Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 12:22, реферат
Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір,Темірлаң) (1336-1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Ұлы Түркістан өсірген ұлы тұлға, әскери қолбасшы және мемлекет қайраткері Әмір Темір Ғұн, Көктүрік және Ұйғыр мемлекеттерінің ізін ала тарихы сахнасына шыққан Монғол империясынан соң шамамен 150 жылдан кейін Түркістанда биік тұрған. Темір түрік мемлекеттерінің аңсаған арманы, түрік әлем билігіне қол жеткізу жолында 35 жыл үздіксіз күрескен.
Темірдің Иранға жасаған қарсы саясаты жаулап алу ғана болып қоймай, сол мемлекетте орын алған көтерілістерді басып жаншумен қатар жүрды. Темірді сол елдегеі көшпелі Монғол Татар билеушілері қорғады. Себебі, олар Ирандағы халық көтерілісін өз күштерімен баса алмайтынын түсінді. Бірінші тарауда Темір мемлекетінің нығайту үшін күрес жолында сербедерлер көтерілісі нәтижесінде құрылған Сербедер мемлекетін құлатқандығын айтып өткенбіз. Олар астанасын Самарханд қаласы деп еблгілеген болатын. Орта Азияда өзінің билігін нығайтқаннан кейін, Темірдің бірінші жорығы Қорасанға бағытталды. Осы жылдың көктемінде ол херт меликтернің Курт мемлекетін бағындырды. Қорасан билеушісі Али Муаяйяд Темірден сербедерлерге қарсы күресте көмек беруін сұрады. Бұл Темірдің осы мемлекетке басып кіруіне сылтау ғана болды. Көтерілісті аяусыз басып, сол өңірге билікке өзі тағайындаған адамдарын бекітіп кетеді. Олар хераттық Гийасы ад-дин Курт пен Али Муаяйяд еді.
1383 жылы себзебарде Темір билігіне қарсы сербедарлардың көтерілісі бұрқ ете түсті. Осы жылдың қараша айында Темір Себзеварды алып, бекінісін қиратты. 2000 мың көтерілісші жазаланды. Оларды тірідей қамал қабырғаларына көміп, дуал тұрғызды. Сол жылы Темір Систан мен Кандахарды бағындырды. 1384 жылы Темір Гурганды бағындырып, Әмір Валидың мемлекетін қиратады. Солтүстік Иранда Дамганнан Сұлтаниеге дейінгі өңірді бағындырады.
Ішінара қырықысып жатқан Жалайырлар мемлекеті тарапынан Темірге ешқандай қарсылық ұйымдастыралмады. Бұл мемлекетті Темірге дейін Тоқтамыс та 1385 жылы жорық жасап тонаушылыққа ұшыратқан болатын. Ал Темір 1386 жылы жорық ұйымдастырп, Тебризді басып алады да ондағы ең таңдаулы қолөнершілерді бірге Самарқандқа алып кетеді.
1387 жылы Закавказьеге жорық жасағаннан кейін Темір Музафаррид мемлекетіне жорық жасап, Исфаханды бағындырып оған ауыр кантрибуция жариялайды. Темірдің қала халқына салған ауыр салған салығына қарсы көтеріліс болды. Бірақ ол аяаусыз жаншылды. Иранның оңтүстік өңірін бағындыру 1393 жылға дейін созылды. Ал оған дейін Темір 1392 жылы Гурганда орын алған халық наразылығын басып, Мазендарандағы сеийдтер мемлекетін жойды. Осылайша 1393 жылы Иранның бүкіл териториясы Темір империясының құрамына кірді.
Темір өзін қолдаған ақсүйектерге, әскери қолбасшыларына, әскерлеріне көптеген сойырғалдар беріп, биліктерін орнатып берді. Солтүстік Иран мен Әзербайжанға Орта Азиядан алып келген түркі тілді көшпелі тайпаларды қоныс аударып, өзінің бөліп беруді жоспарларды. Шахрухқа Хорасан және Гурган, Мезендеран және Систанды орталығын Херат етіп беруді, Мираншахқа орталығын Тербиз деп бекітіп, Батыс Иранды, Әзербайжанды, Арменияны қалдыруды ойлады.
Парсы халықтарымен Кавказ халықтарын жаулап алу жылдарын 1392-1398 жылдар аралығы қамтыды.
1398 жылы Темір әскері Үндістанға басып кірді. Сол жылы үндістер алынбайтын қамал деп есептейтін Мератх қамалын алады. Келесі шешуші шайқастарының бірі Ганг өзенінің бойында орын алды.
Осы жылдың соңына таман Әмір Темір әскері Делиге жақындады. 17-желтоқсанда ол мұсылман қолбасшы Махмұд Тұғлақ бастаған әскермен шайқасады. Қорғанушыларды қамалға қуып тығып, қаланы алады. Темір әскерлері қаланы тонап, бар байлығын Самархандқа алып кетеді. Бұл соғыстан кейін қаланы қалпына келтіруге жүздеген жылдар кетті.
1400 жылы ол әскерін Сириға бақыттайды. Сириялықтардың әмірлері бастаған Алеппо шайқасы тарихта белгілі. Бұл соғыстада Темір әскері үлкен жеңіске жетеді. Елдегі бар байлық Самарқанға жөнелтіледі. Сирияны басып алғаннан кейін оның әскері түрік сұлтаны Баязид әскерін бағындырады.
1387 жылы Қытай императоры
Тай-Цзуға (1368-1398) жіберілген Әмір
Темірдің Молла Хафиз бастаған
елшілерге жіберілді. Мұның
Темірдің осындай жеңісті жорықтарынан хабардар болған сол заманның күшті Мысыр, Византия секілді мемлекеттері өз еріктерімен оған 1404 жылы үлкенсалық төлеп тұрғанын мәлімдейді.
Өмірінің соңғы жылдарында Әмір Темір империясына Мауеранахр, Хорезм, Закавказье, Парсы елдері, Пенджабы және өзге де өңірлер кіреді. Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа аттанған тұста Отырарда қайтыс болады.
Әмір Темірдің Иранмен, Үндістамен, Қытаймен жүргізген сыртқы саясаты өте күрделі мәселелердің бірі болды.
Әмір Темірдің XIV ғасырдың 70-90 жылдары Моғолстанға, Ақ Ордаға және Алтын Ордаға жасаған басқыншылығы. Әмір Темірдің билікке ұмтылысы 1360-1370 жылдардағңы тақ таласы шайқалтқаны мен, әлі де құдіретті Алтын Ордамен бетпе бет келтіреді. Бірақ онымен соғыспас бұрын Әмір Темір өзінің солтүстік пен шығыстағы ең жақын көршілері Ақ орда мен Моғолстанды алды. Ол бұл істе өзіне Ақ Ордадан қашып келген Тоқтамысты пайдалануға ұмтылып, оны әскерімен жасақтап,1374-1376 жылдарда үш рет Ақ Ордаға аттандырды. Әмір Темір Әмір Темірдімәліктің 10 000 әскерін 1376 жылы Сығанақ түбінде талқандағаннан кейін, Сауранда Тоқтамысты таққа отырғызып, оны Дешті Қыпшақтың билеушісі деп жариялады. Бірақ 1377 жылы Темір Мәлік көп әскермен келіп, Сауранның түбінде Тоқтамыс әскерін талқандады. Әмір Темір Тоқтамысты өзінің әскер басыларымен бірге Ақ Ордаға тағы да аттандырды. Ақ Орданың басты қаласы Сығанақты басып алды. 1371 жылы Әмір Темір Моғолстанға әскер аттандырды. Ол бұл жолы Алмалыққа дейін жетті. Мұның артынша Әмір Темірдің өзі бастап жорыққа шығып, Ыстықкөл өңіріне дейн келіп, көптеген тұтқын мен олжа түсіріп қайтты. 1375 жылы Әмір Темірдің әскері тағы да Моғолстанға жорыққа аттанып, Шарын өзен шатқалына Қамар әд-Динмен шайқасты. Қамараддин жеңілгеннени кейін Әмір Темір әскері моғолдарды Іле өзеніне дейін қуып, Самарқандқа олжамен оралды. Әмір Темір Моғолстанға жорығын 1377 жылда жалғастырып, Қамар әд-Дин әскерін Қаратау етегінде және Ыстықкөлде таяу маңындағы Бұғым шатқалында талқандады. Бұдан кейін Қамар әд-Дин Алтын Ордадағы билікті қолына алған. Тоқтамыс пен Әмір Темірге қарсы одақ құрды. Мұндай одақ Еңкей төре мен Қызық қожа хан тарапынан да қолдау тапты. 1389 жылы Әмір Темір әскері Тарбағатай өңірінде Еңке төренің әскерін талқандады.
Шығыс Түркістанды паналаған Қызық Қожа Әмір Темірден жеңіліс тауып, оған тәуелділігін мойындады. Молғалыстанды талап, тонап онның билеушілерін қуып шыққан Әмір Темір Дешті Қыпшақтағы Тоқтамысқа бет бұрды. 1391 жылы Әмір Темір 200 000 мың әскерімен Тоқтамысқа қарсы жорыққа аттанды. Жайық өзенінен өтіп, 18 маусымда Тоқтамыс әскерімен Құндызша деген жерде шайқасқа түсіп талқандады. Әмір Темір Тоқтамысқа қарсы жорығын 1395 жылы жалғастырып, Солтүстік Кавказда Терек өзені аңғарында оның әскерімен шайқасқа түсті. Жеңілген Тоқтамысты Әмір Темір әскері Елекке дейін қуып, содан кейін Алтын Орда қалаларын ойрандады. Алтын Орданың Еділдегі астаныс Сарай –Берке, Еділ бойымен қырындағы ірі қалалар – Астрахан, Каффа, Азақ т.б. қалалар қиарды. Бұл соққы Алтын Орданың саяси құлдырауы мен ыдырауын тездетті
XVI ғасырдың 70-ші жылдары Орта Азияда Ақсақ Темір құрған мемлекеттің дүниеге келуі кездейсоқ оқиға болған жоқ. Оны ХІІІ – XVI ғасырларда Шағатай ұлысында орын алған әлеуметтік-этникалық және саяси-әтникалық үрдістердің даму нәтижесінде деп қарастыруымызға болады. Өйткені Мауенахр алқабында ежелден жалғасын тауып келе жатқан процесс монғолдардың келуіне байланысты белгілі бір кезеңге тоқтағанымен ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап жандана бастады. Елдің экономикалық дамуы бірқалыпты келіп, жаулап алушы Монғол тайпаларының билікке әсері біршама бәсеңсіп, жергілікті халықпен сіңісіп кетеді. Ассимилияцияға моғол аристократиясы да ұшырайды. Осының көрінісі ретінде Кебек ханның 16 ғ. Бірінші жартысында астанасының Орта Азияға көшіруін және әлеуметтік тірек терінде жергілікті ірі феодалдарға сүйенгенін айтуымызға болады. Монғол феодалдарының бұл саясаты өз кезегінде феодалдар арасында заңда қарсылық түсінді.
16-ғасырда шағатай ұлысында орын алған саяси дағдарыс аймақтардың бөлектенуіне, оқшаулануына алып келді. Жетісуда моғаолстан мемдекеті құрылса Мауренахрда бірнеше дербес әмірліктер құрылды. Шамамен 1340-1370 жылдар аралығанда ешбір Орта Азияда мықты бір орталыққа бағынған хандық немесе мемлекет болмады. Бұл құбылыс жергілікті ақсүйектерге, діни қызметкердерге, ірі саудагерлерге бір орталыққа бағынған мықты мемлекеттің қажеттігін тағы да дәлелдеп берді. Осылайша, осы өңірді тарих сахнасына Әмір Темір келіп, жоғарыда аталған әлеуметтік топтардың қолдануына сүйенді. Орта Азиядада бір орталыққа бағынған, бір экономикалық тұтастыққа негіздеген мемлкет құрады. Ал осы мемлекеттің құрылуы сол дәуірлердегі басқа да мемлектеттердің тарихында ерекше орынға ие болдды. Әмір Темірдің жүргізген сыртқы саясаты мемлекеттердің әлеуметтік, экономикалық құрылмына, саяси ақуалына белгілі бір дәрежеде әсер етті.
XVI ғасырдың 70-жылдары оның
қолбасшылық дарыны толық
Әмір Темір әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатра сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөлдаладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қол өнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қоластындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғылым ойшылдары Әмір Темірдің тарапынан қолдау тапқандығын растайды.
Әмір Темірдің осындай аз уақытта әлемдік тарихта өзіндік ерекше орны бар мемлекет құра алуы, оның мемлекет қайраткері ретінде жеке қолбасшылық, дарындылық қаситтерін көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиттер: