Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 18:06, реферат
Ксенобиотиктер (Ксенобиотики) (грекше xenos — бөтен, жат, bios — тіршілік, өмір) — тірі организмдерге жат химиялық заттектер (пестицидтер, токсиндер, т.б.. поллютанттар), олар биологиялық процестерді бұзуға қабілетті. Олардың 3 тобын бөліп көрсетеді.
1) адамның шаруашылық әрекетінің (ауылшаруашылық, өнеркәсіп, көлік өнімдері) өнімдері;
2) тұрмыстық химия заттары ( жуғыш заттар, паразиттерге қарсы күреске арналған заттар, парфюмерия);
3) көптеген дәрі-дәрмектер.
Кіріспе..............................................................................................................3
Негізгі бөлім....................................................................................................4-10
Ксенобиотиктер биотрансформациясы мен метаболизм процесі нәтижесінде түзілген өнімдердің түрленуі....................................4
Қоршаған орта нысандарына ксенобиотиктер әсеріне жүргізілген зерттеулер мониторингі..................................................................5
Судағы гербицидтер мен пестицидтердің көрсеткіштері.........5
Топырақтағы ксенобиотиктер көрсеткіштері............................5
Топырақтағы ауыр металлардың миграциясы...............................5-6
Ауадағы ксенобиотиктердің миграциясы......................................6-7
Арал өңірі бойынша азық-түлік өнімдеріне жүргізілген зерттеулерді талдау.................................................................................................7-10
Қорытынды...................................................................................................11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................
Арал өңіріндегі тамақтық өнімдер мен судың құрамындағы ауыр металдарды аймақтар бойынша зерттеулерде кадмий және қорғасын басқа ксенобиотиктерден басым болды. Өнімдердің ішінде халық күнделікті тұтынатын өсімдік өнімдерінен алынған сынамалар нәтижесі оң көрсеткішті көрсетіп отыр. Олар нормадағы көрсеткіштерден бірнеше есе жоғары. Әсіресе дәрумендік қасиеті бар жаз мезгілінде көп қабылданатын қауын, қарбыз өнімдерінен алынған сынама нормалық көрсеткіштерге сәйкес келмейді.
Сурет 1 - Қызылорда қаласы бойынша сынамалардың нормадан жоғары болған (%) пайызы зерттеу қортындысы
Арал
өңіріндегі кейбір тамақтық өнімдер
мен судың құрамындағы химиялық
заттар мен ауыр металдардың іздері
мен қалдықтарын зерттеген
Сурет 2 – 2012 жылдың 1-жартысындағы Арал өңірінің үш аймағындағы кейбір тамақтық өнімдердегі кадмийдің “min” іздері.
2-суретте Арал өңіріндегі тамақтық өнімдерден табылған кадмийдің минимальды іздері ОА - ет, сүт өнімдерінде жоғары- 0,005; 0,004 мг/кг, СА- нан өнімдері – 0,003 мг/кг, көкөніс, бау-бақша өнімдерінде -0,0035мг/кг, ҚҚ-бойынша кадмиидің минимальды концентрациясы 0,003-0,002мг/кг болды.
Сурет 3– 2012жылдың 1-жартысындағы Арал өңірінің үш аймағындағы кейбір тамақтық өнімдердегі кадмийдің “max” іздері(мг/кг).
3-суретте Арал өңіріндегі тамақтық өнімдерден табылған кадмийдің максимальды іздері анықталған: ҚҚ-бойынша ет өнімдерінде (0,3 мг/кг) жоғары, нан өнімінде салыстырмалы түрде көтеріңкі; ОА - бойынша ет өнімдерінде (0,3 мг/кг), бау-бақша, көкөністерде (0,060 мг/кг) басым, ҚҚ- бойынша тек ет өнімдерінде жоғары болды.
Қызылорда
облыстық санитарлық-эпидемиологиялық
стансасының мәліметтері
Бүгінгі таңда Арал өңірі Қазақстандағы топырақ жамылғысының бұзылуы, шөлдену, тұздану, топырақ пен судың өндірістік және ауылшаруашылық қалдықтарымен ластану, оның үстіне осы аймақта Байқоңыр космодромының орналасуына байланысты факторлар әсеріне ұшырап отырған экологиялық дағдарыс аймағының бірі болып қалып отыр.
Сурет 4 - Арал өңірі тамақ өнімдерінен табылған Гамма ГХЦГ, ДДТ пестицидтерінің іздері(саны).
Аймақтың
қоршаған ортасының ауасы, суы, топырағы,
өсімдіктер құрамында, токсиндердің, ауыр
металдардың, пестицидтер мен
Аймақ көлеміндегі
Қорытынды
Қоршаған орта нысандарына ксенобиотиктер әсеріне жүргізілген зерттеулер мониторингі бөлімінде халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдеріндегі ауыр металдар іздері мен пестицидтер мен гербицидтер концентрациясы олардың метаболизм процесіне тұрақтылық көрсеткіштері, судағы ауыр металдар, гербицидтер мен пестицидтердің көрсеткіштері, аймақтағы топырақтың нитраттар мен пестицидтермен ластануы, ауадағы ксенобиотиктердің миграциялану көрсеткіштері жүйеленді.
Қоршаған ортаға ксенобиотиктер миграциясы әсері және оған жүргізілген талдаулар бөлімінде ксенобиотиктер биотрансформациясындағы метаболизм процесі нәтижесінде түзілген өнімдерінің динамикасы мен миграциясына жүргізілген зерттеулер талданды.
Қоршаған ортаға ксенобиотиктер әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар барысында Арал өңірінің қоршаған ортасындағы табиғи нысандарға қауіп туғызушы ксенобиотиктердің түрлері, миграциялық тізбектері мен қауіптілік деңгейлері анықталды. Осыған байланысты жүргізілетін іс-шараларда аймақта сауықтыру іс-шараларын жоспарлау, топырақтың ластану деңгейін төмендету, оған экологиялық бақылауды күшейту, қазіргі заманғы су тазарту қондырғыларын пайдалану тиімділігін арттыру және жобалардың ең тиімдісін пайдалану арқылы тазарту, жұмыс аймағындағы ауаға бақылау жүргізу жолдарымен қоршаған ортадағы ксенобиотиктерді деградациялауды жобалау қарастырылған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Н.Б.Ермуханова., С.Т.Абдрахманов. Арал өңіріндегі ксенобиотиктердің қоршаған ортаға әсеріне зерттеу жүргізу. Қорқыт ата атындағы ҚМУ. ҚМУ хабаршысы (Вестник КГУ) №1(33). 2012ж – 250-253 б.
2. Н.Б.Ермуханова., С.Т.Абдрахманов. Ксенобиотиктердің метаболизм про-цесі әсерінен түзілген өнімдерінің динамикасы мен миграциясы. М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми еңбектері. №1.(22) 2012г. –62-66 б.
3. Н.Б.Ермуханова., С.Т.Абдрахманов. Азық-түлік өнімдеріндегі анықталған ауыр металдардың іздері және Арал өңірі бойынша оған жүргізілген зерттеулерді талдау. М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми еңбектері. №1.(22) 2012г. – 67-72 б.
4. Н.Б.Ермуханова., С.Т.Абдрахманов. Ксенобиотиктердің метаболизм процесіне тұрақтылық көрсеткіштері мен зерттелген азық-түлік өнімдеріндегі олардың деңгейі. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ң 75-жылдық мерейтойына арналған ғылыми-еңбектер жинағы. «Ғылым және инновация, бәсекеге қабілеттілік». – 2012ж.
5. Н.Б.Ермуханова., С.Т.Абдрахманов. Ксенобиотиктер биотансформация-сындағы метаболизм процесі нәтижесінде түзілген өнімдердің түрленуіне жүргізілген зерттеулерді талдау. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ң 75-жылдық мерейтойына арналған ғылыми-еңбектер жинағы. «Ғылым және инновация, бәсекеге қабілеттілік». – 2012ж.