Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 00:08, реферат
Описание работы
Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар: Ресурстар проблемасы; Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы; Энергетикалық проблема;
Содержание работы
1 Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы. 2 Парникті эффект (жылу эффекті). 3 Қышқыл жаңбырлар. 4 Әлемдік мұхит проблемалары. 5 Аймақтық экологиялық проблемалар 5.1 Ормандардың азаюы. 5.2 Шөлейттену 5.3 Өнеркәсіптік қалдықтар 6 Қала экологиясы 7 Халық санының өсуі. 8 «Жасыл революция» және оның салдары. 9 Дереккөздер
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан
алынған мәлімет
Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар.
Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда
Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық
проблемалар бар:
Ресурстар проблемасы;
Азық-түлік немесе
ашаршылық проблемасы;
Энергетикалық проблема;
Демографиялық проблема;
Климаттың өзгеруі;
Экологиялық проблемалар;
«Үшінші әлем» елдерінің
артта қалуын жою;
Қауіпті ауруларды
жою;
Әлемдік мұхит пен
космосты игеру;
Қылмыспен және терроризммен
күрес;
Наркобизнеспен
күрес.
Ғаламдық проблемаларды ерекше
білім саласы - глобалистика зерттейді.
Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз
байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі
экологиялық дағдарыстың даму процесімен
қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы
міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның
дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына
дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды
шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар
жасалады, бірақ оларға келісушілік және
үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық
проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың
жартысына жуығын экологиялық проблемаларды
шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа
проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық
проблемаларды ең артықтау проблема деп
санайды.
Ғаламдық экологиялық проблемалар
- ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде
айқындалған экологиялық проблемалар
кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық
қауіптілігінің мынадай көріністері бар:
табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының
жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың
ластануы, биологиялық әралуандылықтың
азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің
қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі
мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы
оны шешу үшін барлық елдердің жігерін
жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың
барлық түрлерін азайтпай экологиялық
дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі;
биосфераның жалпыға ортақ ластануына
қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай
соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі
өркениеттің технологиялық құрылымын
қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен
өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері
мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны
қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары
жұмысының тиімділігін арттыру және оларга
төтенше өкілеттік беру.
Озон қабатының (озоносфераның)
бұзылуы.
Атмосферадағы озонның мөлшері
бар болғаны 0,004%-ды құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы
2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада электр
зарядтарының, Күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан
(02) озон молекуласы
(О3) түзіледі.
Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы
болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан
қабаттарда тіршілік нышаны білінбейді.
Жер бетіндегі барлық организмдердің
тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа
ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына
(6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш
қабаты» деп те атайды. Озон қабатының
50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды
10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан күннің
ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері
(290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті
бұл сәулелер адам үшін пайдалы да: терімізді
қарайтып күйдіреді, организмнің қорғаныштық
қызметі артады. Тал түсте ультракүлгін
сәулелердің концентрациясы көп болғандықтан,
күнге күйіп қыздырыну процесін шаңқай
түске дейін жүргізген жөн.
Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға,
тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз
катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне,
мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер
мен жануарлар әлемінің мутациясына алып
келеді.
1980 жылдары Антарктидадағы
ғылыми жұмыс станцияларында
жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы
озон құрамының төмендегені байқалған.
Осы құбылыс- «озон тесігі»
деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде
Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі»
барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен
7 млн км² -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері
қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы
бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында
байқалып, маусымның басқа кездерінде
озонның мөлшері нормаға жақын болады.
Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның
мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және
жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз)
айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық
мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде,
Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға
азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка
құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде
озон құрамының айтарлықтай төмендегені
(50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың
озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған.
Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында
және Скандинавия түбегінің, Шотландия
аралдарының, Қазақстанның, Якутияның
үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны
тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни,
«озон тесігінің» пайда болуы биосферада
елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан
бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің
бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне
ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам
ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып
бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан
бөлінген заттар әсер етеді.
Алайда озон қабаты үшін ең
қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте
пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді
баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы
заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына
көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын
хлор немесе басқа галогендердің атомын
түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды,
ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу
процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша
шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар
өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын
Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей
өндіреді.
Озон қабатының бұзылуы адам
денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян
екендігі ресми түрде де айтылуда. Озон
қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер
қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды
өндіру және пайдалануды бақылау жайында
70 мемлекет арасында келісім жасалды.
Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті
фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы
керек болатын.
Парникті эффект
(жылу эффекті).
Жанғыш қазбаларды өртеу және
басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен
бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір
қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер,
яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б.
(жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар
жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті
эффектінің пайда болуына алып келеді.
Парникті эффектінің механизмі қарапайым.
Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері
Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер
жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған
соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену
түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда
бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай
жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен
сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын
сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына
және температураның көтерілуіне алып
келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі,
су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей,
керісінше оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы
жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер
бойынша СО2-нің мөлшері
ауада екі есе көбейсе, орташа температура
3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде
климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы
мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың
орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген
жердің су астында қалуына және басқа
да жағымсыз жағдайларға алып келеді.
Климаттың ғаламдық
жылуы - биосфераның антропогендік
ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың
және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік
процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары
шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының
өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе
климаттық өзгерістер Солтүстік жарты
шардың жоғары және орта ендіктерінде
қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты
әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді,
сондықтан да оның қайта қалпына келуі
өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның
көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады.
Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке
қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ
жылжиды. Температураның көтерілуіне
байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2
м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен
аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің)
су астында қалуына алып келеді.
Мәліметтер бойынша келесі
ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы
1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына
сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012
жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті
газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға
дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың
шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген
жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің
дұрыстығына күмәнмен қарауда. 2000 жылы
Гаага қаласында өткен конференцияда
әрбір индустриалды елде зиянды заттарды
атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық
саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім
қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер
көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар
мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің
іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі
келеді. Қазақстан да 2006 жылға дейін 2008-2012
жылдар аралығында парникті газдарды
атмосфераға шығаруды азайту бойынша
міндеттеме алып, анықталуы керек еді.
Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз
жүзінде қалып отыр.
Қышқыл жаңбырлар.
Ғаламдық негізгі экологиялық
проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы
заттардың ұзақ қашықтықтарға тасымалдануы.
Алғашында бұл проблема радиоактивті
заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына
байланысты пайда болды. Негізінен күкірт диоксиді және оның қосылыстары, азот
оксиді және оның қосылыстары, ауыр металдар
(әсіресе сынап), пестицидтер, радиоактивті
заттар сияқты улылығы жоғары заттардың
таралуына баса назар аударған жөн.
Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің
жуылуы күкірт жөне азотқышқылдарының
түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы
табиғи ортаның жалпы қышқылдануына, айтарлықтай
экологиялық өзгерістерге алып келді.
Түзілген қышқылда р және олардың қосылыстары
жауған жауын- шашынның құрамында, қардың,
жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың
құрамында кездесіп экожүйелерге жағымсыз
әсер етуде. Күкірт диоксиді және азот
оксидтерімен болатын қышқыл жаңбырлар
орман биоценоздарына үлкен зиян әкелуде.
Қышқыл жаңбырлардан жалпақ жапырақ ты
ормандарға қарағанда қылқан жапырақты
ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл
жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады.
Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштардың
пайдасы азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін
топырақтарда қатты байқалады. Адам организміндегі
алғашқы жағымсыз реакциялар ауа құрамындағы
сульфаттардың концентрациясы 6-10 мкг/м3,
күкіртті газ - 50 мкг/м3 - ге жеткенде пайда
болады. Бұл қосылыстарды әсіресе өсімдіктер
өте сезгіш. Қыналардың кейбір түрлері
күкірт қышқылының концентрациясы 10-30
мкг/м3, қылқан жапырақтылар - шекті мөлшерден
бар болғаны 3-4 есе көбейгенде тіршілігін
жояды. Тұщы сулардың қышқылдығы рН <
5,5 (табиғи суларда 5,6-ға жақын) көрсеткіште
балықтардың көбеюі төмендеп, рН = 4,5 жағдайда
көбею жүрмейді. Қазіргі таңда антропогендік
әсерден бөлінетін күкірт диоксидінің
мөлшері жылына 150 млн тоннаны құрайды.
Көмірді пайдалану күкірттің көп бөлінуіне
алып келеді. Жер шарының кейбір аудандарында,
әсіресе Европада, Солтүстік Америкада
антропогендік күкірттің түсуі көп мөлшерге
жетті. Жер бетіне түскен қышқылдар мен
сульфаттар топырақ құрамына (топырақтың
қышқылдануы), өсімдіктер жабынына, су
айдындарының қышқылдануына алып келуде.
Атмосфераны күкірт диоксидінен
қорғау, оларды ауа бассейнінің жоғары
қабаттарында шашырату арқылы жүзеге
асыруға болады. Ол үшін жылу электр орталықтары
мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370 м
биіктікте болуы керек. Одан басқ а жолы
- отынды пайдаланбас бұрын құрамындағы
күкіртті отынды бөліп алу қажет.
Улы және фотохимиялық
тұман. Үлкен қалаларға тән, жиі байқалатын
құбылыс - улы туман (тұман мен түтіннің
қосылысы). УЛЫ тұмандар үш түрлі - ылғалды,
құрғақ және мұзды болып келеді. Ылғалды
улы тұман (Лондондық тип) - газтәрізді
ластаушы заттар, шаң және тұман тамшыларының
қосылыстары. Бұл қосылыстағы заттар бір-бірімен
химиялық реакцияға түсіп бастапқы түрлерінен
әлдеқайда қауіпті қосылыстар түзеді.
Атмосфералық ауаның 100-200 метр биіктігінде
улы, сарғыш түсті лас, ылғалды улы тұман
осылай пайда болады. Мұндай тұман теңізге
жақын, тұманды, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
жоғары елдерде түзіледі.
Құрғақ улы тұман (Лос-Анджелестік
тип) - озонның пайда болуы кезінде химиялық
реакциялардың әсерінен атмосфералық
ауаның екінші рет ластануы. Құрғақ улы
тұман Лос-Анджелесте (АҚШ) қалың тұман
емес, көкшіл түтін түзеді. Улы тұманның
үшінші түрі - мұзды улы тұман (Аляскалық
тип). Ол Арктика мен Субарктикада антициклон
кезінде төменгі температурада пайда
болады. Мұндай ауа райында ластағыш заттардың
аз мөлшерде бөлінуінің өзі мұздың майда
кристалдарынан тұратын қалың тұманның
пайда болуына алып келеді. Сондай-ақ улы
тұман шұңқырлы жерлерде орналасқан қалаларға,
мысалы, Алматы, Ереван, Кемерово, Новокузнецк,
Братск, Мехико және т.б. тән. Улы тұман
кезінде, жарықтың әсерінен зиянды заттардың
ауа, ылғал компоненттерімен фотохимиялық
реакциялары нәтижесінде қосымша улы
өнімдер (альдегидтер, кетондар) түзіледі.
Атмосфералық ауаның тұмандануы
қала микроклиматының нашарлауына - тұманды
күндердің көбеюіне, атмосфераның тұнықтығына,
мөлдірлігіне әсер етеді. Мысалы, 1948 жылы
26 қазанда Донора (АҚШ, Пенсильвания) қаласында
қалың тұман мен түтіннің қосылуынан (улы
тұман) жолдың көрінуі өте нашарлап қаланы
қара күйе басып қалған. Адамдардың тыныс
алуы қиындап, тамақтары ауырып, көздері
ашып, құсқылары келген. Сөйтіп жаңбыр
жауғанға дейін 3-4 күннің ішінде 14000 қала
тұрғындарының 6000 тұрғын ауырып, 20 адам
қайтыс болған. Сонымен қатар көптеген
құстар, иттер мен мысықтар да өлген. 1952
жылы желтоқсанда Лондон қаласында улы
тұманның әсерінен 3-4 күн ішінде 4000 адам
қайтыс болды. Себебі ауасы лас қалада
жел болмай, атмосфералық ауа құрамындағы
күкіртті ангидридтің мөлшері қатты көбейіп
кеткен. XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап
Лос-Анджелес қаласында да жылдың ЖЫЛЫ
маусымында, әдетте жазда және ерте күзде
ылғалдылығы 70% құрайтын тұман пайда бола
бастады. Бұл тұманды фотохимиялык, тұман
деп атайды. Улы тұман кезінде көріну қабілеттілігі
нашарлап, үй жануарлары (ит, құс) еле бастайды.
Адамдардың тыныс алуы қиындап, көздері
жасаурап, тамақ пен мұрынның шырышты
қабаттарының тітіркенуіне, өкпе және
басқа да созылмалы аурулардың қозуына
алып келеді. Улы тұман өсімдіктерге, әсіресе
бұршақ, қызылша, астық тұқымдастар, жүзім
және сәнді өсімдіктерге де зияны көп.
Алдымен жапырақтары ісініп, біраз уақыттан
кейін жапырақтың төменгі жағы ақшылданады
және сарғаяды да, өсімдік қурай бастайды.