Ареал дегеніміз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 17:15, реферат

Описание работы

Ареал дегеніміз- жануарлардың немесе өсімдіктердің белгілі бір түрі , туысы, тұқымдасы таралған аймақ, берілген таксон таралып және оның дамуының толық циклі өтетеін жердің немесе теңіздің беті. Ареал биогеография ғылымымен тығыз байланыста болып келеді.

Файлы: 1 файл

ареал реферат.docx

— 27.88 Кб (Скачать файл)

Ареал дегеніміз- жануарлардың немесе өсімдіктердің белгілі бір түрі , туысы, тұқымдасы таралған аймақ, берілген таксон таралып және оның дамуының толық циклі өтетеін жердің немесе теңіздің беті. Ареал биогеография ғылымымен тығыз байланыста болып келеді.

Биогеография - жер шарындағы тірі организмдер мен олардың топтарының таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы; өсімдіктер мен жануарлардың және олардың бірлестіктерінің жер шарында таралуы мен олардың бөлектеніп мекендеу сипатын зерттейтін ғылым. Биогеография ғылымының негізі 18 ғасырда қаланды. Оның дамуына экваторлық Африка, Оңтүстік Америка, Азия елдерінің фаунасы мен флорасын зерттеу үшін жүргізілген экспедициялар мен сол кезеңнің жаратылыстанушылары — неміс ғалымы А.Гумбольдт пен ағылшын ғалымы А. Уоллестің еңбектері негіз болды. Биогеография биоценоздар мен организмдердің таралу аймақтарын зерттей отырып, олардың көп түрлілігін тиімді пайдалану, аудандастыру, санын реттеу және қорғау мәселелерін қарастырады. Биогеография зерттеу бағыттары бойынша бірнеше салаға ажыратылады:

  1. ареалогиялық биогеография Жер шарындағы әр түрлі организмдердің (түрлердің) таралу аймағын анықтап, олардың сол аймақтардағы орналасу ерекшеліктерін зерттейді, соның негізінде анықтамалық және кадастрлық карталар жасалады;
  2. аймақтық биогеография организмдердің фауналық және флоралық аудандастырылуын қарастырады, соның нәтижесінде биогеографиялық аудандастырудың кешенді кестесі құрылады. Бұл зерттеулер ауыл шаруашылығына пайдалы немесе зиянды организмдер популяцияларын анықтауға, күрес шараларын ұйымдастыруға, жойылып бара жатқан сирек түрлерді қорғауға жол ашады;
  3. экологиялық биогеография әр түрлі географиялық облыстардағы организмдер топтарының биоценоздағы рөлін, биологиялық өнімділігін және биомассаларын анықтайды;
  4. тарихи биогеография организмдердің жер бетіндегі таралуын нақты аймақтың геологиялық тарихымен байланыстырып зерттейді.

Өсімдік географиясы- Өсімдіктердің таралуы ареалын зерттейтін бөлімі. Өсімдік географияның өсімдіктің түрін, туысын тағы басқа таксономиялық котегорияларының табиғатта таралу аймағын-ареалын зерттейтін саласын фитохорология дейді. Өсімдік географияның флористикасы бір аймақта таралған өсімдік түрлерін, флорасын, ал өсімдік географияның экологиясы өсімдіктің тіршілік ортасына бейімделуін зерттейді. Өсімдітің таралуы туралы мағлұматтарды ертедегі дүние ғалымдары (Теофраст) еңбектерінен де көруге болады. Ал нақты мағлұматтар 18 ғасыр натуралистері француз ботанигі Ж.П.де Турнефор, швед ғалымы К.Линней, орыс академигі П.С.Паллас тағы басқа еңбектерінде өсімдік география жөнінде көптеген нақты мәліметтер келтірген, 18-19 ғасырда өсімдік география ғылымның жее саласы болып қалыптасуына неміс натуралистері К.Вильденов, А.Гумбольд көп еңбек сіңірді.Ч. Дарвин организмнің географиялық таралуын эволюциялық дамудың дәлелі ретінде қарады. Ч.Дарвиннің идеяларын ағылшын ғалымы Дж.Д.Гукер, американ ботанигі А.Грей ботаника- география еңбектерінде қолданды. Жер шарындағы өсімдік ареалы мен флорасының байланыстырып ерттеген неміс ботанигі А.Энглер өсімдік географияның тарихи-генетикалық әдісінің дамуына үлкен әсер етті. Өсімдіктер таралуының географиялық аңдылықтарын білу өсімідк дүниесінің эволюциялық заңдылықтарын ашуда үлкен орын алды. Өсімдік географияның зерттеудің өсімідіктің адамға пайдалы түрлерін шығаруда, жаңа түрлерді жерсіндіруде маңызы зор. Өсімдік ареалын зерттегенде сыртқы ортаның өсімідіктің таралуына тигізетін әсері және өсімідң флорасының қалыптасуы мен жеке түрдің таралу тарихи анықталады. Жер бетінің өсімдік флорасын зерттеу үшін жоғары сатыдағы өсімдіктің (тұқымды өсімідк пен папоротник тәрізділердің) барлық түрін есепке алу керек. Белгілі бір жерде (құрлық, арал, ботанико-географиялық аймақ т.б.) таралған өсімідк түрінің жер көлеміне қатынасын анықтау арқылы, сол жер флорасында өскен сімдіктің мөлшері анықталады. Көптеген ботаниктер фолораны салыстыру үшін белгілі бір ботаникалық-географиялық аймақта өсетін өсімідк түрлерін салыстырады (нақты флора дейді). Арктика аймағының нақты флорасында өсімдіктің 20-100 түрі кездессе, тайгада 450-700, жалпақ жапырақты орманда 1000, Жерорта теңізі жағалауында, Кавказ сыртында 1300-1500 түрі өседі. Тропик өңірінде өсімдіктің 2000 түрі өссе, Браилияның кейбір аудандарында 3000 түрі кездеседі. Аралда, таулы жерлерде өсімдік түрі аз болады. Өсімдік географияның өсімдік флорасына ботаникалық - географиялық талдау жасалады.

Зоогеография- жер шарындағы жануарлардың белгілі бір аймақта таралуын, олардың тіршілік жағдайларын, тұр құрамын, дамуын зерттейтін биогеографиялық ғылымының бір саласы.Жануарлар географияның ерте кезде тіршілік еткен жануарлардың таралуын зерттейтін бөлімін палеозоогеография деп атайды. Жануарлар географиялық - биологиялық ғылым, бірақ жануарлар тіршілік мекендері (ареал, стация), тараған жерлеріне (өзен-көлде, теңізде, құрлықта) байланысты ерттелетіндіктен география ғылымымен байлансты. Жануарлардың жер жүзіде таралуы туралы деректер ертеден белгілі болғанымен, зоогеография алғашқы еңбектер 18 ғасырда пайда болып, 19 ғасырдың ортасынан бастап ғылыми тұрғыдан дамып келеді.

  Ареал онда ағзалар соның бойымен  немесе бірқалыпты орналасса  ол тұтас болады, егер ағзалардың  таралуы екі немесе бірнеше  бір-бірінен оқшауланған аймақтармен  шектелсе онда бөлінген болады. Ареалдар космополитті олар жер  шарының көптеген аумағын алып  жатыр. Өсімдіктердің эндемикалық  түрлері осыларға қарама кайшы  келетін жіңішке ареалдар бөледі; жер бетінде қандай да бір  табиғи құбылыстың (жануарлар, өсімдіктер, пайдалы қазбалар түрлері және  тағы да басқалары) таралған  атырабы; физикалық және қоғамдық  географияда қолданылатын ұғым. Мысалы, биогеографияда Ареал — тірі организм топтарының (түрдің, туыстың және тағы да басқалары), экономикалық географияда — әр ауыл шаруашылығы да немесе өнеркәсіп саласының таралған атырабы және тағы да басқалары.

Ол  кез келген тіршілік иелерінің морфологиялық және экологиялық сипаттамаларының бірі болып табылады. Ареалдың мынадай түрлері бар: бастапқы Ареал – бір түрдің ең алғаш ерекше қалыптасқан аймағы. Бұл түрдің дәуірлеп, жаңа аймақтарда таралуы арқасында ол кеңейеді, ал азайып, жойылуы нәтижесінде тарылады; тұтас Ареал – бір түрдің тіршілік етуіне қолайлы мекендерге таралуы; үзілмелі (дезъюнктивті) Ареал – өсімдіктердің тұқым алмасуы, ал жануарлардың қоныс аударуы арқылы бір-біріне қатынаса алмайтындай, шалғай орналасқан аймағы (мыс., көгілдір сауысқан Пиреней түбегінде де, Қиыр Шығыста да тіршілік етеді); реликті Ареал – ертеде кең таралған түрлердің кейін әр түрлі себептермен тіршілік ету аймағы тарылып, шағын аумақтарда сақталып қалуы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін жалғыз түр – гинко ағашының сақталуы); космополитті Ареал– кейбір өсімдіктер мен жануарлардың жер шарына жаппай таралуы (мыс., үй шыбыны, су егеуқұйрығы, т.б.); эндемикті Ареал – өсімдіктер мен жануарлардың шектеулі аймақтарды ғана мекендеуі [мыс., Жетісу аяқты балығы Жетісу (Жоңғар) Алатауының 1800 – 2500 м биіктіктегі бұлақтарында ғана кездеседі]. Қазіргі кезде көптеген тіршілік иелерінің Ареалдары адамның әр түрлі әрекеттерінің (тың жерлерді егістікке айналдыру, ормандарды кесу, шөлді жерлерді суландыру, батпақтарды құрғату, т.б.) нәтижесінде өзгеріске ұшырауда. Нақтылы Ареалдың сипаттамасы картаға түсіру арқылы анықталады. Ареал карталары ғылыми, денсаулық сақтау, шаруашылық мақсатта кеңінен қолданылады.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: Ә.С.Бейсенова, Ж:Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева «Экология»;

Уикипедия , Қазақша ашық энциклопедия.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

 

 

 

 

Реферат


Тақырыбы: Ареал. Ареал түрлері.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Сартаева А. Хқ-11

                                                                   Тексерген: Бакешова Ж.У

 

 

 

2013 жыл

 


Информация о работе Ареал дегеніміз