ұлы мiрдiң үйiне қонақ болды. Мұнда он күндей тұрақтады. Бұл кезде мұсылмандар салған мешiт дайын болып қалған едi, халық мұны Құба мешiтi деп атады. Бұл Исламдағы тұңғыш салынған мешiт едi.  
 
 
Пайғамбар Иасрибта 
 
Расулуллаһ жұма намазын оқып болғаннан кейiн, Иасрибқа қарай бағыт түзедi. Қала халқы Пайғамбарымызды зор құрметпен қарсы алды. йелдер мен жас балалар Расулуллаһқа құттықтау өлеңдерiн жолдады.  
Бұл шексiз қуанышқа толы, Мәдина тарихында теңдесi жоқ күн болды. ркiм Пайғамбардың өз үйiне түскенiн қалады. Бiрақ ол ешкiмнiң көңiлiн қалдырғысы келмей, “түйем кiмнiң үйiнiң жанына шөксе, соның үйiне түсемiн” дедi. Оның түйесi ансар бу Аюп деген адамның үйiнiң қасындағы мураббатқа (құрма жемiсiн кептiретiн орын) жетiп барып шөктi.  
Мураббат екi жетiм балаға қарайтын жер екен. Расулуллаһ екеуiнiң басқарушысынан ол жердi сатып алып, мешiт салдырды. Бұл күнде ол жердi л-Харам ән-Нәби әш-шариф деп атайды. Аталмыш мешiт бүгiнгi күнге дейiн бiрнеше рет жаңаланып қайта салынды. Расулуллаһ сол мешiттiң жанында өз үйiн тұрғызды. 
Расулуллаһ мұсылмандарға мешiт салудың қаншалықты сауапты iс екенiн түсiндiрдi. Бұл мешiттi муһаджирлер (Меккеден Мәдинаға көшiп келгендер) мен ансарлар (байырғы мәдиналықтар) тұрғызды.  
 
 
Муһаджирлер мен ансарлардың туыстасуы 
 
Пайғамбарымыз Иасрибқа орын ауыстырғаннан кейiн, Ислам дiнi туралы үгiт-насихат күшейiп, жаңаша қарқын алды. Халықты тура жолға бағыттап, тәртiпке шақыру, кемтарларға көмектесу секiлдi жақсы әрекеттер өзiнiң оң нәтижесiн бере бастады. Мұсылмандар жаппай үгiт жүргiзiп, өз қатарларын көбейте түстi. Иасрибта яһудилер де, пұтқа табынушылар да тұратын. Олар сырттан келгендердi шеттетiп, өз ара араздық тудырып, мұсылмандардың арасына жiк салуды көздедi. Ел iшiнде мұндай қайшылықтардың бар екенiн көрген Расулуллаһ оның өршiп кетуiнен қауiптенiп, тезiрек жоюға кiрiстi. Ол түрлi халықтар арасындағы достық пен ынтымақтың, бiр-бiрiне деген көмектiң ауадай қажет екенiн айта келiп, татулық береке-байлықтың көзi екенiн түсiндiрдi. Адамдардың бiр-бiрiне жақсылық жасап, қол ұшын беруi, жаман ойлардан аулақ болуы Ислам дiнi ұстанған негiзгi қағидалардың бiрi екенiне жұрттың көзiн жеткiзуге тырысты. Мұсылмандардың өз ара қырқысып, қан төгуi Аллаһ алдында кешiрiлмес күнә екенiн және олардың Аллаһ рақымынан құр қалатынын ескерттi.  
Сөйтiп, үй-жайын, мал-мүлкiн дiн үшiн тастап келген муһаджирлердiң жағдайын жақсартып, олардың ансарлармен достығын нығайтуға күш салды. Расулуллаһтың бұл уағызы көпшiлiк көңiлiнен шығып, өзара ұрыс-жанжалға жол берiлмедi. Расулуллаһ халықты өмiр қиыншылықтарын бiрiгiп шешуге, үлкендi сыйлап, кембағалдарға көмек көрсетуге, жетiмнiң ақысын жемеуге, аманатқа қиянат қылмауға, ұрлық, зорлық жасамауға, шарап iшпеуге шақырды. Мұндай адамгершiлiк уағыздары кiм-кiмге де жақсы әсер қалдырып, жүрегiн толқытары сөзсiз едi. Бұған құлақ қойған муһаджирлер мен ансарлар бiрте-бiрте бiр-бiрiмен достасып, туыстасып кеттi.  
 
 
Бәдiр соғысы 
 
– Құрайштың үлкен сауда керуенi Шамнан Меккеге қарай келе жатты. Керуендi бу Суфиян деген кiсi басқарды. Керуен үлкен болғанмен, оны қорғаушы жасақтар небәрi қырық шақты адам едi. Расулуллаһтың бұйрығымен 313 сақаба жолға дайын болды. Сөйтiп, бейбiт мақсатта керуеннiң соңынан iлесiп шықты.  
Пайғамбардың өз сахабаларымен жолға шыққаны бу Суфиянның құлағына жеттi. Ол мұны естiсiмен бiр жасағын Меккеге жөнелттi. Сөйтiп керуендi негiзгi жолдан шығып, басқа жолмен жүруге бұйырды. Пайғамбардың соңынан бiр адам жансыз болып түстi.  
бу Суфияннан суыт хабар алған құрайш ұлықтары дереу 950 адам жасақтап, 100 ат пен 700 түйеге қару-жарақ артып, көмекке аттанды. 
Алайда құрайштар соншама қолмен азғана мұсылмандардан быт-шыт боп жеңiлiп, барша жұртқа масқара болды.  
Сөйтiп, бұл соғыста мұсылмандар жеңiске жетiп, мерейлерi үстем болды. Бiрақ Аллаһ Та`ала олардың орынсыз асқақтап, шектен шығып кетпеуiн ескерттi: 
“Бәдiр соғысында сендердiң сандарың аз болды. Аллаһ онда да сендерге көмектестi. Ендеше, Аллаһқа шүкiрлiк етiңдер. Оған күпiрлiк келтiруден қорқыңдар” (Әли-`Имран 3:123)  
 
 
Ұхыд соғысы 
 
Кәпiрлер Бәдiр соғысында жеңiлiс тапқаннан кейiн, мұсылмандардан мықтап өш алуға бекiндi. Мұсылмандардан кек алмайынша олар көрсеткен қорлықтан құтылмаймыз дестi. Сөйтiп, арнайы адамдар жiберiп, көршi руларды мұсылмандарға қарсы үгiттей бастады. Құрайштар бұл соғысқа байлықтарының бiр бөлiгiн және сауда-саттықтан түскен барлық пайдаларын жұмсады. Ерлерiне дем беру үшiн әйелдерi де жорыққа шықты. Құрайштар бар-жоғы үш мың қол жиды, оның жетi жүзi ауыр қаруланған әскер болатын. °лықтар әскер басына бу Суфианды тағайындады, сөйтiп Мәдинаға қарай жол тартты.  
Кәпiрлердiң мұсылмандарға қарсы жорыққа шыққаны туралы Пайғамбардың туысы Аббас жедел хабар бердi. Пайғамбарымыз хабар алысымен, сахабаларын шақырып, кеңес құрды. Кеңесте сахабалар кәпiрлердi Мадинада күтiп алған дұрыс деген пiкiр айтты. йелдер мен балалар мұнаралардың басынан тас жаудырады, ал бiз төменде, қала көшелерiнде оларды бидайдың сабағындай қырқамыз дестi. Бұл ұйғарым Пайғамбарға ұнағанымен жастар жағы онымен келiспейтiндiктерiн бiлдiрдi.  
Олар: “Егер кәпiрлердi қалада күтiп алсақ, мұсылмандар бетпе-бет соғыстан қашты” деп айтады деп намыстанды. Сонымен жастар басымдық танытып, құрайштармен ашық далада бетпе-бет соғысуға бел байлады.  
Аллаһтың қолдауына сүйенген Расулуллаһ жаудың үш мың әскерiне қарсы мың жауынгермен аттанды. 
 
Мұнафықтардың соғыстан жалтаруы 
 
Расулуллаһ бастаған сахабалар бiраз жерге келген кезде, жауынгерлердiң iшiнде жiк пайда болды. Бұл Расулуллаһ күтпеген жағдай едi. Кәпiрлерден қорықан үш жүздей жауынгер соғыстан бас тартты. Өйткенi олардың ойларында жеңiске деген құштарлықтан гөрi қорқыныш, күдiк басым едi. ш мың әскерi бар құрайштарға бiз не iстей аламыз деген дүдәмал ой оларды соғыстан бас тартуға мәжбүр еттi. Бұл мұсылман сахабаларының арасынан шыққан тұңғыш мұнафықтық белгi едi. Осы оқиғаға байланысты төмендегi аяттар нәзiл болды: 
“Келiңдер, Құдай жолында күресiңдер, әйтпесе, өздерiңдi қорғаңдар” – дегенде олар: “Егер бiз соғыса бiлсек, сендердiң соңдарыңнан iлесер едiк” – дедi. Ол кезде олар сенiмнен гөрi күпiрлiкке жақын едi. Сондықтан да ниеттерiнде жоқ сөздердi ауыздарына алды. Олардың iшкi пiкiрлерiн Аллаһ жақсы бiледi”.(л-Имран 3:167-168) 
Мұсылмандар °хыд соғысында елеулi шығынға ұшырады. Бiрақ кәпiрлер оларды түбегейлi құртып жiбере алмады. Олар қаза болған жауынгерлерiнiң денесiн Мәдинаға алып қайтты. Мұсылмандар оларды зор қайғы-қасiретпен қарсы алды. Бұл – Расулуллаһтың өмiрiндегi ең бiр ауыр сәттердiң бiрi едi.  
 
 
Құдайбия келiсiмi-Масжидул-Харамды зиярат етуге аттану  
 
Мұсылмандар үшiн сәтсiз аяқталған Ұхыд соғысынан кейiн Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ел iшiне iрiткi салғысы кеп, түрлi өсектер таратқан мұнафықтар мен кәпiрлердiң жымысқы iстерiне тойтарыс бере бiлдi. Сөйтiп, басқа түскен қиыншылыққа қарамастан мұсылмандардың бiрлiгiн сақтап қалды. °хыд соғысындағы уақытша сәтсiздiк Расулуллаһтың жiгерiн жасытып, бетiн қайтара алмады. Қайта ол Исламның ауқымын кеңейтiп, саяси маңызын арттыруы және мұсылмандардың қоғамдағы орнын нығайту, саяси және рухани ықпалын күшейтудi қатты ойластырып, күрделi әрекеттерге кiрiсе бастады. Мұндай үлкен жеңiске қадам басу үшiн алдымен Меккенi ашып, Арабия жарты аралында Исламды ашық насихаттау қажет болды. Ол үшiн мұсылмандардың басқа дiндегi халықтармен еркiн араласуына жағдай жасау керек едi. Оның үстiне мұсылмандар Меккедегi Масжидул-Харамды зиярат етудi шын жүректерiмен қалады. Арабтар әр жылы Зул-Хиджа айларында Масжидул-Харамға хажылыққа барып, құлшылық қылатын. Алайда меккелiктер Ислам дiнiн қабылдағалы берi мұсылмандарға Масжидул-Харамға хажылық жасауға тыйым салып, көп уақыт бойы олардың дiни парыз-мiндеттерiн өтеуге кедергi жасап келдi.  
Бұл кезде олардың Меккеден Мадинаға Әижрат қылғандарына алты жыл болған едi. Өзiнiң ойға алған мақсаттары мен халықтың көңiл ауанының осылайша астасып келуi Расулуллаһтың iргелi iстерге батыл қадам басып, бел шеше кiрiсуiне себеп болды.  
Аллаһтың Елшiсiне ерген мың төрт жүз адам бейбiт мақсатта Масжидул-Харамға зиярат еткен соң құрбандық шалып, кембағалдарға таратып беретiн сойыс малдарын айдап жолға шықты.  
Расулуллаһ құрайш ұлықтарымен тiл табысып, достық қарым-қатынас орнатып, мәдиналық мұсылмандарды басқалармен араластыруды көкседi.  
Һижраның алтыншы жылы 1400 мұсылман Масжидул-Харамға умра жасауға бекiндi. Расулуллаһ 
құрайштарды Исламға шақыра отырып өзiнiң сенiмдi серiктерiнiң бiрi Осман Ибн Аффанды құрайштарға елшi қылып жiбердi. Осман Расулуллаһтың сәлемдемесiн құрайштарға жеткiзе отырып, өздерiнiң бейбiт мақсатта Масжидул-Харамға зиярат ету үшiн келе жатқандарын түсiндiрдi.  
– Мұхаммедтiң сәлемiн жеткiздiң, ендi Байтул-Харамды тәуәп қылам десең тәуәп қыл, – дедi құрайш ұлықтары. 
– Мен мұны жалғыз өзiм iстемеймiн, – дедi Осман.  
– Осыдан кейiн құрайштар Османды қамауға алды. Ал мұсылмандарға Осман өлтiрiлдi деген хабар жеттi.  
 
 
Келiсiмге келу 
 
Әуелде бейбiтшiлiктi көздеп шыққан мұсылмандар ендi соғысқа дайындалуға мәжбүр болды. Сол-ақ екен олардың арасында Осман тiрi екен деген сыбыс тарады. Бұл сөз шындыққа айналып, көп ұзамай оның өзi де қайтып оралды. Мұсылмандардың соғысқа дайындала бастағанын естiген құрайштардың Османды өлтiруге батылдары жетпеген едi. Сонсоң амалсыз қамаудан босатып, екi жақты келiсiмге келу үшiн Сухаил Ибн мiр деген кiсiнi елшiлiкке жiбердi. Сухаил мынадай төрт түрлi шарт ұсынды. Бiрiншiден, мұсылмандар мен құрайштар арасындағы бейбiтшiлiк туралы келiсiм он жылға жасалуға тиiс; екiншiден, құрайштардан бiр адам мұсылмандарға қашып барса, ол керi қайтарылуы керек; үшiншiден, мұсылмандар бұл жылы умра қылмай-ақ, Қағбаны зиярат етумен шектелiп, керi қайтуға тиiс. Келесi жылы құрайштар Қағбаны үш күнге босатып бергеннен кейiн ғана келулерi керек. Төртiншiден, құрайштар немесе басқалар Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, келiсiмiне кiрудi қаласа, оған тосқауыл жоқ, сол секiлдi құрайштардың келiсiмiне келушiлерге де тыйым салынбауға тиiс. Сөйтiп әркiмнiң жүрек қалауымен болатын iске екi жақ та шек қоймауды өз мiндеттерiне алды. Пайғамбарымыз бұл шарттарды толық қабылдады.  
 
 
Құдайбия келiсiмiнiң маңызы 
 
Мұсылмандар үшiн Құдайбия келiсiмiнiң маңызы ерекше болды. Әуелде оның дұрыстығына күмән келтiрген мұсылмандар Расулуллаһтың мұндай шешiмiн түсiне алмай, қынжылып жүретiн едi, алайда уақыт өте келе бұл келiсiмнiң өздерiне мол жемiс әкелетiнiне анық көз жеткiзе бастады. Бұған Аллаһтың көмегiнiң арқасында қол жеттi. Бұл құрайштар мен мұсылмандар арасында бейбiт қарым-қатынас орнату бағытындағы Расулуллаһтың үлкен табысы едi. Сөйтiп, Пайғамбарымыз даналық iстерiмен Исламның соғыссыз таралуына жол ашып, соның арқасында Құдайбия келiсiмi мұсылмандардың пайдасына шешiлдi. Осыдан кейiн жаңа дiннiң негiздерiн, шариат қағидаларын алаңсыз жүйелеуге мүмкiндiк туды. Құрайштар ұсынған келiсiм-шарт екi жылдан кейiн өздерiне тиiмсiз болып қалды.  
 
 
Пайғамбарымыздың патшаларға және басшыларға жазған хаттары 
 
Құдайбия келiсiмi өзiнiң оң нәтижесiн берiп, ел iшiне тыныштық орнаған соң, Расулуллаһ бүкiл әлемге Ислам дiнiн ашық насихаттайтын мезгiл жеттi деп шештi де, iске кiрiстi. Алдымен үлкен-үлкен елдердiң патшаларына хат жолдап, оларды Ислам дiнiн қабылдауға шақырды. Өйткенi әуелде Аллаһ Та`ала Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, пайғамбарлықты жiбергенде, Ислам дiнiн дүние жүзiне уағыздауды бұйырып, әлемдiк деңгейде iске асатын өмiрлiк мәнi терең күрделi мақсаттарды жүктеген едi. Аллаһ Та`ала бұл туралы Құран Кәрiмде былай деген: 
“Бiз сенi (Мұхаммедтi) жалпы адамдарды қуанту, қорқыту үшiн жiбергенбiз, бiрақ адамдардың көбi мұны түсiне бермейдi”. 
Мiне, сондықтан Расулуллаһ Аллаһ Та`ала өзiне жүктеген ұлы мiндеттi орындау үшiн өз заманындағы патшаларға елшiлер жiберiп, “Мұхаммед Расулуллаһ” деген жазуы бар мөрiн басып, қол қойған хаттар жолдай бастады. 
 
 
Пайғамбарымыздың Византия патшасына жазған хаты 
 
Пайғамбарымыз рум патшасына мынадай мазмұнда хат жолдады: “БисмилләӘир-рахманир-рахим (Мейрiмдi, рақымды Аллаһтың атымен бастаймын). Мен, Мұхаммед Расулуллаһтан (Аллаһтың Елшiсi Мұхаммедтен) гректiң ұлы патшасы Ираклийге. Кiмде-кiм тура жолда жүрген болса, ол тыныш жүредi. Мен сенi Ислам дiнiн қабылдауға шақырамын. Исламды қабылдасаң, саған Аллаһтың екi есе сауабы тиедi. Егер бiздiң дiндi қабылдамай, бетiңдi басқа жаққа бұрсаң, онда шаруалардың бар күнәсi сенiң мойныңда. Ей, кiтап иелерi, бiзге келiңдер! Бiр Аллаһқа құлшылық етейiк, бiр Аллаһқа шек келтiрмейiк. Бiр Аллаһтан басқаға табынбайық. Бәрiмiзге түскен Аллаһтың сөзi бiр сөз болғандықтан, бiз мұсылмандармыз деп бiзге жақындаңдар, айтыңдар, куәлiк берiңдер”.  
 
 
Пайғамбардың Исламның жеңiсiне деген сенiмi 
Пайғамбарымыз патшаларға жолдаған хаттарын өте батыл, Исламның болашақтағы жеңiсiне деген сенiммен, ешкiмнен бетi қайтпайтынын сездiре отырып өткiр жазды. Оның жеңiске деген шексiз сенiмiн Аллаһтың оған берген уәдесiнен-ақ байқауға болар едi. Айтса айтқандай, көп уақыт өтпей-ақ Ислам дiнiнiң сол кездегi көптеген дiндерден мерейi үстем бола бастады. Бұл – көптен күткен қуаныштың нышаны болатын. Исламның үстемдiк құратыны туралы Аллаһ Та`ала былай деген едi. 
“Хақ дiндi (Ислам дiнiн) барлық дiннен жоғары ету үшiн, сендерге Аллаһ Өз Пайғамбарын тура жол және ақиқи дiнмен жiбердi. (Өз Пайғамбарына) кепiл болуға Аллаһ әбден жеткiлiктi” (Фатх 48:28).  
 
 
Меккенiң ашылуы 
 
Һижраның сегiзiншi жылы Құдайбия келiсiмiнiң бұзылуы салдарынан екi арада келiспеушiлiктер туа бастады. Тiптi соғыс отының тұтанып кету қаупi де бар едi.  
Арада бiршама уақыт өткен соң, Пайғамбарымыз он мың әскердi басқарып, ораза айының ортасында Меккеге қарай бет түзедi. Әл-Аббас бин Әбдул-Мүтәлiп қарсы ұшырасты. Оның Ислам дiнiн қабылдау үшiн үй iшiмен бiрге Мәдинаға келе жатқан бетi екен. Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, оны сыртқа теппедi. Ибн Әбдул-Мүтәлiп Аллаһқа иман келтiрiп, Ислам дiнiн қабылдады. 
Бiрақ олар қалаға бiрден баса-көктеп кiрудi ниет етпедi. Расулуллаһ қан төгiссiз, бейбiт жолмен құрайш басшыларымен келiсiмге келудi ойлады. Сол себептi Мекке төңiрегiне келiп тоқтады.  
Бұл туралы құрайштар түсiнiксiз хабар алды. Хабарды жеткiзген адам өзiнiң аты-жөнiн атамаса керек, оның кiм екенiн құрайш басшылары бiлген жоқ. Істiң анық-қанығына көздерi жетпеген меккелiктер мұсылмандар соғысуға келе жатыр екен деп ойлап қалды. Сол себептi құрайш басшылары соғысқа дайындала бастады. Олар елде жоқ қаруларды жиып, мұсылмандарға тойтарыс берудi ойластырды. 
Пайғамбарымыз Мекке төңiрегiне жақындап келген соң, өздерiнiң мұнда бейбiт мақсатта келгендiгiн ескертiп, құрайш басшыларына хат жазған едi. Сол хатты Меккеге жеткiзетiн ыңғайлы адам табуды ойлаған Аббас Пайғамбардың қашырына мiнiп, мұсылман әскерлерi жатқан жерден алыстап шығып, төңiректi шолып келе жатып, күтпеген жерден қасында бiр топ нөкерi бар құрайштардың көсемi Әбу Суфян бин Харпқа ұшырасып қалды. Аббас Әбу Суфян бин Харпқа, Пайғамбардың Меккеге келе жатқан мақсатын, бейбiтшiлiктi көксейтiн iзгi ниетiн жеткiздi және мұсылмандардың әл-Арамрам деген жерде аялдап жатқанын бiлдiрдi. 
Бұл хабар құрайш көсемiн шошыта қойған жоқ, қайта оң қабақ танытып, қостаған сыңай көрсеттi және өзiнiң Пайғамбарға жолыққысы келетiнiн баяндады. Аббас құрайш көсемiн Пайғамбар шатырына ертiп келдi.  
– бу Суфян бин Харпты Пайғамбарға алып кiрiңдер, – деп бұйырды Аббас нөкерлерге.  
бу Суфян бин Харппен әңгiмесiнде Пайғамбарымыз оның қателiктерiн, қатыгездiктерiн бетiне айтып, терiс жолда жүргенiн түсiндiрдi. Әбу Суфян өзiнiң бұл қателiгiн мойындады және мұсылмандарға көрсеткен зорлық-зомбылықтары үшiн пайғамбардан кешiрiм сұрап, өзiнiң сол үшiн қынжылатынын бiлдiрдi.  
– Ей, Мұхаммед, мен сенi құрметтеймiн. Кезiнде қателескенiм рас, ендi оны қайталамаймын, – дедi ол. 
– Ей, Расулуллаһ, – дедi Аббас оңашада. – Әбу Суфянның даңғой, атаққұмар адам екенiн өзiң жақсы бiлесiң. Сондықтан оны марапаттап атын шығаратын, дәрежесiн көтеретiн бiр нәрсе iсте, – деп кеңес бердi. Бұл ой Пайғамбарымызға қатты ұнады. Өйткенi бу Суфян жай адам емес, құрайштардың көсемi, жалпақ жұртқа ықпалы күштi жан ғой. Меккеге кiрер тұста оның дәрежесiн көтеру оң нәтиже берiп, көп жақсылықтар әкелуi мүмкiн. Осындай ойға бекiнген Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам:  
– Кiмде-кiм мешiтке кiрсе, кiмде-кiм Әбу Суфянның үйiне бас сұқса, бәле-жаладан аман, сау-саламат болады, – дедi. Пайғамбардың аузынан шыққан бұл сөз Әбу Суфянның мерейiн өсiрiп, көңiлiн тасытты. Сөйтiп, ол Ислам дiнiн қабылдады. 
– Қандай тамаша ұлы кешiрiм болды бұл, – деп сүйсiндi Аббас. – Құрайыштардың көсемi Әбу Суфян Ұхыд соғысында мұсылмандарға қатты қысым жасап, үлкен қырғынға ұшыратқан адам едi. Пайғамбарымыз оған кешiрiм берiп, дәрежесiн көтердi.  
Шынында бұл Пайғамбарымыз Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ғана тән ұлы қасиет едi. Ол өзiнiң кеңшiлiгiмен, рақымдылығымен дұшпандарын өз жағына тарта бiлдi. 
 
 
Пайғамбардың Меккеге кiруi  
 
Құрайш қауымының беделдi басшыларының бiрi бу Суфян бин Харптың өз еркiмен Ислам дiнiн қабылдап, Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, иман келтiруi үлкен оқиға едi. Осының өзiнен-ақ Мекке халқының көңiл-күйiн байқауға болар едi. Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ендi әл-Арамрамда аялдаудың ретi жоқ деп шештi де, әскерлерiне қозғалуға бұйрық бердi. Мекке халқы мұсылмандардың жақындап келе жатқанын көрiп тұрды. Құрайштар мұсылмандарда жоқ қару-жарақ жинап, сақадай сай тұрғанмен, соғысу туралы шешiм қабылдамаған едi. Олар қаптап келе жатқан мұсылмандарды көргенде, не iстерлерiн бiлмей, әрi-сәрi күй кештi. Басшылары жоқ құрайштар абдырап тұрып қалды. Өстiп тұрғанда төнiп келген мұсылмандардың арасынан бу Суфянның даусын естiдi. 
Ей, құрайш жұрты! – дедi ол. – Мұхаммед сендермен соғысу үшiн емес, бейбiт мақсатпен, iзгi ниетпен келдi. Кiмде-кiм Мұхаммедтi шын жақсы көрсе, кiмде-кiм бу Суфянның үйiне және мешiтке кiрсе, сол адам сау-саламат болады. – Оның бұл сөзi жұрт көңiлiндегi күдiктi сейiлтiп, соғыспақ болып тұрған ниеттерiнен қайтарды.  
Мекке халқымен жылы шыраймен көрiскен Пайғамбарымыз Байтул-Харамның жанына келiп, түйесiн шөгердi. Оның айналасында 360 пұт бар болатын. Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, оларды таяғымен түртiп көрiп едi, зың-зың еткен дыбыстар шықты. Сосын ол жұртқа қарап былай дедi:  
– Шындық келдi, өтiрiк жоғалды, ақиқат орнады. 
Осыдан кейiн Пайғамбар түгелдей пұттардың көзiн жоюды бұйырды. Мұсылмандар мүшрiктер табынатын пұттардың түгiн қоймай қиратты.  
 
 
Ұлы кешiрiм 
 
Пайғамбарымыз Қағбаның есiгiнiң жанында тұрып жиналған көпшiлiкке Ислам дiнi жөнiнде уағыз айтты. Ол:  
– Ей, құрайш жұрты! Шындығында Аллаһ Та`ала сендердi надандықтан құтқарды. Надандықпен, құдайсыз өткен ата-бабаларының iстерiне мақтанудан құтқарды.  
– Сендердiң араларыңда күнәһар, қылмыскер, басқыншы адамдар бар, – дедi Расулуллаһ. – Сендер қанша рет мұсылмандарды азаптадыңдар, оларды Меккеде аяусыз жазаладыңдар. Мәдинаға, бiрнеше рет шабуыл жасадыңдар, олардың көсемдерiн өлтiрдiңдер, тұтқындарды зынданда ұстадыңдар, қорладыңдар. Тұтқындарды босату үшiн мал-мүлiк талап еттiңдер. Олардың балаларын ұрлап құлдыққа саттыңдар, – деп, құрайштардың зорлық-зомбылықтарын естерiне алды, бiрақ кек қуып, бұрынғы әрекеттерi үшiн жазалауды мақсат етпедi. Бұл кезде құрайштардың мұсылмандарға қарсылық қылуға шамалары келмейтiн едi, олар Пайғамбардың кеңшiлiгiн, мейiрiмдiлiгiн толық мойындап болған, сондықтан оның берген сұрауларына шын ықыластарымен жауап берiп, туыстық ниет бiлдiрдi. Осы кезде Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, құрайштарға: 
– Ей, құрайш жұрты! Мен сендерге жамандық қылып тұрмын ба? Барыңдар, сендер боссыңдар! Өткен қателiктерiңдi кештiм! – деп, кешiрiм сөзiн айтты. 
Пайғамбарымыздың аузынан шыққан бұл ұлы сөз Ислам тарихының жаңа бетiн ашты.  
 
 
Соңғы хажылық  
 
Һижраның 10 жылы Пайғамбарымыз Мәдинадан Меккеге хаж сапарына шықты. Бұл Зулқағда айының жиырма бесi, сенбi күнi едi. Пайғамбармен бiрге хаж парызын орындауға шыққан адамдарда есеп болмады. Араб жарты аралында Ислам дiнiнiң толық үстемдiкке ие болған кезi едi бұл. Баяғыдай қауiп-қатер жоқ, жұрттың бәрi қуанышты. Пайғамбармен бiрге хаж парызын орындау – әрбiр мұсылман үшiн мақтаныш.  
Меккеге келген соң, Пайғамбарымыз адамдарға хаж парыздарын қалай орындайтынын, оның қағидаларын, рәсiмдерiн көрсеттi. Хажылықтың екiншi күнi Пайғамбар бастаған топ Мина деген жерге жиналды. Осы жерде Расулуллаһ жұртқа адам құқығы туралы ұзақ сөйледi. 
– Ей, халайық сендер қай елде, қай жерде, қай айда, қай күнде тұрсыңдар? – деп сұрады Пайғамбар.  
– Харам елiнде, харам жерiнде, харам айында, харам күнiнде тұрмыз, – деп жауап бердi көпшiлiк. Яғни жаман iстерге тыйым салынған жерде тұрмыз дедi.  
– Бұл күнi қан төгуге, сауда жасауға, бiреудiң намысына тиюге болмайды. Бұл ай, бұл күн – жамандыққа тыйым салынған мезгiл. Маған құлақ салыңдар, – дедi Пайғамбар сөзiн жалғай түсiп.  
– Тiрлiкте өздерiң, залымдық қылмасаңдар – зұлымдық көрмейсiңдер. Мұсылман байлығы адалдықпен жиылмаса, ол байлық болмайды, мен жоқ жерде күпiрлiк жасап, бiрiңдi бiрiң өлтiрмеңдер. Бұзықтық жақсылық әкелмейдi, үмiтсiз шайтан, құлшылық қылыңдар, Аллаһтан қорқыңдар. Жаратқан әрбiр iстерiңдi көрiп тұрады. Ей, еркектер, әйелдерге жақсылық iстеңдер, олар – сендердiң көмекшiлерiң, жәрдемшiлерiң. Оларға жақсы қарау – сендерге мiндет. Өз кезегiнде әйелдер де ерлерiне жақсы қарауы тиiс. 
Табан ақы, маңдай термен табылған байлық қана адал.  
Өтiрiк-өсек – мұсылманның дұшпаны. Мұсылман мұсылманға жала жапса, сыртынан өсектесе, соның етiн жегенмен бiрдей. 
Ей, адамдар! Сендердiң Тәңiрлерiң бiреу, аталарың – бiр. Арабтың басқа халыққа, басқа жұрттың арабқа ұлықтығы жоқ. Қараның аққа, ақтың қараға ұлықтығы жоқ. Кiм ұлық? Кiм тақуа болса, сол ұлық. Осыны түсiндiңдер ме? – дедi пайғамбар. 
– Түсiндiк! – дедi толқыған жұрт. Олар Пайғамбардың ақылына, даналығына, шешендiгiне тәнтi болды. Адамдардың, халықтардың теңдiгiн, адалдықты, әдiлдiктi жалау етiп көтерген мұндай данышпан таза адамды көрген қас дұшпандарының өзi оның Аллаһтың шын Елшiсi екенiн мойындамасқа шаралары қалмады. Иә, адалдық, әдiлдiк, теңдiк, бейбiтшiлiк – бұл Ислам жолы. 
 
Дерттiң басталуы және оның асқынуы 
 
Расулуллаһ соңғы хажылықтан қайтып оралғаннан кейiн, бiрнеше айдан соң ауыра бастады. Алдымен басы ауырды. Күн өткен сайын дертi меңдеп, жатып қалатынды шығарды. Мұның тегiн кесел емес екенiн сезген Пайғамбар әйелдерiн шақырып алып, оларға былай дедi. 
– Дерт меңдеп келедi, маған рұқсат етсеңдер, Айшаның үйiне барайын. 
Бұрын Пайғамбар әр әйелiнiң үйiне кезегiмен түнеп жүретiн. Ол бұл әдетiн ешқашан бұзған емес. Оның жағдайын түсiнген әйелдерi рұқсат бердi. Содан кейiн Расулуллаһ Айшаның үйiне келiп жатты. Көңiлiн сұраушылар: “Расулуллаһ, сiз шаршаған шығарсыз, басыңыздың ауыратыны соның әсерi шығар. Жақсылап тынықсаңыз, әлi-ақ жазылып кетесiз”, – деп көңiлiн аулайтын. Ол кезде Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, 63 жасқа қараған шағы едi. 
 
 
Әбубәкiрге имамдықты мiндеттеу 
 
Ауруы әбден асқынып, дертi меңдеген кезде, Расулуллаһтың намаз оқуға шамасы келмей қалды. Бiрақ қайткен күнде де мұсылмандардың намаз оқуын тоқтатпау керек. Жеке адамның жағдайына қарап, көпшiлiктiң Аллаһқа құлшылығын тоқтатуға болмайды. Намаз оқығанда қалайда бiр адам мұсылмандарға бас болып тұру керек. Расулуллаһтың таңдауы бубәкiрге түстi. бубәкiр – Айшаның әкесi, пайғамбардың қайын атасы. 
– бубәкiр жұртқа намаз оқып берсiн – деп бұйырды Пайғамбар. 
– Ей, Аллаһтың Пайғамбары! Әбубәкiрдiң мiнезi жұмсақ кiсi, даусы да әлсiз, имамдықты басқа бiреуге жүктесеңiз қайтедi, – дедi әйелi Айша. 
– Әбубәкiр жұртқа намаз оқып берсiн – деп бұйырды Пайғамбар тағы да. Пайғамбар естiмей қалды ма деген оймен Айша анамыз өз тiлегiн тағы да қайталады. Бiрақ Пайғамбар Әбубәкiрдiң имам болып намаз оқуын үшiншi рет бұйырды.  
– Имамдықты басқа бiреуге жүктегенiңiздi қалар едiм, – дедi Айша анамыз, тiлегiн соңғы рет қайталап. Бiрақ Пайғамбар бұйрығын қайтып алмады.  
Пайғамбар екi кiсiнiң сүйемелдеуiмен мешiтке барды. Оның жұртпен бiрге намаз оқығысы келдi. Әбубәкiр Пайғамбардың бұйрығы бойынша мұсылмандардың алдына шығып имам болып тұр екен, Пайғамбар оның қасына келiп отырды. бубәкiр Расулуллаһтың жағдайына қарап намазды сәл кешiктiрiп оқығысы келiп едi, бiрақ Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ишарат жасап, оқы деп белгi бердi. Бұл Расулуллаһтың мұсылмандармен бiрге соңғы рет намазға тұруы едi.  
 
 
Соңғы сәт 
 
Бұл кезде Араб жарты аралында Ислам дiнi жеңiске жеткенiмен, әлi толық буыны бекiп, бұғанасы қатпаған болатын. Ислам дiнiн қабылдап, Аллаһқа иман келтiрсе де жұрт әлi кешегi пұт құдайларын ұмыта қоймаған-ды. Көпшiлiкпен бiрге намазға бас қойып, амалсыз дүрмекке ерiп жүргенмен, шын мәнiнде иманы тұрақтамай, әлiптiң артын бағып, iштей толқып жүргендерi де аз емес едi. Мұны жақсы бiлген Расулуллаһ мұсылмандарға үнемi Аллаһты естен шығармаңдар деп өсиет айтып отырды. Сол кезең үшiн бұл аса қауiптi жағдай едi. Сондықтан Расулуллаһ өзiнiң орнына халифа етiп ең сенiмдi адамын 
 
Пайғамбардың қайтыс болуы 
қойып кетудi ойлады. Оның таңдауы Әбубәкiрге түстi.  
Сөйтiп Әбубәкiр Пайғамбардың бұйыруымен мұсылмандарға намазда имам болды. Ол жұртты пайғамбардың әмiрiне бой ұсынып, өсиеттерiн орындауға шақырды. 
Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, үйi мешiтпен жалғас салынған болатын. Ажырасар сәт таяп келе жатқан соң, сол екi араға шымылдық тұтып қойды.  
Дүйсенбi күнi әдеттегiдей мұсылмандар намазға жиналды. Расулуллаһ шымылдықты ашып, оларға қарап езу тартты. Олар Пайғамбардың күлiмсiрегенiн көрiп, қуанып қалды. бубәкiр пайғамбар намазға келетiн шығар деген үмiтпен кешiктiрiп бастауды және қасынан орын қалдыруды ойлады. Оның ойын түсiнген Расулуллаһ менсiз бастай берiңдер деген белгi бердi. Олар намазға бас қойған соң, Пайғамбар шымылдықты жауып төсегiне қисайды. Бұл Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, мұсылмандармен соңғы рет дидарласуы едi.  
Пайғамбарымыз соңғы демi бiтер сәтте қолын мұздай суға салып, бетiн сипады. Тiлiн кәлимаға келтiрiп, Аллаһты ұлықтап мiнәжат еттi. Сөйтiп он сегiз мың ғаламды жаратушы әлемнiң тәрбиешiсi, құдiретi күштi Аллаһ Та`аланың жердегi Елшiсi, бүкiл адамзатқа жiберген ең соңғы Пайғамбары, Өзiнiң ерекше мейiрiмi түскен сүйiктi пендесi Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Абдуллаұлы Абдул-Мүтәлiп немересi Һижраның он бiрiншi жылы рабиғул-әууәл айының он екiсiнде, дүйсенбi күнi түске қарай (632 жылғы 8 маусым) 63 жасында көз жұмды. 
 

Қарғаның  мысалы 
 
Қанға батқан Әбiлдi көргенде Қабыл өкiнiште қалды. Жазықсыз ағасын өлтiрiп, жаза басқанын түсiндi. Әбiл өзгеге қылдай қиянаты жоқ iзгi жан едi. Қабыл iшi тар, жамандыққа бейiм, қара ниеттi адам болды, бiрақ онысын мойындағысы келмейтiн. Оның сол қызғаншақтығы өшпендiлiкке ұласып, ағасын өлтiруге әкелiп соқты. Сонда не тапты? рине түк тапқан жоқ. Қайта өзiне қамқор, тай-құлындай тебiсiп өскен аяулы ағасынан айырылды. Оның бойын қорқыныш билеп, өзегiн өкiнiш өртедi. Жанын қоярға жер таппай мазасы кеттi. Денесi дiрiлдеп, өзiн-өзi ұстай алмай сұлық жатқан бiлдiң жанына отыра кеттi. Ескен жел, жүгiрген аң, ұшқан құс түгелдей “қанiшер…қанiшер..” деп лағынет айтып, қарғап жатқандай көрiндi оған. Не iстерiн бiлмей жүрегi аузына тығылып, “бiл, Әбiл, тұршы!..” – деп ағасын жұлқылай бастады. Бiрақ Әбiлдiң жансыз денесi қозғалмады. 
Қабыл өлген ағасының денесiн не iстерiн бiлмедi. Үйге алып қайтуға әкесiнен қорықты. Айдалаға жыртқыштардың ортасына тастап кетуге көңiлi қимады. Өстiп не iстерiн бiлмей, басы қатып отырғанда, туысының денесiн қалай жасыруды көрсету үшiн Аллаһ оған екi қарға жiбердi. Қарғалар Қабылдың қасына келiп қонды да бiр-бiрiмен шоқыса жөнелдi. Аздан соң бiрi екiншiсiн өлтiрiп, тұмсығымен жер қаза бастады. Мұны бақылап отырған Қабыл: “Әттең маған не болды? Туысымның денесiн мына қарға құрлы жасыра алмағаным қалай? – деп ойлады. Сөйтiп жер қазып, Әбiлдiң денесiн топырақпен жасырды. 
 
Адам ата бiраз уақыт көзге түспеген балаларын iздеуге шықты. Қабыл әкесiн көргенде қорқып қаша жөнелдi. Алғашқыда Адам ата қаша жөнелген баласының қылығына түсiнбей таңырқап тұрды. Жердегi қанға көзi түскенде ғана жүрегi бiр сұмдықты сезiп, Қабылдың Әбiлдi өлтiргенiн бiлдi. Қайғыдан қан жылап, көз жасы сорғалап қоя бердi. 
– Қабыл! Ағаңа не iстедiң сен?  
Қабыл артына қарауға шамасы келмей, жотадан асып бара жатты.  
– Қабыл, Құдай сенiң тыныштығыңды бұзды. Жаныңды билеген үрей саған ешқашан маза бермейдi. Жоғал көзiмнен! Сен ешкiмге опа бермейсiң! – деп айқайлады Адам ата. 
Содан берi мыңдаған ұрпақ ауысып, ықылым замандар өттi. Жақсылық пен жамандықтың, зұлымдық пен iзгiлiктiң күресi толастаған емес. Өмiр солай жалғаса бермек. Күн сайын мыңдаған адам жарық дүниеден өтiп жатады,бiрақ өлгендердi жерлеу рәсiмiн адамдардың қарғадан үйренгенiн екiнiң бiрi бiле бермейдi. 
 

 
 
 

 

.  
 
 
 


 


Информация о работе Адамның жаратылуы