Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2012 в 12:48, реферат
Мәліметтер қоры(Ms Access)-сіздер өздеріңіз білесіздер,ақпараттарды реттеу үшін ақпараттардың тақырыптары, өзара қисынды біріктірілген арна йы анықтамалар,каталогтар,картотекалар,энциклопедиялар және т.б бар.
Сонымен қатар,ақпараттардың ағымы үнемі ұлғаюда және бүгінгі күнде ешқандай анықтамалар ақпаратты үнемі және өз уақытында жаңартып отырмақ түгел,оны сыйғыза да алмайды.
Кіріспе.....................................................................................3
1.Мәліметтер қоры.................................................................4
2.Мастер көмегімен кесте құрастыру……….....................6
3.Ms Access-те программа жазу………………...................6
4.Access-те программалау тілі………………......................6
4.1SQL программалау тілі…………………..…...................6
4.2Макрос программалау тілі……………….......................7
4.3Visual Basic for Applications программалау тілі………………………………...........................................8
5.Макростар мен модульдар………………….....................9
6.Кесте және форма……………………………...................9
7.Таблицалар арасындағы қатынасы және деректердің бүтіндігі………………………………………..……….......10
8.Ms Office пакетінің басқа қолданбалары мен байланыс…………………………………….....……..........11
9.Access-тен импорттау.......................................................12
10.Word-пен алмасу……………………………….............13
11.Excel-мен қарым-қатынас……………………..............14
12.Excel-де экспорттау……………………………............14
13.Қорытынды……………………………………..............15
14.Қолданылған әдебиеттер................................................16
Мазмұны Кіріспе....................... 1.Мәліметтер қоры............. 2.Мастер көмегімен кесте құрастыру……….................. 3.Ms Access-те программа жазу………………...................6 4.Access-те программалау тілі……………….................... 4.1SQL программалау тілі…………………..…................ 4.2Макрос программалау тілі……………….................... 4.3Visual Basic for Applications программалау тілі……………………………….............. 5.Макростар мен модульдар………………….............. 6.Кесте және форма…………………………….............. 7.Таблицалар арасындағы қатынасы
және деректердің бүтіндігі………………………………………..………. 8.Ms Office пакетінің басқа қолданбалары
мен байланыс…………………………………….....……. 9.Access-тен импорттау..................... 10.Word-пен алмасу………………………………............ 11.Excel-мен қарым-қатынас……………………......... 12.Excel-де экспорттау……………………………......... 13.Қорытынды…………………………………….... 14.Қолданылған әдебиеттер.................... |
Мәліметтер қоры(Ms Access)-сіздер өздеріңіз білесіздер,ақпараттарды
реттеу үшін ақпараттардың тақырыптары,
өзара қисынды біріктірілген арна йы анықтамалар,каталогтар,
Сонымен қатар,ақпараттардың ағымы үнемі ұлғаюда және бүгінгі күнде ешқандай анықтамалар ақпаратты үнемі және өз уақытында жаңартып отырмақ түгел,оны сыйғыза да алмайды.
Бұл мәселені шешу үшін компьютерде есептеуді жүргізетін графикалық бейнелерді,мәтіндерді құруға мүмкіндік беретін программалардан басқа, үлкен көлемді ақпараттарды сақтау, өңдеу және іздеу үшін арнайы программалар бар.Мұндай программалар деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп аталады. Әуелі біз деректер базасы дегеніміз не?
Соған тоқталайық,қандай да бір тасушыда, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығын деректер базасы деп түсінуге болады.
Мысал келтіре,сіздің мектебіңізде 1000-ға жуық немесе одан да көп оқушылар оқиды делік. Әрбір мектепте әрбір оқушының деректері: аты-жөні ,туған жылы, ұлты,жынысы,бойы және т.б.тіркелген медициналық карточка жүргізетін медициналық кабинет бар.Осы карточкалар шкафта былыққан түрде жатыр делік.Сіз өзіңізге қажетті карточканы табу үшін қанша уақыт кетеді.Әрине көп уақыт .Егер осы карточкаларды сыныптың сатысы бойынша (1-ші, 2-ші, ..., 11 сынып),содан кейін әрбір сатыны алфавиттік ретте, ал әрбір сатының нақты сыныбының ішінде алфавиттік ретте жайып қоятын болсақ, яғни картотека ұйымдастырудың, онда қажетті карточканы іздеуге бірнеше секунд керек болады. Бұдан біз оқушының медициналық деректерін топтастырудың өзі деректер базасы екенін көреміз.
Деректер базасы негізінде үш белгісі бойынша жіктеледі:
1-ші белгісі-сақталған ақпараттың сипатына қарай деректер базасы фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді.
Фактографиялық деректер базасы- қатаң анықталған пішінде ұсынылған, жазылған объектілер туралы қысқаша мәліметтер.Мысалы: кітапханадағы кітаптар қорының деректер базасында әрбір кітап туралы деректер библиографиялық түрде сақталады: шығарылған жылы, авторы, аты және т.б.
Құжаттық деректер базасы-әр түрлі типтегі:мәтіндік,графикалық, дыбыстық,мультимедиалық кең көлемдегі информациялардын тұрады. Мысалы: заңдық актілердің құжаттық деректер базасы заңдардың мәндерінен тұрады.
2-ші белгісі-ақпараттарды сақтау әдісі бойынша деректер базасы орталықтанған және бөлектелінген болып бөлінеді.Орталықтанған деректер-базасында барлық ақпараттар бір компьютерде сақталады. Бөлектелінген деректер базасы-компьютердің жергілікті және ауқымды желілерінде қолданылады және ақпараттың әр түрлі бөліктері бөлек компьютерде сақталуы мүмкін.
3-ші белгісі-ақпараттарды ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер базасы реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді.
Реляциялық деректер базасы деп- өзінің құрамды бөліктерінің өзара байланысынан құрастырылған деректер базасын атайды. Қарапайым жағдайда ол бір тікбұрышты кесте құрайды.Күрделі реляциялық деректер базасы көптеген тікбұрышты кестеден тұрады.
Ms Access Windows операциялық жүйесінің басқаруымен реляциялық деректер базасын басқару жүйесі.
Access өңдеу объектісі болып, аты кез-келген, типі mdb болатын деректер базасының файлы саналады.
Бұл файлға төмендегі негізгі объектілер кіреді:
Таблица- бұл объект, мілеметтерді жол және баған түрінде сақтауға арналған. Негізінен әрбір кесте нақты бір сұраққа мәліметті сақтауға қолданылады.
Форма - Ms Access объектісі, мәліметтерді енгізу үшін арналған. Мұнда біз кестедегі мәліметтерді өзгерте аламыз.
Запрос -объект,бір немесе бірнеше кестеден керекті мәліметтерді алуға көмектеседі.
Отчет - объект Ms Access мәліметтерді басуға арналған.Кестеде жазулар сақталады, мысалы, клиенттер тізімі немесе тауар жөнінде.Кесте –бір типті деректерді сипаттайтын жазулар жиынтығы. Кестенің құраушы бөлігі болып өріс саналады. Өріс-деректер орналасатын орын,өрістің 10 типі болады:
Мастер көмегімен кесте құрастыру.
Әуелі біз деректер базасын құрып алайық. Ол үшін Ms Access-ті жібереміз. Бұдан соң Создать базу данных немесе Файл –> Создать көмегімен орындау керек. Бұған Аdress деген ат берейік.
«База данных» терезесіндегі Таблица пернесін басып, содан кейін Создать пернесін басу керек.
Терезе диалогіндегі «Создание таблицы» Мастер пернесін басу керек.
Терезе диалогіндегі «Разработка таблицы» ->Образец таблицы->Адреса таңдап алу керек.
Бұдан кейін сіз өзіңізге қажет өрістерді таңдауыңыз керек. Ол үшін кезекпен өрістің атын образцов полей тізіміндегі мауыстың көмегімен белгілеп алып және бұдан кейін осы өрістер сіздің жаңа кестеңіздің өрісінің тізіміне енгізу үшін пернесін басу қажет. Келесі өрістерді таңдаңыз: Адресат; Фамилия; Имя; Телефон;Улица .
Далее пернесін басыңыз.
Келесі терезе диалогінде кестеге ат енгізіңіз және Ms Access-ке кілті анықтауға мүмкіндік беріңіз.Деректер базасының кілті деген-басқа жазбаларда қайталанбайтын мәндері бар өріс,соңғы терезе диалогіндегі мәліметтерді кестеге енгізуге келісіңіз,готово пернесін басыңыз.
Өрістің он типі болады:
Текстік –255 дейінгі символдан тұрады,текстік өрістің өлшемі қалыпты жағдайда 50-ге тең.
Мемо-шағын текстік редактор,ол 255-тен артық символ енгізу қажет болғанда қолданылады. Бұл өрісте 64000 дейінгі символ сақталады. Шамамен 18 бет .
Сандық-бұл сандармен арифметикалық және басқа да операциялар орындалады.
Дата-уақыт енгізу үшін қолданылады.
Денежное- ол да сандық тип. Айырмашылығы үтірден кейінгі тұрақты санды разряд және ақша бірлігі көрсетіледі.
Счетчик –жазуды автоматты түрде нөмірлеу үшін қолданылады.
Логикалық –“Иә”, “Жоқ” екі мәннің біреуін қабылдаған кезде қолданылады.
Обьекті OLE - сурет, дыбыстық файл, график қою үшін қолданылады.
Гиперссылка-бұл өрісте интернеттегі Web страницаға немесе локалдік сетьке ссылка жасалады.
Мастер потстановок-басқа таблицадағы өрістен мән таңдауға мүмкіндік беретін өрісті жасау үшін қолданылады.
Кез келген таблица MSAccess екі режимінде берілуі мүмкін.
Кесте режимінде, мәліметтерді енгізуге арналған және оларды қарауға және редакторлауға конструктор режимінде, кесте құруға және өзгертуге арналған.
Кестедегі өрістің атын өзгерту.
Егер сіз Улица- Адрес ауыстырғыңыз келсе, ол үшін режим конструкторіне кіріңіз.Улицаны белгілеп алып, пернетақта көмегімен Адрес енгізіңіз. Содан кейін Таблица режиміне оралыңыз. Адрес өрісін толтырыңыз.
Деректер қоймасымен
жұмыс істеу барысында
Ол үшін Данные-Сортировка командасын орындап,экранда Сортировка диапазоны терезесі пайда болады. Сортировать по тізімінен айналдыру батырмасымен сұрыптауды орындайтын өрісті таңдаңыз, мыс,Фамилиясы, Аты өрісін және по возрастанию немесе по убыванию реті бойынша опцияларды екпінді етіп,сұрыптаудың ретін анықтаңыз.OK батырмасын шертіңіз.
MSAccess-те программа жазу.
MSAccess негізгі мәліметтер қорын басқаратын жүйе болып табылады, сондықтан дүние жүзіндегі миллиондаған қолданушылар пайдаланады. Егер бұл жүйе ақпаратты сақтауға және пайдалануға ыңғайлы болса, онда программа жазу неге керек? Access мүшесіне кіретін мастердің және басқа да жұмсақ құралдардың көмегімен аяқталған және жүйелі түрде істелінген қолданбаны жасауға болады, бірақ ең жақсы деген жүйе де өмірдегі барлық жағдайларда әзір жауаптарды шығарып бере алмайды.
Access жүйесі мәліметтер қорымен жұмыс жасауда универсалды мүмкіндіктерге ие.Бірақ та әрбір қолданушыға немесе организацияға Access-тің кестелерін, формасын, есепті және сұрауларды жақсартуға, толықтыруға арналған арнайы тапсырмаларды орындауға тура келеді.
Access-те программалау тілі.
Access үш программалау тілін түсінеді: SQL, Макростар және VBA. Access жүйесі SQL программалау тілін запростан тыс қолданылады.Макростар әрекеттер тізімінен анықталады,бұлар қолданушының пернені басу немесе басқа да нақты әрекеттер арқылы орындалады.VBA өзінің қазіргі заманғы және қиын тілімен анықталады,бұл тіл сөйлемді орындауда кез келген әрекеттерді орындауда қолданылуы мүмкін. Тілдің құрамына объектілер, әдістер, процедуралар, операторлар және қасиеттер кіреді.
SQL программалау тілі.
Конструктор терезесінде қолданушы жасаған запростар, SQL кодымен анықталады.Запрос құруда SQL кодын кез-келген уақытта қосылу жолы арқылы қарауға болады.SQL программалау тілін іске қосу үшін мына командалар орындалады:Вид->Режим SQL немесе Конструктор пернесін басып,содан кейін ашылған менюден Режим SQL таңдау,мысалы,SQL программалау тілінің жазылуы.
Select DISTINCTROW заказано. Код заказа, заказано.Код товара, товары. Марка, заказано. Цена, заказано. Количество, заказано. Скидка.
Ccur ([Заказано.[Цена]*[Количество]
FromТоварыINNERJOINЗаказаноONТ
WHERE (((Закзано.КодЗаказа)<[Re-
Бірінші SQL кодының бөлімінде оператор Select запростың қорытындысына кіретін жолдарды санайды, анықтайды.
SELECT Заказано.[КодЗаказа]
операторы Accessке Заказано
Жолдың аты және қолданылатын пробел немесе сызықша квадрат жақшаға алынады.
FROM және INNER JOIN операторы кесте арасындағы байланысты анықтайды:
Клиенты кестесі Заказы кестесімен байланысады. Байланыстырушы жол ON операторымен анықталады. Товары кестесіндегі КодТовара жолымен байланысқан. Оператор WHERE жауаптар кестесі барлық клиенттерге жазуды енгізуді көрсетеді. Соңғы оператор ORDER BY сортировканы анықтайды: код заказаның өсуі бойынша немесе тауар маркінің кемуі бойынша.
Макрос программалау тілі
Access-тің макросы нақты жағдайда қолданылатын әрекеттер тізімінен тұрады. Мысалы, қолданушы белгілі бір пернені басу арқылы макрос іске қосылады. Макрос белгілі бір жағдайлардың тууына байланысты орындалуы мүмкін. Макростар арнайы макростар терезесіндегі макростарды құру терезесінде жіберіледі.Жаңа макрос жасау үшін төмендегі келтірілген әдістерді қолданамыз:
Макросы->Создать пернесін басу.
Создать пернесін басып, қасиеттер тізімінен бір қасиетті таңдап және Построитель терезесіндегі Макросы командасын орындау.
Егер макрос “ Построителя макросов” көмегімен жіберілген болса, онда оған ат енгізу керек.
Сурет№1.Макрос
Макрос сеткасы екі бағанды құрайды.Бағандар Макрокоманда және Примечание деп аталады. Имя макроса және Условие бағандарын қосу үшін менюден Вид таңдап алу керек. Менюдегі Макрокомандадан макросты жіберген кезде орындалатын әрекеттерді таңдап алу керек. Применить Фильтр ,Сигнал, Отменить событие, На Страницу, Восстановить және Показать Все Записи- міне бұлар тізімдегі елу әрекеттің ішіндегі әрекеттер.
Үш терезе көрсетілген: Форма макроспен
белгілі бір текстік терезеге біріктірілген,
Построитель макросов терезесі және макросты
орындағандағы көрсеткіш. Белсенді терезе,бұл
хабар жіберу терезесі. Ол экранның оң
жақ жоғарғы бұрышында орналасқан. Бұл
терезе CatPro формасындағы Grade жолына First сөзін енгізгеннен
кейін көрсетіледі. Макрос жағдайы
Access-ке нақты әрекеттерді орындатады,
егер First сөзінің мәні Grade жолына енгізілсе,
экранның төменгі жерінде орналасқан
үлкен терезе макростың кодын көрсетеді. Макрос CatPro деп аталады,
ал оның әрекеті Сообщение командасы болып
табылады. Аргументы макрокоманды панеліндегі
соңғы екі жол Тип жәнеЗаголовок, тип белгісін
анықтайды, бұл тип белгісі хабар жіберу
терезесінде бейнеленеді және жолдың
атын енгізуге болады.Сізге мынадай белгілердітаңдауыңызғаболады: