Абылай хан атындағы Қазақ
халықаралық қатынастар және
әлемдік тілдер университеті
Кафедра: Педагогика
және Психология(Экология және тұрақты
даму)
Тақырыбы: Арал теңізінің тартылуы
нәтижесінде, тұздылығының көтерілуіне
байланысты оның су биоценозындағы
өзгерістер
Орындаған: ПФИЯ 101 группа
Айтыева Меруерт
Тексерген: Кенжебаева Ш.К.
Алматы 2013
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Қорытынды
- Жұмыстың мақсаты: Дүние жүзіндегі ең үлкен 29 көлдің құрамына кіретін Арал теңізінің қазіргі мәселелері және экологиялық жағдайларын .
- Жұмыстың міндеттері:
- Жұмыс өзектілігі:
- АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шаруашылык мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды.
Арал тенізі – Қазақстаныың
інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір
көгілдір су айдыны еді. Оның
апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі
-1066 км2, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы
- 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы
балықтарға бай, жағасы қоға мен
қамысты теңіз еді. Сол кездерде
жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз
жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын
терісі игерілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға
дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда
жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті.
Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық
колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2
балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру
қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін
жер көлемі бұрынгыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда
1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге
өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы
халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында
2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай
суға деген кажеттілік те артты. Осыған
орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын
су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері
- антропогендік факторлар еді. Екі өзен
бойындағы суды мол қажет ететін күріш
пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды
(Шардара).
Арал теңізінің тұздылығы табиғи
жағдайда 9-11% болатын. Соңғы 40 жылда суармалы
жер ұлғайды, Шардара, Арнасай, Сарықамыс
бөгендері пайда болды. Соған байланысты
теңіздің тұздылығы 35%-ға жетті.
Теңіз суының түсі қара көк,
мөлдірлігі 25 м. Теңіз суы тұнық.
Бұндағы органикалық дүние Каспий
теңізіне қарағанда әлдеқайда
кедей. Теңізде балықтың 20-дай түрі
бар. Кәсіпшілік жөнінен құндылары:
бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа
ауланады. Жерсіндірілген балықтардан
каспий шоқыры мен балтық салакаласын
атауға болады.
- Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құргап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.
Арал теңізінің
тартылуы
1957 ж
1987 ж
1998 ж
2002 ж
- жергілікті жердің
тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау,
судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта
дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын
сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудағы
жіберілген қателіктср мен оны меңгерудің
ғылыми тұрғыдан негізделмеуі
- Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялык апаттар нышаны жыл өтксн сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы түрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінсн көтерілгсн улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60 %, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарьш бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жүмыссыз қалған балықшылар әлеуметгік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.