Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2015 в 20:39, реферат

Описание работы

Адам мен табиғат арасындағы қатынас – динамикалық арақатынас. Ол қатынас адам экожүйесінің ерекшелігімен анықталады да, байланыс «табиғатты бағындырумен», «иемденумен» ғана емес, сондай-ақ адам денсаулығы мен тіршілігіне кері әсерін тигізетін экологиялық өзгерістермен айқындалады.

Содержание работы

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Адам және табиғат
2. Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы
табиғаттың рөлі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Adamzat kogami damui.docx

— 28.82 Кб (Скачать файл)

      «Астана медициналық университеті» АҚ

    Жалпы гигиена және экология кафедрасы

 

 


 

 

 

 

     

Тақырыбы: Адамзат қоғамының қалыптасуы

мен дамуындағы табиғаттың рөлі

 

 

Орындаған:    Әзім Д.  121-топ ЖМ

Қабылдаған: Мантугелова А.К.

 

 

 

 

Астана 2014 жыл

     Жоспар:

 

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім:
    1. Адам және табиғат
    1. Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы

табиғаттың рөлі

   ІІІ. Қорытынды

   ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. Адам мен табиғат арасындағы қатынас – динамикалық арақатынас. Ол қатынас адам экожүйесінің ерекшелігімен анықталады да, байланыс  «табиғатты бағындырумен»,   «иемденумен» ғана   емес,   сондай-ақ адам   денсаулығы   мен тіршілігіне кері әсерін тигізетін экологиялық  өзгерістермен айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Адам және табиғат

Табиғат – бұл адамзат  қоғамының  өмір  сүру  және  іс-әрекетінің   қайнар  көзі. Өнім  өндіру  және  өмірлік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  процесінде  адамзат  табиғи  ресурстардың  әртүрлі  түрлерін  пайдаланады. Табиғат  пен  қоғамның  әрекет  ету  мәселелерінің ішінде  жалпы  адамзатқа  неғұрлым  маңызды  міндеттер: қоршаған  ортаны   жақсы  жағдайда  сақтау,  қоғамның  бірте-бірте   көбейіп  келе  жатқан  қажеттіліктерін  әртүрлі  табиғи  ресурстармен   қамтамасыз  ету  болып  табылады. Жоғарыда  аталған  мәселелерге  байланысты   адамды  қоршаған  ортаны  қорғау   және  табиғатты  қорғау  жайлы  пікірлер  туындады. Адамды  қоршаған  орта  адамға  қатысты  сыртқы  болып  табылатын  табиғи, табиғи-антропогендік  және  антропогендік  объектілер, құбылыстар  мен  процестердің  жиынтығын  қамтиды, адам  олармен  өз іс  әрекетін  жүзеге  асыру  процесінде  өзара  қарым-қатынасқа   түседі. Бұл  ұғымға  адамдар  өмірінің  қамсыздандырылуы   мен  өнім  өндіру   әрекетінің  аясы  кіреді. Қоршаған  ортаның   тұрақты  жағдайын  қамтамасыз  ету,  оны  антропогендік  әрекеттің   жағымсыз  ықпалдарынан  қорғау  табиғатты  қорғаудың  маңызды  міндеті  болып  табылады. Табиғатты  қорғау - бұл  адам  әрекеті  мен  қоршаған  табиғи   ортаның  өзара  әрекетін  қолдауға  бағытталған, табиғи  ресурстардың  сақталуы  мен  қалпына  келтірілуін  қамтамасыз  ететін, қоғам  қызметінің   нәтижесінің  табиғат пен  адам   денсаулығына  тікелей  және  жанама  әсерін ескертетін  шаралар  жүйесі. Қазіргі  кезеңде қоршаған ортаның  жағдайына  екі  түрлі  факторлар  тобы   шешуші  түрде  ықпал  етеді. Олардың   біріншісі  ғылыми-техникалық  революцияны  және  оның  негізінің  адамзат  қоғамының  өндірістік  қызметі  алғысындағы  көрінісін  қамтиды. Екіншісі  демографиялық  аспектілерді  қарастырады  және  жер  бетіндегі  тұрғындар  санының  көбеюі  мен  урбанизацияны  (қала  тұрғындары санының  өсуі)  қамтиды. Бұл  факторлар  бірге  алғанда   өндіргіш  күштердің даму  қарқынына  тікелей  ықпал  жасайды, ол,  өз  кезегінде, табиғи  ресурстардың  интенсивті  түрде  азаюына  және  онымен  байланысты  қоршаған  ортаның  ластануына  әкеліп  соғады

Қоршаған    ортаның табиғи    және әлеуметтік    элементтері    тығыз байланысты. Ол байланыс әлеуметтік  элементтердің,  әлеуметтік жаратылулардың табиғи     элементтерге,     табиғи   ортаға арақатынасымен айқындалып қана қоймай, табиғи элементтердің әлеуметтікке, әлеуметтік ортаға, мәдениетке әсер  етуімен  айқындалады. Баяғы  көне  заманнан  бастап әлемнің бүтіндігі   туралы   идеясы   бар   болды   және   макрокосмос – Әлем       мен микрокосмос – Адам арасында ұқсастық тұжырымдамасы дамыған.  «Адамның денесі—әлеммен бірдей» деп шығыстың ұлы  энциклопедияшы ғалымы  Абу  Райхан  Беруни  мың жыл  бұрын  айтқан. Адамның табиғатпен  арақатынасы мәңгілік  және әрқашан  заманауи, өйткені адам өзінің пайда  болуымен,  тіршілігімен  және  болашағымен табиғи ортамен байланысты. Табиғаттың элементі ретінде ол «табиғат–қоғам» деген күрделі жүйенің бір    бөлігі    болып    келеді. Адамзат өзінің көптеген мұқтаждықтарын табиғаттың есебінен қамтамасыздандырады.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың рөлі

           Қоғам - объективтік әлеуметтік заңдар негізінде дамитын ашық материалдық жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі. Барлық әлеуметтік процестердің күрделі жүйесі болып табылатын қоғамдық өмірді көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне айналдырып отыр.  Адамзаттың  және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол  өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы  қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды:

  • Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді  өндіру процесі.
  • Бөлу – әрбір адамның  өндірілген өнімділігі үлесін анықтау.
  • Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.
  • Тұтыну – өндірілген өнімді  қажеттілікті  қанағаттандыру  үшін пайдалану.

            Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады. Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.

             Қоғам мен табиғат өзара табиғи байланыста. Осының нәтижесінде ноосфера (гр. «ақыл» және «сфера») деп аталатын табиғатты «адамдандыру» яғни адамның табиғатты игеру процесі пайда болды. Ноосфера адамзаттың пайда болуына байланысты туды. Қуатты, дамыған техника мен технологияны пайдалана отырып, адам жер табиғаты мен жердің айналасындағы кеңістікке зор әсерін тигізеді. «Биосфера - жаңа эволюциялық күйге - ноосфераға айналды және айналуда, ғылыми ой әлеуметтік адамзатты өңдеуге» деп жазды В.И.Вернадский. Қоғам өмірінің екінші қажетті табиғи жағдайы – тұрғын халық. Адамсыз өндіріс мүмкін емес, табиғатты игеріп, қоғам мүддесіне қызмет ететін қуатты күш адамның еңбегі. Адамзат қоғамының табиғатпен қарым – қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды. Геожүйелердің  экологиялық  тұрақтылығының  бұзылуы  адамның  өмірлік   қажеттіліктері  мен  өндірістік  технологиялардың  мүмкіндіктері  арасындағы  динамикалық  тепе-теңдіктің  өзгеріске  ұшырауының  нәтижесі  болып  табылады. Қоғам  мен  табиғат  арасындағы  қарым-қатынас  негізіндегі  біртұтас  жүйеге  келтірілген  табиғатты  регионалды  пайдалану   ережелері  мен   қағидалары  жатуы  тиіс. Олар  қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  мақсатында  табиғи  ресурстардың  әртүрлерін  мақсатқа  сай  пайдалануға  бағытталған  ғылыми-тәжірибелік  ережелердің  жиынтығын  білдіреді. Табиғи  ресурстар   -  бұл  адамдарға  адамзат  қоғамының  өмір  сүруі  мен  тіршілігі  үшін   қажетті  табиғи  денелер  мен   табиғат  құбылыстары. Басқаша  айтсақ, табиғи  ресурстар   дегеніміз   өндіргіш   күштердің  даму  деңгейіне  сәйкес  өндіру  және  тұтыну  құралдары  ретінде  пайдаланатын  табиғи  компоненттер, табиғи  ресурстардың  классификациясы  оларды  олардың  таусылуы  және  қалпына  келтірілуін  сипаттайтын  көрсеткіштер  мен  белгілер  тобы  бойынша  бөлінуін, экономика  салаларында    пайдаланудың  шегін  білдіреді.

Адам жерде пайда болған кезден бастап  оның  биосфераға  тигізетін  әсері  үнемі  үдеп  отырды.  Бірақ  тек индустриалдық қоғам және демографиялық жарылыс жағдайында ғана Адам әрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды. Қоршаған орта бұған  дейін  ешқашан  байқалмаған  қарқынмен  ластанып  жатыр. Энергетикалық  және  минералдық  ресурстардың  сарқылу  үрдісі  байқала бастады.  Антропогендік  әрекеттің  сан алуан  түрлері  жануарлар  мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына әкеліп  соқты.  Табиғи  ортаның  химиялық  ластануы,  радиациялық  жағдай, азық-түлік  пен  ауыз  судың  сапасының  нашарлауы  және  т.б.  халықтың денсаулығының нашарлауына әкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар  пайда  болды:  жылыжай  эффекті,  озон  қабатының  жұқаруы, әлемдік мұхиттың ластануы, шөлдену және т.б. Экономиканың экстенсивті дамуына байланысты экологиялық жағдай Қазақстанда да күрт нашарлады: Арал экожүйесінің бұзылуы, Каспий маңында және Шығыс Қазақстандағы қолайсыз  экологиялық  жағдай;  Семей  сынақ  алаңына  іргелес  жатқан  территориялар, топырақтың құнарсыздануы және т.т. Қоғамда болып жатқан ғылыми-техникалық және әлеуметтік саяси өзгерістер барысында экологиялық мәселелер ең негізгі көкейтесті проблемаға айналып отыр. Оған себеп табиғаттың, қоршаған ортаның заңдылықтарымен санаспау салдарынан туған қарама-қайшылықтар. Президентіміз Н.А. Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттілігі жайлы айтылған. Ол өзінің жолдауында: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өмірінің 20% -не себеп болып отырғанын, ал кейбір аймақтарда жағдай бұдан да қиын, отандастарымыздың 1/3-і сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады» — деді. Ал, 1991 жылғы «ҚР Жалпы білім беретін мектептерінің тұжырымдамасында», 1992 жылғы «ҚР Білім беру туралы» Заңында және 1996 жылғы «ҚР Экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» бүгінгі күні жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі атап көрсетілген. Сондықтан жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзкарасын қалыптастыру, оларды табиғатты таза ұстап, қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен қызмет еткен жерінде жоғары саналы, экологиялық білімді, азамат ретінде тәрбиелеу бүгінгі таңның кезек күттірмейтін мәселесінің бірі. Егеменді Республикамыздың 1991 жылы қабылданған «Қазақстанның табиғатын қорғау туралы» заңында халыққа білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастыруға баса көңіл аударылды. Осыған орай 63 -бапта: Республиканың халыққа білім беру органдары мен табиғат қорғау жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын білім мен тәрбие беру жүйесін жүзеге асыратындығы, жалпыға бірдей, кешенді түрде және үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында мамандарды кәсіптік жағынан даярлаудың, олардың білімін арттырудың бүкіл үрдісін қамтитындығы көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Қорытынды

Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жаткан жердің, судың иесі табылып одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бәрі табиғатқа бұрын-сонды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сияқты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн. км2 деп есептесек, онын соңғы 150 жыл ішінде 35 %-ы кесілген екен. Соңғы ғасырда өмір сүрген адамзат қауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат қорларын есепке алып, оны тиімді пайдалану керектігін ұғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар қабылданып, оның ғылыми негіздері   қаланды. Табиғат қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, сол сияқты бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Экология – Г.С.Оспанова , Г.Т Бозшатаева – Алматы, экономика, 2002
  2. Жалпы  экологияның  қысқаша  курсы – А.К. Бродский, Алматы "Ғылым”, 1998
  3. Экология  және  табиғат  қорғау А.Қ.Құсайынов – Алматы: "Мектеп”, 2002.
  4. Колумбаева  С.Ж.,  Білдебаева  Р.М.  Жалпы  экология.  Алматы,  «Қазақ университеті», 2006.
  5. Мамбетказиев  Е.,  Сыбанбеков  Қ.  Табиғат қорғау.  Оқу құралы. Алматы, Қайнар, 1990.

 

 

 

 

 


Информация о работе Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың рөлі