Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2015 в 21:39, реферат
Егер ортаның қысымы атмосфералық қысымнан артық не кем болса, онда манометрлер қолданылатынды және олардың құрылысы әртүрлі. Соның түрінің бірі ашық сұйықты манометр болып есептеледі. Енді осы ашық сұйықты манометрдің құрылысы мен жұмыс істеу принципін қарастырайық (1-сурет). Ол екі тармақты шыны түтіктен жасалады, түтікке қандай да бір сұйық құйылады. Сұйық екі тармақта да бір деңгейде тұрады, өйткені ыдыстың тармақтарында оның бетіне тек атмосфералық қысым ғана әсер етеді.
Металл манометрдің құрылысы және жұмыс істеу принципі
Техникада газдың немесе будың қысымдарын өлшеу үшін металл манометрлер қолданылады.
(1-сурет)Ашық сұйықты манометр
Егер ортаның қысымы атмосфералық қысымнан артық не кем болса, онда манометрлер қолданылатынды және олардың құрылысы әртүрлі. Соның түрінің бірі ашық сұйықты манометр болып есептеледі. Енді осы ашық сұйықты манометрдің құрылысы мен жұмыс істеу принципін қарастырайық (1-сурет). Ол екі тармақты шыны түтіктен жасалады, түтікке қандай да бір сұйық құйылады. Сұйық екі тармақта да бір деңгейде тұрады, өйткені ыдыстың тармақтарында оның бетіне тек атмосфералық қысым ғана әсер етеді.
Металл манометрдің құрылысы және жұмыс істеу принципі
Техникада газдың немесе будың
қысымдарын өлшеу үшін металл манометрлер
қолданылады. Сондай манометрлердің біреуінің
(2-сурет) маңызды бөлігі – доға тәрізді
иілген металл түтік, оның бір жағы бітеу
болады, екінші жағы кран арқылы ішіндегі
қысымы өлшенетін ыдыспен жалғастырылады.
Қысым ұлғайған кезде түтік түзулене бастайды,
сонда оның тұйық ұшының қозғалысы иінтірек
пен тісті тегергіштердің көмегімен аспаптың
шкаласы бойымен қозғалып тұратын тілшеге
жеткізіледі. Қысым кеміген кезде, түтік
серпімділік қасиеті арқасында алғашқы
қалпына келеді де шкаланың нөлдік бөлігін
көрсетіп тұрады.
Анемометр — желдің жылдамдығын, кейде бағытын өлшеу үшін қолданылатын аспап. Анемометрдің ең қарапайым түрі — флюгер.
Мысыққа ұқсайтын желбағар Ең үлкен желбағар
Атмосфералық қысым
Vaisala BAROCAP® PTB330 сандық барометрі
Атмосфералық қысымның жоғарғы дәлдікті өлшемдеріне арналған жаңа барометрлер. PTB330 барометрі авиацияда, кәсіпқой метеорологияда және қысымды талаптары жоғары өнеркәсіптік өлшеу кезінде қолданылады.
Барометрлік қысымның ауысу стандарты Vaisala PTB330TS
Барометрлік қысымның ауысу стандарты Vaisala PTB330T дала өлшемдерінің дәлдігін және қарапайымдылығын қамтамасыз етеді. Ол PTB330 сандық барометрі мен MI70 шағын индикаторын бір шағын барометрге біріктіреді.
Vaisala Static қысым қабылдағышы, SPH10/20 сериясы
Барометрлік қысымды өлшеу кезінде жылдамдық пен жел бағытының ауысуына байланысты кететін қателіктерді азайтады.
Ылғалдылық
Ылғалдылық пен температураны хабарлағыш HMP155 Vaisala HUMICAP®
Vaisala HUMICAP® 180R жаңа датчигінің көмегімен ылғалдылық пен температураны сенімді және тұрақты өлшеуді қамтамасыз етеді. Метеорологияда өздігінен жазатын құрал, мәліметтерді тіркеуіш, зертханалық жабдық және мониторингке арналған құрылғы секілді көптеген аспаптарда пайдалануға арналған.
Vaisala HUMICAP® OEM-модульдері
Салыстырмалы ылғалдылық пен температураны өлшеуге арналған ОEM-модульдердің кең сұрыпталымы.
Vaisala радиациялық экрандар топтамасы
DTR500 топтамасының
қызмет көрсетілмейтін
Жел датчиктері
Желді өлшеуге арналған комплект Vaisala WA15
Сүйеніш иіні және қуат беру блогы бар анемометр және флюгер. Желді жоғарғы талаптармен өлшеу үшін шығарылған.
Vaisala WM30 жел датчигі
Жел жылдамдығы мен бағытын өлшеуге арналған құрама механикалық датчик. WM30 датчигі шағын өлшемдерімен, аз салмағымен, сенімділігімен және арзан бағасымен ерекшеленеді. Қуатты аз тұтынатындықтан оны ұтымды пайдалануға болады.
Жаңбыр және жауын-шашын датчиктері
Vaisala QMR101 жауын-шашын өлшегіші
QMR101 жауын-шашын өлшегіші пластикаттан жасалған, аязға төзімді және ультра күлгін сәуленің әсеріне төзімділігімен ерекшеленетін, үнемді және дәл жаңбырлы жауын-шашын өлшегіш.
Vaisala QMR102 жауын-шашын өлшегіші
QMR102 алынатын жауын-шашынның көлемін азайтатын желдің әсерін азайту үшін шығарылған аэродинамикалық пішіндегі жаңбырлы жауын-шашын өлшегіш. Әзірлеу кезінде ультракүлгін сәулеленуге төзімді датчиктің қолданылуы жауын-шашын өлшегішті өте сенімді аспап етеді.
RG13/RG13H
Бұл аспапта алдын-ала белгіленген жаңбырлы судың шағын көлемін (0,2мм) алған кезде контактының тұйықталуы үшін аударылатын ыдыс механизмі қолданылады. Датчиктің қорабы мен шұңғымасы алюминий қорытпасынан әзірленген.
Нақты ауа-райы датчиктері
PWD22 және PWD52 нақты ауа-райы детекторлары
Ағымдағы ауа-райы детекторлары PWD көрінуді өлшеу және жауын-шашынды анықтау үшін жиі тамаша шешімдер ұсынады. Мысалы, олар жол метеорологиялық бекеттерінде, метеорологиялық бақылаулар бекеттерінде және теңіз жолдарындағы көрінуді өлшеу бекеттерінде қолданылуы мүмкін.
Vaisala FS11P нақты ауа-райы датчиктері
Қатаң талаптарға қолдануға арналған тексерілген көріну өлшемдері және нақты ауа-райын бақылау: мысалы, автоматты метеорологиялық және авиациялық бақылаулар.
Бұлттардың төменгі шекарасын өлшегіштер
Vaisala CL51 бұлттардың төменгі шекарасының биіктігін өлшегіш
CL51 ортаңғы және
төменгі қабат бұлттарының
Кез-келген ауа-райы шарттарында 25 000 футқа (7,5км) дейінгі биіктікте қайталанбас өнімділік және сенімділік. Бір линзалы оптикалық құрылғылардың жетілдірілген құрылымы тіпті аз биіктікте де тамаша көрсеткіштерді қамтамасыз етеді. АҚШ азаматтық авиациясының Федералды басқармасымен бекітілген және қолданылады США (US-FAA). АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің таңдауы.
Бұлттардың төменгі шекарасының биіктігін өлшегіштерге арналған графикалық интерфейс Vaisala CL-VIEW
Лазерлі бұлттардың төменгі шекарасының биіктігін өлшегіштер үшін мәліметтерді тәуелсіз жинау, сақтау, талдау және көрсетуді орындайтын бағдарламалық жасақтама Vaisala.
Психрометр (көне грекше: ψυχρός — суық) — екі термометрдің (құрғақ және шыланған) көрсетуі бойынша ауа температурасы мен ылғалдығын өлшеуге арналған аспап. Термометрдің біреуі су ылғалына қаныққан шүберекпен оралған болады. Ылғадылық екі көрсеткіштің айырымы бойынша анықталады.
Психрометр — ауаның абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылығы мен ылғалдықтың жетіспеуін анықтайтын аспап. Бұл екі термометрден тұрады: оның бірін құрғақ қалпында сақтайды да, екіншісінің шарын дымқыл жағдайда ұстайды (суға малған мәрлімен орап қояды). Ауа неғұрлым құрғақ болса, дымқыл термометр (судың булануы салдарынан) солғұрлым жылылықты тез жоғалтады, сондыңтан құрғақ термометрмен салыстырғанда төмен температураны көрсетеді. Екі термометрдің температурасын білгеннен кейін арнаулы кесте арқылы ауаның ылғалдығы анықталады.